7 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЕРКЕК НЕГЕ ӘЙЕЛ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ?

12 январь 2015, 12:56
ЕРКЕК НЕГЕ ӘЙЕЛ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ? - Еркек болғым келмейді-і-і-і...- деп аяқ астынан шыңғыра жылаған жас баланың дауысына еріксіз жалт-жалт қарадық. Іші-сырты тілмен жалағандай жалтыраған үп-үлкен супермаркеттің ішінде арылы-берілі қайшы алысып жатқан көпшілік те дауыс шыққан жаққа аңтарылып қалды. Айналадағы адамдардың, адамдар болғанда да аңтарылып қалған қазақтардың қарасынан ұялып кетті ме, әлде басқа бір себебі болды ма – әйтеуір шыңғыра жылаған бес-алты жастағы ұл баланың жанындағы... анасы болса керек, жап-жас келіншек әлдекімдерден ақталғандай, айналасындағыларға былай деп салды: «...осы бір телевизоры құрғырдағы әйелдерше киінген еркектерден-ақ көретін болдым ғой, көресіні! Қосып қалсаң болды, жап-жас жігіттер әйелдерше киініп алып, неше түрлі қызықтың көкесін көрсетеді де жатады. Енді келіп міне, соны көре-көре әбден миы айналып қалған мына балам дүкенге келсек болды, «еркек болғым келмейді, маған қыз баланың киімін алып бер, телевизордағы көкелер сияқты болғым келеді» деп қиғылық салады. Не істеуге болады бұған, а? Түсіндірейін десең, түсінбейді ғой бұл... кішкентай ғой әлі...»

Кішкентайдың қылығына көпшілік сол жерде әлбетте, ішек-сілелері қатқанша күліп алды. Ал әлгі келіншек болса... қолына қыз баланың гүлді-гүлді көйлегін қысып алған ұл баласымен әуре болып кетті. Иә-ә-ә, күлейін десең, күлетіндей-ақ әрекет – әлгі кішкентай баланікі. Ал бірақ мен күле алмадым.

Өйткені есіме сыншы-жазушы, кинодраматург Айгүл КЕМЕЛБАЕВАның осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі бір баспасөз бетінде «...көгілдір экрандағы кинодан артық қандай идеология керек?! деген сөздері түсті. Шынында да, бүгінгі күні біздің телеарналарымыз екі күннің бірінде біздің еліміздегі «саны бар да, сапасы жоқ» қаптаған көп сатира театрларының әр жылдардағы, әр маусымдардағы өздері қызықты да қызықты деп есептейтін қойылымдарын бұрқыратып көрсетеді де жатады. Көрсете берсін, мейлі ғой. Әйтсе де мәселе мынада: менің білуімше, қазақ елінде ер адамдардан гөрі, әйел адамдардың саны басымырақ, мұны екінің бірі жақсы біледі.

Сонда деймін-ау, сатира театрларындағы еркексымақтардың «еркектің образын жасау» қолдарынан келмегендіктен әйелдердің рөлдерін ойнағаны ма сонда, қалай бұл өзі? «Әйел адам аз болғандықтан әйелдердің рөлдерін еркектер ойнап жатыр ма?» дейін десең, елімізде әйел дегеніңіз «жыртылып айырылады». Олардың ішінде кез-келген образға ойдағыдай кіріп кететін таланттылар да аз емес. Сонда мұнымыз не масқара? Рас, өзге елдерде, әсіресе біздің қазекең қатты еліктейтін солтүстік көршімізде кейбір актерлер әйелдердің рөлдерін ойнады. Бірнеше рет. Оның өзінде де өзіміз көрген бірді-екілі телехабарларда ғана. Соны көріп алған біздің «талантты жастарымыз» келсін-келмесін қыз болып та, әйел болып та, тіпті кемпір болып та ойнай беретін болды.

Ал енді ана бір Нұртас АДАМБАЕВ деген жап-жас талантты жігітіміздің еркек екеніне кейбіреулер күмән келтіретін де болды, өйткені оны ер адам ретінде кейбіреулер көз алдына елестете алмайды екен. Шындығы осы. Мұндай қарадүрсін «әйели әрекеттер» аты дардай «Шаншарға» да, «Нысанаға» да, «Алдараспанға» да, «Базар жоққа» да... басқасына да тән. Бұл не сонда, Еуропа елдеріндегі бір жыныстылардың отбасылық әрекеттерін қазақ елінде насихаттау ма? Насихаттағанда да оны өзгелер емес, өзіміз насихаттап жатырмыз ғой! Олай емес дейін десең, супермаркеттегі әлгі кішкентай ұл баланың «еркек болғым келмейді-і-і-і...» деп шыңғыра жылағанын қалай түсінуге болады? Рас, бұл жерде баланың титтей де кінәсі жоқ, өйткені кішкентай бала өте-мөте еліктегіш болады. Көргенін істегісі келеді.

Өткен жылы Қарағандыда орыстың екі жігітінің үйлену тойы дүркіреп өтті. Екі «голубойдың» осынау тойын телеарналар да, интернет желісі де қолдарынан келгенше әспеттеп, мадақтап... жарнамалап жатты. Біздің елімізде «мұндай некеге» заң тұрғысында тиым салынғанымен, сол кезде сол тойға бір де бір құқық қорғау органы, бір де бір депутат... «ТӘЙТ!» деген жоқ. Оны қойшы, оның жарнамасы бір реттік қана ғой, болды да – жоқ болды дейміз. Ал мына өзіміздің «талантты жігіттеріміздің талантты әйел» болуға қатты ұмтылатыны... бізді қатты ойландыратын болды. 31-ші арна дегеніміз құдайдың құтты күні көрсетеді осыларды. Соңғы кездері. Бұған қалай тосқауыл қоюға болады өзі, а? Бірдеңе дейін десең, «жеке адамның өміріне қол сұққан» болып шыға келесің. Бірдеңе демейін десең, бұлардың көпшілігі әй-шәйға қарамай «балаларды бұзып» жатыр. Әлде сатира театрлары өз қойылымдарына «кәмелет жасына толғандар ғана көрсін» деген хабарлама ілсін деп талап қояйық па! Не істейміз сонда, а, халайық-ау?

Марат МАДАЛИМОВ.

Дерек көзі: www.abai.kz/post/view?id=2615
Просмотров материала: 2 276

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 311 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 893 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 414 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 472 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 820 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 308 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 409 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 700 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 135 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 244 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 598 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 449 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 572 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 386 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 222 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 703 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 468 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 158 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 559 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 334 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 263 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 238 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 157 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 660 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 467 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 992 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 248 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 622 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 001 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 944 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 030 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 990 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 197 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 354 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930