25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Алматинская область

Алматинская область (каз. Алматы облысы) — область на юго-востоке современной республики Казахстан. Образована10 марта 1932 года.

До 1992 года бытовало написание Алма-Атинская область, а столицей области была Алма-Ата. В апреле2001 года областной центр Алматинской области Указом Президента Республики Казахстан был перенесён из Алма-Аты вТалдыкорган. Население области — 1 692 951 человек (2010 год).

Все материалы региона Материалы других регионов

Рустам Алпысбаев: "Идеологиясы әлсіз мемлекет алға баспайды"

23 декабрь 2018, 20:29
Бүгінгі замана ағысында мемлекеттік идеология қажет пе өзі? Мемлекет салық төлеушілердің қаржысына қандай да бір құндылықты насихаттауға қаншалықты міндетті? Біздің ақыл-ойымыз бен жүрегімізге мемлекет тарапынан нақты қандай идеология құйылып жатыр? Осындай сан сауалға республикалық «Деловая неделя» газетінде жарияланған сұхбатында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам АЛПЫСБАЕВ жан-жақты жауап берді. Оның айтуынша, қалай болғанда да мемлекет идеологиялық кеңістікті бос қалдырмауы тиіс. Егер мемлекет идеологияны қараусыз тастаса, онда ол іспен өзге пиғылдағы жат ағым өкілдері шұғылданып, халықты адастырып әкетуі мүмкін, - деп хабарлайды коммуникациялар қызметі, "Жетісу" газетіне сілтеме жасап.

– Рустам Әлиұлы, бүкпесіз және шынайы сұхбат беруге келіскеніңіз үшін рахмет айтамыз! Сондықтан, сізге өткір де өзекті сауалдар қойғалы отырмыз.

– Әрине! Сұрай беріңіз.

– Рустам Әлиұлы, біз ХХІ ғасырда өмір сүрудеміз. Бүгінде ақпараттар ағыны бізді төрт тарапымыздан да қоршап, әбден шатастыра бастады. Жаңа заманның жас буыны қалыптасқан осы аз уақыттың ішінде көп нәрсе өзгерді. Қазіргі уақыт, ата-бабамыз деп алысқа бармай-ақ қоялық, ата-анамыз өмір сүрген кешегі заманның өзіне мүлде ұқсамайды. Заман талабы бұрынғыдай жаңа нәрселерді меңгерумен ғана шектелмейді. Керісінше, ақпараттың өзің үшін, өмірің үшін маңыздылығы қаншалықты, сол жағына көбірек көңіл бөлініп, сүзгіден өткізіледі. Бұл орайда біздің мемлекет ішкі саясат басқармалары мен бөлімдері, түрлі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттық тапсырыс беріп, мәдениет, тарих және қоғаммен байланысты өз бетінше «пішімдеп», жұмыс істеп келеді. Қалай ойлайсыз, бұл жүйе ескірген жоқ па? Басқа салаларға қаражат жетіспей жатқанда, мемлекет дәл осы дүниеге неліктен қыруар қаржы жұмсайды?

– Ашық әрі тіке қойылған сауал деп қабылдайық мұны (күлді)... Сырттай қарағанда бұл сауал қарапайым көрінеді. Әрине, идеологияны мемлекет бұрынғыдай КСРО сияқты еркін емес жүйеде жасап жатқан жоқ. Қазір біз өзіміздің ақыл-ойымызбен өмір сүреміз, бүкіл әлеммен өзара қарым-қатынас ұстай аламыз, шекаралар айқара ашық. Ғаламторға енсеңіз болды, әлемнің кез-келген нүктесімен емін-еркін таныса аласыз. Дәл қазір Парижде не болып жатқанын веб-камера арқылы көруіңізге мүмкіндік бар. Жер бетіне жерсерік арқылы қарауға тағы болады. Табан астында Голливуд жұлдызының немесе әлдебір Нобель сыйлығы иегерінің ой-пікірін оқу оп-оңай. АҚШ-тай алпауыт елдің Президентінің өз әкімшілігі мен мемлекеттік департаментіне өзгерістер мен жаңалықтарды хабарламай тұрып, бірінші Twitter-дегі парақшасына жазатыны жайлы айтылып жүр. Мұның бәріне қарап, қорытынды шығарсақ, әлемде мемлекеттік ақпараттық саясатқа, үгіт-насихат жүргізуге орын жоқтай көрінеді.

Енді бұл сауалға жан-жақты үңілейікші. Иә, қазіргі күнде адамдар үшін кез-келген ақпаратқа қолжетімділік бар. Оларға бір нәрсені таңу мүмкін емес. Бірақ, кешіріп қойыңыз, мұның соңы жаңсақ, алдамшы көрініске ұласып кетеді. Егер сіз Facebook-ті пайдаланушы болсаңыз, мына нәрсені сезінген шығарсыз деп ойлаймын: әлемге әйгілі әлеуметтік желі сіз бен бізге білдіртпей-ақ әр тұтынушыға сүзгілеу механизмін орнатып қойған. Мәселен, бағдарламамен қамтамасыз ету шешімдері, қазіргі заманғы байланыс құралдары, мінез-құлықты қадағалау және модельдеу, шексіз тегін байланыс алаңы, жеке тұлғалар туралы ақпараттың капсуласы немесе әсері – мұның бәрі адамдар үшін мол мүмкіндік болып көрінеді. Мұнда автоматты түрде жарнама берушілер мен әлеуметтік желі қызметтерінің өкілдеріне қажетті ақпараттар жіберіледі. Қалай дейсіз ғой?

Ғаламтордағы іздеу жүйесіне назар аударайықшы. Ол жүйеге жай ғана қарап тұрудың немесе дауыстап сөз айтудың өзі жеткілікті. Сол нәрсеге қатысты ақпарат, жарнама бірден Facebook-тағы жеке парақшаңызға шыға келеді. Мысалы, сіз жұмыс уақытында парақшаңызға шаршағаныңызды, ұйқы қысып тұрғанын білдіретін белгілер қойып, көпшілікке өз жағдайыңызды түсіндірдіңіз делік. Аз уақыттан кейін жайлы жатын орындар немесе жұмсақ кереуеттер жайлы жарнаманы көресіз. Әрине, осыларды ойласаңыз, қорқып кетуіңіз мүмкін. Бұдан не түйесіз? Демек, ақпарат пен виртуалды кеңістікте ешқандай еркіндіктің жоқ екенін, сіз бен біздің парақшамызда пайда болған сілтемелердің кездейсоқ шықпағанын, оның бәрі бағдарламалық арнайы жүйе арқылы сүзгіден өткенін түсінуіміз қажет. Тіпті, бүгінде осыған қатысты «цифрлық диктатура» деген жаңа термин шықты. Бұл дегеніміз – заманауи ақпараттық қызмет пен түрлі бағдарламалар арқылы адамдарға жалпы бақылауды белгілеу.

Жарайды, бұл нарық талабынан туындады деп түсінейік. Айналамыздағы «Ақпараттық дернәсіл» (2011 жылдан бері қалыптасқан ғаламтордағы жасырын мағлұматтар және оның қауіптілігі жайлы термин) негізінде біздің мінез-құлқымызды анықтау үшін пайда болған бейтарап құбылыс делік. Алайда бұл мүлде олай емес. Мысалы, әйгілі Трамптың айналасындағы теке-тірестер, «Facebook», «Olginsky trolls» төңірегіндегі жанжалдар шебер ақпараттық компаниялар үшін коммерциялық тиімділікке ие болып қойған жоқ, сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарындағы тұрақты демократиялық жүйелерге нұқсан келтіреді. Мен жуырда АҚШ-та болдым. Ондағы ішкі қоғамдық ахуалды анықтауға мүмкіндік туды. Ел ішіндегі саяси жағдайға қанықтым. Сонда мені таңдандырғаны – америкалық қоғамның екі бөлікке қақ жарылғандығы. Қазіргі Президенті Дональд Трампты жақтайтындар мен оған қарсыластар бір-бірін айыптауда аяушылық дегенді білмейді екен. Американдықтардың бірі мемлекет пен өмір салты сақталатынына деген сенім. Енді бірі үшін ол ақпарат құралдарының, мигранттардың, тұтас алғанда, либерализмнің жауына айналған. Еркіндік жоқ деп байбалам салады. Біз бұрын АҚШ-та мұндай саяси қақтығыстың ұлғайып кеткендігін, ымырасыздықты байқамаған едік. Сайлаушылардың өздері бір-біріне күліп, әзілдесіп, қолдарын қысып, жау деп санаспай жүре беретін. Өздерін ұлы елдің азаматы сезінетін. Қазіргі кезде АҚШ-тағы ақпарат құралдарында ең жиі көтерілетін тақырыптың бірі – Facebook, Twitter әлеуметтік желілері арқылы ресейлік агенттердің Трамп жеңісіне әсері. Неге?

Мені мұнда бұл мәселенің ақиқаттығы немесе жалғандығы жайлы мәлімет қызықтырып тұрған жоқ. Мені ойландыратыны – Батыстағы көп адам сеніп отырған Америка сияқты тұрақты және күшті демократиялық жүйеге сыртқы агенттердің ықпалы қаншалықты бар екендігі. Бұл жерде сіздің мемлекеттік идеология мен үгіт-насихат керек пе деген сауалыңызға жауап өзінен-өзі шығып отыр. Сонда әлемде демократия сақталған қоғам бар ма өзі деп ойлануымыз мүмкін. Мұнда қоғам дамуы дәстүрлі түрде өз ішінде жүреді. Ақпарат құралдарындағы шетелдік оқиғалар күнделікті уақыттың 2-5 пайызынан аспайды. Былай қарасаң, үгіт-насихат жүргізудің қажеті шамалы. Голливуд өз ісімен айналысып, былайша айтқанда, өз түсірілімін жасап жатыр. Әрбір үйде – «бір қабатты Америкаларда» Ту желбірейді. Осындайда кенеттен демократияның ешқандай да қорған еместігі, оның жай ғана сейф екендігі белгілі болып, кілті Facebook-тың жарнама қызметінде жатқандығы айтыла бастаса, қалай қабылдасын?! Есеңгіреп қалмай ма? Трамптың жеңісі бүкіл америкалық қоғамға осындай өзгеріс пен үлкен соққы алып келді. Жаңа Президент оппонент-демократтармен де, партия бөлімшелерімен де, тіпті, өзінің мемлекеттік аппаратымен де қарама-қайшылыққа, қақтығысқа түсіп қалады. Сонда да ол билік басында отыр. Ал сіз әлі үгіт-насихат қажет емес және тиімсіз деп ойлайсыз ба?

Бұл жалғыз мысал емес. Бұдан да тереңірек бір мысалды келтіріп көрейін. Мен мамандығым бойынша шығыстанушымын. Сондықтан, Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалаймын. Мен сізге айтайын, лаңкестік топтардың жарылыс жасау деңгейінің қарқын алуы тікелей өз ішіндегі медиа-компоненттерге негізделген. Иә, бұрынғы Саддам офицерлерінің бірлестігі және «Әл-Каида» мен Бағдадтағы сүннитке қарсы шииттердің, күрді саясаткерлерінің үстемдігі сияқты «сәтті» сәйкестіктердің де әсері болды. Алайда бірнеше айдың ішінде ондаған мың содыр топқа қосылды. Ирак пен Сирияның ғана емес, сондай-ақ, Еуропа, Африка, бұрынғы КСРО, соның ішінде Қазақстанның да кейбір азаматтары ғаламтордағы керемет идеологиялық насихаттың арқасында сол ағымға еріп кетті.

Әлемде көптеген террористік топ бар. Сирияда мемлекетке қарсы топтардың саны көп, бірақ олардың бірде-біреуі бірнеше айдың ішінде тұтас бір террорлық мемлекет қалыптастыра алмады. Ғаламтордағы медиа-насихат, одан түсетін табыс пен қауіп жайлы ойлануымыз қажет. Бұдан басқа, әлемнің барлық мемлекеті экстремистік үгіт-насихаттың алдын алу үшін нақты шараларды қолға алуда. Алайда әскери күшпен жеңіске жетпей тұрып, оларға ғаламторда тосқауыл қою мүмкін болмай қалды. Тек дамушы немесе кедей елдердің тұрғындары ғана емес, сонымен бірге, француздар да, бельгиялықтар да, немістер де осы ағымға еріп, өз өмірлеріне балта шапты. Кеше ғана бір жаңалықты естідім. Лондонның өрімдей жас баласы ИГИЛ-дің үгіт-насихатын жүргізгені үшін жауапқа тартылып жатыр. Демек, қазір де аясы тар болса да, бұл жұмыс әр жерде жалғасуда. Еуропаның төрінде тұрған азаматтарды Сирияның топырағында қан жұтып, өлім құшуға не итермелеп отыр? «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Идеологиялық кеңістікті мемлекет өзі толтырмаған жағдайда онымен өзге ағым, жат пиғылды адамдар шұғылданып, халықты адастыруы мүмкін. Идеологиясы жоқ мемлекет адасады. Қоғамдағы дәстүрді түп-тамырымен қопарып, қатер төндіру ісі тек күшті мемлекеттер тарапынан ғана жасалмайды. Сонымен бірге, шағын террористік топ өкілдері де мемлекетті өзгертіп жібере алады. Сондықтан, өзіміздің қоғам тағдырын бөтен идеологияға тапсыруға ешқандай құқығымыз жоқ! Демек, өз-өзімізді тәрбиелеп, отаншылдық рухты қалыптастыруымыз керек. Мұның қаншалықты нәтижелі болатыны бөлек әңгіме. Бірақ мен мемлекеттік саясаттың үлкен міндетінің бірін сізге дәлелдей алдым деп үміттенемін.

– Иә, сөзіңіздің жаны бар. Айтпақшы, Facebook әлеуметтік желісінде соңғы кезде бір түсініспеушіліктер орын алуда. Бұрын жүздеген лүпіл басып, жаңалықтар жолағын шексіз көре беруші едік. Қазір тұтас тыныштық орнаған. Желі тұтынушыларының көпшілігі бес мың досы барын, бірақ небары 20-25 адамның жазғанын көретіндерін, лүпіл саны азайып қалғанын, кейбір жағдайда, бөлісу тетігі жоғалып кеткендігін айтып, шағым түсіруде. Мұның сыры неде?

– Бұл – америкалық саяси элита талабынан туындаған реформа. Яғни, Facebook қолданушыларының оқшаулану деңгейін арттырып, достар арасындағы қарым-қатынасты қолдан азайтып отыр. Бұл өзгеріске көпшілік қанағаттанбаған шығар, бірақ Америка ушығып бара жатқан қоғамдағы күрделі жағдайды осылай тұрақтандырмақ ниетте. Бұдан бөлек, мыңдаған күдікті аккаунт оқшауланды. Оның ішінде ең негізгі оңтайлы әдіс ретінде мүмкіндігінше аудиторияны шектеуге ойыса бастады. Айтпақшы, біз де бұл өзгерістерді бақылап, көріп, зерттеп отырамыз.

Қазіргі таңда Facebook желісінен көптеген тұтынушы Instagram, Tinder секілді қарым-қатынас пен тілдесудің басқа формаларына көшу үстінде. Бізге де заманауи, маңыздылығы жоғары, сұранысқа ие техникалық құрал керек. Ол «контент» Қазақстанның цифрлық мүмкіндігін паш етуі тиіс. Әрине, бұл бастама арзанға түспейді. Осы орайда тағы бір жаңалықты айта кетейін. Ресей билігі жуырда 300 миллион долларға жуық қаражат бөлді. Не нәрсеге дейсіз ғой? Бар болғаны Telegram мессенджерін бұғаттау үшін!

– Хош, сіз келтірген дәлелдер жеткілікті және көңілге сенім ұялатады. «Миллер комиссиясының» нәтижесі әлі алда дейік. Бірақ Трамптың бұрынғы дос-жарандарының санына қарағанда, ол импичмент (сенімсіздік жариялау) тәуекеліне жақын тұр. Ал Ислам мемлекеттерінің жайы түсінікті. Олардың үгіт-насихатының көш басында жай адамдардың жүрмегені белгілі. Әрі оларға АҚШ пен Иран сияқты жауларын жинау мақсат болды. Енді өзімізге қарай бет бұрайық. Қазақстанның идеологиялық кеңістігін толтыру жолында сіз өзіңіз не істеп жатырсыз?

– Жақсы, мен өз жұмысым жайлы әңгімелеп берейін. Жарай ма?

– Иә, әрине!

– Біз өз жұмысымыздың бағыт-бағдары ретінде Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын негіз етіп алдық. «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталады», – дейді Президент өз мақаласында. Кез-келген қоғамда тарих – ұлтты біріктіріп, даму болашағын бағамдайтын, табысқа жетуге ұмтылдыратын, қазіргі заманды таразылайтын күш. Бұл ретте Елбасы мақаласында айтылған: «Бүгінде тарихымызға жаңаша көзқарас қажет», – деген сөзбен келіспеу мүмкін емес. Елбасы ұлт тарихы жай ғана мифология болып қалмауын қадағалап отыр. Тарихқа көзқарас, Президентіміз айтқандай, оң болуы керек. «Бірақ қандай да бір тарихи оқи­ғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұр­ғыдан ғана сипаттаумен шектелуге бол­майды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажы­рамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас ха­лықтардың да өміріне қайталанбас реңк бе­реді. Біздің тарихымызда қасіретті сәт­­тер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл со­­ғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұр­­ғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қу­ғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмы­туға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек», – дейді Мемлекет басшысы мақаласында. Мұнда еліміздің тарихи, мәдени һәм табиғи байлығының көрінісі менмұндалап тұр.

Мақаладағы міндеттерді іске асыру аясында біз аймақтық комиссия жасақтадық. Оның шеңберінде «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары және олардың аясында жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған 321 жоба мен іс-шара тізімі әзірленді. Бұл жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Жыр алыбы – Жамбыл» немесе Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаев шығармалары бойынша республикалық әдеби оқулармен ғана шектелмейді. Біз «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты буккроссинг жобасын жандандырдық. Буккросинг деген не? Бұл кітапты жинақтау. Былайша айтқанда, хобби, ішінара әлеуметтік желілер қағидаты бойынша әрекет ететін, флэш-мобқа жақын қоғамдық қозғалыс. Оқып шыққандар кітабын кездейсоқ тағы бір адамға қоғамдық орындарда (саябақ, кафе, поезд, кітапхана, метро стансысы) қалдырып кетеді («босатады»). Қабылдап алған адам да өз кезегінде осы әрекетті қайталауы керек.

Кітаптың осылай «сапарлату» жолын қадағалау арнайы веб-беттер арқылы жүзеге асырылады. Кітап алмасу жастар үшін өте маңызды. Буккросинг әдебиетке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл, менің ойымша, біздің заманымызда үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, кейбір облыс үшін буккроссинг әдебиет жаңалықтарымен танысудың жалғыз жолы болып табылады. Өйткені, өңірлерде кітап дүкендерінің саны өте аз. Ал ондағы кітаптар қарапайым қазақстандықтар үшін өте қымбат. Кітап алмасуда білімге деген қызығушылық, шығармадан алған әсерін бөлісуге деген ұмтылыс бар. Мен өз басым бұл жобаны әрдайым ерекше ықыласпен орындап жүремін. Алматыда немесе Астанада пайдалы кітап сатып алуға тырысып, содан кейін оны Талдықорған қаласында айналымға шығарамын. Білесіз бе, алыс аймақтардан, шалғай ауылдан келген балалар сөйлеген сөздерінде жақсы кітаптардан дәйексөздер айтып жатады. Мұны көру ерекше сезім мен үшін. Олардың білімге деген ұмтылысын, табысқа жету жолдарын осы жоба арқылы «жұқтырғанын» көресіз. Ғажап емес пе?

Латын графикасына өту бойынша атқарылған шаруаларға арнайы тоқталғым келіп отыр. Бұл орайда Талдықорғанда «Латын: тәжірибе мен пікір» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және көшпелі республикалық отырыс өткенін атап өте аламыз. Бұл шараға алыс-жақын елдердің және отандық тіл білімінің ғалымдары қатысты. Елбасы қазақ тілін таңбалауды латын қарпіне көшіру туралы Жарлық шығарды. Қоғам – сіз бен біз бұл қадамды қуана қабылдадық. Бірақ көшудің оңай емес екені мәлім. Бейімделу ісі де оңайға соқпайын деп тұр. Қос әліпби қатар қолданылады. Қоғамның пікірімен санасып, ақылдасып қана көшу керек деп ойлаймын. Тағы бір жарқын мысал айтайын. Жуырда ғана Ішкі істер министрлігі қазақстандық жаңа полицей формасын таныстырды. Ондағы қазақша жазу латын қарпінде «Politsiia» деп жазылыпты. Ал белгішесінде «Police» деп тұр. Мұны оқыған адам не былай, не былай шешсеңдерші, екі түрлі жазу не үшін деуі мүмкін. Бірақ осылайша бәрі бір ізге түсетінін айтқым келеді. Осы бір ғана сөздің өзі үлкен мәселе тудырып отыр. Ал латын қарпіне толықтай өту міндеттелген жұмыс тобының қандай ауыр жүк арқалап отырғанын түсіне беріңіз. Бұл үлкен майдан алаңы іспеттес. Нәтижесінде, көңілі толмайтындар тағы табылады. Бізге шағын, ыңғайлы және әдемі жазба тілі қажет.

– Иә, полиция формасына қатысты күлкілі жағдай орын алғаны рас.

– Бірақ бұл жердегі мәселе қателікте емес. Сол қателіктің шешімін іздеуде. Бір қуантатыны, бұл ізденіс жұмысы бүкіл қоғамның атсалысуымен жүріп жатыр. Полиция формасы әлі енгізілген жоқ, бұл бар болғаны таныстыру шарасы ғана ғой. Біздің ойымызша, полиция формасын халыққа бір көрсетіп алғаны жақсы болды. Ресми түрде шығарарда кем-кетігін толықтырады, елдің пікірін ескереді.

Ары қарай өңірде іске асып жатқан жобаларды тізімдеп айтып шығуға рұқсат етіңіз. Бұл жайында сауал туындаса, өзіңіз сұрап аласыз арасында. Қалай қарайсыз?

– Жақсы, келістік!

– Сонымен, биыл біз үлкен тарихи іс тындырдық. Ол – Панфилов ауданында ашылған «Орбұлақ» тарихи-мемориалды кешені. Кешенді ашуға, оның ішінде, ғылыми конференция өткізуге, жаңа кітаптың таныстырылымына, театрландырылған қойылымына 278 миллион теңге қаражат жұмсалды. Келесі жылы Талғар ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің құрылысы аяқталады. Оған салынған қаржы көлемі – 260,5 миллион теңге. «Рухани қазына» бағдарламасы шеңберінде және «Еңселі ауыл – ертеңім» жобасын жүзеге асыру бойынша 2020 жылға дейін 243 мәдени нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі, материалдық базасы толықтырылады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 9 миллиард теңге бөлінді. Облысымызда «Асыл мұра», «Туған жерім – тұғырым», «Шеберлер қалашығы» сияқты ірі-ірі халықаралық және өңірлік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Көне қала күмбірі» жобасы аясында ескі қалашықтар мен тарихи қорғандардың орны қоршалды. Төрт қалашықта археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы шеңберінде «Zhetisu guide» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның ішіне 58 киелі жер мен 2343 ескерткіш енді. Сондай-ақ, 17 нысан «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» республикалық жобасының тізіміне қосылды. Жыл басында «Жетісу географиялық қоғамдастығы» құрылды. Мұның мақсаты – Жетісудағы ішкі туризмді дамыту. Мектеп оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты өлкетанушылардың форумы өтті.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында бірнеше шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын тілге тиек ете кеткен жөн. Атап айтсақ, «Blog Camp: Alakol summer school» блогтуры, ҮЕҰ-ның «Asar» республикалық форумы, «Freelance Bolashaq» зияткерлік алаңы шаралары қолға алынды. Сонымен бірге, біз ел көлемінде «Жетісу» және «Огни Алатау» облыстық газеттерінің 100 жылдық мерейтойын атап өттік. «Welcome to Zhetysu», «I love Taldykorgan» кинотуындыларын түсіру сәтті аяқталды. Мені ерекше қуантатыны – бұл жобаларды «BBC World Wide News» телерадиокорпорациясымен бірлесіп жасағанымыз және оның 571 миллионнан астам аудиториясы бар арнасынан көрсетілгені. Бұдан бөлек, «Әл-Жазира», «Мир» халықаралық арналарымен байланыс орнатылып, миллиондаған көрерменнің ықыласына бөлендік.

«Zhetysu 360» жобасы да көпшіліктің қолдауына ие болды. Мұнда 22 музейге, 7 киелі нысанға, 2 ұлттық саябаққа виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік туды. Сүлеймен Демирел университетінің мамандарымен «Tarihi jol» бес тілді мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның ішіне облыстағы бүкіл тарихи маңызы зор, туристік нысандар кіргізілді. Тағы бір айта кететін жайт, өңірдегі кәсіпкерлер «Туған жер» бағдарламасына белсене атсалысты. Белгілі іскер азаматтар, меценаттар облыстың әлеуметтік ахуалын көтеруге көп күш жұмсады. Кәсіпкерлермен әріптестік орнатудың нәтижесінде бүгінгі таңда 3,8 миллиард теңгенің 376 жобасы жүзеге асты. Оның ішінде, Үшарал қаласында демеушілердің қаржысымен «Тарлан» спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Оған 550 миллион теңге жұмсалды. Қарасай ауданында 584 миллион теңгеге денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Мұндай мысалдар өте көп.

«Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде биыл қараша айында «Менің Жетісуым» атты жерлестер форумы ұйымдастырылды. Оған Жетісу өлкесінде кіндігі кесілген, осында өскен, қазіргі таңда шетелде тұратын немесе басқа облысқа қоныстанған азаматтар қатысты. Ал қазан айында демеушілігімен көзге түскен кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» сыйлығы тапсырылды.

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында 2019 жылы «Жетісудың жеті кереметі» атты ашық аспан астындағы музей құрылмақ. Сонымен бірге, «Жылқы мінген жігіттің жеті өнері» секілді ұлттық ат спортынан жарыс өткізілмек. Бұдан бөлек, «Сиверс алмасының гүлденуі» атты туристік фестиваль жалауын желбіретпек. Ежелгі тарихтан қазіргі күнге дейінгі аралықты қамтып, шетелдік мұрағат мекемелеріне бару үшін Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп, «Жетісу жайлы араб, парсы және түрік дерек көздері» атты халықаралық экспедиция ұйымдастырылмақ. Дәл осындай бағытта тағы үш экспедиция қолға алынады. Жоспарда тағы «Өлкетану» деп аталатын, Қазақстан Жазушылар одағымен бірлескен кітап шығарылмақ. Алдымыздағы жылдың тағы бір жарқын жобасы – әдеби-танымдық, тарихи «Qazaq epos» байқауын өткізу. Оған 6-10 сынып оқушылары қатысады. Халықаралық тәжірибе алмасу, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында конференция өткізу жоспарда бар. Бұған «Латыннегізді қазақ әліпбиін үйрету», «Speelling Bee» жобаларын қосып қойыңыз. Ал Түрік әлемінің генезисі жобасы аясында келер жылы Талдықорғанда 7 фильм көрсетілмек. Ол кинотуындылар түрік әлемінен алынған ең үздік шығармалар. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында АҚШ, Әзербайжан, Түркия елдерінен сарапшылар мен өкілдерді шақыра отырып, «Тұғырлы Туым» халықаралық форумы ұйымдастырылады. Мұның сыртында «Қоғамдық сананы оза жаңғырту», «Zhetisu IT Camp» шаралары, жастар арасында әлеуметтік желіде «Өлкетану» челленджі өткізілмек. Сондай-ақ, «Ұлы Даланың ұлы өркениеті» аясында тарихи клубтың негізі қаланбақ. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» шеңберінде «Жетісу» телеарнасымен бірлесіп, «Жетісудың ұлы есімдері» атты фильм түсіріледі. «Кинодағы және телеарнадағы тарих көрінісі» бағытында «Жібек жолы» кафесі», «40 армияның сәттілік сарбаздары» киноларын түсіру басталады. Бұдан бөлек, келер жылы бюджеттен тыс 50 жоба мен іс-шара өткізілмек. Қысқа қайырғанда, жалпы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде Жетісу жерінде жарқын істер жалғасын таба береді және мұның бәрі облыс әкімі Амандық Баталовтың қадағалауында болады.

– Иә, мына жерде сіз ұйықтауға уақыт жоқ екенін айтуды естен шығардыңыз. Қалғанының бәрі бар. Шынында да, көп нәрсе жасалып жатыр екен. Болашақ жоспар одан да ауқымды. Осыншама таудай істерді жүзеге асыру үшін сізге сарқылмас күш-қуат, қажыр-қайрат тілеймін. Арасында ұйықтап алуға да көбірек көңіл бөліңіз. Сұхбатыңыз үшін рахмет, Рустам Әлиұлы!

– Әрқашан ризамын! Әңгімемізді Елбасының бір сөзімен түйіндегім келіп отыр. «Мен өз тарихын мақтан тұта алатын, өткенін бағалайтын халықтың болашағы зор болатынына сенімдімін! Өткенді құрмет тұту, болашаққа жоғары баға беру және келешекке оң көзқарас таныту – бұл біздің еліміздің негізгі табыс кілті», – дейді Президент. Бұл сөз менің компьютерімнің «жұмыс үстелінде» тұр. Осы сөз мені таңертең ерте тұрғызады, үйге түн болмай келтірмейді. Өз-өзіңді осылай жігерлендіру қажет. Сөз соңында әрбір адамға өзіңізді жігерлендіретін нәрсені іздеп табыңыз да, іске кірісіңіз дегім келеді.
Просмотров материала: 985

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 621 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 452 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 093 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 117 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 425 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 669 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 738 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 930 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 074 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 455 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 328 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930