Түркістан облысында «Сайрам-Өгем МҰТП» РММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Аталған жиынға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Түркістан облысының төтенше жағдайдар департаментінің және Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман иеленуші мекемелерінің мамандары қатыстырылды.
Тактикалық оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша көптеген жаттығулар жүргізілді.
Бұған дейін Түркістан қаласының іргесіндегі Үшқайық ауылдық округінің аумағында өрт тұтанып қызыл жалын әпсәтте бірнеше гектар жерді шарпыды. Өрттің қатты болғаны соншалық оны сөндіруге бір бригаданың күші жетпей бірнеше құрылымдардың көмекке келуіне тура келді. Абырой болғанда оқиға орына өрт сөндірушілер жедел жетіп алауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады. Бұл дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығудың сценарийі болатын. Бүгін аталған аумақта төтенше жағдайлар департаментімен орман шаруашылығына қатысты құрылымдардың қатысумен оқу – жатығу жиыны өтті.
Бүгінгі жаттығуға өңірдегі орман шаруашылығымен өрттің алдын алуға жауапты жеті мекеменің бас-аяғы 46 дана техникасымен 110 маманы және 80 ауамен үрлеп өшіруге арналған құрылғылары жұмылдырылды. Жаттығу кезінде олар, өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Негізінде облыс бойынша 3,5 млн гектардан астам орман қоры жері бар. Ондағы өрттің алдын алумен 11 мекеме айналысады. Оның үшеуі републикалық болса қалғаны облыстық. Мамандардың айтуынша бүгінде барлық мекемелер қажетті техникамен қамтылған. Соған қарамай өңірде орман дала өрттері орын алып тұрады. Мәселен, өткен жылдың өзінде, облыс аумағында 8 бірдей өрт оқиғасы орын алып 39 мың гектар алқап күлге айналыпты.
Хамит Жорабаев –Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы
Соның 500 гектары орман алқаптары болып саналады. Өрт кезінде тоғайдағы орман ағаштары және мынау Боралдай тауындағы ағаштар күл болып кетті. Биылғы дайындық керемет өтіп жатыр. Сондықтанда биылғы ормандардағы өрттерде қорғау үшін алдын алуға осындай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқу жаттығу жұмыстарынан бөлек бүгінде облыс аумағында өрттің алдын алу жол бойларында минералды жолақтарды жырту жұмыстары да жүргізілуде. Биыл 6242 шақырым минералды жолақ сызылады. Оның 25 пайызы республикалық маңызы бар жолдардың жиегінде.
Бақытжан Запаров – Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы
Дала өртін болдырмау мақсатында жол бойларында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде бүткіл Республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар жол бойларында минералды жолақ жүргізілуге тапсырма берілді. Одан бөлек теміржол бойларында және егістік алқаптарында осындай минералды жолақ жүргізілді.
Орманды өрттен қорғайтын мамандардың айтуынша қызыл жалынның басым бөлігі адами фактордың әсерінен орын алатын көрінеді. Сондықтан мамандар тұрғындарды табиғат аясында жүргенде сақ болуға шақырады.
Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес. Кез келген сәтте тілсіз жау өзіңе тап беріп, немесе жалынға оранған заттың үстіңе құлап кетуі, иіс тиіп, ес жоғалтуың әбден мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тырысатын өрт сөндіруші мамандардың еңбегі ерлікпен пара пар!
Әсіресе аптап ыстық күндері өрт оқиғалары жиілей түседі. Сондықтан өрт сөндіру қызметінсіз қоғамымызды елестете алмаймыз. Осы орайда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы авариялар, облыстың ауылдық аудандарындағы су тасқыны, жол-көлік оқиғаларының салдары проблемасының неғұрлым тиімді шешімі Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, өрт сөндіруші мамандарын дайындау, өрт қызметін техникалық тұрғыдан жаңарту болып табылады. Шыны керек аяқ асты өрт тұтана қалған жағдайда кез келген адам сол жерді тастай қашуға, үрейге берілуге даяр тұрады. Ал төтенше жағдайлардағы өрт сөндіру мамандары сондай сәтте керсінше жалынның ортасына жүгіре жөнеледі. Бұл оның қызметі ғана емес, міндеті. Сондықтан кейбір жағдайларда азаматтық көмегін ұсынып, көшеде кетіп бара жатқан төтенше жағдайдың куәгері өрттен зардап шегушіні құтқаруға тырысса дереу марапаттап жататынымыз да содан. Өйткені өрт оңай жау емес. Нағыз ер азаматтарға, жүректілерге ғана тән мамандық үлкен батылдықты талап етеді.
Өртті тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу аз, ол үнемі физикалық тұрғыдан дайын болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білетін білікті маман болуы қажет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекелге байлап, өзіне қауіп төндіреді. Кез келген уақытта қыстың қақаған суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан отқа да, суға да түседі. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Төтенше жағдай кезінде өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылады.
Сондықтан олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Лауазымдарының өрт сөндіруші-құтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Өртті сөндіріп қана қоймай, басқа адамдардың арашасы болып ұмтылатындары үшін құтқарушы қызметін де мамандықтарына атау ретінде тіркеді. Сондықтан өрт сөндіруші нағыз ерлердің мамандығы саналады. Өрт сөндіруші болғысы келетіндерге жоғары талап та қояды. Бұл қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Әсіресе бүгінгі күні өрт сөндіруші мамандығынсыз қоғамымызды елестете алмаймыз. Аяқ асты тұтана қалатын қауіп алдын ала ескертпейтіндіктен өрттен келетін қауіп жоғары.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады.
Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Апаттың негізгі себебі – сөндірілмей тасталған алаулар, темекі тұқылдары және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау.
2018 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Талдықорған қаласы «Орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде орман және дала өрттерін сөндіру бойынша біріккен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Жаттығулардың басты мақсаты - орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдары арасында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара әрекеттесуді іс-жүзінде өтеу.
Жануды дер кезінде анықтау, жедел және үйлесімді әрекет жасау – біріккен жаттығуларға қатысатын қызметкерлердің негізгі міндеті. Өртті барлық орманға таратпау мақсатында ауыр техника минералданған жасақтар салады.
Өрт сөндіру командасының және орман қорықшыларының үйлесімді, нақты іс-әрекеттерінің арқасында жану ошағы тез арада жойылды.
Өрт қауіпті кезінде орманда тыйым салынады:
- алаулар жағуға, тамақ әзірлеу үшін мангалдарды және т.б. құралдарды пайдалануға;
- темекі шегуге, жанған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыруға, темекі шегу трубкасынан ыстық күлді шашуға;
- оқ ататын қарудан атуға, пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға;
- орманда майлы, бензин, керосин немесе өзге жану заттары сіңген сүрту материалдарын қалдыруға;
- жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқыштарының бактарына жанар-жағар май құюға, қозғалтқыштың жарамсыз қуаттандыру жүйесімен техниканы жұмыс істеу үшін шығаруға, сондай-ақ, жанар-жағар май құйылып жатқан көліктің қасында темекі шегуге немесе от жағуға;
- күн сәулесі түсіп тұрған ашық алаңдарда шөлмектерді, шыны сынықтарын, өзге қоқыстарды тастауға;
- егістіктерде шөпті, сондай-ақ егілген егіннің орнын жағуға.
Бірлесіп өткізілген өрт-тактикалық жаттығудың нәтижесі бойынша анықталғаны, барлық қызметтер қойылған міндеттерді орындап шықты.
Қаладағы ірі сауда, ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан "Анвар" супермаркетінен бүгін таңғы сегіз жарымдарда өрт шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілердің тактикалық оқу-жаттығуын өткізу үшін ойлап тапқан оқиға желісі осындай. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер мен нысан күзетшілерінің іс-қимылы пысықталды. Жаз бойы жалған лаңкестер кесірінен сан дүрліккен "Мега-Ақтөбе" сауда, ойын-сауық орталығының бүгін кезекті рет тынышы бұзылды. Ғимараттың бірінші қабатындағы "Анвар" супермаркетінен жұмыс басталар алдында, таңғы сегіз жарымдарда қызыл жалын тұтанды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тактикалық оқу-жаттығу өткізу үшін алдын ала ойлап тапқан оқиға желісі бұл. Қандай да бір төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда құтқарушылардың міндеті адам шығынын болдырмау. Келер зардап көлемінің ұлғаюына жол бермеу.
Мейлінше жылдам уақытта жағдайды реттеу. Жаттығу барысында сауда, ойын-сауық орталығының ішіндегі адамдарды қауіпсіз аумаққа көшіру жұмысының тиянақты тындырылуына баса назар аударылды. Мұндай жағдайда қарапайым адамдар ең бастысы сабыр сақтағаны жөн. Ғимарат күзетшілері де абдырап қалмауы қажет. 240 шаршы метр жерден шыққан өрт бірінші қабатқа жайылып кеткен. Оқу-жаттығуға қатысушылардың жұмысын қиындату үшін оқиға желісіне зардап шегушілер де кірістірілген. Өрт сөндірушілер өрт ошағынан оларды далаға алып шығып, медициналық қызметкерлердің қолына тапсырды.
Осы уақыт аралығында оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылып, жауынгерлік учаскілері құрылған. Өрт жарты сағат ішінде ауыздықталды. Артық шығынның орын алуына жол берілген жоқ. Тактикалық оқу-жаттығуға 50 өрт сөндіруші, апат медицинасы, жедел құтқару жасақтары қатысты. 11 техника жұмылдырылды. ТЖД басшылығы жаттығудың мақсаты мен тапсырмалары орындалды деген тұжырым жасады. Жыл басталғалы облыстағы ірі мекемелерде өрт сөндірушілердің дайындығын пысықтауға бағытталған 50-ден астам тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Жедел-құтқару қызметтеріне оңай жатталып, тез терілетін телефон нөмірлері берілген. Солардың ішінде өрт сөндіру қызметі «101» (бұрынғы «01») болып бірінші тұр. Бұл демде лаулап, дес бермей кететін қызыл жалынның қауіптілігін ғана емес, өмірі өрт өтінде жүретін жандардың жұмысы қаншалықты қиын екендігін де айғақтаса керек. Бұл жолы біз Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты өрт сөндірушілердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.
Отпен ойнама, опындырады
– Атам қазақ өртті «тілсіз жауға» бекерден-бекер теңемеген, – дейді бізбен әңгімесінде Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Марғұлан Аманбаев. – Қызыл жалын тосыннан тұтанады. Өрт көбінесе адамдардың бейқамдығынан, ұқыпсыздығынан шығып жатады. Өрт қауіпсіздігін қатал сақтауға қанша шақырсақ та, жұртшылықтың оған мән бере бермейтіні өкінішті. Мұның соңы кейде қайғылы оқиғаға әкеліп соғады.
Басқарма бастығының айтуынша, Алматы ауданы Төтенше жағдай басқармасы аумағында былтыр 313 жерден өрт шығыпты. Соның 53 пайызы тұрғын үй секторында болған. Тек автокөліктердің өзінде 88 өрт тұтанған. Қызыл жалын 7 адамның өмірін қиып кеткен. Соның ішінде бір бала бар. Материалдық шығынның көлемі – 225 млн теңгені құраған.
– Біз халық арасында түсіндірме жұмыстарын жиі жүргіземіз. Ішкі істер департаменті қызмет¬кер¬лерімен бірге, тар бөлмеде тығлысып отырған тұрмысы нашар отбасыларды аралап, оларды есепке аламыз. Былтырдың өзінде осындай 70 отбасыны тіркеуге алдық. Тұрғын үйлерге кіреберіс аумағында орналасқан шлагбаумдарды тексеру де – біздің құзырымызда. Жақында жүргізген рейд кезінде заңсыз орнатылған 28 шлагбаумды алып тастадық, – дейді Марғұлан Аманбаев.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрт туындауының негізгі себептері – отты дұрыс қолданбағандықтан, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан екен. Сондықтан, мамандар өрт қауіпсіздігін сақтап, пешті, электрге қосылған барлық заттарды қадағалап, дер кезінде өшіріп отыруды және кішкентай балаларды мүмкіндігінше қараусыз қалдырмауды сұрайды. Әрине, апат айтып келмейді. Дегенмен де, «Сақтанғанды құдай да сақтайды».
Кәнігі мамандардың кәсіби ерекшелігі
– Өрт сөндіруге әбден маман¬данған жандардың қандай қасиетін айрықша атар едіңіз? деп сұрадым басқарма бастығы кабинетінен өрт сөндірушілер бөліміне келе жатып Марғұлан Тапашұлынан.
– Біз түтіннің иісінен не жанғанын бірден айырамыз. Өрттің ошағын анықтау да кәнігі өрт сөндірушіге қиын емес. Кәсіби ерекшелігіміз де осы шығар.
– Сонда «тілсіз жаудың» қай жерден бастап тұтанғанын қалай білесіздер?
– Өрт басталған жер ағарып не¬ме¬се сұрғылт тартып тұрады. Мұны жай адам аңғара бермейді. Бірақ, тәжірибелі өрт сөндіруші түгі қалмай өртеніп, күлі қалған жерден де өрт ошағын оңай табады…
Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы орналасқан ғимараттың ең төменгі қабатына келдік. Өрт сөндірушілер де, олардың құрал-саймандары мен мінетін көліктері де осы жерде.
Біз барғанда жауынгерлер кезекті жаттығу үстінде екен.
Аудандық мамандандырылған өртке қарсы қызметінде 9 өрт сөндіру бөлімі бар. Ондағы жауыyгерлердің саны – 1143.
Мұнда да әскери тәртіп. Командирдің әр сөзі – заң. Бұлжымай орындалады. Төтенше оқиға болмаса да өрт сөндірушілердің әр минуты, әр секунды санаулы. Жұ¬мыс кестелері тығыз. Жауынгерлер әрқашан қандай жағдайға да сақадай-сай болуы керек.
Бұлардың күнделікті өмірі спорт десек болады. Тәулік бойы жаттығады. Ғимараттың ішінде де, сыртында да жедел-құтқару шараларына үздіксіз дайындалады. Бұған қоса, арнайы әзірліктен өткен жетекші офицерлердің дәрістерін тыңдап, теорияны практикамен ұштастырады. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен тәлімдерін қайта-қайта пысықтап, техникалық құрал-саймандарының толыққандығын ыждаһатты тексеріп отырады. Қыс-қасы, шұғыл шақыруға тап-тұйнақтай дайын жүреді.
«Біздің күшіміз – бірлікте»
Мамандандырылған өртке қарсы қызметі төрт ауысым бойынша жұмыс істейді. Әр ауысымның өз жетекшісі бар. Біз барған кезде кезекті ауысым өртке қарсы қызмет капитаны Арман Серғазиннің жетекшілігінде екен. Жа-уын¬герлерді «тілсіз жаумен» айқасуға жол бастайтын – осы ауысым жетекшілері. Олар – нағыз от майданының ортасында жүретіндер.
Арман Серғазиннің қолы сәл қалт еткенін күтіп тұрып, әңгімеге тарттық:
– Өртке қарсы қызметінде жұмыс істегеніңізге қанша болды?
– 2000 жылдан бері осындамын.
– Өрт сөндірушілерге қандай мінез тән?
– Қызыл жалынды ауыздықтау – бүкіл бір команданың жұмысы. Сондықтан, біздің күшіміз – бірлікте, бір-бірімізге деген нық сенімде. Ең басты қағидат – осы. Бұған қоса, өрт сөндірушілерге шапшаңдық, жүректілік, қырағылық, әп-сәтте шешім қабылдай алатын тәуекелшілдік тән. Жауынгерлер алғашқы медициналық көмектен де хабардар болуы керек. Улы газға тұншыққан, күйік шалған адамдарға жәрдем бере алатындай қабілеті болғаны жөн.
– «Тілсіз жаумен» арпалысқан уақытта қандай сезімде боласыз?
– Қызыл жалынның ортасына кіргенде біздің бар аңсар-назарымыз от ортасында қалған адамды құтқаруға, өртті сөндіруге ауады. Басқа әлемді мүлдем ұмытамыз.
– Жүрексінетін кездеріңіз болды ма?
– Оттан қорықсам, өрт сөндіруші болмас едім…
– Өрт сөндіру барысында қандай кедергілерге кездесесіздер?
– Кедергілер жоқ емес. Айталық, жаңадан салынған тұрғын үйлер¬дің¬ кіреберісіне өрт сөндіру машинасының кіруіне ешқандай жағдай жасалмаған. Автокөлік иелері де машиналарын қалай болса солай қойып, жолымызға кедергі болады. Қожайыны келіп, көлігін алып болғанша техникаларымыз біраз тұрып қалады. Көшелердегі кептеліс те – көп бөгеттің бірі. Өрт сөндіру машинасы дабылдатып келе жатыр-ау деп жол беретін көлік иелері болмай тұр.
– Өрт сөндірушілердің уақы¬тынан кешігетіні, машиналардың дайын болмай, қайта-қайта су тол-тыруға кететіні кейде сынға ұшырап жатады…
– Әрине, барлық мәселе біздің қолымызда болса, көзді ашып-жұмғанша-ақ оқиға орнынан табылар едік. Бірақ жоғарыда айтып өткенімдей, жолай көлденең шығатын кедергілер көп. Ал су толтыру мәселесіне келсек, арнайы техникаларымыз «майданға» әрқашан да сақадай сай тұрады. Алайда, олардың суы өлшеулі. Мысалы, кәдімгі өрт сөндіру автомашинасына 4 тонна су сияды. Былайша мол көрінгенімен, бұл суыңыз бес минутта жоқ болады. Яғни, өрт сөндіру кезінде секундына 40 литр су шашамыз. Ал, 7 тонналық су сия-тын үлкен «КамАЗ» техникалары секундына 100 литр су жоғалтады. Су біткеннен кейін гидранттардан қайтадан толтырып аламыз.
– Техникаларыңыз жеткілікті ме?
– Ол жағынан өкпе жоқ. Техникалардың жалпы саны – 128. Олардың ішінде кептелістерден қиналмай өте алатын шағын өрт сөндіруші автомобильдер, өрт сөндіру сатылары, арнайы жабдықталған көліктер, бәрі бар.
– Өзіңізге ерекше әсер еткен, көптен бері ұмыта алмай жүрген оқиғаңыз бар ма?
– Бірде Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында болған өртті сөндіруге бардық. От тұтанған пәтердің іші күйіп тұр. Жанымда өрт сөндіруші Данияр Сейітов деген жігіт бар. Екеуміз бірден жатын бөлмеге тарттық. Есікті ашып қалсақ, бір әйел дәл босағада есеңгіреп құлап жатыр екен. Бөлменің іші қою түтін. Әлгі әйелді екеулеп сыртқа шығардық. Оның денесінің жиырма пайызы күйіп үлгеріпті. Сәл болмағанда әйелдің жанын арашалап қала алмайтын едік. Осы оқиғадан кейін көпке дейін өз-өзіме келе алмай жүрдім. «Сәл кешіккенде… бірден өрт болған бөлмені таппағанда, әлгі әйелдің күні не болар еді?» деген ой көпке дейін көңілімді күпті етіп жүрді.
«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман»
Өрт шыққандығы жөніндегі дабыл бірыңғай диспетчерлік орталықтан осы мамандандырылған өртке қарсы қызметіне келіп түседі. Біз барған күні бөлім тыныш болды. Бірақ, өрт сөндірушілер төтенше оқиға бола қалған кездегі өздерін қалай ұстайтынын, қанша мерзімде әзірленіп үлгеріп, өрт болған жерге қанша уақытта баратынын көріп-білу мүмкіндігіне ие болдық. Өртке қарсы қызметінде жауынгерлердің дайындығын сынау үшін жалған дабыл аракідік қағылып тұрады екен. Бұл жолы да солай болды. Қатер дабылдың құлақ тұндырар «құлын дауысы» шырқырай салысымен өрт сөндірушілер бірден іске кірісті. Бір сәтке де қарап қалған жоқ. Олардың әр секунды есептеулі екендігін байқадық. Қимыл-қозғалыстары мұнша жылдам болар ма?! Алдында ғана менімен әңгімелескенде әр сөзін баптап, ойланып айтып тұрған Арманның өзін танымай қалдық. Шалт қимылдаған ол сөздің емес, істің адамы екендігін дәлелдеп берді.
Дабыл қағылған сәтте кезекші жауынгерлер 20 секундтың ішінде арнайы киімдерін киіп, белдігін тағып, көліктеріне отырып, өрт болған жерге қарай шығып үлгеруі тиіс. Ал, тұрған жерінен «ұша жөнелетін» өрт сөндіру машинасы орташа есеппен 5 минуттың ішінде тиісті нүктеге келіп жетуі керек.
Жауынгерлер ауысым жетек¬шісінің тактикасымен қимылдайды. Сондықтан, басшы дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын қырағы болуы керек. Өртті тез ауыздықтау да ауысым жетекшісінің шеберлігіне көп байланысты.
Өрт сөндірушілердің бас¬ты міндеттерінің бірі – оқиға орнынд¬ғы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру.
Барлау жасауға және адамдарды құтқаруға кемі үш адамнан құралған газ-түтіннен қорғау қызметі аттанады. Өрт сөндірушілер қою түтін оранған аумаққа отқа күймейтін болат арқанмен тізбектеліп кіреді. Ең алдында және соңында көпті көрген тәжірибелі жауынгерлер жүреді. Жалынды өшіру уақыты оттың деңгейіне, өрт шалған аумағына қарай бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Әрине, жауынгерлердің жұмысы өртті сөндірумен ғана шектелмейді. Олар өртке қарсы қыз¬мет бөліміне оралғаннан кейін өрттің қалай өршігені, кімнің қай жерде қателік жібергені, қабыл¬даған шешімдерінің қайсысы дұ¬рыс болғаны жөнінде кеңінен мәжіліс өткізеді. Мұндағы мақсат – жіберген қателіктерден қорытынды шығарып, шеберлікті одан әрі шың¬дай түсу.
Иә, өрт сөндірушінің жұмысы оңай емес. Олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі маман¬дық¬тардың бірінен саналады.
Лауазымдарының өрт сөндірушіқұтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Олардың жұмысы ерлікпен пара-пар. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Өрт сөндіруші сөзі абырой, батырлық, өжеттілік сөздерімен қатар естіледі. Осындайда орыс жазушысы Владимир Гиляровскийдің мына сөзі тілге оралады: «Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман, өмірі үнемі соғыстағыдай және әр минут сайын басын қатерге тігеді».
Нағыз ерлердің ісі
Өрт сөндіруші нағыз ерлердің мамандығы саналады. Үміткер азаматтарға қойылатын талап та жоғары. Қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады.
Өрт сөндіруші болғысы келген адам міндетті түрде әскер қатрында азаматтық борышын өтеген болуы керек. Жүрегі қалаған адам жер-гілікті Төтенше жағдайлар департаментіне келіп, тіркеледі. Қызметке қабылданғандар бірден Алматыдағы үш айлық арнайы кәсіби дайындық курсына жіберіледі.
Қызметінің қауіптілігі ескеріліп, өрт сөндірушілерге 45 жасында зейнеткерлікке шығу жеңілдігі берілген. Олардың мамандығы мемлекеттік қызметке теңестірілген. Демек, тұрғын үй бағдарламасы бойынша да жеңілдік бар.
Қызметкерлердің денсаулығы да ұдайы қадағалауда болады. «Өрт сөндіру, қайғылы жағдайларға куә болу адамның жүйке жүйесіне кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, бізге келем деушілердің жүйкесі темірдей болуы керек. Бұрынғыдай емес, соңғы кездері өрт сөндіруші болғысы келген азаматтар қатары артып келеді. Әсіресе, жастардың талпынысы қуантады», – дейді басқарма бастығы Марғұлан Аманбаев.
Просмотров материала: 578