8 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАН: 30 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ БІТІРДІ

ТҮРКІСТАН: 30 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ БІТІРДІ
Бүгін Түркістан облысындағы барша білім мекемелерінде «Сәт сапар, жас түлек!» соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында облыс мектептерінде 30049 түлек үлкен өмірге қадам басып отыр. Салтанатты жиынның бірі М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде өтті. Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қатысты.


– Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Облыста да білім саласына баса мән берілуде. Оның ішінде Түркістан қаласында 3 жылдың ішінде мәдени-әлеуеметтік нысандар бойы көтеріп, түрлі жобалар іске асып келеді. Халықаралық туризм және меймандостық университеті бой көтеріп, қаламыздың туризм саласын дамыту жолында студент жастарға білім беруде. Сонымен қатар 30 жылдық тарихы бар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де жас түлектерді күтеді. Аталған және өзге де оқу ордаларында түрлі мамандықтар бойынша білім алып, Жаңа Қазақстанды құру жолында еңбек етіп, киелі қаламыздың дамуына үлес қосуға шақырамын, – деген С.Қалқаманов түлектерге ақ жол тілеп, мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты.

Биылғы оқу жылын облыс шәкірттері үлкен табыстармен аяқтап отыр. 1250 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер атанды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада 3 оқушы – І орын, 8 оқушы – ІІ орын, 11 оқушы – ІІІ орын иеленсе, ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 4 оқушы – ІІ орын, 3 оқушы – ІІІ орын иеленді. Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық XI конкурсында 2 оқушы – ІІ орын, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден республикалық UNIOR жасөспірімдер олимпиадасында 4 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар республикалық жиынының қорытындысы бойынша Түркістан облысы «Патриоттар мекені» кубогына ие болды. 2022 жылғы республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында спорттың 41 түрінен жарыстар өтуде. Қазіргі таңда 24 спорт түрінен жарыс өтіп, Түркістан облысының қоржынында 7 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Айта кетейік, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 33 жалпы орта мектепте бүгін 2021-2022 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылып, 2286 оқушы мектептен түлеп ұшты. Олардың ішінде 117 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер.

Жалпы, Қазақстанда биыл 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы қорытындыланды. Статистика бюросының мәліметінше бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Оқушылардың басым бөлігі Алматы қаласы, Түркістан мен Алматы облыстарынан.

"Бүгін 3 597 159 оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты соғылды", – деп хабарлады ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Биыл Қазақстанда 171 мың түлек мектеп бітірді. Оның 8139-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде өткен соңғы қоңырау салтанатында болып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен, түлектерді жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады.

"Осында тұрып, өзімнің мектепті бітірген кездегі сезімдерім еске түсіп тұр. Мектеппен қоштасу – жаңа өмірге, жаңа кезеңге қадам басу, болашаққа үмітпен елеңдей қарау мен тәжірибелердің шыңдалатын тұсы. Дәл қазір сіздер үшін ҰБТ, мектеп емтихандары үлкен сынақ пен уайым болуы мүмкін. Алайда өз тәжірибемнен айтатын болсам олардың барлығы өмірде кейін сіз үшін өміріңіздің өте оңай кезеңдеріндей болып көрінеді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол биыл түлектерге мемлекеттік грантқа түсу үшін жоғары балл жинауға екі рет мүмкіншілік берілгенін гранттар санының да 15 000-ға ұлғайтылғанын, колледждерге қабылдау үшін қосымша 45 000 грант бөлінген еске салды.

Министр сонымен қатар пандемия кезінде үйде балаларына көңіл бөлген, бірге жұмыс істеп, оқуға көмектескен ата-аналарға алғысын білдірді. Және ұстаздар қауымының да еңбегінің елеулі екенін айтты.

Қазіргі кезде мектеп түлектірінің болашақ мамандығына бағытталған кәсіби даярлықтан өтуі – олардың болашақ мамандығын адаспай табуының алғышарты болып табылары сөзсіз. Бұл мәселені жан-жақты зерттеу ХІХ ғасырда басталып, көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін қарастырды. ХХ ғасырдың басында В.Вундт, Г.Мюнстерберг, А.Бине, Ф.Парсонс, Д.Сьюпер, Е.Гинцберг т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған.

ТҮРКІСТАН: 30 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ БІТІРДІ

Осы уақытқа дейін мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін Ю.В.Большакова, П.П.Блонский, В.И.Лебедев, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов, Л.К.Керимов, Е.П.Климов, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар қалыптастырды.
Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын жасады.

Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр балаға өзінің психологиялық ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті ашық-жарқындылық, сыйысымдылық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні өте терең. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен қабілетін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға болады.

Мамандық таңдау – саналы түрде меңгеретін, өз болашағын жобалау тәсіліндей жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау. Мамандық – professio – деген француз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны береді. Мамандықты дұрыс таңдау әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан.
Мамандық таңдау – адам өмірінің ең күрделі де жауапты қадамдарының бірі, яғни болашақ өмірдің мәні деуге болады. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз – бұл өмірде белгілі бір орынға ие болу. Кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталу нақты еңбек түріне, еңбек нарығындағы ұтқырлыққа, сол нарықта бағдарлану іскерлігіне және оның өзгерістер тенденцияларына ілесе алуға субъекттік қарым-қатынасты қалыптастыруды қарастырады. Оқушы болашақ өмірінің мазмұны мамандықты дұрыс таңдауына тәуелді екендігін жақсы түсінген жөн. Өмірлік жоспар – бұл жалпы әлемдік көзқарасты іздестіру жолының анықталуы мен нақтылануы. Өмірлік жоспардың мағынасы кең. Ол тұлғаның өздігінен анықталу саласын, яғни моральдық бет-бейнесін, өмірлік стилін, байланыс деңгейін толығымен анықтайды.
Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін әлеуметтік факторлар қатары:

— достық қарым-қатынас;
— Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, телебағдарлама);
— педагогикалық ұжым: сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушісі және мектеп басшысы;
— жанұя;
— оқу пәндері;
— сыныптан тыс жұмыстар;
— ұйымдастырушылық;
— еңбек өндірісі мен қоғамдық пайдалы жұмыстар;
— мектептен тыс жұмыстар бола алады.

Мамандық таңдау бұл пән емес, тұлғаның рухани даму процесі. Сондықтан, кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталудың ғылыми теориясын құру кезінде, өздігінен анықталудың ішкі заңдылықтарына және психологиялық негіздеріне көп мән беріледі. Яғни, мамандық таңдау және тұлғаның дамуы біртұтас жүйе болып саналады.

Мамандықты таңдау туралы бала сонау мектеп жасына дейінгі кезеңнен-ақ ойлана бастайды.

Өсе келе, ол нақты соңғы шешімі пісіп жетілгенге дейін бірқатар өзгерістерден өтеді. Адам балалық шынайылықтан әлеуметтік есеюге дейінгі жылдардан өту барысында бірнеше өтпелі кезеңдерден өтеді. Әрбір кезеңде мамандықты таңдаудың әр түрлі принциптеріне басшылық жасайды.

Эстон ғалымы М.Титма жасөспірімдердің мамандықты таңдау кезінде кездесетін мәселелерді жан-жақты зерттей келе, қоғам құратын ситуацияцияларға талдау жасау негізінде бұл процестегі таңдаудың 5 сатысын көрсетеді.
Таңдаудың бірінші сатысы ІХ сынып бітіру кезеңінен басталады.

Мұнда жасөспірім қандай да бір кәсіби орындарын (кәсіби оқу орны, колледж) таңдау немесе жалпы білім беретін мектептерде оқуды жалғастыруды таңдау керек.


Таңдаудың екінші сатысы – орта мектепті бітірген соң арнайы білім алуды таңдайды.

Таңдаудың үшінші сатысы – кәсіби саланы анықтау болып табылады. Кәсіби сала бірнеше мамандықтарды қамтитын іс-әрекеттің сферасын қамтиды. Мысалы: заңгер (кәсіби сала) адвокат, прокурор, нотариус, сот т.б. мамандық бола алады.
Таңдаудың төртінші сатысы – мамандық таңдау.

Таңдаудың бесінші сатысы – нақты жұмыс орнын таңдау.

Қазіргі таңда мектеп түлектерінің мамандық таңдауы аса маңызды екені өздерін алаңдатар емес. Себебі олар мамандық таңдауда көптеп қателіктерге ұрынып жатады. Бірі ата-анасы мен басқа да адамдардың қалауымен таңдап жатса, екіншісі ҰБТ нәтижесі бойынша мамандықтың грантқа түсу мүмкіндігі жоғары, сол мамандықты өзі қаламаса да тапсырып оқуға түсіп жатады. Алайда талапкердің мамандыққа қызығушылығы болмағандықтан оқуын тастап кететін жайттар да аз емес. Бұл жағдай студенттің психологиясына кері әсерін тигізуі әбден ықтимал. Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта-жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық қабілетін жұмсап еңбек етеді.

Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап-талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ. Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік-жігері, борыш пен жауапкершілігі, тәукелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды.
Мамандықты таңдауға жастарды баулаудың бастамасын Ф.Парсонс 1909 жылы ғылыми жолға қойып, ол жеке тұлға теориясын құрып, осы теория негізінде психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған. Оның ғылыми қағидаларына сүйене отырып, зерттеушілер адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты дәру негіздері ретінде келесі қағидаларды ұсынды:

а) әр адам өзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икемді болады;
б) мамандық бойынша қызметте табысты болу және өз мамандығына көңілі толу адамның жекелік қасиеттірінің мамандық қызмет талаптарына сай келуіне тәуелді;
в) мамандыққа бағдар беретін кеңесші мамандық таңдаушының жекелік ерекшеліктері мен оның диспозицияларын ескере отырып, мамандықты таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Жеке адамның көптеген әлеуметтік іс-әрекет мәселесі және соған байланысты жеке адамның дамуындағы кәсіби өзіндік анықталу сұрақтары маңызды орын алады. Кез-келген кәсіби іс-әрекет белгілі бір талаптар, ниеттер негізінде жүзеге асады. Әрбір кәсіби іс-әрекет – жеке адамның қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты жеке бастық кәсіби бағдарды, іскерлікті, кәсіби сананы қалыптастыруды, білімділікті, шеберлікті талап етеді. Кәсіби іс-әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жетуге тұлғалық қасиеттердің дамуы мәнді сипат алады.

Мектеп түлектерінің болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен кәсіби өзіндік анықталу механизмдеріне өзіндік бағалаулары әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Жоғары сынып оқушыларының мамандықты таңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен ниеттерінің құрылуы мен дамуы негіз болады. Жоғары сынып оқушыларында еңбекке деген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индивидуалды-психологиялық жеке бастық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Мектеп психологтары үшін негізгі мәселе – жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқушылардың әлеуметтік психологиялық кемелдену сипатын негіздеу. Осы жағдайларға байланысты психологиялық зерттеуде бірнеше маңызды кезеңдерді ескеру керек:

— сенімділіктерді (ғылыми, моральдық, эстетикалық, танымдық) зерттеу, яғни жеке адамның мотивациялық сферасын қалыптастыру: жеке адамға әсер ететін сыртқы әсерлерді, әрекетті реттеумен басқарудың ішкі тәсілдеріне айналдыру немесе олардың интериоризациясы;
— жасөспірімдік кезеңдегі негізгі құндылықтарға бағдарлану мен өмірлік болашақтарды анықтау;
— жасөспірімдердегі жеке бастық әлеуметтік-психологиялық кемелденудің қалыптасуын зерттеу;
— жасөспірімдердің танымдық процестерін зерттеу;

— жасөспірімдердің жеке бастық даму ерекшеліктері мен өзіндік және кәсіби өзіндік анықталудағы өзіндік бағалау ерекшеліктерін, кәсіби қызығулары мен мамандық таңдауға байланысты бағалау сипатын зерттеу.

Мамандықты таңдауды анықтайтын факторлардың ішінде ең маңыздысы – сол берілген еңбек түріне айқын қызығушылықтың болуы (А.Е.Климов, С.Н.Чистякова, В.В.Ярошенко); алайда оқушылардың субъективті позициясын түсіну үшін, айқын көрінетін қызығушылық факторы жеткіліксіз. Таңдауға деген қанағаттанушылыққа оқушылардың психологиялық дайындығы да әсер етеді, яғни танымдық белсенділік, өз бетінше әрекет ете алуға ептіліктер, мүмкін деген қиындықтарды, әлеуметтік қысымдарды, амалсыздықты, қолайсыз эмоциялық күйлерді жеңуге ерік күші сапаларының жеткілікті болуы.

Кәсіби өзіндік анықталуға кәсіби бейімділік, ұстанымдар, жасөспірімдердің танымдық түсініктері мен белсенділік әрекеті, қызығулары, таңдаған мамандықтың кейінгі салдарын ұғыну негіз болады. Осы факторларды анықтау үшін эмпирикалық-эксперименттік зерттеу негізінде әсер етуші ішкі және сыртқы жағдайларды анықтау қажет. Осы жоғарыда айтылған тұжырымдардан бөлек жасөспірімдердің іс-әрекетіндегі ұғынымды психикалық өзіндік реттелу жүйелерінің қалыптасу деңгейлері де негізгі сұрақтардың бірі.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей іс-әрекет процесінде айқын көрінетін жеке бастық тұлғалық сапалардың жиынтығымен байланысты ұғынылған психикалық өзіндік реттелудің жеке-типологиялық ерекшеліктерімен кәсіби өзіндік анықталу тығыз байланысты. Атап айтқанда, іс-әрекетті орындаудың барлық сатыларында субъект мақсатты бағытталған, жинақылық, дамыған өзіндік бақылау, адекватты өзіндік бағалау, ақпараттарды белсенді іздеу, өзінің жеке бастық қасиеттеріне нақты сенімділік, мақсатқа жетуде көп күш жұмылдыру сияқты сапалары болуы керек. Басқаша айтсақ, іс-әрекет барысында ылғи да «тиімді тәуелсіздікті» көрсете білу ептілігі. Сондықтан да, жоғары сынып оқушылары мамандық таңдау мен кәсіби өзіндік анықталуда өз таңдауын ұғынылған сипатта дұрыс жасауы, жеке басының қалыптасқан жеке сапаларына тікелей байланысты. Тиімді тәуелділікке қатысты жеке бастық сапаларын қалыптастыруды ерте жеткіншек жасының басынан бастаукерек.

Қорыта келе, мамандық таңдауға байланысты Ж.Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» — дейді. Сол себепті мамандық таңдаудың маңыздылығы көрінеді, және бұл мәселе өзекті болғандықтан жан-жақты қарастырылуы керек.
Просмотров материала: 375

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 142 695 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 142 499 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 154 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 178 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 142 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 462 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 619 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 751 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 228 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 427 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 521 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 827 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 840 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 722 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 542 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 676 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 830 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 502 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 860 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 604 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 448 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 286 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 533 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 475 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 990 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 321 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 556 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 906 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 317 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 304 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 346 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 290 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 511 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 659 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930