14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Неке және отбасы» туралы Заңға өзгерістер енгізу керек

22 январь 2015, 18:05
«Неке және отбасы» туралы Заңға өзгерістер енгізу керек Соңғы кездері біздің қоғамда қос әйел алу туралы пікір қозғалып жүр, бұл еркектер отбасын бұзып жатыр деген біржақты пікір емес, «жас күйеуге» шығуды сәнге айналдырған қалталы қыз-келіншектер санының артуы бүгінгі күннің шиқан сынды сыздауық жарасы. Бұл көрініс біздің қашқан-пысқанның бәріне еліктегіш қоғамымызда ұлттық құндылықтың әдіре қалғанын көрсетеді.

"Ұлт.kz" порталы
Қазіргі таңда тірідей жетім қалған балалардың тағдыры мен ойраны шыққан отбасылар туралы тақырып кейінге шегеріліп, «кім қанша әйел алды» немесе «неше күйеуге шықты» деген «сән» ең өзекті тақырыпқа айналғандай, әлеуметтік желі тұрмақ мүйізі қарағайдай басылымдардың өзі осы мәселені оқырман тартар арзан жарнама ретінде қолдануда. Бұл бұқараны рухани жұтаңдыққа әкеп соғады. «Қос әйел» мен «қос күйеу» тақырыбы біздің елдегі демографиялық өсімді түсіріп, ұлттың ұлт ретінде жойылып кетуіне себепкер болар құбылыс.

Өз өмірін кейінге шегеріп, күйеуінің жағдайын жасап, бала-шағасының қамымен өткізген қанша әйел қазіргі таңда зорлық-зомбылық көруде, «жағдайын жасап отырмын» деп тізеге басқан қанша еркек бәйбішесінің келісімінсіз бір қатынды жіберіп, бір қатынды алып, нәтижесінде өмір бойы азаматының бабын жасаған әйелдер зардап шегуде. Дегенмен, әйелдер қауымы да бұл «сәннен» тыс қалып отырған жоқ. Кәсіпкер әйелдердің қатарында соңғы кездері жас жігітке күйеуге шығу үрдіс алып барады. Бала-шағасын күйеуіне қалдырып, басқамен шаңырақ көтеріп жатқан келіншектер саны да жетерлік. «Жалғыз басты ана» немесе «жалғыз басты әке» атанғандардың мемлекет тарапынан қандай да бір жәрдемақы алу құқы туралы ешқандай әлеуметтік жарнама жоқ. Тоқал тақырыбы ажырасу үрдісін арттырса, күйеу жаңа алғыш келіншектер «жалғызбасты әйелдер» санын арттырып отыр.

Бұрын «көкек ана» деген атау болса енді «жас күйеу» немесе «тоқал» деген термин пайда болды. Бір қызымнан бір қызым сорақы дегендей енді қазақ қоғамында көгілдірлер мен «түрлі-түстілер» саны да көбейіп барады. Бұл кереғар тірліктер біздің ұлттық менталитетімізге сай келмегені былай тұрсын, сан алуан қылмыстық оқиғаларды туындатуда. Соңғы кездері азаматтық некенің саны артып, жауапкершіліктен ада осындай отбасыларда некесіз балалар дүниеге келуде.

Жеті атасын білмеген жетесіз деген атам қазақ, дәл осы азғындаушылық жалғаса берсе, ұлттық құндылықпен, тектілік деген қағида қаңғырап қалар түрі бар. Осының бәрін көріп отырып, он үштегі баланы автокреслоға таңу туралы ұсынысты қолдаған депутаттарымыз одан да Қазақстан Республикасындағы «Неке және отбасы» туралы Заңды реттеп, өзгерістер енгізсе дұрыс болар еді деген өтінішім бар. Аталмыш Заң тұңғыш рет біздің елде 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған болатын! Одан бері қанша жаз өтіп, қыс келді. «Отан отбасынан басталады», ал шағын мемлекет саналар отбасын сақтау үшін төмендегі ұсыныстарды ортаға саламын, өйткені мен Қазақстанның азаматымын және осы қоғамның бір мүшесімін:

- Еркек не әйел өзінің некелі жарынан ажырасып, баласын тірі жетім еткен жағдайда «айыпты жақ» жалғыз қалған жұбы келесі некеге тұрғанға дейін алимент төлеуі керек. (Шетелде отбасын бұзған адам зардап шегушіге алимент төлейді, өйткені қолында бала-шаға қалған адамның жауапкершілігі артады)

- Мешіттерде некеге тұруды құжаттандыру немесе орталықтандыру қажет. Некені тіркеуді заңдастыру ләзім және неке қию рәсімі кезінде молдалар сол жерде көпшіліктің көзінше бәйбішесінің разылығы бар-жоғын сұрауы керек. Әйтпесе, «бәйбішем біледі» деген бір ауыз сөздің артында қаншама ойраны шыққан отбасы тұр? Ол бәйбішенің бәлетінін немесе білмейтінін кім анықтап жатыр? Мешіт Алланың үйі, дегенмен отбасындағы кикілжіңге себеп болмауы керек. Басына сәлде орағанның бәрі оқымысты емес, бәйбішем біледі деген сөздің барлығы ақиқат емес.

- Жас күйеуге немесе жас әйелге үйленгендер келесі жұбы келісім бермей ажырасқан жағдайда өтемақы төлеуі керек. Сол арқылы уақытша бір адамды ойыншыққа айналдырғандар санын азайтумыз және отбасын сақтаудың бір тетігін жасаймыз.

- Соңғы кездері «кәрі қыз» немесе «кәрі жігіт» атанып жүргендер саны артуына байланысты баяғы Кеңестік замандағы «бойдақ салық» төлеуді енгізу керек. Өмірі бүйірі шықпайтын бюджетке қосымша қаржы көзі болады, әрі демографиялық өсімге оң ықпалы тиеді.

- Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсан N 4176 Жарлығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Бірақ осы комиссияның құрамында отбасы құндылығын басты орынға қойған аты танымал тұлғалар неге жоқ? Зейнеп Ахметова сынды ұлттық тәрбиені насихаттап жүрген кесек тұлғалар енбеген комиссияның бүгінгі құрамы «жұлдыздар шоуы» сияқты.

Жылтыр сөздің емес, істің заманы бұл, сондықтан Отбасы туралы сөз қозғау үшін комиссияның құрамын жасақтағанда бір мезгіл олрдың отбасы жағдайына да қарау керек. Менің ойымша, отбасын сақтай алмаған адамдар жауапкершіліктен жұрдай пенделер және қос қатын алу немесе қос күйеуге тигенді сән еткендер өз Отбасында қадыры қашқандар. Жан ұясына жылуы барлар ешқашан көкек сияқты даладан ұя іздемейді. Өйткені өз ұясының жылуы оған бәрінен де қымбат.

А.Қуанышбайқызы,

Қазақстан журналистер Одағының мүшесі
Просмотров материала: 4 466

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 221 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 724 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 314 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 366 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 665 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031