5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК

11 февраль 2015, 14:49
«БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК Өткенде Қабанбай батыр көшесі бойында кетіп бара жатып, байқамай «батырды» басып кеттім. Анығында, менің басқаным кәріз жүйесінің қақпағы екен.

aikyn.kz

Креативті жарнамашылардың мына «жаңалығын» қараңызшы, кәріз жүйесінің темір қақпағын Қабан­байдың қалқанына айналдырып жіберіпті. Иә, қақпақты қалқанға ұқсатып, оны Қабанбайға ұстатып қойыпты. Көшемен әрлі-берлі өткен жұрт батырымызды аяққа таптап өтіп жатыр. Тіпті кейбіреулері түкіріп, темекі тұқылын, шемішке қабығын лақтырып өтуде.

Мұндайда қалай намыстанбай­сың? Қалай делебең қозбайды? Бір ғана Қабан­бай көшесінде ғана ма десек, Қарасай, Бөген­бай, Наурыз­бай батыр көшелеріндегі жағ­дай да осыған ұқсас екен. Бөгенбай батыр көшесіндегі кәріз қақпағында Бө­ген­байдың, Қарасай көшесінде Қарасай­дың, Наурызбай көшесінде Наурызбайдың тро­туардағы бейнесі бар екен. Суреттердің бәрі де трафа­рет­тік тәсілмен салыныпты. Батыр­лардың астарында – тұлпар, қолда­рында – қақпақ. Қилы заманда жау­гер­шілік жойқы­нына тойтарыс беріп, қазақ даласын қал­қа­нымен жаудан қорғап қалған батыр­ларды осылай мазақтай­тындай не күн туды? Әсіресе, биылғыдай Қазақ хан­дығының 550 жылдығын той­лай­мыз деп, бел сыбанған кезде батырлар бейнесінің табан астында тапталып жатқаны қалай?

Жарнамашылардың шығарып жүрген креатив дегені бір бәле бол­ды бізге. Өз­деріне салсаң, «қазақтың батырларын жарнамалап тұрмыз, бұған жаңашыл көзқараспен қарау керек» деп бет бақтыр­майды. Құдай-ау, батырларға не жарнама керек? Қазір қай қазақтан сұрасаң да Қа­бан­бай мен Бөген­байдың кім екенін тақылдап айтып бермей ме? Атын білгенін былай тұрсын, жасаған ер­лі­гін, атқарған қызметін де жатқа соғады.

Әлде, бұл көшемен жүрген адам жерге қарап, бұл кімнің жері, яғни кімнің атындағы көше екенін көріп жүрсін деді ме екен? Көше атауы ғимараттардың қабыр­ғасында-ақ жазылып тұр емес пе, тротуарға жазудың не керегі бар?

Ал жаңаша көзқарас дегенді қалай түсінеміз, жаңаша көз­қараспен қарау керек екен деп басты құндылықтарымыздың бәрін жоққа шығаруымыз керек пе сонда? Креативтің де көкесін көріп жүрміз, ал мынау ешқандай да креатив емес, қорлау, мазақтау. Осыны жасаған «Guerilla» жарнама агенттігінің батырларымызды лас-лас аяқтардың астында «таптату­дан» басқа ойы болмаған сияқты. Оларға батырлардың біз үшін ұлттық намысымыз екені бес тиын.

Кезінде Голливудтағы «Даңқ аллеясындағы» тротуарға танымал адамдардың есімдері жазылғанын білесіздер. Атақты жұлдыздардың бәрінің жұлдызы тротуар бойында жайрап жатыр. Тек даңқты боксшы Мұхаммед Әлидің ғана даңқ жұлдызы қабырғада ілініп тұр. Мұхаммед Әли: «Менің есімім – барша мұсылмандардың соңғы пайғамбарының құрметіне қойылған. Сондықтан мұндай құрметті есімді қабырғаға қадауды талап етемін» деген болатын. Сол талабы орындалды. Ал біз... Қазақ хандығын, тұтас қазақ ұлтын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қызғыштай қорғаған батырларымызды «басып» жүрміз. Соған қарағанда, ұлттық рух, қазақы патриотизмнің не екенін ұмыта бастаған сияқтымыз. Бүгін бабаларымызды мазақтасақ, ертең өзіміз елге таба болмаймыз ба?

«Guerilla» жарнама агенттігі бұл акцияның тақырыбын «Біз оларды ұмытпаймыз, себебі олар соған лайықты» деп қойыпты. Батырлар табанда тапталуға лайықты болғаны ма? Бұл деген барып бұрған бассыздық емес пе? Тіпті агенттік осы акцияны желеулетіп «Батырлар» деген жобамен жарнама агенттіктері арасында ұйымдастырылған байқаудың да жүлдегері болыпты. Не үшін жүлде берілген, баба­ларды, батырларды мансұқтағаны үшін бе?

Бұған Алматы қаласының әкімдігі, қаланың көркіне жауап беретін уәкілетті органдар неге мән бермеді екен. Үстін сылап, тазалап тастаса болмай ма? Рас, суреттер уақыт өткен сайын өшіп, жоғалып бара жатыр. Бірақ дер кезінде өшіріп тастаса, бұдан да жақсы болар ма еді.

Биыл біздің ел Қазақ хан­дығының 550 жылдығын той­лағалы отыр. Тіпті той басталып кетті деуге болады. Қазақтың хан­дары мен сұлтандарын, батыр­лары мен билерін ұлықтаған шаралар әр аймақта өтуде. Осын­дай думанды кезде батырға көр­сетілер құрмет айрықша болуы керек емес пе еді? Оларды ұлық­тап, абыройларын аспандатуға тиісті емес пе едік?
Просмотров материала: 1 975

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 561 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 372 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 018 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 052 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 347 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 170 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 315 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 500 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 213 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 407 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 276 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 884 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031