23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

РЕФЕРЕНДУМ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТҮРКІСТАНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

РЕФЕРЕНДУМ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТҮРКІСТАНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келіп, зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, саяси науқанды саралады. «Farab» кітапханасында өткен жиында алдағы саяси науқанның мән-маңызы сарапталып, енгізілетін өзгерістердің халыққа берер нақты пайдасы сөз болды.

Алқалы жиында Мәулен Әшімбаев алда келе жатқан саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, референдум арқылы Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарттарының бірі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сенат төрағасына Түркістан облысын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Түркістан облысының құрылуы өңірдің дамуына, Түркістан қаласының түрленуіне серпін бергенін атап өтті.

Зиялы қауыммен кездесуде референдуммен бірге саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын зерттеу, жазықсыз жапа шеккендерді ақтау мәселесі де кеңінен талқыланды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткен басқосуда ел тарихындағы қасіретті жылдар жайлы да мағлұмат беріліп, пікір алмасылды. Сенат төрағасы еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылғанын, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Былтыр Сенат бастамасымен құнды деректерден тұратын 5 томдық ғылыми еңбек жарық көрді. Оған түркістандық ғалымдар да үлес қосқан.

Жүздесуде түркістандық зиялы қауым өкілдері өз ұсыныстарын жеткізді. Сенат төрағасы Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар назарда болатынын, ұсыныстар ескерілетінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын. Осылайша, Ата заңның 33 бабына түзетулер әзірленді, бұл - оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Президент 5 маусымда республикалық референдум өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халықтың өзі шешеді. Мамандар мұндай конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталып отыр дейді. Осы тұста референдум не үшін керек, азаматтар неге қатысуы тиіс? Конституцияға нақты қандай түзетулер енгізіледі, жалпы халық үшін бұл толықтырулар не береді деген сауалдарға жауап алу мақсатында материал дайындауды жөн санадық. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында. Жалпы 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарлануда.

Енді бұл қандай өзгерістер дегенге қысқаша тоқталсақ, Конституцияда «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшу, мәслихаттардың ықпалын арттыру, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделін енгізу көзделіп отыр. Сонымен қоса Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту, Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салу секілді мәселелері қамтылған. Бұдан бөлек құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі.

Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мемлекет басшысы өз сөзінде мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқанын, алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін баса айтып өткен еді. «Конституция үш нақты мақсатқа бағытталып отыр» ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, з.ғ.д., КазГЮУ профессоры Индира Әубәкірова да қазір еліміздің бүкіл саяси ландшафты өзгеретін тарихи кезеңде тұрғанымызды атап өтті.

Оның айтуынша, Конституциядағы өзгерістер заңның үстем болуына, барлық салада тәртіп пен әділеттіліктің орнауына бағытталып отыр. Осы тұста «түзетулердің мәні неде?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған сарапшы былай деп жауап берді: «Біріншіден, Конституция біріктіруші, топтастырушы рөл атқаруы керек.

Ал Мемлекет басшысының ниеті – «Жаңа Қазақстанды» бірге құру. Конституцияны жаңарту міндеті де қоғамдағы сенімді арттыру. Осы тұрғыдан алғанда жаңартылған Конституция үш нақты мақсатқа бағытталып отырғанын көреміз. Олар - заңның үстемдігі, демократиялық үдерістерді нығайту және биліктің бөлінісі мен тепе-теңдік тетігін күшейту. Айта кетерлігі, Екінші Республиканың ең маңызды құндылықтары заңмен, тәртіппен, әділдікпен байланысты. Конституция қоғамдық қатынастарға нақты әсер ету рөлін атқаруы керек. Кез келген қоғамда әділетсіздік экономикалық теңсіздіктен де ауыр қабылданады.

Екінші Республикада қоғам өмірін анықтау үшін мемлекеттің функциялары әділеттілікке негізделуі керек»,-деді профессор. Оның пайымынша, әділ мемлекет – ең алдымен, тең мүмкіндіктер мемлекеті. «Мүмкіндіктер теңдігі – қоғамдағы барлық лауазымдарға жеке жетістіктер, еңбек, талантты болу арқылы іріктелу және саяси бәсекелестік нәтижесінде қол жеткізу. Ал адамның әл-ауқатының артуы, экономикалық әл-ауқатының артуы, жоғары мәртебеге, лауазымға көтерілуі бастапқы қызметіне байланысты емес, оның жеке сіңірген еңбегіне, еңбекқорлығына, іскерлігіне негізделуі керек»,-деп толықтырды. Сондықтан да оның айтуынша, конституциялық түзетулердің негізінде тең жағдай жасау идеясы жатыр.

«Құқық үстемдігі дегеніміз не? Бұл, ең алдымен, адам құқықтарының үстемдігі. Конституцияға түзетулер енгізу арқылы адам құқықтары кепілдіктерінің нақты институционалдық жүйесі белгіленеді. Жүзеге асырудың нақты құралы бар жерде құқық бар. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі бар жерде құқық бар»,-деді Индира Әубәкірова. Бұл пікірді PhD, М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Экономика жоғары мектебінің доценті Икболжон Корабоев та бөліседі. Ол соңғы жылдары әлем елдерінде болған жағдайларға көз жүгіртіп, конституциялық реформалар легитимділік аспектісінің үш өлшеміне сәйкес болу керек екенін атап өтті.

«Біз әлемдік қауымдастықтардың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жүргенін көріп жүрміз. Кейде қазіргі заманауи кедергілерге қарсы тұрып, проблеманы шешу үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет. Мәселен, 2015 жылы Парижде болған терактіге байланысты халық француз үкіметін ішкі және халықаралық терроризммен күресу үшін Конституцияға өзгеріс енгізуді талап етті. Бұл жерде тек кейбір бөлімдеріне ғана өзгеріс енгізу мәселесі көтерілді.

Ал кей елдерде тіптен жаңа Конституция жазылу керегі де айтылып жүр. Оған мысал ретінде бауырлас ел Түркияны келтіруге болады. Жалпы конституциялық реформалар легитимділік аспектісінің үш өлшеміне, атап айтқанда демократиялық, құқықтық және ғылыми критерийлерге сәйкес болуы тиіс. Сонда ғана Конституцияны өзгерту тиімді болмақ, сонда ғана демократиялық құқық пен конституциялық тәртіптің орнауына ықпал етеді»,-деді сарапшы. Референдум: әлемдік тәжірибе Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина референдумды ұйымдастыруда халықтың белсенді болуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қоса әлемдік тәжірибеге тоқталды.

РЕФЕРЕНДУМ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТҮРКІСТАНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«Халықтың референдумға қатысу белсенділігі өте маңызды. Өйткені Конституцияға енгізілетін өзгерістердің барлығы референдумның нәтижесіне тікелей байланысты. Жалпы референдум – үлкен саяси оқиға. Әлем елдеріне назар аударсақ, соңғы жылдары біраз мемлекетте референдум өткені белгілі. Мәселен, соңғы екі жылда Батыс елдерінде референдум 149 рет өткен. Ал Таяу Шығыста - 93 рет, Азия мемлекеттерінде - 30 рет, АҚШ-та - 49 рет ұйымдастырылған. Жалпы 799 референдум өткен. 2014 жылы Шотландияда референдум өтті. 2016 жылы Ұлыбритания, Әзербайжан мемлекетінде, 2017 жылы Түркияда ұйымдастырылды.

Бүгінде референдум саяси институт ретінде шет мемлекеттерде халықтың пікірін ескеруге бағытталған механизм ретінде танымал екенін көрсетіп отыр»,-деді ол.

«Адам құқығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік» Айта кету керек, өлім жазасына тыйым салуды Конституцияда бекіту туралы ақпарат халық арасында әртүрлі топшыланып жүр. Осы тұста ҚСЗИ маманы адам құқығы мен бостандығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік екенін айтты.


«Өлім жазасына толыққанды тыйым салып отырмыз. Бұл біздің мемлекет үшін үлкен өзгеріс болмақ. Бірақ әлеуметтік желілердегі жазбалар мен БАҚ-тағы материалдарға назар аударсақ, азаматтарымыз мұны әлі толықтай түсінбей отыр. Өйткені «өлім жазасына тыйым салсақ, қылмыс саны артып, жағдай ушығып кетуі мүмкін» деген пікір айтылып жатыр. Көп мемлекетте, мәселен, Сингапур, Малайзия, Иран секілді елдерде нашақорлыққа қатысты қылмыстарға өлім жазасы қолданылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, өлім жазасы қолданылатын мемлекеттер өте көп қателік жібереді екен.


Мысалы, АҚШ-та 1973 жылдан бастап осы кезге дейін 184 қылмысқа қатысты өлім жазасы қате кесілген. Кейін белгілі болған соң ғана оларды өлім жазасынан босатқан болатын. Бұл құқықтық қателік болуы мүмкін. Адам құқығы мен бостандығы құнды мемлекетте өлім жазасынан бас тарту – үлкен жетістік»,-деді сарапшы. Жалпы азаматтардың кейбірі өлім жазасынан бас тартудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін, яғни қылмыс саны артуы мүмкін екенін алға тартады.

Алайда Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, ғылыми зерттеу мүлдем басқа нәтижені көрсетіп отыр. «Өлім жазасы қоғамдағы қылмыс деңгейіне әсер етпейді екен. «Бас тартсақ, қылмыс артады» дейді, бірақ зерттеулер олардың бір-бірімен байланысы жоқ екенін көрсетіп отыр. АҚШ-тың кей штатында өлім жазасы бар, кейбірінде жоқ. Статистикаға сүйенсек, ешқандай айырмашылық жоқ екен. Тіпті, өлім жазасы жоқ штаттарда адам құқығымен байланысты істер құпия әрі дұрыс қаралады екен. Міне, Қазақстанның өлім жазасынан «жаза» ретінде бас тартуы – үлкен жетістік деп айтуға негіз бар»,-деді ол.

Сауалнамаға қатысқандардың 66,4%-ы референдумға қатысуға ниетті Бұдан бөлек, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов 9-12 мамыр аралығында институт Қазақстан азаматтарының конституциялық реформалар мен референдумға көзқарасын анықтау мақсатында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстардан 1200 респондент қатысқан. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 66,4%-ы референдумға қатысуға ниетті екені белгілі болды. Еске салайық, заң бойынша сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі.

«Ал біз қазірдің өзінде 66,4% туралы айтып отырмыз. Жалпы, сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 77%-ы алдағы жалпыхалықтық референдум туралы естіген. Сонымен қоса Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 76,4%-ы қолдаған. Яғни, қазақстандықтардың басым көпшілігі жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінеді. Респонденттердің 15,4% референдум идеясын қолдаған жоқ. 8,2%-ы әлі өз таңдауы туралы шешім қабылдамаған», - деді институт директоры.

Референдум өткізуге 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді Қаржы министрлігінің мәліметінше, Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдап, қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді деп жоспарланған. Айта кетейік, елімізде 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Учаскелерде дауыс беру үшін барлық жағдай жасау тапсырылды.

Ал референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне тоқталсақ, 15 мамырдағы ақпарат бойынша, бұл тізімге 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындық мәселесін бақылауда ұстайды. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытында қажетті іс-шаралар жүзеге асады. Осы орайда оларға ыңғайлы болуы үшін инвотакси тарту мәселелері және басқа да қадамдар қосымша пысықталады. Референдумда өңірлердің үштен екісінің халқы жақтап дауыс берсе, Конституцияға өзгеріс енгізіледі.
Просмотров материала: 508

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 368 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 201 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 841 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 865 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 174 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930