3 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қайрат Нұртасты жұрт неге жақсы көреді?

19 март 2014, 16:02
Қайрат Нұртасты жұрт неге жақсы көреді? Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, қазақ эстрада әншілерінің алдыңғы сапынан ойып тұрып орын алған Қайрат Нұртастың жоғары жетістіктерге жетуі кімді болсын қызықтырмай қоймайды. Біз де сондай ойдың жетегімен, ондаған адамдардың ой-пікірлеріне сүйене отырып журналистік зерттеу жүргізіп көргенімізде, мынаған көз жеткіздік.

Зерттеу қорытындысын бірден айтар болсақ, Қайраттың сахнада өзін еркін ұстап, жүріп-тұруы, киінуі, т. б. ұсақ-түйек нәрселерінің халықтың көңілінен шығып жататыны, өнерін шыңдап, ізденіп әрдайым бабында жүруі көп еңбектің нәтижесі екені айтпаса да белгілі. Әйтсе де, әншінің жүріп өткен шығармашылық жолына үңіле отырып, жоғары биіктерден көрінуіне Жаратушымыздың өзі әу бастан-ақ қолдау білдірген бе деп қаласың. Оған дәлел - әншінің даусы, тәрізі және туған жері.

Таратып айтар болсақ, Қайратта көптеген әншілерде кездесе бермейтін, тыңдарманын еріксіз өзіне қарай тарта алатын керемет дауыс бар. Кез келген әнді айтқанда көмейінен жарықшақтана шығатын қарлығыңқы һәм жалынышты нәзік үннің құдіреттілігі сол – бір қалыпты әлсіз ырғақпен сыздықтап тұрып-ақ, иі қатты адамдардың өзін бірден тұла бойын жылытып, ерітіп, лажсыздан өзіне қарай иліктіріп, жыланша арбап алады. Қайрат Нұртас басқалар сияқты көкіректеніп ән айтпайды. Оның үнінде жалыныш бар. Жалынышты үн тыңдарманның аянышын туғызатыны белгілі. Бұл ақын жанды, көңілі бос жандарды көлкілдетіп көз жасын төгуге мәжбүрлейді. Әншіні жоғары көтеріп, аспандатып жіберген бірінші фактор - осы.

Әншіні халықтың басына көтеріп жүруінің ендігі бір себебі, Қайраттың кескін-келбетінің кәріс халқының өкілдеріне қатты ұқсайтындығы. Қазақ телеэкрандарында жөн-жосықсыз кәріс киноларының көптеп берілуі, әншінің сахналық өмірімен тұспа-тұс келді. Көптеген көрермендердің, әсіресе жастардың өз тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін жақсы білмесе де, кәріс тарихын жатқа соғып, олардың батырларына, әншілеріне ессіз беріліп, соның салдарынан кәрістен аумай қалған Қайраттың өнері ұнасын-ұнамасын оны жақын тартып, қол соғатындығы - өз кезегінде көрермендер алдында әншінің ұпайын үстемелеуіне әжептәуір сеп болып жүр.

Әншінің өзге әншілерден озық кетіп аспандауына жәрдемін тигізіп жүрген тағы бір ауыз толтырып айтатын нәрсе – Қайрат Нұртастың туылған жері. Қайраттың берісі қазақ, арысы түркі әлемі пір тұтатын киелі Түркістан қаласының түбінде дүние есігін ашуы әншілердің бәріне беріле бермейтін бақ десе болғандай. Бұған жоғары да айтып өткеніміздей, көптеген жандармен пікірлескенімізде анық көзіміз жетті. Сұрақ берілгенде, олар басқа әншілердің қайда туылғандарын білмей, шатастырып алып жатады. Қайрат Нұртасқа келгенде, оның қайда туылғанын мүдірмей дәл табатыны таңдандырды.

Сондай- ақ, әңгімелеріне бажайлап қарағанымызда, олардың әншіге деген ықылас-пейілдері осы Түркістан қаласына туылғанына байланысты екені сезілді. Түркістан қаласы дініміздің, мәдениетіміздің өркендеуінде алар орны ерекше, сондықтан болар, орта жастан асқан жандардың түсінігінде «түркістандықтар құдайға қараған жаманшылығы жоқ инабатты, мәдениетті, жаны жайсаң тәрбиелі жандар болып келеді» деген түсінік басым. Сондықтан көптеген жандардың Қайраттың сахнадағы өнерін бағалағанда осы жағына басымдық беріп, оң қабақ танытатыны белгілі болды.

Бұған қоса айтатын тағы бір нәрсе бар. Түркістанда өзбек ағайындар көп тұрады. Солардың мәдени ықпалы әсер етсе керек, мұндағы қазақтар өте кішпейіл, сөздері майда, құлаққа жағымды естіледі. Қайрат Нұртас та осы қасиеттерді жастайынан бойына сіңірді. Бұл оның мінезінен, сөйлеген сөзінен, тіпті әнінен де көрініп тұр.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртасты ұнататындардың арасында әншінің ұлтшылдығын алдыға қоятындар да болды. Бірақ бұл бізге жай орайы келіп тұрғанда көңілжықпастықпен айтыла салған жеңіл-желпі сөз боп көрінді. Өйткені, отанын, елін, ұлтын сүйетін кез келген адам ұлтшыл емес пе? Онан да «Қайрат Нұртас неге «ұлтшыл» болып жүр?» деген дұрыс-ау! Бұл енді бөлек әңгіме.

Сәкен Түсіпбек, serke.org
Просмотров материала: 1 910

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 566 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 235 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 725 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 769 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 141 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 269 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 302 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 611 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 259 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 339 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 513 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 739 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 813 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 388 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 236 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 620 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 350 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 752 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 561 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 397 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 240 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 095 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 437 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 322 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 805 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 041 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 778 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 129 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 072 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 207 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 148 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 367 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 520 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31