9 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ресей халқы өз Үкіметінен басқа ешкімді кінәлай алмайды

13 ноябрь 2014, 8:19
Ресей халқы өз Үкіметінен басқа ешкімді кінәлай алмайды Соңғы уақытта Ресейде белең алып келе жатқан ұлыресейлік шовинизм көрші мемлекеттерді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Украинадағы дағдарысты пайдаланып, Қырымды алу, яғни «Қырым ежелгі Ресей территориясы» концепциясы мен көрші елдердің «мемлекеттігінің болмауы» тұжырымдамасы бүгінгі Ресей билігіне қосымша ұпай беріп отырғандай көрінеді. Путиннің Ресейдегі рейтингісінің өсуі – ұлтшылдыққа арқа сүйеген «шовинизмнен» шығатындығы аңғарылуда. Дегенмен шовинизм ешқашан жеңіске жетелемеген бағыт екендігі тарихтан аян. Бүгінгі Ресейдің де саясаты ұзаққа апармасы айқын.

"Қамшы" порталы


Бүгінгі Ресейдің шовинизмі мен тарихи Ресейлік шовинизм арасында үлкен айырмашылық жатыр.

Ресейдің ұлы еуропалық империя ретінде қалыптасуы І Петрдың империялық амбицияларынан көрініс тапты. Ол кезеңдегі Ресей Еуропаның ең артта қалған елдерінің қатарында еді. Тіпті Швед корольдері және тарихи негізгі қарсыластардың бірі болған Поляк корольдері Ресейді өзінің шығыстық провинциялары ретінде қарастырғаны белгілі. Швед королі Карл ХІІ тіпті Ресейге ауыр қару кіргізбестен, атты әскермен-ақ 3 ай көлемінде Ресейді басып алуға болады деген тұжырымдаманы ұстанғандығы белгілі. Оның бабалары Густав-Адольф Ресей ешқашан Ливония мен Балтық теңізі жағалауын басып ала алмайды деген тұжырымдаманы ұсынған болатын. Алайда, І Петр орыс халқының бойындағы күш-жігерді оята білді. Ол Ресейді тежеуші факторлардың барлығын жойып, жаңа «еуропалық» мемлекет құру идеясын жүзеге асырушы тарихи тұлға. Швециямен соғыс Ресей мемлекеттігінің бұл кезеңінде «мемлекеттілік» үшін күрес ретінде қарастырылып, халық арасында қолдауға ие болды. Әрине І Петрдың бұл реформалары халықтың барлық топтарынан бірдей қолдау таппады. Атақты «сақал көтерілістері» осының негізгі айғағы. Дегенмен «мемлекеттілік» ұғымы дәстүршілдік ұғымынан басым түсіп жаңа бастамаларға жол ашты.


Ұлыресейлік шовинизмнің екінші кезеңі І Александр императордың тұсында болды. Наполеон Бонапарт секілді қатерлі жауды жеңу Ресей империясын ең қуатты мемлекетке айналдырды. Мұның өзіндік себебі де бар. Наполеон Бонапарт әскерлерінен 3 рет жеңіліс тапқан Ресей Тильзит шартына қол қояды. Шартқа сәйкес, Ресей француз императорының экономикалық саясатының негізі болған «континенталды блокадаға» қосылуға мәжбүр болады. Бұл Ресейдегі барлық әлеуметтік топтарға кері әсерін тигізген күрделі жүйе болатын. Себебі ол кездегі Ресей экономикасы экспортының негізгі бағыты Ұлыбритания болатын, импорттың негізгі бөлігін де Лондон қамтамасыз ететін. Тарихи құжаттарға үңіліп қарайтын болсақ, аталмыш кезең ең ауыр экономикалық дағдарыс жылдарының бірі болғандығына күмән тудырмайды. Яғни Наполеон Бонапартқа қарсы соғыс бүкіл халықтың қалауы мен ниетіне арқа сүйеген соғыс болатын.

Ұлыресейлік шовинизмнің шырқау шегі екінші дүниежүзілік соғыста Кеңестер одағының жеңісімен байланысты. Сталиннің атақты «ұлы орыс халқы үшін көтерейік» деген сөздері шовинизмнің жаңа қуатқа ие болған кезеңін белгіледі. Бірақ бұл кезеңдегі шовинизмнің арқауы, бірінші кезекте, Германия әскерлерінің соғыс жарияламастан басып кіруі болатын. Яғни билік халық арасында қолдау тапса да, таппаса да «отанды қорғау» идеясы бүкіл халықты топтастыра алды.

Бүгінгі ұлыресейлік шовинизм бұрынғы мазмұнға ие емес. Біріншіден, І Петр, І Александр немесе екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағыдай Ресей мемлекетінің территориясына ешкім басып кірген жоқ. Саяси дағдарыстың негізгі себепкері Ресейдің өзі. Қырым аннексиясы, Шығыс Украинадағы сепаратистерді қолдау саясаты, Еуропалық әріптестеріне қырғиқабақтық таныту секілді әрекеттердің барлығы Ресей тарапынан жүзеге асырылуда. Яғни сыртқы жау факторының негізгі қайнар көзі – Ресей саясаты.

Екіншіден, экономикалық санкциялардың басым бөлігі Ресейдің тарапынан жасалуда. Ресейдің экономикалық тұрғыдан оқшаулану ниеті Еуропа мемлекеттерінің санкцияларына үйлесуі өзінің теріс нәтижелерін беріп үлгерді. Санкциялардың мазмұнына қарар болсаңыздар, Батыс Еуропа елдері мен АҚШ санкциялары бірінші кезекте қалың халыққа емес, Ресей элитасына қарсы бағытталған. Яғни, Батыс Еуропа жекелеген тұлғалар мен ресейлік ірі банктердің әрекеттеріне шектеу қойып отырған болса, Ресей нағыз халыққа ауыр тиетін санкциянларды өзі қолдануда. Халықтың тұтынуына бағытталған тауарлардың барлығы Ресей тарапынан шектеулерге ұшырады. Нәтижесінде, бүгін мұнай өнімдерінің құнынан бастап, тамақ және ауыл шаруашылық өнімдерінің барлығы қымбаттау үстінде. Бұл халықтың тұтыну қабілетін төмендетуде. Өз кезегінде бұл мемлекеттің әлеуметтік қолдау төлемдерінің көбеюіне, демек шығындардың ұлғаюына әкеледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік кірістің көлемін ұлғайтуға итермелейді. Ал мемлекеттің негізгі кіріс көзі шикізат екендігін ескерсек, әлемдік нарықтағы шикізат құнының құлдырауының өзі Ресейге кері әсерін тигізері анық. Бұл жағдайда Ресейдің жергілікті халқы өз Үкіметінен басқа ешкімді кінәлай алмайды.

Үшіншіден, І Петр, І Александр да Путинге қарағанда реформашыл тұлғалар болып келсе, Сталин тоталитарлық қатаң жүйенің негізін қалаушы. Оның үстіне жоғарыда аталған реформаторлардың әрекеттері өздері дүниеден өткеннен кейін саябырсып, тіпті тоқтап қалды деуге болады. Ал Путинде жоғарыдағы кейіпкерлер секілді реформаторлық та, қаталдық та, қатаңдық та жоқ. Әрине жекелеген реформаларды симуляциялау болғанмен, Путин Ресейге жүйелік өзгерістерді де, реформаларды да алып келмеді. Яғни уақыт өте келе, Путиннің әрекетіне баға беретін кез-келген тұлға бұл эпоханың тұралау заманы болғаныдығына көз жеткізері анық.

Жоғарыдағыларды саралай келе мынадай қорытындыға келуге болады. Ресей шовинизмнің арқасында қысқа мерзімді жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін, дегенмен ұзақ мерзімді идеологиялық қарсылық үшін өзгеше дайындық керек. Бұл қарсылық Ресейді жаңа тығырыққа тірері сөзсіз.

Шыңғыс Ергөбек, сарапшы
Просмотров материала: 2 016

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 588 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 176 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 693 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 750 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 099 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 326 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 423 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 264 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 611 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 226 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 338 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 995 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930