2 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ЕЛГЕ ДЕГЕН ЫҚЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ЕКЕНДІГІН АҢҒАРДЫМ

30 март 2014, 19:28
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ЕЛГЕ ДЕГЕН ЫҚЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ЕКЕНДІГІН АҢҒАРДЫМ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков кеше Елбасымен жүздесіп, Ақордада болып қайтты. Қаламгер мен Президент арасында қандай әңгіме болды? Аузы уәлі ағамыз мемлекет басшысымен не жайында сөйлесті? Осы сауалдар төңірегінде Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі жазушымен шағын сұхбат жасады.

Абай.kz

- Дулат аға, бұл, әрине, дәстүрлі сұрақ: Елбасымен араларыңызда қандай әңгіме болды?

- Президентпен кездесіп шыққан бетте менен телеарналардың журналистері шұғыл сұхбат алған болды. Бірақ олардың менің сөзімді үзіп-жұлып бергені ұнамады. Мен тележурналистерге кездесу барысындағы әңгімемізді толықтай айттым-ау деймін. Бірақ олар менің Лондонға шығармашылық сапармен баратынымды, осы сапарым жайлы Елбасын құлағдар еткенімді ғана көрермен қауымға жеткізді. Бұдан жұрт ойлауы мүмкін ғой, мына жазушылар тек өздерінің қара бастарының ғана қамын күйттейді екен деп.

- Сондықтан негізгі әңгімелеріңізді Abai.kz ақпараттық порталының оқырманына білдіре отырайық.

- Негізгі әңгіме Украинаның басындағы бүгінгі ахуал тұрғысынан өрбіді. Тілі туыс, діні бір, тарихи тамыры тереңге кеткен, тіпті бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтын Украина мен Ресейдің арасындағы бүгінгі шиеленіс мені қатты толғандырады дедім Президентке. Тарихта «Киев княздігі» деген болды. «Киев – орыстың анасы» депте айтылатын. Міне, осындай баяғыдан ілік-шатыс елдің арасы бүлініп жатқанда бізді де әртүрлі ойлар шырмауықша шырмайды екен. Шығысымыздағы елмен де, солтүстіктегі көршімізбен де дініміздің, діліміз бен тіліміздің үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ал, еліміздің солтүстік облыстары болса, сол солтүстіктегі көршімізге қарап елеңдеп отыратыны белгілі.

Бұлар да ертең референдумдатып шыға келмей ме? – дедім. Президент күліп: «Ағайынды екеуі ала көз болып қалса, оған біздің қатысымыз жоқ қой» деді. Сосын елдің тыныштығы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгі сақтап қалудың қамы біздікі, жатпай-тұрмай алыс-жақынның бәрімен сөйлесіп отырмыз. Кімнің көкейінде қандай ой жүр, пиғылы қандай –соның бәрін қадағалап, бақылап отырмыз. Еліміздің Тәуелсіздігінің бір түйірін де жаттың қолына бермейміз.

Мен неге «тыныштық-тыныштық» дей беремін. Тыныштықтың, сыйластықтың қадірін біздің халық айналада болып жатқан оқиғалар дүрмегіне қарап отырып пайымдап үлгерген шығар деп ойлаймын. Осы тыныштықтың арқасында аяққа әбден тұрып алуымыз керек. Шүкір, шекарамызды барлық тараптағы көршілерімізбен бекітіп алдық.

Ішкі жалпы өніп жылдан жылға өсіп келеді. Табиғи ресурстарымыздың игілігін көріп бастадық» , - деді. Содан маған күле қарап қойып: «Дүке, - деп әңгімесін жалғастырды, - Дүке, мен елдің тілегін, ой арманын, мақсат мұратын жақсы білетін адаммын. Бірақ әр нәрсенің өз реті бар. Біреулер тіл мәселесін төтесінен қойғысы келеді. Біреулер тіпіті орыстілді телеарналарды жауап тастау керек деп жатыр.

Ал, осының бәрін бір күнде қолға алайық та, іске асырайық. Сонда не болады? Ішіміздегі жұрт дауырықпайды, дау шығармады дей аламыз ба? Шығарады. Соның бәрін біліп, сезіп отырғандықтан таразы басын тең ұстауға мәжүбірміз». Әңгімесін осы сөзбен бір қайырған Президен одан әрі Гаагадағы кездесулердің мән-жайын баян етті.

Мен де осы арада Елбасына ризашылығымды білдірдім. Мемлекет басшысының беделі – мемлекеттің беделі. Мемлекетің азуын айға білеп тұрғанымен оның басшысы дарынсыз біреу болса, ел атына сын. «Сіздің АҚШ Президенті Барак Обама сияқты тұлғалармен жеке кездесіп әңгімелесуіңіз біздің көңілімізді тасытты. Сол жиындағы саясаткерлерден сіздің шоқтығыңызды біз биік көріп отырдық», - деп едім Президент жайраңдап күліп: «Бәрі де елдің қамы ғой» деп бұл әңгімеге нүкте қойды.

- Дулат аға, сіз былтыр Қазақстан халқы ассамблеясының құрылтайында Моңғолиядан көшіп келген бауырларымыздың біразы кері көшіп кеткені туралы айтқан едіңіз? Сол мәселе әңгіме болды ма?

- Болды. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерін қоспағанда 11 миллион ғана халқың бар. Нүреке, осы көші-қон жайы қалай болады, мынау Ақордамыз қоныс тепкен Арқа даласының батысы мен солтүстігіндегі облыстарға көз алартып, сөз қылып жатқандар бар деп едім, Президент: «Көш тоқтамайды, мұның бәрін терең ойлап, нақты істерге қадам жасағалы отырмыз, көңіліңдегі алаңды түсінемін», - деді.

- Байқаумызша, Президентте бір бетбұрыс бар сияқты.

- Иә, Елбасының елге деген ықыласын осы жолы ерекше байқадым. Үлкен саясаткер ғой. Саясаттың адамы алдағы жоспарының бәрін ақтарып тастап қарап отырмайды. Бірақ, бір бетбұрыстың барын осы жолғы кездесуден мен де іштей аңғардым.
Просмотров материала: 4 366

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 041 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 743 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 237 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 277 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 640 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 986 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 013 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 354 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 047 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 069 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 266 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 933 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 061 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 682 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 565 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 607 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 795 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 555 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 964 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 745 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 408 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 252 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 625 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 984 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 423 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 311 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 545 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 291 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 230 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 374 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 683 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30