6 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ерлан САЙЫРОВ. Балқашқа қауіп төніп тұр

20 январь 2015, 14:02
Ерлан САЙЫРОВ. Балқашқа қауіп төніп тұр Талай тарихи кезеңнің куәсі болған, халқымызға қаншама жыл пана болған, бүгінгі Қазақстан тәжінің гүлі тәріздес Балқаш көлі экологиялық апат алдында тұр.
Абай。kz

Балқашқа құйылатын судың 80 пайызы Іле өзенінен келеді. Осы Іле өзенінің 70 пайызы көрші Қытай мемлекетінің территориясынан өтеді де, 30 пайызы біздің елге тиесілі. Көлдің су көлемі кейінгі 2 мыңжылдықта теңіз деңгейінен 338-346 метр биіктікте болған. 2012 жылы орташа деңгей 342,8 метрді құрады. Балқаштың өмір сүруіне қауіп тудыратын негізгі фактор – кезінде Аралдың түбіне жеткен жағдай – судың бақылаусыз алынуы. Судың алапат тұтынушысы саналатын Қытайдың антропогендік әсері Балқашқа кері ықпалын тигізіп отыр.
Қытайдың Шыңжанға хань ұлты өкілдерін көшіру саясатының нәтижесінде Іле өзені алабында тұратын адамдар саны 1 миллионнан асты, жақын арада 3 миллионға жетуі ықтимал. Бұл өз кезегінде суарылатын жердің көлемін күрт өсіруді талап етеді, яғни, жаңа бөгеттер мен тоғандар салынады деген сөз.
Бұл мәселені шешудің бір жолы – тамшылатып суару әдісіне көшіп, көлге құятын үлкенді- кішілі өзендердің арнасын Балқашқа бұру. Бірақ бұл тәсіл мәселені толығымен шешуге мүкіндік бермейді. Ең негізгісі – Іленің су ресуртарын елімізге толыққанды жеткізу.
Балқаштағы су көлемінің 4-5 метрге азаюы (теңіз деңгейінен 337 м төмен) көлдің батыс және шығыс бөлігін қосып тұрған Ұзынарал бұғазының суалып қалуына әкеледі. Ал – бірте-бірте Балқаш көлі жойылуы мүмкін деген сөз! Біздің шенеуіктер осыны біле ме?! Менің таң қалатыным: біздің шенеуіктердің басым көпшілігі демалыс күндерін Алматыда өткізеді де, дүйсенбіде Астанаға қайтып келеді. Әрине, Алматыға олар ұшақпен барады. Көптеген жағдайда ұшақ дәл осы Ұзынарал бұғазының үстінен ұшады. Жоғарыдан бұғаздың күннен-күнге кішірейіп бара жатқаны көрініп тұр! Көл қазірдің өзінде екіге бөлініп қалды десе де болады!
Балқаштың құрғап қалуы еліміздің бүкіл оңтүстік-шығысын экологиялық апатқа ұшыратуы ықтимал. Топырақтың тұздануы, оазистердің құрғауы, Алатаудың мұздықтарының жойылуы – Балқаштың құрғауына алып келеді. Қаншама әлеуметтік аурулар пайда болады, мал қырылады, ол өз алдына! Келе жатқан наубәт жөнінде жапондықтар айғай салып жатыр, біздікілер, су ұрттап алғандай, ауыздарын ашпайды!
Бізде экология мәселесі мүлде жоқтай экология министрлігі де жоқ екен! Елімізде бұл салада ешқандай мәселе жоқ болса, бір сәрі! Экология мәселелері Энергетика министрлігінің құзырына берілген Сондықтан Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьникке мына сұрақтарды жолдаған жөн деп таптым!
Еліміздегі экологиялық мәселелерді зерттеп, сараптама жасап, оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыратын орталық қажет;
Балқаш мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеретін уақыт жетті. Ертең кеш болып қалуы ықтимал;
Балқаш көлінің мәселесін шешуге бағытталған Өкіметтік комиссия құру – кезек күттірмейтін мәселе;
БҰҰ мінберінен Қытайдан келетін трансшекаралық су ресурстарын тұтынуда Қазақстан мүдделерінің ескерілмей отырғанын ашық мәлімдейтін уақыт жетті!
Просмотров материала: 2 034

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 263 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 843 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 367 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 425 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 773 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 306 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 407 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 697 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 131 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 241 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 596 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 449 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 385 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 221 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 465 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 156 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 334 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 263 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 236 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 156 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 659 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 467 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 992 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 247 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 621 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 943 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 029 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 989 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 354 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930