Балаларды қорғау күні мерекесінде Түркістан қаласында алғаш рет «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған еліміздегі жалғыз инклюзивті балалар шығармашылығы әрі қайырымдылық фестивалінің гала-концертіне 200-ге жуық бала қатысты. Ерекше әрі өнерлі балаларға қолдау көрсетуге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, жас жұлдыздарды құттықтады.
– Барлық жақсы бастама киелі Түркістанда басталу керек деп ойлаймын. Осы фестивальді жыл сайын Түркістанда өткізсе, мен қолдар едім. Мұндай іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған іс-шараға қатысып, мемлекет үшін, қоғам үшін балалардың қуанышынан, бақытынан, балардан артық ештеңе жоқ екенін айтты. Біз барлық игі істі балалар үшін жасаймыз. Жаңа ғана бірінші қойылымын көріп, ерекше әсер алдым. Балалар би өнерін керемет меңгерген. Есту қабілеті шектеулі екенін көп адам білмей де қалды. Өте жақсы өнер көрсетіп жатыр. Үлкен рахмет. Әрбір баланың шығармашылығы бізге қуаныш сыйлайды деп ойлаймын. Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын.
Облысымызда, Түркістан қаласында балалар үшін тек Балаларды қорғау күні емес, жылдың барлық күнінде тиісті жағдай, қолдау жасалады деп сендіремін, – деді Өмірзақ Шөкеев.
«Конгресс холл» кешенінің сахнасында лауреаттар өзара және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен жұптасып, шығармашылық нөмірлер ұйымдастырды. Гала-концертке Мәдина Сәдуақасова, Тамара Асар, C.Tay, Азат Әбілдаев, Әлинұр Хамзин, Рухия Байдукенова, Қарақат Башанова, «FM» тобы, «Hassak», Qali, «Бастау» тобы, Beibarys және Rise&Abudi сияқты эстрада жұлдыздары қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі балалар мен қонақтар Түркістанның ғажайып сәулетіне тамсанып, тарихи шаһар дами берсін деген тілектерін жеткізді.
Биыл 17-рет ұйымдастырылған «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертінде ерекше күтімді қажет ететін балалар би билеп, ән шырқады. Музыкалық аспапта ойнады. Бұл концерт ерекше балалардың шығармашылығы арқылы өнердің шекарасы жоқ екенін дәлелдеді. Жұртшылыққа таланттардың ерекше әлемін көрсету миссиясын орындады. Жобаның бас серіктесі – «BI Group» холдингі, ал ақпараттық серіктесі – «Хабар» телеарнасы. Фестиваль 17 жыл бойы демеушілердің қайырымдылық қаражатына және серіктестердің қолдауымен өткізіліп келеді.
Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс педогог-дефектолог П.Шуман.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгiжетi-сегiз жастан анық байқалады.
Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы
Қазіргі уақытта мен инклюзивті оқушылармн жұмыс жасаймын. Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді.
Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңарудың соңғы онжылдығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты оң беталыс тұрақты қалыптасты. Қазіргі таңда жекелеген мектептердің тәжірибесіне белсенді түрде кіріктіріліп, инклюзивті білім беру үдерісі барған сайын кеңінен таралып келеді. Соның бірі дәлелі «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей: 2020 жылға қарай инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды, ал орта мектептердің негізгі міндеттерінің бірі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана-тіліне, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, жеке ерекшеліктеріне қарамай білім алуы мен нәтижелі табысқа жету үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенцияның негізінде балалардың тіршілік етуінің даму Ережесі, құқығын қорғау, қоғам өміріне балалардың араласу кепілі қарастырылған. Инклюзивті білім беру үрдісі ҚР Конституциясында, БҰҰ «Бала құқығы» туралы, ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы, Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңдарында, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңында, «Мүмкіндігі шектелген балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлем» туралы, ҚР жасына қарай және асыраушысынан айрылған жағдайда, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімдері, ҚР БҒМ бұйрықтарында инклюзивті білім беруді жалпы білім беру ортасына еш бір дискриминациясыз, сегрегациясыз «Баршаға бірдей» сапалы білім беру, медициналық- әлеуметтік, психологиялықпедагогикалық түзету ортасымен қолдау, тең құқылы мәселелері қаралып, шешім қабылданып заңдармен бекітілді
. «Бала құқығы туралы Конвенциясында», «Балалардың дамуын және қорғауды, өмір сүруін қамтамасыз ету туралы бүкіл әлемдік декларасиясында» және «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналықпсихологиялық түзетуді қолдау туралы» Заңында, Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуіне, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы 4 үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын, мүмкіндігі шектелген балалардың еркіндігімен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз ете алатын, олардың жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, толыққанды өмір сүрулеріне қажетті айрықша күтім мен дамыта-тәрбиелеу және инклюзивті білім алу құқығына кепілдік береді.
Алайда мүгедек, мүмкіндігі шектеулі баланы тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру ұйымының кеңістігіне кіріктіруге, психологиялықпедагогикалық және медициналық қолдауына байланысты бірнеше мәселелер кездеседі: -мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға қажет білім мен білікті меңгерген және олармен жұмыс істеуге дайын жаңа тұрпатты педагогтар мен басшылар санының аздығы; -мектептік ортада мүгедектікке деген дискриминациялық көзқарасты және дұрыс емес пікірдің болуы; -педагогтардың, оқушылардың, ата-аналардың мүгедектік туралы және мүмкіндігі шектеулі құрадастарының мүмкіндіктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі; -ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін білім беру үдерісіні жеңілдететін, оңалтудың техникалық құралдарын пайдалану мен білім берудің қолжетімді ортасын ұйымдастыру туралы білімнің жеткіліксіздігі; -тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасау үшін материалдық-техникалық дайындық пен әдістемелерге сәйкес білімнің аздығы; -түрлі бұзылыстары бар балалардың қалыпты дамыған қатарластарының орта сында білім алу құқығын дұрыс түсініп қабылдауда қоғам өкілдерінің дайын еместігі; -толыққанды білім алуға бағытталған мүмкіндігі шектеулі балаға білім берудің жеке бағдарламасының ресми сипатта болуы немесе бағдарламаның болмауы.
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау, бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстарымен жеке ерекшеліктерімен ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда. (Д.Митчелл – профессор. Жаңа Зеландия. 1997 ж). Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады. Инклюзивті білім беру тәжірибесі біздің елімізде «2000 жылы мүмкіндігі шектелген балаларға базалық білім беру қолдау көмегі» Қазақстан 5 Республикасының үкіметі және ЮНЕСКО- мен бірігіп САТР Орталығымен Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі енді ғана орнықты.
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымының өзгеруі БҰҰ дүниежүзілік құқықтық құжаттарымен сәйкес қоғамды демократияландыруға бағытталған іс шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға соның ішінде балаларға білім беруіне мемлекет пен қоғамның қатынасы жаңа ұстанымының қалыптасуына ықпал етті. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің радикалдық өзгеруіне бағытталған. Оның расталуы соңғы жылдары еліміздің Үкіметімен мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін білім беруге тең құқықты кепілдемелікті қарастыратын халықаралық нормаларға сай республикамызда білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілермен бірқатар заңдардың қабылдануы болып табылады. Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға БҰҰ декларациясында, «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасывның заңы, 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында бекітілген тұлғаның құндылықтары адамгершілік идеяларымен сәйкес педагогикалық білім беру мазмұнын жаңартуды қажет ететіндігін ескертеді.
Әсіресе бұл мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін модернизациялау, барлық балалардың сапалы мектепке дейінгі білім берумен қамту сұранысын көрсететін, жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ҚР МЖБС 1.001.-2001 бағдарламаларын енгізумен қарастырылады. Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез келген мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте, мүгедек балалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелген балаларды табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдайды. Бүгінде білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды түгелдей қосу аталып өтуде, сондықтан мектептік және мектепке дейінгі ұйымдары арнайы педагогтермен біріктіріп оқытатын педагогтардың аса қажет ететінін қауіптенеді. Ерекше назарды тәрбиешілер даярлауға аудару қажет, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топта балаларға одан да зор ықпалға иеленеді. Қазіргі білім беруді жаңғырту тенденциялары оқушыларды психологиялықпедагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу қажеттілігін талап етіп отыр. Олардың дамуы көптеген қолайсыз факторлардың туындауына ықпал етеді.
Психикалық жүйкесі жұқарған жасөспірімдердің саны жыл сайын артуда. Жалпы білім беру мектептерде оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың қажеттілігіне дамуында ауытқушылығы бар және оқуды қиындықпен қабылдайтын балалардың саны артуы себеп болып отыр. 6 Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерге кірігу арнасы кеңейіп, мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде тұрақталған тенденцияға айналып келеді. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу маңыздылығы. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу баланың оқу үдерісінде субъекті болуына жағдай жасауды көздейді, яғни, бала өзін-өзі өзгерту үшін оқиды, педагог үшін де, баланың өзі үшін де негізгі мәселе оның дамуы болып табылады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша психологиялық-педагогикалық жағдай жасау қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.
Сол жылы Қазақстан елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық коррекциялық қолдау, бірнеше нормативтік құқықтық құжаттарда қарастырылып, білім беру саласы әлеуметтік ұйымдарын оқу әдістемелік әдебиетпен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету және балаларды сауықтыру туралы», мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік педагогикалық түзету арқылы қолдау, тұрмыс тәртібіндегі шектеуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау болып табылады.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту жүйесі кеңейіп, түзете-дамыту технологиялары жетілдірілуде. 7 Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндетолардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.
Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы пандустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011- 2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет. * Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау. *Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. * Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастырады: -2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады; -Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді; 8 -мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму екенін ұғынамыз.
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытыпүйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қарсы қоймай, қайта жақындатады. Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. Бұл тізбе оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін бағалауды және т. б. қамтуы тиіс. Инклюзивті оқыту ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті оқытудың негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық 9 адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды.
Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз-барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 10 Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде дамуы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: -мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады; - мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; - түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; -мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған.
3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: 1.Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 2.Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады. 3.Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту. Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер: 1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 11 4.Барлық адам бір-біріне қажет. 5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8.Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.
Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ . Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ұйымына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды.
Бұл бағдарламада Инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: •мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; •мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ұйымында біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; •мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді; •2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, 12 арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады; •3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы); •Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде инклюзивті білім берудің орны. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Бұл дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады.
Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан.
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген. Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет.
Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман 13 қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру керек. Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан. Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін. Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр.
Осылайша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді, сонымен бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" 14 Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялықпедагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК) қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды.
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер кемтар балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған. Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды шешілуден көш алыс. Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың даму ерекшеліктерін жете ескермейді. Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше жетіспейді.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген.
Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң 15 тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Мемлекет тарапынан көмек қажет ететін балалар категорияларының негізгі көрсеткіші – балалардың әлеуметтік статусын анықтау болып табылады. Балалар мәртебесін анықтау құқықтық нормативтерге сүйене отырып өте мұқият қаралуы керек.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік статусын құрайтын бірнеше критерийлер белгілі: денсаулық, жетім қалу, мінез-құлық ауытқушылығы, қатігездік таныту, экологиялық аймақта қоныстану, отбасы өмірінің деңгейі, «әлеуметтік тәуекел» отбасылары, қараусыз балалар және қаңғыбас балалар. Денсаулығына байланысты үкімет тарапынан, әлеуметтік қоғамнан қолдау қажет ететін мүгедек балалар санатына мыналар жатады: - 0–18 жас аралығындағы мүгедек балалар, оларды өзара жасына байланысты топтарға бөледі: 0 – 3 жас аралығындағы, 4 – 16 жас аралығындаға, 16 – 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар; -әлеуметтік мағынадағы ауруы бар балалар: СПИД, туберкулез, нашақорлық, ішкіштік, таксикомания; - психолгиялық ауытқулары бар балалар; - радиациясы жоғары аймақта тұратын балалар. - әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар қатарына тағы да жетімдер, қатігездік көрген балалар, эксплуатацияланғандар, қаңғыбас, қараусыз балалар.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың саны күннен күнге көбейіп келе жатқандықтан еліміздегі денсаулық сақтау, білім, және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. ҚР парламентінің депутаты Г.Қарағұсова Астанада журналистермен өткізген баспасөз маслихатында министрліктің мемлекеттік бюджеттің ірі және шығыс бөлімдерін талдау мен өркениетті түрде айналысатындығын, бұл өз кезегінде министрліктің зейнетақылар мен жәрдемақыларды нақты төленуіне бақылау жасауды күшейтетіндігін айтқан болатын. Өз сөзінде Г.Қарағұсова: «Қазақстанда кәсіби аурулардан, жалпы аурулардан, туа біткен немесе жүре пайда болған мүгедектік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу базасы жоқ. Осының бәрін құру керек. Біз әлеуметтік мәселелермен айналысатын, мәселен, көп балалы отбасылар ассоциациясы мүгедек балалары бар аналар бірлестігі және басқа да қоғамдық ұйымдармен шынайы өзара қарым-қатынастарға жол ашуымыз керек,» — деген болатын. Мүгедек жандар мүддесіне байланысты айтылған министрдің бұл бастамаларының нәтижесін уақыт көрсетіп отыр.
Елімізде мүгедек жандар құқығын қорғауға байланысты заңдар қабылданып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттің өркениеттілік деңгейі басқа өлшемдермен қатар, ондағы кемтар адамдардың ахуалынан да көрінеді. 16 Кемтар балалар өсе келе өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі сезінуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып, олардың құқықтары заң жүзінде бекітіліп, орындалуға тиіс. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдеде қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық, психологиялық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Оның бір ерекшелігі — біздің елімізде мұндай заң алғаш рет қабылданып отыр. Заң бойынша, кемтар балалар санатына белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі балалар жатады.
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері. Соңғы жылдары мүгедек балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі және бірегейі-зерттеушілер, оқытушылар және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға тоқайластыру. Белгілі бір топ өкілдерін әлеуметтік ортаға бейімдей алмау, яғни оларды қоғамның толыққанды мүшелігіне икемдей алмау – олардың жан-жақты мүмкіншіліктерін шектеуге әкеліп соғады.
Демек, мұның өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір түрі. Мәселен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің жетіспеушілігі немесе олардың жетілмеуі жарымжан балалар мен олардың отбасына айтарлықтай қиындық туғызады. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы.
Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,отандық төл мамандарды тарту–бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Әлеуметтік-мәдени түсінік - танымсыз мүгедек блалардың проблемаларын шешу де, ұғыну да қиынға соғады. Осы орайда айта кетуіміз керек, мүгедектік дәрежесі аурудың түрін анықтауға қажет. Және әлеуметтік жеңілдіктер беру мақсатында адамға белгілі бір мәртебе берген жағдайда қажет етіледі. 17 1992 жылы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында қабылданған, №1185 реабилитациялық бағдарламасының кепілдемесінде былай дейді: «Мүгедектік–бұл адам баласын мүмкіншіліктерден шектеу, яғни қарымқуаттылықтан, психологиялық, әлеуметтік, мәдени заңдылықтар мен басқа да кедергілерді бастан өткере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болу бағытынан айрылғандар.
Сондықтан қоғам олардың қажеттіліктерін өтей отырып, тәуелсіз өмір сүрулерін қамтамасыз етуге міндетті». Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарымқатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Мұндай жағдайда, әсіресе балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж) Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, аққаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы: -ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиеленуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және басқа да адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуы құқылы…» Эксперимент нәтижесінде 30 ата-ананың 85%-да мүгедек бала дүниеге келген кезде алғашқы психологиялық соққы болып, олар өзін-өзі кіналайды.
Бұл сұраққа жауап берген аналардың 60%-ы мүгедек бала дүниеге келген соң әкелері отбасын тастап кеткен. Отбасыларының 10%-ы өін-өзі бағалауы төмендеді, бірақ мүгедек баланы өз ортасына қабылдау қалыпты эмоциялық жағдайда жүрді. Осы 10% ішіне толық отбасылар кіреді. Олар ата-анасы және дені сау балалары бар жанұялар. 5% отбасылар мүгедек баланың дүниеге келуін ерлікпен өткерді, бұған отбасыларындағы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен татулық дәнекер. Зерттелушілердің 80%-ы мүгедек балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелері – олардың білімдерінің жетпегендігінен және толық ақпараттан- бағандығынан деп шешті. Олардың ойынша мүгедек балаларды балабақшаға алмайды, ортасынан шеттетіледі. әлеуметтік-психологиялық және педагогика- лық кеңес беру орталықтарының бар екенін де білмейді. Қарымқатынас кезінде 20% ата-аналар мүндай кеңес беру орталықтарының бар екенің достарынан, таныстарынан естіп, білген. Отбасылардың 90%-ы балаларын тәрбиелеуге отбасылық клубтар ашылса деп ниет білдіреді.Клубта жан-жақты хабар алар едік деген ойда болады.
Ата-аналардың 10%-ы әлеуметтік қызмет үйге патронаж жасау арқылы болса дейді. 60% ата-аналар қойылған сұраққа қоғам мүгедек балаларды шеттетеді деп шешті. Мемлекет тарапынан қорғауды қажет етеді, мүгедектік зейнет ақысы төмен, жеңілдіктер аз. 40% ата-аналар қоғам өздірінің мүгедек балаларын қалыпты қабылдады деп, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен ісшаралар, мейрамдар өткізіледі деді. 80% ата-ана мүгедек бала дүниеге келген 18 соң қаржылық жағдайы төмендеген, себебі, дәрі-дәрмектер олар үшін қымбытқа түседі. Осындай жауапты жалғыз басты аналардың 50%-ы берген. Бұл отбасыларына тек баланың зейнет ақысымен күн көрушілер жатады. Отбасылардың 20%-ының балаларын әжелері тәрбиелеп отыр. Т
ек 10%-нда ғана қаржылық жағдайы қалыпты. 90% отбасылар әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік қамсыздандыруды өз балалары үшін қажет деп санайды. Инклюзивті білім берудің тиімділігі тек психологиялық-педагогикалық, дефектологиялық және басқа да білім мен дағдыларды меңгерген мамандарға ғана емес, сонымен қатар өз кәсібінің шеңберінен тыс шығуға қабілетті, өздігінен дамудың шығармалық әлеуетін меңгерген, өзінің кәсіби қызметін сапалы іске асыруға ішкі қозғамдамасын иемденетін маманға да маңызды орын бөлетін әр түрлі саладағы: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мамандарының ынтымақтастығына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы. ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.; ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.; ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.; 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; 2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары; 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы; 19 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы.
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең мүмкіндік беру үшін жергілікті атқарушы органдар 2235 жалпы білім беру мектептеріне жағдай тудыратын болады: 2011 жылы-768 мектеп, 2012 жылы1068 мектеп, 2013 жылы-1462 мектеп, 2014 жылы-1846 мектеп және 2015 жылы -2235 мектеп. 2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы-2726 мектепте, 2017 жылы3217 мектепте, 2018 жылы-3708 мектепте, 2019 жылы-4199 мектепте, 2020 жылы-4690 мектептерде өседі.
Жалпы балабақша санынан 2020 жылға қарай балабақшаларда кедергісіз орта тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту жүйесі болып табылады. Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерліктехникалық кешенмен, бағдарламалармен, сонымен қатар Интернет желісіне қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары). 2011 жылдың басында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйде оқитын мүгедек-балалар, жеке білім алу марштрутынан табысты өту үшін, бағдарламалық- техникалық құралдармен жабдықтауға 4 млрд. 170 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға ынталандыру үшін 43% арнайы білім беруді ұйымдары, оның ішінде мультимедиялық оқыту (Eduplay, 20 Multikid, Sound beam) жүйелерімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 пайызында интерактивті тақта орнатылған. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп – қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады.
Дегенмен, бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде. «Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады . Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады.
Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық – техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып, 21 дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал – жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады.
«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын өңдеуді талап етеді. Инклюзивті білімнің дамуының ресурстық қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарының көкейкестілігі.
1.Педагогикалық ұжым әрекетін ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету өзектілігі. 2.Инклюзивті үрдістің қатысушыларын психологиялық- медициналықпедагогикалық сүйемелдеу өзектілігі 3.Мүмкіндігі шектелген балаларды, жалпы білім беру үрдісіне кіріктіруде психологиялық-педагогикалық қолдау және тәжірибелі –жекешелендірілген тұлғаға бағытталынған инклюзивті ортада оқыту технологияларының кіріктіру өзектілігі. 4.Инклюзивті білім беру ортасының компоненттерін үлгілеу және мазмұнды түрде толықтыру өзектілігі 5.Инклюзивті білім беру ортасын арнайы мамандармен, медициналықпсихологиялық жүйесімен қамтамасыз ету өзектілігі қарастырылған. 6.Инклюзивті білім беру ортасына мүмкіншілігі шектелген балаларына жекешелендірілген көмекті ұйымдастыруда тьютор, координатор маманын еңгізу өзектілігі. 7.Мүмкіншілігі шектелген балаларының ата-аналарына психологиялық қолдау орталықтарын құру өзектілігі 22 Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар.
• Жалпы білім беру мекемелерінде оқитын балаларды көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету. • Білім беру жүйесінің барлық керекті қызығушылықтары бар құрылымдармен (денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет, қаржы мекемелері және т.с.с.), қоғамдық мекемелермен, НПО және ата-аналармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету. • Инклюзивті оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін құрастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
• Арнайы қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін МБСО жүзеге асыру. Қазіргі уакытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру,баскару және қаржыландыру, кадрмен және материалдықтехникалық кұралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың болжамдары мен стратегиялық мақсаттары отандастық білім беру жүйесімен осы мәселе өте жоғарғы деңгейде шешілген мемлекет өкілдерімен үнемі кең өзара әрекеттесу үрдісінде шешіліп, жетістіктерге жету керек.
Стратегияның құрылуына тек осы жолы ғана-аймақтың тәжірибе мен жергілікті білім беру жағдайларының ескерілуімен инклюзивті оқытудың ұлттық білім беру моделін құрастыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беруді іске асыруда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері. Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері философиялық құндылық негіздерімен түсіндіріледі. Бұл түсінікті инклюзивті білім беру үрдісінің психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу Концепциясында табуға болады.Ұсынылған міндеттерді және жағдайларды, мамандандырылған психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын іске асырылмаған жағдайда мүмкіндігі шектелген физикалық және психикалық жетіспеушіліктері бар балаларды жалпы білім беру ортасына кіріктіру мүмкін емес.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді баланың барлық өмірлік іс әрекет аймақтарының кешенді үрдісі ретінде қарастыру қажет. Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жеке және топты түрде ұйымдастырылады. 23 Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу білім берудің барлық кезендерінде іске асырылады. Осыған орай, сүйемелдеу үрдісінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сүйемелдеудің маңыздылығы мен өнімділігі оның жүйелілігімен анықталады. Оның ішінде отбасы, білім беру ортасын құру, оқыту мен тәрбиелеу, өзін-өзі тану және тұлғалық іске асырылуы қарастырылады. Отбасын сүйемелдеу дегеніміз, тек мүмкіндігі шектелген психофизикалық ерекшеліктері бар отбасын қолдау емес. Ол «ерекше» балаларға әлеуметтік қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының басшылыққа алатын принципі – әр балаға және отбасына жекешелендірілген тәртіппен қолдау көрсету. Инклюззивті білім үрдісінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің келесі принциптерін анықтауға болады: 1)үздіксіздігі; 2)жүйелілігі 3)жекелендірілген тәсіл; 4)білім беру үрдісінің жағымды эмоционалдық қалыптарын қамтамасыз ету; 5)сүйемелдеу мамандарының конмандасында пәнаралық іс-әрекеттестік; Білім беру мекемелерінде психологиялық-медициналық педагогикалық Консилиумның іс әрекетін ұымдастыру.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық Консилиум–білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің қатысушыларының іс әрекетін ұйымдастыру түрі. Оқушыларды, нақты топ балаларын (б/б, сынып, құрылымдық бөлімшелерді) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлау және жасақтау. Әкімшіліктің, негізгі педагогтардың, білім беру мекемесін сүйемелдеу мамандарының пәнаралық командасының, ата-аналардың мүмкіндігі шектелген балаларды білім беру процесіне кіріктіруде жекешелендірілген білім беру маршрутының бірлескен нақты іс әрекетінің жүйесі деп түсінуге болады. Жекешеленділірген білім беру жоспары (жекешелендірілген білім беру бағдарламасы)–нақты бір кезеңге бекітілген білім беру мекемесінің директорымен және ата-аналармен қол қойылған құжат.
Тәжірибеден мысал келтіруге болады: педагогтардың пікірі бойынша мүмкіндігі шектелген жалпы білім беру бағдарламасын толық меңгере алмайды. Оған дефектолог-логопед мамандарының, бейімделген дидактикалық материалдардың, тьютор маманының көмегі қажет. Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балаларының кластастары оқитын кітаптарды оқуды талап етеді. Балаларды үй жұмыстарымен немесе жоғары талаптармен жұктейді.Немесе керісінше, ата-аналар қосымша көмекті қажетсінбей мамандардың ұсыныстарын орындамайды. Бұл кезде барлық 24 жауапкершілік білім беру мекемесіне жұктеледі. Бұндай жағдайлар жиі кездесіп тұрады. Қазіргі жағдайда бірлескен юристік күші бар білім беру мекемесінің атааналармен келісім шартпен бекітілген нақты құжат жоқ.
Сондықтан, білім беру мекемесінде ата-аналармен іс әрекеттестік орнатуда координатордың, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің пәнаралық командасының жұмысы қажет. «Әлеуметтік – педагогикалық сүйемелдеу» және «қолдау». Соңғы онжылдықта әлеуметтік - педагогикалық тәжірибеге «сүйемелдеу» немесе «қолдау» деген ерекше үрдіс кіріктіріліп белсенді даму жолында.
Педагогикалық қолдау пәні болып баланың жеке басының қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндігін және кедергілерді жеңу үрдісі болып табылады. Педагогикалық қолдау әдістері мен тәсілдері көптүрлі, яғни, ол көптеген қарым қатынастың ситуацияларымен байланысты. О.С.Газман педагогикалық қолдау ретінде қарастырылатын диалог режимінде қолданылатын проблемаларды шешудің жеті түрін анықтады: 1.Баланың эмоционалдық қал-жағдайын байқау; 2.Балаға өзінің проблемаларын көруге көмектесу; 3.Оған деген өзінің көзқарасын анықтауға көмектесу; 4.Не істеу керек екенін анықтауға көмектесу; 5.Қалай істеу керек екенін анықтауға көмектесу; 6.Баланың проблемаларды шешу варианттарын таңдауға көмектесу;
7.Проблемаларды шешу жоспарын ойластыруға көмектесу. Қолдау әдістер мен техникалар жүйесі түрінде ұсынылады, балаға өздігінен жеке басымен таңдау жасауға көмек түрімен және оқу, танымдық, коммуникативтік іс әрекетінде кездесетін кедергілерді жеңу көмегімен қамтамасыз етеді. Сондықтан, баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау– ол баланың қалыпты дамуына және физикалық, психикалық денсаулығына байланысты, қарымқатынасымен, оқуда үздік болуына, өмірлік және кәсіптік бейімделуі сүйемелдеумен және базалық қажеттілігімен, жеке басының проблемаларын шешуге және құқын қорғауға бағытталған өлшем жүйесі. Әлеуметтік – педагогикалық «сүйемелдеу» түсінігіне талдау.
«Сүйемелдеу» идеясы әлеуметтік педагогикасында XIX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Онда, баланың өздігінен іс әрекет жасауға қабілетсізді болуына байланысты алғашқы шынайы сүйемелдеу түсінігі жатыр. 25 Психология, педагогика, әлеуметтік педагогикада және басқа да білім саласында «сүйемелдеу» термині концепциялық түрде және тәжірибелік іс әрекетке қатысты нақты проблемаларды шешуге қолданылады. И.А.Липский «сүйемелдеу» түсінігін жалпы деңгейде талдауда, «адам дамуын сүйемелдеу- ол, адамның өмір жолында әсер ету функциясы болып жеке басының және әлеуметтік ситуациясында қоршаған адамдармен әлеуметтік қарым қатынасы болып ұсынылады. Ю.Слюсарев «сүйемелдеу» түсінігін сау адамдарға психологиялық көмек көрсету бағытында қолданды.
А.М.Битянов психологиялық- педагогикалық сүйемелдеудің үш компонетін анықтады. 1.Баланың психологиялық-педагогикалық статусын үнемі қадағалау. Психолог педагогпен бірігіп баланың жағдайын талдауда «психологиялық ахуалы жақсы» және оқуда, қарым қатынаста психологиялық қиындықтарды сезінетін екі топты анықтады. 2.Баланың жақсы оқуына және дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлар тудыру, жасөспірімдермен жұмыс (арнайы дамытушы ортасын ұйымдастыру сабақтары, кеңестер), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету. Бұл бағытта жұмыс түрлерінің жалпы мақсаттары – педагогтарға және атааналарға тәрбиелеу және білім беру кеңістігін ұйымдастыруға көмектесу.
Баланың психологиялық ерекшеліктері және олардың өзекті қызығушылықтары мен қажеттіліктері ескеріледі. 3.Жасөспірімдердің оқу, қарым-қатынас және психологиялық проблемаларын шешуде арнайы әлеуметтік-психологиялық жағдай құру. Негізгі мақсат – психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар балаға сәйкесті оқыту мен қарым-қатынас жағдайларын құруға көмектесу. Шешім. Сонымен, «әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу» және «қолдау» түсініктері тығыз байланысты, бірақ, мазмұнымен бірдей емес. Әлеуметтікпедагогикалық сүйемелдеу баланың құқығын қорғауға және жеке басының проблемаларын шешуге, қажеттіліктерін анықтауға бағытталған.
«Сүйемелдеу» түсінігі тұлғаның қалыпты түрде даму реакцияларын, үрдістерін және жағдайды қолдауын қарастырады. Сүйемелдеу тұлғаның айқынды мүмкіндіктерін іске асыруға, баланың жеке басының ерекшеліктерін ашуға, тұлғаның маңызды сапасын қолдауға және дамуының жетіспеушілігін түзетуге, өздігінен таңдауға және оған жауапершілікпен қарауға бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу мақсаты - баланың –түрлі өмірлік ситуацияларда өз-өзін дамыту, өздігімен реттеу, өзгеру және өздігінен іске асырылу қабілетін қалыптастыру.
26 Осы ұсынылған мақсаттардан әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу міндеттері туындайды. -адамның өмірлік таңдау ситуацияларын іске асыруға жағдай құру; -даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін, құрдастарымен, мұғалімдермен, атааналармен қарым-қатынас проблемаларын, оқу қиындықтары, білім беру және кәсіптік маршрутын таңдау проблемаларын шешу серіктестігі; -баланың айналасындағы әлеуметтік ортасының психологиялықпедагогикалық құзыреттілігінің дамуы (оқушылардың, ата аналардың, педагогтардың); -дамып келе жатқан тұлғаның әлеуметтік жағдайын жақсарту; -баланың мінезін өзгертетін проблемалардың туындауын алдын-алу; -тұлғаның қалыпты даму механизмдерін сақтау. Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары. -баланың белсенді қалпы: бастысы, баланың орнына проблемаларды шешпеу, бірақ-та, баланы проблемаларды өздігінен шешуге үйрету, өздігінен даму қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау; -«баланың жағында»: бастысы болып баланың қызығушылығы алынады, оқу –тәрбие процесінің мүшелерінің позицияларын ескерумен баланың құқығын қорғауы қамтамасыз етіледі; -автономиялығы: сүйемелдеу жүйесінің маманында өзінің іс-әрекетін ерекше тәжірибе етіп ұйымдастыру мүмкіндігі болу қажет; сүйемелдеу жүйесінің маманы оқу-тәрбиелік үрдістің субъектілерінің ісін ауыстырмайды, бірақ –та, бала дамуының міндеттерін шешуде өзінің жұмысын олармен бірлесіп атқарады. -үздіксідігі : баланы білім беру мекемесінде оқуының барлық оқу кезеңінде сүйемелдеуді қамтамасыз ету; -кешенділік:сүйемелдеу міндетін шешуде мамандардың бірлесіп ұйымдастыруы: сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, медициналық мамандардың, мұғалім логопедтердің, дефектологтардың; -ескертпелілік:туындыған проблемаларға әсер етуден проблемалық ситуациялардың туындауын алдын-алуға ауысуды қамтамасыз ету қажет.
И.Трус баланы әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің функцияларын анықтады: -қалыпқа келтіру функциясы. Ол, мінезінің акцентуациясының пайда болуға дейінгі, баладағы өрбіген жақсы сапалы жағын қалыпқа келтіру. -орнын толтыру функциясы (компенсациялық). Бұл функция балаларда қандай да болса жетіспеушілікті жоюға бағытталған өзіне ұнайтын және тез жетістіктерге жету өзін өзі іске асыру іс әрекеттін күшейтуді қалыптастыруда көрінеді. 27 -ынталандыру функциясы. Бұл функция баладағы қалыпты тұлғалық мінез құлықтың дамуын қолдау -түзетушілік функция.Бұл функция балада болған мінез құлықтағы негативтік өзгерістерді түзету болып табылады. -әлеуметтендіру функциясы.
Бұл функция балаға әлеуметтік дамуына, танымдылығына, түрлі дағдылардың қалыптасуына және әлеуметтік психологиялық құзыреттілікті жетілдіруге бағытталған. -қатер тобындағы жасөспірімдер ерекше сүйемелдеуді қажет етеді. Ғалымдармен әлеуметтік –педагогикалық сүйемелдеу технологиясының іс шараларының реттілігі жасақталған: 1.Баланың тұлғалық дамуының диагностикасы 2.Баламен алғашқы қарым-қатынасты табу.
«Ересек-бала» түрінде позитивті қарым қатынасты құру. Сенімділік қарым қатынасты құру. Балаға кіріктірілген бақылауды еңгізу. 3.Баланы сүйемелдеудің жекешелендірілген маршрутын жасақтау. Сүйемелдеудің жекешелендірілген маршрутының кезеңі. Бірінші кезең–диагностикалық, баланың өзін өзі актуализациялау қажеттілігін іске асыруды анықтау. Екінші кезең – ситуацияның екі түрін құру мүмкіндігін апробациялау: жекешелендірілген іс әрекеттестік және делдалдық. Көптеген міндеттерді шешетін ситуациялар, қарым қатынастың адекватты түрлерін табуды іске асыруға бағыттайды. Үшінші кезең –әлеуметтік педагогтың баланың анасымен және баламен терең байланысты негізгі кезең.
Төртінші кезең – жорамалы, конфликтілік ситуацияларды алдын ала табумен және алдын алудың мүмкіндік жолдарын құрумен байланысты. Бесінші кезең- бақылау, сүйемелдеу іс шаралардың нәтижесін анықтау. Қажет болған жағдайда сүйемелдеу маршрутына түзетулерді еңгізу. 4.Басқа мамандармен бірлесіп жұмыс атқару 5.Баланың белсенділігін дамытуға бағытталған іс шараларды іске асыру 6.Тұлғалық бұзылымдар мен негативтік тәртіп бұзушылықты түзету 7.Іске асыру бағдарламаның сәтті аяқталуы 8.Әлеуметтік-педагогикалық іс әрекетті талдау Мүмкіндігі шектелген баланы әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу технологиясының диагностикасы мазмүнды. Сүйемелдеу жүйесінде диагностиканың ерекше пәні пайда болады:баланың даму акцентуациясы, оқуәдістемелік үрдістің қатысушылардың арасындағы қарым қатынас, баланың ересек адамдармен және құрадастарымен серіктестік үрдісі.
28 Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері. -дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету; -мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау; -қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі; -жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалтумен сүйемелдеу. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау және қорғау, оларға экономикалық, саяси және өзге құқығы мен бостандықтарды тең іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен кепілденген. Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындаушы заң «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуiрдегi № 39-III Заңы болып табылады.
Мүгедектер мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту курстарынан өтеді, арнаулы қозғалыс құралдарымен, санаторлық-курорттық емделумен, сурдотехникалық, тифлотехникалық және басқа оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мүгедектерге мемлекеттік бюджеттен кепілденген жәрдемақылармен бірге мүгедектерді әлеуметтік қорғау элементтерінің бірі организмді қалпына келтіру және бұзылған немесе жоғалтқан қызметін қалыптастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсетуге,кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін ұсынушы оңалту болып табылады. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды тәрбиелеу және оқыту жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу мекемлерінде жүзеге асыру мүмкін болмағанда, психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультативтік 29 қорытынды негізінде тағайындалады.
Әлеуметтік көмек мөлшері тоқсанға 6,5 АЕК құрайды. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кадрлық даярлау жеңіл мамандықтар бойынша жүргізіледі: «әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері»; «сылақшы– майлаушы», «ағаш ұстасы», «ауылшаруашылық техникасының темір ұстасы– жөндеушісі», «автомеханик», «аспазшы», «тігін өндірісі және киімді модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру», «тамақтануды ұйымдастыру», «емдеу ісі», «аударма ісі», «іс қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйе» және т.б. І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 1 пайыз көлемінде қабылдау квотасы қарастырылған. Бұрын бұл квота 0,5 пайызды құрайтын. 2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде белгіленген квота шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды.
Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығында-ғы) балалар ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік стипендия алады. Сондай-ақ, мүгедектер білім алып жатқан жоғары оқу орындарында олардың еркін кіруі үшін (пандус) жағдай жасалады, арнайы оқу құралдары пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді.
2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциясында, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
30 Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді.
Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Келісімшартпен бекітілген нормаларды мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты қазақстандық заңнамада бар нормалармен салыстыра отырып, ең алдымен мүгедектік мәселесіне тұжырымдамалық жағынан келуге назар аудару керек. Келісімшартта мүгедектердің кемшіліктеріне баса назар аударылмайды, керісінше, мүгедектік мәселесі барлығын жаппай қамти алатын және дербес әртүрлілікті қабылдай алатын қоғам дерті болып саналады.
Адам құқығы туралы (ары қарай – Нұсқаулық) БҰҰ Жоғарғы комиссарының Басқармасымен 2010 жылы жарияланған «Адам құқығы туралы Келісімшарттың жүзеге асуын бақылау» атты адам құқығы саласындағы бақылаушыларға арналған нұсқаулықта көрсетілгендей, Келісімшарт мүгедектікті болдырмау емес, ең алдымен, мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті болдырмауға бағытталған. Қазақстанның мемлекеттік саясаты мүгедектерге қатысты көбіне мүмкіндігі шектеулі жандардың олқылықтарына және оларды қоғамға біріктіру қажеттіліктеріне негізделген.
Мүгедектігі бар адамдардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғау саласында негізгі нормативті-құқықтық акт (НҚА) «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» (ары қарай –Заң) 2005 жылдың 13 сәуіріндегі №39 ҚР Заңы болып табылады. Ол Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды, олар: мүгедектіктің алдын алу, әлеуметтік қорғау, сонымен бірге мүгедектерді сауықтыру; мүгедектерді қоғамға тарту. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңда мүгедектік 4 ағза қызметінің қатты бұзылуы салдарынан адам өмірінің шектеулі сатысы ретінде қарастырылады. Заң мүгедекті «өмір сүруді шектеуге дейін әкелетін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулар, жарақаттар, олардан келген зияндар, кемістіктер салдарынан ағза қызметінің қатты бұзылуынан денсаулығында ауытқушылық болған тұлға» ретінде қарастырады.
Келісімшартқа сәйкес, мүгедектерге «түрлі кедергілермен өзара әрекет жасау кезінде олардың басқалармен тең дәрежеде қоғам өміріне толық және тиімді араласуына кедергі келтіретін физикалық, психикалық, интеллектуалдық немесе сенсорлық ауытқушылықтары бар тұлғалар» жатады. Келісімшартта және мүгедектер құқығын қорғау бойынша ҚР негізгі заңында «мүгедек» және 31 «мүгедектік» деген анықтамалардың айырмасы жоғарыда айтылған мүгедектердің қабылдауы мен мүгедектікке деген қатынасты көрсетеді. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң 2002 жылдың 8 тамызынан №345 «Балалар құқығы туралы» ҚР Заңында бекітілген «мүгедек бала» түсінігін де анықтап береді. Екі НҚА-ге сәйкес, «өмір сүруді шектеуге дейін әкелетін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулар, жарақаттар, олардан келген зияндар, кемістіктер салдарынан ағза қызметінің қатты бұзылуынан денсаулығында ауытқушылық болған он сегіз жасқа дейінгі тұлға» мүгедек бала болып саналады.
2002 жылдың 11 шілдесінен №343 «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық демеу туралы» Заңының 1 бабының 2 тармақшасы «он сегіз жасқа дейінгі физикалық және (немесе) психикалық ауытқушылықтары бар, туыла салысымен, тұқымқуалаушылық әсерінен, аурулардың немесе түрлі жарақаттардың салдарынан болған белгілі бір тәртіпте анықталған өмір сүру қабілеті шектелген бала (балалар) «мүмкіндігі шектеулі бала (балалар)» түсінігін енгізді. Заңнамаға сәйкес «мүгедек бала» және «мүмкіндігі шектеулі бала» терминдеріне шек қойылмаған (ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2008 ҚР Заңына сараптамалық анықтама).
ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабына сәйкес мүгедектік тобы он алты жаста бекітіледі. Сонымен бірге Келісімшартқа сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты «мүгедектер» және «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» терминдерінің мағыналары әртүрлі. Төменде көрсетілген кестеде аталған келісімнің 3 бабында бекітілген мүгедектер құқығы туралы БҰҰ Келісімшартының және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 2 бабында бекітілген мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдары көрсетілген. Келісімшарт негізінде жатқан ережелердің қалыптасуына мүгедектік мәселесін құқық қорғау мәселесі ретінде түсіне жатқанын айта кету керек.
Шолу авторларының пікірі бойынша екі жақты құқықтық жақтардың негізгі ұстанымы кемсітпеушілік немесе кемсітушілікке тиым салу болып табылады. Теңдік пен кемсітпеушілікке Келісімшартта жеке бап берілген –5 бап. Аталған баптың мүгедектік бойынша кемсітушілікке тиым салу ғана емес, кез келген жағдайда кемсітушіліктен теңдей және тиімді құқықтық қорғауға мүгедектерге кепілдік беретінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар қазақстандық заңнамада ол аясы тар түсінікте бекітілген - мүгедектік белгілері бойынша кемсітушілікке тиым салу ұстанымы ретінде қарастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар жағдайын анықтайтын маңызды деңгейде осы ұстанымның айырмашылығы кестенің астыңғы жағында қарастырылған.
Просмотров материала: 1 004