21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, ем қабылдап жатқан балалармен кездесті. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.

– Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Адам өміріндегі ең үлкен әрі маңызды мәселе – балаларының денсаулығы, болашағы, олардың бақытты болуы. Облысымыз елімізде ең халық тығыз орналасқан аймақ болғандықтан біз денсаулық сақтау мәселесін назарда ұстап келеміз. Орталық өте сапалы әрі жақсы салынған. Жергілікті бюджет арқылы ғимарат жөнделді. Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Іші заманауи әрі бұл өңірде жоқ құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық, – деді Өмірзақ Шөкеев.
ТҮРКІСТАНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Іс-шара барысында оңалту орталығындағы балаларға мерекелік сыйлықтар тапсырылды.

Ақтөбе облысында мүгедектігі бар балаларға арналған тегін оңалту орталығы ашылды.

Орталық қызметін жылына 600-ге жуық бала пайдалана алады. «Қамқорлық» орталығында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы оңалту заманауи жабдықтары жинақталған. Оңалту орталықтарын қажетті заманауи жабдықтармен «Қамқорлық» жобасының бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қамтамасыз етті.
«Қамқорлық» орталығы ерекше балаларды оңалтудың жүйелі және кешенді тәсілін көздейтін халықаралық тәсіл бойынша қызмет етеді. Мұнда невролог, реабилитолог, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, психолог, логопед, еңбек және эрго терапевтер, дефектолог сынды әртүрлі бейінге оқытылған мамандар тобы жұмыс істейді. Әрбір бала үшін балалар мен олардың ата-аналары қол жеткізгісі келетін бастапқы деректері мен мақсаттарына сәйкес оңалтудың жеке жоспары жасалады, - делінген Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік қызметі таратқан ақпаратта.

Шараға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобынан «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өкілдері қатысты.
Қонақтар орталық жұмысымен танысып, балалармен бірге күнделікті оңалту бағытын аралады: ЕДШ залдарына, педагогтар мен психологтардың кабинеттеріне, механотерапия залына, сенсорлық бөлмеге, бальнеотерапия кабинетіне, бассейнге барып, саяхатты кондуктивтік терапияда аяқтады.


Жоба еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарын ғана емес, сондай-ақ шалғай ауылдарды да қамтып отыр. Бұл балаларды жақын жерден тиімді оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қамқорлық» бастамасы жынысына, жасына, этникалық қатыстылығына, мәртебесіне, сондай-ақ физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан барлық азамат үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасауға бағытталған.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жобаның алғашқы екі кезеңі аясында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарында 15 оңалту орталығы, 8 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталықтарды толық жабдықтау үшін бүгінгі таңда Қор 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.


Оңалту орталығының төсек орын саны 50 күндізгі және 10 тәуліктік болып жабдықталған. Орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпаия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Қазіргі таңда мұнда 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің кешенді жоспары бекітілген. Оның 3-бөлімінде балалардың және мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау шараларын іске асыру жоспарланған. Балалардың денсаулығын жақсарту, мақсатында Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы балаларға арналған оңалту төсек орындарын көбейтуде. Қазіргі таңда 613 оңалту төсек-орны бар, соның ішінде балаларға арналған үш оңалту орталығы, бір шипажай мен екі «Қамқорлық» орталығы қызмет атқарып жатыр.

Елімізде мүмкіндігі шектелуі балалардың саны 85 мыңнан асады, әрі олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ал оңалту орталықтарының саны небәрі 152 ғана. Бұл деректерді Нұр-Сұлтан қаласында бас қосқан реабилитологтар мен курортологтардың ғылыми конференциясында айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтқан-ды. «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.

Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген еді Мемлекет басшысы Жолдауында. Сөйтіп қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне биліктің назар аударуын тапсырған. Ал Нұр-Сұлтанда бас қосқан дәрігерлер мүгедекті оңалту ісінің өзге де өзекті мәселелері шаш етектен екенін айтты.

Ел астанасында 20-21 қыркүйекте «Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты халықаралық VII ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Қазақстан реабилитологтар мен курортологтары ассоциациясы «University Medical Center» корпоративті қорының Балаларды оңалтудың ұлттық орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Жиынға отандық мамандармен қатар Германия, Италия, Қытай, Беларусь, Украина, Ресей мемлекеттерінен келген ғалымдар қатысты.

Жетінші рет ұйымдастырылған кон¬ференцияда жетекші оңалту орталықтарының, шипажай-курорттардың, медициналық және арнайы жабдықтар өндіретін фирма-компаниялардың, фарма¬цевтикалық компаниялардың бас-шылары мен ғалым-мамандары, туристік және денсаулық сақтау бизнесі өкілдері жиналды.

Басқосуда талқыланған тақырып көлемі де ауқымды. Оңалту жұмыстарының ерекшеліктерінен бастап, онкологиялық сырқаттарға ұшыраған балаларды медициналық-әлеуметтік бейімдеу мен оңалту, су шипажайларына арналған жабдықтарды таңдау, церебралды сал дертіне ұшырағандарды қытай және батыс медицинасының оңалту моделдері, спорттық меди¬ци¬налық базалық негіздері тәрізді көптеген тақырыптар талқыға түсті. Сонымен қатар денсаулыққа, соның ішінде бала денсаулығына табиғи-физикалық факторлардың әсері, елі¬міздегі курорттық қызметті дамы¬ту¬дың болашағы тәрізді тән саулығына тіке¬лей байланысы бар тақырыптар қозғалды. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамындағы өзекті мәселені түрлі қырынан талқыға салған жайы бар.

Мыңдаған бала, жүз елу орталық бар

Елімізде түрлі сырқатқа шалдығудың кесірінен мүмкіндігі шектелген балалардың саны 90 мыңға жақындайды. Дәлірек айтсақ, 85-87 мың аралығында. Өкінішке қарай, соңғы бес жылда олардың саны өсіп бара жатқаны байқалады. Бірақ сол балаларды оңалтуға арналған орталықтар көп емес. Қазақстанда балаларды оңалтуға арналған 152 орталық болса, оның 19-ы ғана Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне кіреді. Білім және ғылым министрлігінің қызмет аясына кіретін орталықтар саны 12 болса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде 24 орталық бар.

Жекеменшік оңалту орталықтарының саны – 97. Бұдан бөлек көппрофилді клиникалардың жанынан ашылған 10 оңалту бөлімшелері бар. Осынау оңалту орталықтарының ішіндегі ең ірісі − «UMC Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы». Ондағы орын саны – 300. Елде бұдан көп орны бар орталық жоқ. Демек, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мәселесінде проблема бар деген сөз. Оның үстіне елдегі санаулы оңалту орталықтарының да аймақтардағы үлесі әртүрлі.

Мәсе¬лен, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау жүйесіне кіретін бірде-бір оңалту орталығы тіркелмеген. Ал Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік ведомстволарға қарайтын ешқандай оңалту орталығы жоқ. Еліміздің 11 аймағында бастапқы оңалту қызметін көрсетуі тиіс медициналық оңалту бөлімшелері әлі күнге ашылмаған. Елімізде жұмыс істеп тұрған балаларды оңалту орталықтарының ба¬сым көпшілігінің техникалары ескір¬ген. Көбінің ғимараттары оңал¬ту жұмыстарына арналмаған, онда кедергісіз орта қалыптастыру қиынның қиыны.

Бұдан бөлек маман мәселесі тағы бар. Қазақстандағы оңалту орта¬лықтарының реабилитологтармен қамтамасыз етілуі 57 пайыз болса, оңалту орталықтарында жұмыс істейтін маманданған педагогтардың үлесі – 79 пайыз. Ал ел бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде оңалту ісі мүлдем жүргізілмейді. Әрине оңалтуға ұқсас әрекеттер жасалғанымен, іс жүзінде оның бәрі формалды дүниелер. Міне, мұндай жағдайда денсаулығында кінәраты бар балаларды оңалтып, қатарға қосу ісіндегі проблемаларды шешудің өзі де оңайға соқпайтын болса керек. Президент Қ.Тоқаевтың «Бала¬лар¬ға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет» деуінің де сыры осында. Қалай болғанда да 90 мыңға жуық бала үшін 152 оңалту орталығы аздық ететіні сөзсіз. Әрі олардың ешқайсысында 1000 адамға арналған орын жоқ екенін ескерсек, балаларды оңалту бағытындағы іс-шаралар құмға құйған суға ұқсап бара жатыр.

Қолда барды ұқсатып келеді

Әрине балаларды оңалту саласында атқарылып жатқан істерді тұтастай жоққа шығара алмаймыз. Отандық дәрігерлер мен педагогтар бала¬ларды оңалтумен шама-шарқын¬ша айналысып жатыр. Әрі мүге¬дек балаларды оңалту ісін де осы дәрі¬гер¬лер бастағанын ұмытпаған абзал. Қазақстандағы балаларды оңалту ісінің тарихына үңілер болсақ, бұл 1991 жылдан басталады. Сол жылы Алматының Қалқаман ауда¬нында орналасқан №7 ауруханада алғаш рет бала¬ларды оңалту бөлімшесі ашыл¬ған.

Ересектерге арналған 1000 орындық көппрофилді клиникада ашылған бөлімшеде 60 орын болыпты. Бөлімшеге психолог, логопед, рефлексотерапевт, массажист, денешынықтыру негіздері инструкторы тәрізді көптеген мамандар тартылған. Сөйтіп елімізде мүгедек балаларды оңалтудың алғашқы қадамы жасалса керек. Әйтпесе КСРО-ның денсаулық сақтау жүйесінде оңалту орталықтары туралы ұғым да болмаған. Салବның штаттық нормативтік құ¬жат¬та¬рында оңалту орталықтары жайлы бір ауыз сөз де кездеспейтін еді.

Алғашқы оңалту бөлімшесін ашқан, бүгінде «UMC Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының» директоры қызметін атқарып отырған медицина ғылымдарының докторы Шолпан Бөлекбаева алғашқы оңалту бөлімшесі еліміздегі балаларды оңалту қызметінің прототипі болғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда №7 ауруханада ашылған бөлімшеден соң, 1994 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығы басқармасының бастығы Тамара Палтушева «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваға балаларды оңалту орталығын ашу туралы өтініш білдірген.


Сөйтіп «Бөбек» қорының қолдауымен 1995 жылы алғаш рет балаларды оңалту орталығы құрылды. «Балбұлақ» деп аталатын сол алғашқы орталық әлі күнге жұмыс істеп тұр. Ал №7 ауруханадағы бөлімше 15 жыл қызмет атқарып, кейін басқа жерге көшірілді. Жүйке жүйесі және психикасы бұзылған балаларға арналған «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында 1996 жылдың наурызынан 2016 жылдың сәуір айына дейін 17 мың 738 адам ем қабылдаған. Олардың 11 мың 95-і бала. Өзгесі ересектер. Кейін еліміздің 5 қаласында осындай орталықтар ашылған еді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «UMC Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» 2007 жылы ашылды. 300 орындық орталыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі рет келді. Мұнда балаларды оңалтудың заманауи тәсілдері қолданылып келеді. Арбаға таңылған бүлдіршіндердің орындарынан тұрып, алғаш¬қы қадамдарын жасаған кездерін де көз көрген. Сөйтіп мүмкіндігі шектеулі балаларға бұл орталықтың үміт сыйлайтынын байқағанбыз. Орталықта оңалтудың медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері негізге алына¬ды.

Орталықтың 200 маманы әлемнің 23 елінде біліктіліктерін арттырған. Қазір 650 адам жұмыс істеп жүр. Жылына шамамен 4 мың бала оңалту процедураларынан өтеді. 2007-2019 жылдар аралығында орта¬-лықта 50 мыңға жуық бала ем қабылдаған. Яғни, оңалту орталықтары елдегі мүгедек балаларды емдеу жолында ба¬рын салып жатыр. Бірақ мыңдаған бала үшін мүмкіндігі әртүрлі 152 орталық тым аз екенін дәрігерлер де жасырмайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар саны өсіп келеді

Былтыр сол кездегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова алаңдатарлық дерек айтқан. Былтырғы қазанда өткен Үкімет сағатында министр Қазақстанда мүгедек статусын алған азаматтар саны соңғы бес жылда 7,5 пайызға көбейгенін мәлімдеген еді. Сол кезде М.Әбілқасымова Қазақстанда 147 мың бала мен жасөс¬пі¬рімнің білім алуда мүмкіндігі шек¬теу¬лі екендігін алға тартты. Бұл дерек біз сөз басында айтқан

87 мың мүмкіндігі шектеулі балалардың санынан әлдеқайда артық. Демек, осы тұста статистикалық деректерде бірқатар айырмашылықтарды да білген жөн сияқты. Біз сөз еткен 80 мың¬нан астам бала мүгедектікке апарып соғатын дерттердің кесірінен қабілет-қарымынан айырылғандар. Одан бөлек оқыс оқиғалардың салдарынан мүгедек болып қалғандар да кездеседі. Ал жалпы мұндай балалар мен жасөспірімдер үшін оңалтудан бөлек, инклюзивті білім беру мәселесі де бар. Былтыр елдегі балабақшалардың 15, мектептердің 55 пайызында инклюзивті білім беруге мүмкіндік бар екені белгілі болған. Мемлекет инклюзивті білім беруді балабақшаларда 30, мектептерде 70, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарында 40 пайызға жеткізуді көздеген-ді.


Сөйтіп мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша жағдай жасау ісі жалғасып жатыр. Дегенмен балаларды оңалту ісінде мемлекет пен қоғамның тізе қоса қимылдағаны керек. Өйткені оңалтудың өзі үш сатыдан тұрады. Медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық деп бөлінетін үш аспект үйлескенде ғана мүмкіндігі шектеулі балалардың қатарға қосылуына аз да болса жәрдем жасауға болады. Өкінішке қарай, біз мұндай балаларды емдеп үлгермей жатырмыз.

Медицина ғылымдарының докторы Раушан Рақымжанованың айтуына қарағанда, оңалту ісі ұзаққа созылатын үрдіс. «Әлемде 600 млн адам оңалтуды қажет ететін ауыр сырқатқа шалдыққан. Олардың үштен бірі – балалар. Оңалтудың үш түрі бар. Оның алғашқысы – медициналық оңалту. Медициналық оңалту баланың айырылып қалған функцияларын қалпына келтіру мақсатын көздейді. Сөйтіп кезең-кезеңімен емдеп, ағзаның мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруге тырысамыз. Психотерапия әдістері молынан қолданылады. Өйткені бала өз сырқатына байыппен қарап, онымен күресте өзінің ішкі жігерін жұмылдыруы тиіс.

Ал әлеуметтік оңалтуда балаларды тұрмысқа бейімдеу мәселесі тұр. Арнайы күн тәртібін белгілеу, отбасы мен айналасындағы адамдардың қамқорлығын ұйымдастыру тәрізді сансыз факторлар маңызды. Еңбектің де оңалтуға тигізетін үлесі зор. Ерекше жағдайдағы балалардың кәсі¬би біліктілік алып шығуына қолғабыс жасау да өзекті. Қысқасы, оңалту ісі жеткіншектің айырылып қалған мүмкіндіктерін қайта қалпына кел¬тіруге жәрдемдесу мақсатын көз¬дей¬ді» деді Р.Рақымжанова. Балаларды оңалту ісінде еліміздің алдында әлі де талай белестер тұр. Рас, жетістіктеріміз аз емес. Бірақ мүмкіндігі шектеулі балалардың саны азаймай тұрғаны алаңдатады. «Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты халықаралық VII ғылыми-практикалық конференцияда біз осыны ұқтық.

Түйін

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты статистика көңілді құлазытады. Өйткені 87 мың дегеніңіз аз сан емес. Бұл ел тұрғындарының 0,4 пайызын құраса, елдегі барлық балалардың 1,5 пайызы. Еліміздегі барлық мүгедек балалардың 72,8 пайызының жүйке жүйесінде ақау немесе туа біткен кемтарлығы бар, психикасы бұзылған. 4,5 мың баланың есту қабілеті төмен немесе мүлдем естімейді. Көзі нашар көретін немесе мүлдем зағип болып қалған балалар саны да 4,5 мың. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын балалар 28 мың болса, олардың 1,4 мыңы арбаға таңылыпты.

Ресейлік ғалым, физикалық және оңалту медицинасының білікті маманы Г.Пономаренконың деректеріне қарағанда адамзат баласы ауыратын сырқаттардың түрі 10 мың шамасында екен. Олардың 4 мыңына массаж, тыныс алу және дене гимнастикасы, физиотерапия тәрізді физикалық факторларды қолдана отырып ем-дом жасап, адамды қатарға қосуға болады. Мұны физикалық медицина дейді. Ал мүгедектікке апарып соғатын дерттердің саны шамамен 100-200 аралығында. Міне, осы сырқаттардың кесірінен қабілет-қарымынан айырылған адамдарды емдеуді оңалту медицинасы жүзеге асырады. Әрі оңалту мерзімі де ұзақ уақытты қажет етеді. Оңалту ісіне физикалық та, оңалту медицинасы да, қоғам мен отбасы да, педагогтар да қатысады. Тек біздің елде осынау екі жүздей аурудың не себепті балаларымызда жиірек кездесе бастағаны түсініксіз болып тұр.
Просмотров материала: 991

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 099 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 933 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 574 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 600 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 711 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 045 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 452 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 165 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930