23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ОРМАНШЫЛАР САНЫ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ОРМАНШЫЛАР САНЫ АРТТЫ
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Түркістанда мәжіліс өтті. Оған табиғат жанашырлары мен осы салаға жауапты мекеме басшылары мен өкілдері қатысты. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев төрағалық етті.

Мәжілісте «Caviar House & Prunier Group SA» және «Swiss Choice Holding SA» швейцариялық компанияларымен бірлесе атқарылатын бекіре және албырт балық түрлерін өсіру жөніндегі инвестициялық жобалар таныстырылды. Ол туралы «Арал-Сырдария» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев баяндама жасады. Орман шаруашылығы саласын дамыту бағыты туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің есебі тыңдалды.

Сонымен бірге жиында облыс аумағында аңшылық шаруашылық алқаптарын бекітіп беру және аңшылық шаруашылғын дамыту жоспарларын әзірлеу, дүниежүзілік қуаңшылықтан сақтану мақсатында орман, дала өрттерінің алдын алу мен болдырмау шаралары да талқыланды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУШЫЛАР МЕН ОРМАНШЫЛАР САНЫ АРТТЫ

Бүгінде Түркістан облысы әкімдігіне қарасты 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 миллион гектардан астам мемлекеттік орман қоры жері бекітілген. Орман шаруашылығы мекемелерінің негізгі міндеті – мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өсімін молайту, қорғау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылғандай, республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында мемлекеттік орман қоры алқаптарына 2 млрд. түп ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген. Жолдауда берілген тапсырманы іске асыру үшін облыс әкімдігі кешенді жоспар қабылдап, алдағы 5 жылда 132 мың гектар аумаққа 217 миллион, оның ішінде басқармаға қарасты мекемелермен 110 мың гектар жерге 170 млн. түп орман дақылдарын егу қолға алынып, атқарылуда. 2021 жылы орман қорының 15120 гектар аумағына 23 мың данаға жуық әр түрлі ағаш көшеттері егілді. 2022 жылы 16 мың гектар аумаққа 23 миллионнан аса көшет егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекемелердің тұқымбақтарында 30-35 млн. түп көшет өндіру бағытында жұмыстар атқарылуда.


Сонымен қатар облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңға барлығы 13629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімінің тікелей қолдауымен орман шаруашылығы мекемелерінің техникалық базасы мен штаттық бірліктері соңғы 2 жылда 2 есеге жуық ұлғайды. Орман шаруашылығы мекемелерінде жұмыс істеушілер саны 2018 жылы 707 бірлік болса, 2021 жылы 1332 бірлікке жетіп, өсім 88,4 пайызды құрады. Техникалар саны 2018 жылы 306 дана болса, қазіргі күнде 443 данаға жетіп, 44,8 пайызға өсті. 2021 жылы Созақ орман шаруашылығы мекемесіне 2 қабатты әкімшілік ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік орман қоры аумақтарында орман күзеті қызметкерлерімен сұғанақтыққа қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Түркістан қаласы мен облыстың экологиялық ахуалын тұрақтандыру, «Жетікөл» көлдер жүйесінде суды тиімді пайдалану мен тұрғындардың демалыс аумағына айналдыру мақсатында 43 шақырымнан аса бөгет салынды. Бүгінде, «Жетікөл» көлдер жүйесінде 300 млн. текше метр су қоры жинақталса, келешекте 500 млн. текше метр су жинау жоспарлануда. Аумақтағы флора мен фауналар тұрақты қорғауға алынып, жұмыстар жалғасуда.

Облыс аумағындағы балық шаруашылығын дамытуға жарамды су айдындарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары бекітілді.

Жиында орман шаруашылығы саласының ардагерлері мен мекеме басшыларының облыстың экологиясын одан әрі жақсарту мақсатындағы ұсыныстары тыңдалып, бірқатар орман шаруашылығы саласының ардагерлері марапатталды.


Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады. Аталған күн аясында адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруі қамтамасыз етілуі тиіс.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.

Сондай-ақ Бас Ассамблеяның 27-ші сессиясында БҰҰ жүйесі аумағында жаңа ұйым құрылған болатын. Ұйымның атауы - БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің тікелей мұрындық болуымен атап өтіледі.

Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, керісінше оны көріктендіретін де – адамдар болып табылады. Шындығын айту керек, «нашар экология» деген сөз тіркесі қазір қалыпты сөз қолданысына айналып келеді және бұл тіркеске ешкім таң қалмайтын да, селт етпейтін де болған. Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс, ағаштардың кесілуі, ауаның, өзендердің ластануы десек артық айтқандық емес. Әсіресе қоршаған ортаның ластануы Астана, Ақтау, Атырау, Өскемен, Қостанай, Қызылорда, Шымкентте байқалады. Семей, Теміртау, Жезқазқан қалаларының экологиясы туралы айтпаса да түсінікті.
Біздің елімізде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - көшедегі шеру, велосипедшілер шеруі, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта циркуляциялау науқаны және аумақты тазарту тәрізді қызықты шаралар арқылы атап өтілуде.

Ендеше, сізді өзіңіз өмір сүріп отырған ортаның жағдайы бейжай қалдырмайтын болса, жылына бір рет қана атап өтілетін мерекенің белсенді қатысушысы атаныңыз дегіміз келеді.

Дүниежүзілік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің мақсаты – қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы өз жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.
Табиғатты қорғап, экологияның бүлінбеуін қадағалап жүрген маманның бірі – полиэтилен өнімінің зиянсыз баламасы болып келетін биопакет өндірісімен айналысатын "ULY DALA" Әлеуметтік жобасы мен "Биопакет – болашаққа деген қамқорлықпен" сауда маркасының негізін салушы Мирас Аббасов.

Бүгінде экология ғылымы қарқынды түрде даму үстінде. Сондықтан, әлем қоғамдастығында адам қай жаста болмасын, экологияны оқып-зерттеуіне қатысу идеясы туындап жатқанын көреміз. Жыл сайын БҰҰ бүкіл әлемді экологиялық білім деңгейін көтеруге үндейді. Мұндай білімнің қажеттілігі сонша, адамның денсаулығы, өмір сүру дағдысы оның қоршаған ортасына тікелей байланысты. Өйткені, экология мәселесі көп проблемаларды қамтиды және де шеше алады. Экология негіздерін білу - кез келген қоғам үшін саналы өмір сүруге, өзін табиғаттың бір бөлігі екенін сезінуге және таза қоршаған орта үшін күресуге көмектеседі. Сондықтан, бәрімізге экологиялық жүйелер қалай дамитынын және қалай қызмет ететінін білу қажет. Жер шарының әрбір тұрғыны экологиялық білім негіздерін білуге міндетті, - дейді ол.

"ULY DALA" әлеуметтік жобасы – бұл компаниялар тобы. Жобаның негізгі мақсат-міндеттері – эко-тауарлардың өндірісі: био орамалар және крахмалдан жасалған брендке айналған биопакеттер өндіру, табыстың бір бөлігін ағаштарды отырғызу және рұқсатсыз төгілген қоқысты жинауға және экологиялық жағынан жауапты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастыру, мүгедек адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік іс-әрекеті бойынша ақпараттық компаниялар мен курстар өткізу.

Есту кемістігі бар азаматтарды оңалту мәселесіне тоқталсам, бұл іс-шаралар тегіс қамти алатындай жүйелі түрде болуы тиіс. Сонда ғана осындай азаматтарды қанағаттандыратын жағдай пайда болады деп айтуға болады. Осы жағдайда олардың гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы құқықтары есепке алынуы керек. Әдетте, мұндай категорияға жататын адамдарға аса көңіл бөлінбеген және олардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылығы ескерілмейтінін байқаймыз. Есту кемістігі бар адамдар – бұл қоғамдағы кәдімгі субмәдениет екенін түсінуіміз керек және олардың проблемалары мен қажеттіліктерін шешуді саналы түрде қарастыру қажет, - дейді Мирас Аббасов.
"Эко Амбассадор – 2020" атанған белсенді Мирас Аббасов өзі негізін қалаған биопакет өндірісіне қатысты, бұл пакеттердің адам денсаулығына зиян келтірмейтінімен қоса, топырақтағы микроағзалардың азығы болып табылатынын айтады.

Биопакет – "OK Compost HOME" еуростандартына сәйкес келетін, өсімдік шикізатынан жасалған. Биопакеттер адам денсаулығына зиян келтірмейді, бұл азық-түлік өнімдерін ұзақ сақтауға мүмкіндік береді және қоршаған ортаға да келтіретін зияны жоқ. Биопакет ыдыраған кезде уытты болмай, топырақтағы микроағзалардың азығы болып табылады, - дейді ол.

Табиғат-ананы қорғау бағытында тынбай еңбектеніп жүрген азаматтардың тағы бірі – Әсел Құспанова. Мамандығы бойынша журналист, экология саласына қатысы болмаса да бұл бағыттағы шараларға бей-жай қарай алмаған.

Бұл салаға ешбір қатысым да, білімім де жоқ. Мүмкін әлеуметтік жауапкершілік болар. Жалпы, экологияға қызығушылығым 2018 жылдың күзінен басталды. Ең алдымен, өзімнен бастадым, үйде қоқысты бөлуді әдетке айналдырдым, кейбір қажетсіз дүниелерді қолданудан бас тарттым. Одан кейін өзімнің журналистік әдетіме салып, бұл бағытта ақпарат іздеп, саралауды қолға алдым. Жинаған ақпаратты адамдарға жеткізу қолымнан келетінін байқаған сәтте, қасыма жақындарым, туыс-ағайын, тамыр-таныс, достарым қосылды. Мұның соңы экологиялық белсенді, ерікті қызметіне алып келді. Жақында "Эко Амбассадор" атандым. 2019 жылдың наурыз айында "Экоклуб Спарта Астана" атты экоқозғалыстың негізін қаладым, - дейді ол.

Әсел Құспанова бұл бағыттағы жұмыстарға өзінің әпкесі түрткі болғанын айтады.

Туған әпкем Алматыда тұрады. Ол экология бағытындағы қызметті менен бұрын бастады. Біз екі қалада тұрғандықтан, жиі кездесе де бермейміз. Бірақ, ара-тұра сөйлескенде, интернеттен қызметін байқап қалып жүрдім. Одан кейін "Қоқыс" атты деректі фильм көрдім. Дәл осы фильм менің экологияға түбегейлі бет бұруымның нүктесін қойды. Осылайша, табиғатты қорғауға араласып кеттім. Себебі, "жалғыздың үні шықпас", дегендей бұл мәселемен жалғыз күресу қиын, - дейді ол.

Еріктінің айтуынша, бүгінде ең маңызды мәселелер бұл – санкцияланбаған қоқыс аймақтары, мәдениеттің кемшіндігі, жай ғана пластик өнімдерін саралаудағы қандай да бір заңдық нормалардың жоқтығы.

Сонымен қатар, өнім өндірушілеріне қатысты қаптама жасаудағы тағы сол заңдық нормалардың жоқтығы да үлкен мәселе. Тым болмаса, өнімді қаптау барысында қайта өңдеуге жіберілмейтін қаптаманы қолдануға заңмен тыйым салынса, мұның өзі табиғатқа жасалған үлкен көмек болар еді. Дәл осы қайта өңдеу бойынша, біздің елде 80% қайта өңдеудің тек 10-12%-ы ғана өңделеді екен. Сондай-ақ, мен өңірлерге жиі барамын, сонда байқағаным, елді мекендерде қоқысқа арналған аймақтардың жоқтығы, - дейді ол.

Әсел Құспанова экоқозғалыстың негізгі миссиясы – қаланың тазалығын сақтау, табиғатқа ұқыптылықпен қарау, сондай-ақ, сенбіліктерді өткізудің маңыздылығы туралы өзекті ақпаратпен бөлісу екенін айтады.

Қала тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинау тақырыбына және екінші шикізатты, басқа да қалдықтарды қабылдау пункттері туралы экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Әлеуметтік желілерде табиғатты аялап ұстаудың маңыздылығына қатысты жазбалар арқылы кейбір адамдардың мәдиениеттілігін арттыруға тырысамыз. Түрлі компанияларда, мектептер мен жоғары оқу орындарында шеберлік сағаттарын, лекциялар мен презентациялар өткізу де біздің мақсатымызға кіреді, - дейді ол.

"Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста" деген қағиданы ұстанатын Әсел Құспанова табиғатты қорғау жолында қандай да бір үлес қосқың келсе, үйде қоқысты бөлуден бастасаң да үлкен көмек екенін айтады.

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және осы басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» мекемесі облыстық Экология департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, сенбілік ұйымдастырды. Айта кету керек, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында облыс орталығы Түркістан қаласында жасыл желектерді отырғызу акциялары тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл тұрғыда облыс әкімдігінің «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2019-2021 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2020 жылы 1031 гектар жерге 471 мың дана көшеттер егу жоспарланып, нақты бүгінгі таңға 778 га жерлерге 404 мың дана көшеттер егілген.

Ал Түркістан қаласының аймағында «Жасыл белдеу» құру мақсатында:

2019 жылы – 2300 га — 1044,0 мың;
2020 жылы 1235 гектар жерге 1387,0 мың дана көшеттер егілген.
Облыс бойынша көктемде 1247 гектар жерде мәдени орман алқабы құрылды. (көшет саны – 1393,7 мың дана)
Түркістан қаласын көгалдандыру үшін қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» мекемесі арқылы 300 га жерге орман питомнигі әзірленген. Ол жерде қазір 1030,5 мың дана көшеттер өсірілуде.

Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне бекітілген орман қорының жерлері 3 млн 131 мың гектар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқап 1 млн 615 мың гектар немесе 51,6%.

2019 жылы орманмен көмкерілген алқап 10 987 гектарға көбейді.

2020 жылы орман қоры жерлерінде 11 500 га жерге мәдени орман екпелерін (сексеуіл) егу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда басқармаға қарасты мекемелердің питомниктерінде 7,1 млн-ға жуық әр түрлі ағаш-бұта өсімдіктерінің көшетері өсірілуде.

Осылай деген Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев Түркістан қаласы алдағы жылдар ішінде жасыл желекке айналатындығын жеткізді. Ол үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес киелі шахар аумағы толықтай ағаш көшеттерімен айналдыра қоршалатын болады. Осыған сәйкес Түркістан қаласы бойынша жалпы көлемі 9 мың гектарға ағаш екпелерін егу жоспарланса, соның бүгінде 3 мың гектардан астамына көшеттер қондырылып үлгерген.

Бүгінгі таңда, еліміздің әрбір тұрғыны ауаның таза болуын, ормандардың жасыл болып қалуын қалайды. Әрбір адамзат қалыпты өмір сүру үшін қоршаған ортамызды аялап, экологиямызды сақтай білуі тиіс.
Просмотров материала: 1 091

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 369 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 202 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 842 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 866 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 175 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930