Түркістандықтар референдумға қатысуға шақыруда. Бүкіл қазақстандықтарды дүрліктірген Қаңтар оқиғасы еліміздің әлеуметтік саласында ғана емес саяси жүйесіңде де олқылықтар орын алып отырғанын көрсетті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналарға сұхбаттар беріп, Үндеу де жасады. Халықтың алдына барлық мәселені жайып салды, елден ұсыныстар күтті. Халықпен кері байланыс орнатудың нақты қадамдарына барды. Барлық ұсыныстар мен пікірлерді електен өткізіп барып, Жолдауын жариялады.
Бұл Жолдаудың бағыты- барлық салада қоғамның бүкіл санаттарының тепе-теңдігін сақтай отырып, саяси, құқықтық жүйеде әділетті реформа жасау. Халықтың ойынан шығатын заңнамалық құрылымдық жүйені жетілдіру арқылы ғана Әділетті саяси құқықтық реформа туылатыны түсінікті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы" Жолдауына талдау жасағанымда ең көп кездесетін сөздер мемлекет 67 рет, қоғам 55 рет, еліміз 45 рет, заң 44 рет, сайлау 40 рет, Қазақстан, адам, саяси сөздері 39 реттен, жүйе 35 рет қайталанады. Бұл сөздер- негізгі нысананы анықтайтын құлып ашар сөздер. Мемлекет басшысының айтқысы келгені мемлекет пен қоғамның арасындағы байланысты жақсарту, қоғамның үнін билікке жеткізіп, елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы сайлау жүйесіне өзгеріс ендіру. Демек, Қазақстанда адам құқықтарын қорғау мақсатында саяси жүйе де жаңғыратын болады деген тұжырымды елге жеткізгені. Осы уақытқа дейін 1995 жылғы Ата заңымыз бүкілхалықтық референдум арқылы дүниеге келсе, содан бері уақыт талабына сәйкес, Ата заңымыздың 64 бабына қатысты, 1998,2007,2011,2017,2019 жылдарда бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліпті.Бұл заңдылық.Заман өзгереді , заң өзгереді деген аталы сөздің түйіні, жауабы.Оның үстіне біздің мемлекетіміз басқа батыс,шығыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым жас мемлекет.
Қолданыстағы Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілуі туралы мәселе өте ауқымды болғанын ескере отырып, Мемлекет Басшысы Республикалық Референдум туралы заңның 18 бабына сәйкес, референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Республикалық референдум туралы заң IV-тараудан,37 баптан тұрады. Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан халықтың қолдауы аса қажет. Референдум дауыс берудің ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді,ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Референдум арқылы ұсынылып отырған Конституциямыздың нұсқасында ешқандай бір тармақта, не бапта Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген,қайта Суперпрезиденттік басқарудан біртіндеп көшіп ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, және Президенттің жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөнінде әділдік сипат бар.
Сайлау жұйесінде аралас жүйенің ұсынылуы ел арасында қызықшылық тудыруда. Ұсынылып отырған нұсқада «Кеңес» сөзі «Сот» сөзімен ауыстырылған.Ал, VII бөлімде Конституциялық сот құрылымы туралы толықтыру бар. Конституциялық сотқа жүгіну құқына Бас Прокурор және Адам құқығы жөніндегі уәкіл ие болады. Сондай-ақ, 83 бапта Адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық заңмен айқындалады.
Жұртшылықты қызықтыратын бір мәселе -Жер мәселесі. Қолданыстағы Конституцияның 6-шы бабы 3–тармағында «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде» болса , ұсынылатын нұсқада «жер мен оның қойнауы,су көздері,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі.Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы.Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде,шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп көрсетілген. Мемлекет басшысы өзі ой елегінен өткізген, елдің пікірін ұстын етіп, қарқынды дамуымызға арналған барлық саланы қамтитын саяси өзгерістерге тола Ата заңымыздың жаңа нұсқасын референдум арқылы қабылдауға ұсынды.
Елдің бірлігі үшін,тыныш тірлігі үшін саяси жұйедегі өзгеістерді таразылап жеті рет өлшеп бір рет кескен демекші референдум арқылы қоғамның барлық санаттарымен санасу,пікір алмасу демократияны көрсетеді. Референдум ашықтықтың,демократияның, саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы.
Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ойпікірді талқылап-таразылау мақ¬сатында Қазақстан халқы Ассам¬блея¬сының атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов пен Юрий Ли Нұр-Сұлтан қала¬сын¬дағы №53 мектеп-лицейіне барды. Мәжілісмендер Нұр-Сұлтан қаласы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасар¬лары мен орта білім беру ұйым¬дарының тарих мұғалімдеріне «Ре¬ферендум-2022: Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы тарихындағы рөлі мен ма¬ңызы» тақырыбында семинар өткізді.
«Осы кездесуге келе жатып қал¬та телефонымнан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мынадай сөздерін оқыдым: «Бесінші маусымда жалпыхалықтық референдум өткізілетін болды. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркін¬дік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын». Алда болатын референдумның ең негізгі ой-түйінін осы сөзбен айтуға болады. Президент өзінің туған халқына барынша мол бостандық беруді мақсат етіп отыр. Халық өз тағдырын өзі шешетіндей бо¬луы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. 1995 жылдан бері референдум өткізілген емес. 27 жыл бойы. Осы жылдардың ішінде референдум шақыратындай да жағдайлар болды. Төрт рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр. Өйткені конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр. Президент өз қолынан өкілеттіктерінің біраз бөлігін парламентке беріп, парламенттің өкілеттігін кеңейткелі отыр. Басқа да көптеген өзгеріс бар», деді Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов.
Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласы №85 мектеп-лицейі¬нің тарих пәні мұғалімі Сә¬бира Мұқанова республикалық рефе¬рендум өткізу тәртібі туралы баян¬дама жасап, референдумға қа¬тысты Конституциясының Қоры¬тынды және өтпелі ережелер 9 бөлімінің 90 және 91-баптарды таныстырып өтті.
«Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәр-тібін белгілейді. 1-бап Республикалық референдум ұғымы, 2-бап Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер, 4-бап Республикалық референдум принциптері, 9-бап Республикалық референдум туралы заңдармен таныстырдым. Сонымен бірге 18, 19, 20, 30-баптар таныстырылды. Қа¬зақ¬стан Халқы Ассамблеясы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгі-зу жөнінде референдум өткізу ұсынысына тоқталып өттім», деді ол.
Сонымен қатар кеше Мәжіліс депутаты Юрий Ли «Референдум-2022: Қазақстан Конституциясына түзетулер бойынша» Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағатының ұжымымен кездесіп, пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салды. Мақсат – Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру. Депутат референдумның стратегиялық маңызына тоқталды. Айтуынша, осы уақытқа дейін жергілікті мәслихат әкімдердің ығына жығылып келген. Енді аудандық, облыстық және қалалық деңгейдегі сайла¬натын депутаттардың орнына қоғамдық-саяси мәселелерде өзінің айтары бар азаматтардың келуі қалыптасқалы жатыр.
«Референдумға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Қазақстанды құра аламыз. Президент Қ.Тоқаев айтқандай, Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Бұл дегеніміз – тарихи сәт. Өзгерістердің ең негізгілеріне «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен алшақтауды айтуға болады. Ата Заңға сәйкес ол барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің кепілі болуға тиіс. Сондықтан да консти¬туциялық реформаға сәйкес енді Республика Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы болмайды», деді Парламент Мәжі¬лісінің депутаты.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» шаруашылық жүргізу құқығын¬дағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Референдум өткі¬зудегі азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҮЕҰ және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жар-қын келешектің іргетасын қалай¬тын аса маңызды күн деп ойлай¬мын. Өйткені қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күр¬делі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қа¬былдап отырғаны анық. Бұл осы елдің азаматы ретінде мені де қатты қуантты. Бүгінгі таңда елі¬міз үлкен өзгерістер алдында тұр. Сондықтан 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындауға тиіс. Себебі еліміздің болашағы¬ның дамуы тікелей осы рефе-рендумға байланысты болып отыр. Сол себепті ел үшін жаны ашитын әр азамат осы референдумға қатысу керек деп ойлаймын», деді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Назгүл Мақжан.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Сұлтанұлы елімізде болып жатқан реформалардың бәрі Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламаларының логикалық жалғасы деп қарастыру керек екенін алға тартты.
«Бүгін біз үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп осындай дөңгөлек үстел ұйымдастырып отырмыз. Бұл іс-шараның да негізгі мақсаты – контитуциялық реформаны бұхара халыққа барынша сауатты түрде жеткізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жал-пыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетеледі. Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан басталып кетті. Араға 27 жыл салып конституциялық реф嬬рен¬дум өткізгелі жатырмыз. Қазір осы референдум өт¬кізу туралы барлық өңірде рес¬пуб¬ли¬калық штабтың өкілдері өз¬дерінің жұмыстарын жүргізуде. Біздің бүгінгі мақсатымыз да – рефе¬рен-думның мән мен маңызын тү¬сін¬діру, халықты кеңінен ақпа¬рат¬¬тан¬дыру. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы прези¬дент бо¬лып сайланғанда өзі¬нің бағ¬дар¬ламасының негізгі өзегі етіп үш мәселені көтер¬ді. Бірінші – халықтың әл-ауқатын көтеру, екінші – әділет, үшінші – даму. Қазіргі болып жат¬қан реформалардың бәрі де прези¬ден¬тіміздің сайлауалды бағдарламаларының логикалық жалғасы деп қарастыру керек», деді З.Сұлтанұлы.
Просмотров материала: 458