23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 64 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 64 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы тұрғындары үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 64 пәтерлік бір тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.


Қуанышты іс-шараны аудан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен ашып, жиналған қауымды баспаналы болуларымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2700-ден астам азамат болса, соның 64-і баспаналы болды. Оның ішінде 24 көпбалалы отбасыға, 2 толық емес отбасыға, 13 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, 1 бюджет саласының қызметкеріне және кент орталығындағы үйлері аппаты деп танылған 23 тұрғынға баспана берілді.

Бұл елдегі алғаш қоныс тойы емес. Мәселен, 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша 1 400 алматылық тұрғын қоныс тойын атап өтпек, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде Алматылық 472 отбасы өз пәтерлеріне кіруге дайындық үстінде. Олардың алған баспаналары Алматы қаласының Алатау ауданындағы «Саялы» ықшам ауданында орналасқан. Бүгін жаңа қоныс иелерін Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев құттықтап, оларға пәтер кілтін табыстады. «Бүгін тұрғындарымызбен бірге бәріміз қоныс тойын атап өтудеміз. Олар тұратын Алатау ауданы – дамып келе жатқан жаңа аудандардың бірі.

Мұнда мектептер, ауруханалар, бала бақшалар мен спорт кешендері бар. Біз тұрғындарымыздың осы ауданда жайлы өмір сүруі үшін, оны одан әрі көркейтуге барынша жағдай жасаймыз», – деп атап өтті Мұхит Әзірбаев. -Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының қоныс тойы тағы бір қуанышты жайт, яғни тұсау кесер шарасымен тұспа тұс келді. Бұл дәстүр «Саялы» ауданының кішкентай тұрғыны үшін ғана емес, сондай-ақ, осы қуанышқа жиналған барлық қауым үшін де аса маңызды. Осы жылы Алматы қаласында дәл осындай қоныс тойын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тағы кемінде 1 000 салымшысы атап өтпек. Бұған қоса, Алматы қаласында алдағы жылы шамамен 600-дей пәтер сатылымға қойылады. Ол үшін қала әкімдігі тарапынан 18 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған, – деді Жанар Жұбаниязова.

Құттықтаулармен қоса, банк және әкімдік қызметкерлері Саялы ықшам ауданы тұрғындарына өз үйлерінің аулаларын көркейтуге ат салысты. Осылайша, 50-ден астам ақ қайың көшеттері жаңа салынған үйлердің көркін келтірді. Мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары алған үй 1 шаршы метрі 159 000 теңгеден таза әрлеу күйінде берілді. Аталған пәтерлерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта тұрғын үй бағасының кемінде 20 пайызын жинау талап етілді. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қойылған шарттардың бірі. Ал, заем бойынша мөлшерлеме жылдық 5 пайызды құрады. Мәселен, 6,4 миллион теңгелік бір бөлмелі пәтерді сатып алу кезінде, банктегі депозитте 1,3 миллион теңгені жинау талап етілді. Ол үшін Мөлдір Азанбекованың отбасына екі жыл қажет болды. Енді олар өз баспанасына қол жеткізіп, қоныс тойын атап өтті.

«Бұған дейін біздің өз үйіміз болған жоқ. Біз жұбайымыз екеуіміз ғылыми қызметкер ретінде зерттеу орталығында жұмыс істеп жүріп, қызметтік пәтерде тұрдық. Әрине, ол өзіңе тиесілі болмағандықтан, өзімізді ол үйдің толықтай иесі сияқты сезіне алмадық. Өз бапанаң ертеңгі күнге деген сенімділікті арттырады. Ал осы пәтердің несиесіне кететін қаражат отбасылық бюджетімізге еш ауыртпалық түсірмейді. Ай сайынғы несиені өтеу сомасы 45 000 теңгені құрайды», – деді өз ойымен бөліскен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы Мөлдір Азанбекова. Осы жылдың алғашқы 4 айында 12 656 қазақстандық отбасы өз қоныс тойларын атап өтті, олардың 3 132-сі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алғандар. Жалпы, аймақтардағы әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан бойынша 14 220 пәтерді қолданысқа беру жоспарлануда.

2018 жылы жыл басынан бері қоныс тойын тойлаушылар саны артты. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының нәтижесінде өз шаңырағының кілтіне ие болған 77 мың отбасының қуанышында шек жоқ.

Үкімет отырысында талқыға салынған баспана мәселесі бойынша сөз алған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 9 ай қорытындысында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілген. Бұл 2017 жылғы осы кезеңдегіден 11,6 пайызға көп.

– 77 мыңнан астам отбасының 9,5 мыңға жуығы мемлекет қаржысына салынған баспананы алды. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 31,5 пайызға артып, 818,9 миллиард теңгеге жетті. Былтыр 507,8 млрд теңге болған, – деді Жеңіс Қасымбек. Қалталы инвесторлар мен компаниялар үй салып, сатуға ден қойып, өткен жылға қарағанда көбірек қаржы құя бастапты. Нәтижесінде жеке құрылыс компаниялары инвестицияны 53 пайызға арттырған. Қазақстандықтар да жылжымайтын мүлікке бағыттаған қаражатын 43,2 пайызға өсірген. Салада мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне (102,5 миллиард теңгеге) жеке инвестициялардан 8 теңге (819,9 млрд теңге) тартылды. Жалпы алғанда, 2018 жылы Қазақстан бойынша кем дегенде 12,1 миллион шаршы метр жаңа баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оның тек 1,3 млн шаршы метріне немесе 22 мың пәтерге мемлекет қаржысы шығындалады. Осы пәтерлер әкімдіктерде үй кезегінде тұрған бюджеттік сала қызметкерлері, шенеуніктер және басқалар арасында тегін немесе несиеге үлестіріледі. Айталық, жалпы ауданы 184,5 мың шаршы метр болатын 3 мың 470 пәтерді әкімдіктер сатып алу құқығынсыз жалға береді. 560,8 мың шаршы метрлік 9 мың 793 пәтерді жергілікті атқарушы органдар ТҚЖБ арқылы кредитке ұсынады. 1 мың 542 пәтерді (80 мың шаршы метр) Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы сатып алу мүмкіндігімен жалға беріледі.

7 мың 282 пәтер (403,5 мың шар шы метр) «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ы баспанасы жоқ қазақстандықтарға сатады және жалға береді. 588 пәтер (34 мың шаршы метр) болса, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» кіретін «Байтерек девелопменттің» тұрғын үйлері. Министр жаңа тұрғын үй кешендері бойынша 9 айда қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі жөнінен Астана (1,8 млн), Алматы (1,3 млн) қалалары мен Маңғыстау облысы (910,5 мың шаршы метр) алда келе жатқанын жеткізді.

Мәселен, елордада өткен жылы EXPO аумағында тұрғын нысандарының көптеп қолданысқа берілгені айтылды. Ал Қызылорда облысында 2017 жылы әкімдіктер, «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек девелопмент» тарапынан шамамен 80 тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл мемлекеттік инвестициялар есебінен жалпы алаңы 33,2 мың шаршы метрді құрайтын 42 көпқабатты тұрғын үйдің (532 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млрд теңге жұмсалуда. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі – 69,4 млрд теңгесі тұрғын үй құрылысы өрістеген аудандарға инженерлік-коммуникациялық желілер тартуға шығындалады. Оның ішінде 40,8 млрд теңгеге 500 шақырым инженерлік желі салынып болған.

Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің сатып алу мүмкіндігінсіз жалға беретін баспанасына – 26,9 млрд теңге, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларын несиелендіруге – 24 млрд теңге, Астанада апатты жағдайдағы көне үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның міндеттемелерін өтеуге 20 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, 7,9 млрд теңге халықтың ипотекасын және жеке құрылыс компанияларының заемдарын субсидиялауға берілген. – Бөлінген қаржыны игеру қарқыны Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Шымкент пен Астана қалаларында төмен. Биылғы 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылып отырғанын ескерсек, барлық әкімдік берілген қаржыны уақтылы игергені жөн! – деді Ж.Қасымбек.

Айта кету керек, бұрын әкімдіктер жер кезегінде тұрғандарға өз бетінше баспана тұрғызуы үшін тегін жер беретін. Соңғы жылдары мемлекет бұл тәжірибеден бас тартты. Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты аясында жер телімдері бөлінуде, бірақ ол жерлерде әр әкімдік құрылыс компаниясын таңдап, сәулеті бір-біріне ұқсас жеке үйлерді салып шығады. Содан кейін не ТҚЖБ арқылы несиеге береді немесе үй кезегіндегі азаматтарға сатады. «Осы үшінші бағыт бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында биыл шамамен 40 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта шамамен 16,5 мың жер учаскесі берілді. Жеке үйлер салу үшін инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған жер учаскелерінің ең көбі Ақтөбе (15 392), Алматы (5 697), Қызылорда (4 772), Қарағанды (3 617) облыстарына тиесілі» деді Инвестициялар және даму министрі.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы екпінді түрде дамуда. Бұл азаматтардың баспаналық жағдайын жақсартуға, құрылыс қарқынын арттыруға, сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға септеседі. Тұрғын үй құрылысы мен қаржының игерілуі Үкіметтің тұрақты бақылауында болмақ. «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың мәліметінше, қазір «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» 1,2 миллион адам 568 млрд теңге жинағын жинақтаған. Алайда осы миллионан астам адамның ішінен жыл басынан бері тек 30 мыңы 274 млрд теңге сомасында жеңілдікті кредит ала алған. Ұзақ уақыт жинақтағанымен, азамат көп күткен несиесін алуы үшін біраз талапқа жауап беруі, банк шарттарын орындауы тиіс. Әйтпесе, несие берілмейді.

Оның үстіне тұрғын үй құрылысы жинақтарын одан ары ынталандыру үшін онлайн банкинг жүйесі және BASPANA жылжымайтын мүлік интернет порталы жұмыс істеуде. Мұнда барлық салымшылар, құрылыс салушылар және мемлекеттік органдар біріктірілген. Енді қазақстандықтардың «Нұрлы жер» бағдарламасының қызметтері бойынша онлайн кеңес алып, дайын болған және салынып жатқан нысандар, бір шаршы метрдің құны және банк өнімдері туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар. Бүгінде портал арқылы тұрғындарға 80 млрд теңгеге 11 мың пәтер сатылған.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» қаражатының игерілмеуіне қатысты сын айтты. Бірқатар өңірде 9 ай қорытындысы бойынша игеру қарқыны төмендеген. Осыған орай облыстар әкімдеріне бөлінген қаражатты тиімді игеру және тұрғын үйді жоспарланған көлемде тапсыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдау міндеттелді. Екіншісі – құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникацияларды жеткізу мәселесі. Бұл көппәтерлі үйлерге де, жеке үй құрылысына да қатысты.

Астанада 2019 жылы 1825 пәтер сатылады

«Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылдан бастап іске қосылды. Оған мемлекеттік бюджеттен 4 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Елордада «Нұрлы жер» аясында сатылатын және келер жылы құрылысы аяқталатын баспаналардың саны артқан. Орталық филиалдың директоры Жансұлтан Матаев Астанада биыл қолданысқа берілетін үйдің бағасы қолжетімді екенін айтты. «Қазіргі таңда банк 364 пәтерді пайдалануға беруге дайын. Оның ішінде 1 бөлмелі – 75,2 бөлмелі – 168,3 бөлмелі – 121 пәтер қолданысқа беріледі. Пәтердің 1 шаршы метрінің құны – 180 мың теңге.

Бұл баға бас қаладағы баспананың орташа нарықтық бағасының екі есе төмен. Тұрғын үйдің бірінші қабатында балаларды дамыту орталығы, сауда және тамақтану орындары орналасқан. Пәтер сатып алу үшін Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің клиенті болып, депозитке үй бағасының 20 пайыз алғашқы жарнасын жинау немесе аудару қажет. Займның жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз. Баспана алуға өтініш бергендердің 50 пайызы – банк салымшылары, қалған 50 пайызы – қалалық әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар.

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 64 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Қазіргі есеп бойынша Тұрғынүй құрылысжинақ банкіндегі жинақ шоттарының орташа толтыру сомасы – 106 мың теңге. Тұрғындарға берілген займдардың орташа сомасы – 10 миллион теңге. Биыл жыл басынан бері елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесімен 26 мың азамат баспаналы болды. Оның 19 450-і пәтерді коммерциялық нарықтан сатып алса, 7 мыңға жуығы «Нұрлы жер» аясында несие рәсімдеген. Қазір халық баспанаға қаражат жинап үйренді. Бізге қаражатын үнемдеп, баспанаға жуық арада қол жеткізуді мақсат еткен азаматтар келеді. Баспанаға қаражат жинауға табыстың аз-көптігі ықпал етпейді. Біздің салымшылардың 40 пайызының жалақысы 150 мың теңгеден төмен» деді Жансұлтан Матаев. 2019 жылы Астанада аталған мемлекеттік бағдарлама аясында тағы 1825 пәтерді сату жоспарланып отыр.

Дәл сол жылы Түркістан облысының Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады.
«Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың дені – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар. Сонымен қатар бұл баспанадан мемлекеттік қызметкерлер де тыс қалмаған. Келешекте ауданда «7-20-25» бағдарламасымен көпқабатты 2 тұрғын үй салынады.

Бауыржан Артықбаев 20 жылдан бері мемлекеттік қызметпен біте қайнасып келеді. Оның баспана кезегінде тұрғанына 15 жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін ауданға Қақпақ ауылынан қатынаған. Ол, әсіресе, қыстың күні қиын болғанын айтады. Енді Бауыржанның отбасы үш бөлмелі жылы әрі жарық үйде тұратын болады. «Бұл күнді көп күттік», – дейді үй иесі.


Мұндағы тұрғын үйлер заман талабына сай салынған. Ауызсу, табиғи газ бен жарық жүйелері тартылған. Балалар ойнайтын аула мен тұрғындар үшін көлік тұрағы бар. Облыстық бюджет қаржысына тұрғызылған бұл баспаналар Қазығұрт ауданының 90 жылдығына тарту ретінде беріліпті. «Келешекте «7-20-25» бағдарламасымен тағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда бар», – дейді коммуналдық салаға жауапты мамандар.

«Үй кезегінде 393 отбасы тұр. Соның 64 отбасына берілді. Енді 317 отбасы тізімде қалды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша келесі жылдары тұрғын үй беріледі. Ауданда салынып жатыр», – деді Қазығұрт аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің жетекші маманы Әкімжан Әбдіәкім.

Облыста көпқабатты тұрғын үй салуға ниетті жеке инвесторлар қатары көбейген. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының бірінші бағытындағы «7-20-25» бағдарламасы аясында өңірде жеке үй салушылардың қаржысымен жүзден аса көпқабатты үйдің құрылысы басталған.

Бүгінде пәтер жағалап, кісі үйін паналап отырғандардың бәрі жиған-тергенін банк депозитіне апарып салады. Ондағы мақсаты – тезірек үй-жайлы болу, бала-шағасын өз баспанасында бағып-қағу. Үйлі болуды армандағандардың үмітін оятқан «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биыл талай отбасы жайлы баспанаға қол жеткізді. Қазақ жеті қазынаның бірі деп қастерлеген ит жылы да қаншама отбасы үшін қоныс тойымен басталғалы тұр.

2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 8 672 пәтерлі 145 үйді пайдалануға берді. Құрылыс әлі де жалғасуда. Мұнан бөлек келесі жылы 100 көп пәтерлі тұрғын үй мен 400-ден астам жекеменшік коттедж иелерін табады. Оңтүстік Қазақстан облысында – 1 630 пәтер, Қостанай облысында – 1 260 пәтер, Маңғыстау облысында 1 068 пәтер кілті иелеріне табысталады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы алты бағытты қамтыса, соның көп бөлігі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысуымен жүзеге асып отыр.

Қолжетімді, шаршы метрі жеңілдетілген бағамен берілетін баспанаға қол жеткізу үшін алдымен банкке салымшы болып, алғың келген пәтер құнының 30 пайызын жинақтау қажет. Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушы 5 пайыздық жеңілдікпен берілетін заемға иек арта алады. Баспанаға мұқтаж адамдардың мүддесі үшін жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп, мердігер компанияларды іздестіріп отырғанын айта кеткен жөн.


Үй болмаса күйдің де болмайтынын пәтер жағалап жүргендер жақсы біледі. Тәуекелге барып, тұрғын үй құрылыс жүйесіне сенім артқандар ескі жылға шүкірлік етіп, Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алмақ. Арманы орындалған отбасылардың бірі – Ақтөбе облысы Қараой селосындағы Амангелді Ысмағұловтың шаңырағы. 2013 жылы бұл отбасы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы депозит ашып, ай сайын 50 мың теңгеден салып отырған. Биыл олар Ақтөбе қаласынан 2 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Ысмағұловтар несиені 6 жылға алған, енді айына 60 мыңнан төлеп отырады.

Мұндай мысалдарды еліміздің әр аймағынан көптеп келтіруге болады.

– 2017 жылдың басында ТҚЖБ жүйесінде 700 мыңға тарта салымшы болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1 миллионнан асып, олардың салымдары 492 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде 32 мың келісімшартта салынып жатқан үйлерден сатып алуға қажетті пәтердің 30 пайызы, яғни 172 миллиард теңге жинақталды. 2017 жылы 181 млрд теңгенің заемы беріледі деп жоспарланса, іс жүзінде 256 млрд теңгеге 37 мың заем беріліп, жылдық жоспар 141 пайызға орындалды, – деді Астанада өткен брифингте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев. Осы мәліметтерге қарап-ақ бағдарламаның қандай нәтижеге қол жеткізгенін көруге болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасының банк секторынан бөлек құрылыс саласын да жандандыра түскенін «Бәйтерек» холдингінің басшысы ұсынған деректерден көреміз. Оның айтуынша, құрылыстың аяқталу бағыты бойынша бұған дейін қабылданған бағдарламалар шеңберінде жоспарланған 554,3 мың шаршы метрдің орнына 560,1 мың шаршы метр (9 637 пәтер) пайдалануға тапсырылған. Демек, тұрғын үй құрылысының жоспары артығымен орындалды деген сөз.

Бүгінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1 мың келісімшарттың орнына күніне рекордтық 2,5 мың келісімшарт рәсімдеуге көшкен. Және салымшылар саны айтарлықтай көбейгеніне қарамастан, банк өз қызметкерлерінің штаттық бірлігін сақтап қалды. Бұл – автоматтандырудың арқасы.

Мәселен, онлайн-банкингті қазір 300 мыңға жуық салымшы қолданады. Яғни онлайн арқылы жинақтарын қадағалап, қосылған сыйақыны көріп, депозитті толықтырып, несиелерін санаулы секундтарда жауып отырады. Қазпошта, «е-gov.kz» порталы, Qiwi, Paypoint төлем терминалдары, екінші деңгейдегі банктер мен басқа да байланыстың балама арналары арқылы биыл Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 млн 120 мың теңгенің төлемі жасалған. Бұл қызметтердің басым бөлігі комиссиясыз жүреді.

– Күзде біз «Баспана.kz» жылжымайтын мүлік порталын қосып, «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық нысандарын біріктірдік. Бұл үйлердің фотосуреттері мен жобасын көрсететін жай ақпараттық сайт емес. Порталдан салымшылар өзі таңдаған пәтеріне бірден өтінім бере алады. Егер өтінім мақұлданса, салымшы банкке тек келісімшартқа қол қою үшін ғана келеді. Бұл біздің «Цифрлы Қазақстанды» дамытуға қосқан үлесіміз, – дейді ҚТҚЖБ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Айтпақшы, салымшылар депозитіне қосылатын мемлекеттік сыйлықақы жайлы да білу маңызды. Өткен жылдың аяғында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әр салымшының депозитіне 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы қосылатынын мәлімдеген болатын. Жинақталған қаражатқа үстемеленетін бұл сома биыл да салымшыларға беріледі. Бұл сыйлықақы 200 АЕК-тен, яғни 453 800 теңгеден аспайтын салымның сомасы бойынша есептеледі. Айталық, егер сіз бір жыл нәтижесінде шотыңызға осындай ақша салсаңыз, депозитіңізге мемлекет тарапынан ең жоғары 90 760 теңге көлеміндегі сыйлықақы беріледі.
Просмотров материала: 623

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 368 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 201 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 841 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 865 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 174 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930