21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӨРТТЕН БІРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАДЫ

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӨРТТЕН БІРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАДЫ
Түркістан облысында жекеменшік мектептердің саны артады. Бұл бағытта инвесторларды тарту жұмысы күшейтіледі. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын оқушыларды арнайы автобустар тасымалдайды. Ол үшін жаңа автобустар сатып алынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.

Өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне білім ұяларының мәселелерін назарда ұстауды тапсырды. Адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп, өзекті мәселелерді бірге шешуді тапсырды.

Республика бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі. 4 жылда өңірде 199 мектеп бой көтереді. Былтыр бюджет қаржысына салынған 44 мектеп, жекеменшік 16 мектеп пайдалануға берілді. Облыстың бас ұстазы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, биыл облыста 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды.

Аппарат отырысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың баяндамасы тыңдалды. Облыста саяси ахуал тұрақты. Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне өзекті мәселелерді жедел шешіп, халықтың сын-ескертпелері мен ұсыныстарына шапшаң үн қатуды және қоғаммен байланысты нығайтуды міндеттеді.

Былтыр Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы басталды. Бұл — еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Ол үшін мемлекет қазынасынан 18,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 2,3 млрд.теңге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 15,9 млр.теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 29 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың төрағалығымен өткен отырыста баяндалды. Онда «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: «Әр азаматқа лайықты өмір! атты саулауалды бағдарламасы бойынша мектеп нысандарының құрылыс жұмыстары мен аяқталуы және облыс аумағында спорт нысандарының пайдалануға берілуі туралы айтылды.

Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында — 1, Қазығұрт ауданында — 3, Жетісайда — 3, Мақтааралда — 5, Сарыағашта — 3, Келесте — 1, Сайрамда — 2, Ордабасыда — 1, Созақта — 2, Төлебиде — 2, Түлкібаста — 3, Шардарада — 1, Кентауда — 1, Түркістан қаласында 1 жаңа білім ұясы ашылды. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиевтің баяндауынша, жыл соңына дейін Жетісайда — 1, Мақтааралда — 3, Сарыағашта — 1, Созақта — 1, Төлебиде — 1, Бәйдібекте — 2, Ордабаста — 1, Түлкібаста — 2, Кентауда — 2, Төлебиде -1 мектепті пайдалануға беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар 2021 жылы 7 спорт нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 7,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Қаражат «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, «Жумыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы және млрд. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Жылдың қорытындысымен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы спорт кешенінің құрылысы пайдалануға тапсырылды. Қалған 6 нысан келер жылға өтпелі.

Сондай-ақ күн тәртібінде өңірдің жыл басынан бергі макроэкономикалық көрсеткіштері, облыс бюджетінің игерілуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары туралы баяндалды. Маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында.

Жылдық жоспар бойынша Түркістан өңірінде пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жалпы алаңы 800 мың шаршы метрді құрамақ. 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 252 млрд. теңгені құрады. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 607 млрд. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 864 млрд. теңгені құрап, инвестиция көлемі 524,4 млрд. теңгеден асты.

Түркістан қаласындағы Отырар Мөлтек ауданында Ахмет Байтұрсынов атындағы №1-ші жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жаңа білім нысанының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашқан білім ұясы 900 орынға лайықталған. Жиналған жұртты білім мекемесінің ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы, жаңа мектептің ішін аралап көрді. Заман талабына сай салынған ғимаратта пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал - жабдықтармен толық қамтылған. Құрылысы 2018 жылы басталған үш қабатты білім ұясы көгілдір отынмен жылытылады. Толығымен орталықтандырылған су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Заманауи мектептің жалпы аумағы 12 мың шаршы метр. Жалпы, Түркістан облысында 905 (оның – 6 жекеменшік) жалпы орта мектеп жұмыс істейді, онда 481 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өскелең ұрпақты 60 мыңға жуық мұғалім сабақ беруде. Олардың 18 пайызы жас мамандар. Ал, дарынды балаларға арналған 12 мектеп-интернат қызмет атқаруда. Аталған мекемелерде 3000-нан астам оқушы білім алады. Арыс, Бәйдібек, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ аудандарында дарынды балаларға арналған мектептер қарастырылмаған. Осыған байланысты, бұл аудандардан дарынды балаларға арналған мектептерді 2020 жылы ашып, жалпы көлемі 2000 оқушыны қамту жоспарлануда. Сондай-ақ, облыс орталығынан Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған гуманитарлық бағыттағы мектепті ашу жоспарланған.

Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінің тұсауы кесілді. 900 орындық жаңа мектептің ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты, деп хабарлайды әкімдік.

«Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында. Ендеше, осы жаңа мектептің табалдырығын алғаш аттағалы отырған Сіздерді - үздік оқып, ел үмітін ақтап, еліміздің патриот азаматы болатындықтарыңызға сенемін. Қолдарыңызға алғаш алған «Әліппе» оқулықтарыңыз құтты болсын!», -деді әкім.

Биыл алғашқы қоңырау шарасы ел көлемінде эпидахуалға байланысты тек 1 сынып оқышыларының қатысуымен өтті. Бұл мектеп-лицей оқушылардың заманауи білім алуларына жол ашады. Мұнда барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған. Оқушыларға білікті ұстаздар тереңдетіп білім беретін болады.

Айта кетерлігі, биыл жаңа оқу жылын Түркістан қаласындағы 33 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп 45248 оқушымен бастап отыр. Олардың ішінде 4221 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолдарына жаңа «Әліппені» ұстады.

Биыл Түркістан облысында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алады.

Түркістандықтар үшін қа¬ла¬да A.Q. ORDA зияткерлік меꬬтебі ашылды.

Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6-сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сон¬дай-ақ ағылшын тілі де тереңдетіліп оқытылады. Мек¬тепте пәндер тереңдетіп оқы¬тылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауаттылық сынды түрлі үйір¬мелер де жұмыс істейді. Тіпті, дом¬быра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Мектептің тағы бір ерекшелігі, кәсіби, тәжірибелі мамандарды жан-жақтан тартып, білім сапасына мән беруінде. Арасында шет елдерде білім ал¬ғандар да бар.

Мектептің ашылу салта¬натында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мек¬тептің ашылуымен құттықтап, педагогтердің еңбектеріне шығар¬машылық табыс тіледі.

"Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі денсаулық сақтау және білім саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою сондай-ақ, "Парасатталық мектептері" жобасы бойынша атқаратын жұмыстарды талқылау мақсатында кездесу өтті.

"Парасаттылық мектебі" - өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен биыл Түркістан облысының аумағындағы 6 білім беру ұйымдарында "Парасаттылық мектебі" ашылды.

Аталған жиынға денсаулық сақтау саласы бойынша білім беру ұйымдарының "Саналы ұрпақ" жобасына жауапты қызметкерлер қатысып баяндамалар мен ұсыныстар айтылды.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында "Білім саласына" артылар сенім үлкен екендігі, жемқорлықтың кез келген көрінісіне тосқауыл қою керектігі айтылды.

"Brain storing" форматында өтіп, жиын қорытындысымен сыбайлас жемқорлықтан арылу, ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік саясатын жүргізу, білім саласының абыройын көтеру үшін "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды.

Түркістан облысында жаңа оқу жылында 52 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Өңірде жаңадан салынған 15 мектеп есігін айқара ашса, тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алайда мұнымен мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешіле ме? Тілшіміз Айнұр Ақбаеваның материалы.

Бастауыш пәнінің мұғалімі Гүлдана Каримова Түркістан қаласында жаңадан салынған мектепте алғашқы қоңырау соғыла салысымен, сабағын бастап кетті. Сыныптағы он алты баланың жүзінде қуаныш, оларды ұстаздары білім нәрімен сусындатпақ. Жас мұғалімнің сөзінше, пандемия кезінде сабақтардың онлайн өтуі балаларға да, ұстаздарға да оңай соқпаған.

Гүлдана Каримова, мұғалім:

Бізге қашықтан сабақ беру өте қиынға соқты. Себебі, балалардың эмоциясын, көңіл күйлерін біле алмадық. Офлайн сабақта біз балаларды көріп отырамыз, сабақты қалай қабылдағанын. Түсінбеген жағдайда көңіл күйлерінен байқаймыз.

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 мектеп есігін айқара ашты. Соның бірі Түркістан қаласында бой көтерген 900 орындық білім ұясы. Бүгін мұнда үш жүзге тарта оқушы қабылданып, білім күніне орай салтанатты шара өтті.

Рақымбек Жолаев, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы:

Қазір Түркістан қаласында 8 мектеп үш аусымда оқиды. Жәнеде үш аусымға өтіп кету қаупі бар 6 мектеп бар. Түркістанда қазіргі таңда әлі он мектеп керек. 900 орындық, 1200 орындық 10 мектеп қажет болады. Сонда ғана үш аусымды жеңіп, бір аусым, екі аусымдық дәрежеге жететін боламыз.

Ал, Түлкібас ауданындағы мына мектеп күрделі жөндеуден өтіп, бала санының көбеюіне байланысты қосымша ғимарат салынды. Бұл жаңалыққа әсіресе ауыл тұрғындары дән риза. Себебі, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары асарлатып салынған мектепке балалар сыймай, халық саны азайып кеткен болатын.

Орынтай Тыналиев, ауыл тұрғыны:
Қалада оқимыз деп көп халық көшіп кеткен. Мынау Ақсая деген жердің халқы тұтас көшіп кетті. Лесхоздың да халқы көшіп кетті. Ал қазір мектеп салынып, балалар саны көбейіп, осыны салған кісілерге мың да бір рахмет.

Қазір аймақта 57 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін тағы 157 білім ошағы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мамандар өңірдегі демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты мектеп жетіспеушілігі мәселесін жекеменшік білім ұялары есебінен де шешіліп жатқанын айтады. Мәселен Түркістан қаласының өзінде жаңа оқу жылында осындай 7 мектеп оқушыларды қабылдады.

Түркістан облысының құрылғанына 2019 жылы 1 жыл толып отыр. Өткен жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Шымкент шаһарына мегаполис қала мәртебесін беріп, Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол тұста жаңа облыстың орталығы болып Түркістан қаласы бекітілді.

Міне, содан бергі уақытта жаңа облыс орталығын көркейту, гүлдендіру бағытындағы жұмыстар үлкен қарқынмен жүргізіліп келеді. Бекітілген жобаларды жоспарға сай жүзеге асыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Республикалық деңгейде жиі-жиі жиындар өтіп, Түркістанның дамуы жан-жақты пысықталуда. Жалпы алғанда, Елбасының Жарлығымен жаңа статусқа ие болған көне қала жаңа кейіпте бой көтеріп жатыр.

Ең бастысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ел Үкіметі айрықша назар аударып отыр. Бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданған. Оның ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Бұл бағытта қомақты қаржылар қарастырылып, маңызды жобаларды іске асыру және өңірді дамыту бағытында көптенен жұмыстар жүзеге асады деп жоспарлануда.

Аптаның сейсенбісінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Түркістан облысының даму барысы да жан-жақты айтылды.

Жыл соңында жеті нысан пайдалануға беріледі

Түркістанның дамуына еліміздің барлық өңірі, ірі ұлттық компаниялары мен бизнес өкілдері өзіндік үлестерін қосып жатыр. Атап айтсақ, Қостанай облысы – Неке сарайын, Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ тарту етпек. Жамбыл облысы – Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы – Тарихи-киелі орындар орталығын тұрғызбақ. Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатр, «Нұр – Сұлтан» қаласы – «Нұр – Сұлтан» алаңын, Алматы – Медиа орталық, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салып береді деп күтілуде. Автобекет, фитнес орталық, бес жұлдызды «Риксос» қонақүйінің құрылысы жеке инвесторлар есебінен жүргізіледі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Базис-А» және «BI Group» секілді ұлттық компаниялар да көне қалаға сәулетті ғимараттарды тарту етпек.

Аптаның сейсенбісінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Түркістан облысының даму барысы да жан-жақты айтылды.
Жыл соңында жеті нысан пайдалануға беріледі

Түркістанның дамуына еліміздің барлық өңірі, ірі ұлттық компаниялары мен бизнес өкілдері өзіндік үлестерін қосып жатыр. Атап айтсақ, Қостанай облысы – Неке сарайын, Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ тарту етпек. Жамбыл облысы – Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы – Тарихи-киелі орындар орталығын тұрғызбақ. Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатр, «Нұр – Сұлтан» қаласы – «Нұр – Сұлтан» алаңын, Алматы – Медиа орталық, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салып береді деп күтілуде. Автобекет, фитнес орталық, бес жұлдызды «Риксос» қонақүйінің құрылысы жеке инвесторлар есебінен жүргізіледі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Базис-А» және «BI Group» секілді ұлттық компаниялар да көне қалаға сәулетті ғимараттарды тарту етпек.

Аптаның сейсенбісінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Түркістан облысының даму барысы да жан-жақты айтылды.
Жыл соңында жеті нысан пайдалануға беріледі

Түркістанның дамуына еліміздің барлық өңірі, ірі ұлттық компаниялары мен бизнес өкілдері өзіндік үлестерін қосып жатыр. Атап айтсақ, Қостанай облысы – Неке сарайын, Шығыс Қазақстан облысы – әуенді субұрқақ тарту етпек. Жамбыл облысы – Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы – Тарихи-киелі орындар орталығын тұрғызбақ. Қызылорда облысы – Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатр, «Нұр – Сұлтан» қаласы – «Нұр – Сұлтан» алаңын, Алматы – Медиа орталық, Шымкент қаласы – облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана салып береді деп күтілуде. Автобекет, фитнес орталық, бес жұлдызды «Риксос» қонақүйінің құрылысы жеке инвесторлар есебінен жүргізіледі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Базис-А» және «BI Group» секілді ұлттық компаниялар да көне қалаға сәулетті ғимараттарды тарту етпек.

Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласында туризм саласы бойынша колледж ашу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ экологиялық, тарихи-мәдени жәнетанымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленіп отыр. Соның бірі – Қасқасу туристік-рекреациялық кешені.

Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндік тумақ. Оның құрылысы барысында 2000 –ға жуық жұмыс орны және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ «Зияратшылар орталығы» ғимараты қайта құрылымдаудан өтіп, «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығына айналады.

Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады. Шәкірттер дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін үйренеді. Керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс жасауды, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю істерін меңгеретін болады.
Түркістаннан Шығыс базары салынады. Мұнда Шығыс стиліндегі 5 Жібек-Жолы елдерінің базары қарастырылған. Аталған жоба толықтай жеке инвестиция есебінен іске асырылады.

Ақылды технологиялар қолданысқа енеді

Өңір басшысының айтуынша облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15,0 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталған. Ғалымдардың сүйемелдеуімен ақылды технологияларды қолдана отырып жүзеге асатын белдеу 2 кезең бойынша жүзеге асады. Бұған қоса, 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.

–Ауа-райының қолайлылығы, халықтың еңбекқорлығы – өңірдің инвестициялық қабілеттілігін көрсететін басты өлшемнің бірі. Биылғы жылдың алғашқы бес айында инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты. Сондай-ақ облыста бүгінде экспорттаушылар үшін бірыңғай Call Center жұмыс істеп келеді және кәсіпкерлерге арналған барлық қажетті ақпарат орналасқан веб-портал сынақтан өткізілуде – деді Өмірзақ Естайұлы.

Мыңнан астам көпбалалы отбасы пәтерлі болады

Облыста халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жайы басты назарда. Көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері артып келеді.

Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылған. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде.

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӨРТТЕН БІРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАДЫ

Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 орындық перзентхананың құрылысы жүруде. Сондай-ақ, облыс орталығында 900 орындық 1 білім ұясы салынып жатыр.

Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер еткен. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24 478 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінде облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тауып келеді.


Қазіргі таңда Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталық пен мәдени-тарихи орталықты бұрын қолданылмаған инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан нысандарды жылумен қамтамасыз ету және оның сапалық көрсеткішін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологиялар қолданылып жатыр.

Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56% газбен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды кең көлемде айтып өтті. Алдағы жұмыс жоспарымен де таныстырып, жүзеге асатын жобаларға да жан-жақты тоқталып өтті.

Жиынға республикалық және облыстық БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты. Түрлі тақырыптар төңірігенде қойылған сұрақтарға да толыққанды жауап берді.
Просмотров материала: 1 307

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 099 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 933 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 574 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 600 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 711 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 045 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 452 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 165 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930