24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Адамдарды солтүстiкке көшiрудiң басты әдiсi – материалдық ынталандыру

21 октябрь 2014, 13:16
Адамдарды солтүстiкке көшiрудiң басты әдiсi – материалдық ынталандыру Белгілі саясаттанушы Дос Көшім осыдан бірер жыл бұрын «Самұрық -Қазына» ӘАҚ-на барғанда, БАҚ беттерінде «кім-кімге және не үшін керек болды?» деген екі ұдай пікір пайда болған еді. Бүгін саясаттанушы біздің газетіміздің тілшілерімен сұхбат барысында ұлтшылдықты (жағымды бағыттағы, өзін-өзі қорғау бағытындағы ұлтшылдықты) күшейтуіміз керектігін, оның ішінде қазақтармен жұмыс істеуді жоғары деңгейге көтеруіміз қажет екенін алға тартты.

Дереккөз: "Айқын" газеті

– Дос аға, мемлекеттік қызмет секторына қарасты құрылым – «Самұрық-Қазына» ӘАҚ әлеуметтік серіктестік орталығында біраз уақыт «ат шалдырып» қайттыңыз. Әлеуметтің жағдайына билік өкілдері қонақтаған терезеден қарауға мүмкіндік болды сізде ... Халықтың әлеуметтік тұрмысындағы өзгерістер жайлы не айтасыз? Ілгерілеу­шіліктер бар ма?

– «Самұрық-Қазына» ӘАҚ жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығында» бір жарым жыл жұмыс істеп, өндіріс орын­дарындағы әлеуметтік мәселелерді, еңбек даулары мен оның алдын алу мәселелерінен біршама хабардар болдым. Қоғамдық-саяси жұмыста жүрген азаматтар үшін өмірдің бұл жағын да білген жөн деп ойлаймын. Мен бірақ «билік өкілдері қонақтаған терезеден» емес, жұмыс­шылардың жатақханасы мен төменгі деңгейдегі басшылықтың кеңсесінің терезесінен қараған сияқтымын. (Айта кетуім керек, қызметімнен отбасылық жағдайға байланысты өз еркіммен кеттім).

Кез келген мәселе салыстырумен өлшенеді ғой, сондықтан басқа ірі компанияларға («Қазақмыс» сияқты) қарағанда «Самұрық-Қазынадағы» әлеуметтік жағдайды қанағаттанаралық деуге болады. Біздің орталықтың тұрақты түрде жүргізіп отыратын әлеуметтік зерттеу жұмыстарының нәтижесі де осыны көрсетеді. Алайда қоғамда болып жатқан барлық өзекті мәселелердің «Самұрықты» да айналып өтпейтіні талассыз шындық, сондықтан жалақының төмендігі, ақшаның құнсыздануы мен бағаның көтерілуі – бәріміздің басымыздағы жағдай.

– Еліміздің солтүстік өңіріндегі босап қалған елдімекендер жайлы ақпараттар соңғы кезде көп айтылып кетті. Есіңізде болса, Серік Ахметов үкіметі қабылдап кеткен №248 қаулыда шеттегі қандас­та­рымызды нақ сол өңірлерге қоныстандыру мәселесін көтерген еді. Жақында Үкіметте қандастарымызды 14 облысқа қоныс­тандыруға рұқсат бергені белгілі болды. Қалай ойлайсыз, біз іргемізді шеттен келген қандастарымыздың әлеуетімен бекітіп алған жөн бе еді? Үкіметтің әу бастағы ұстаны­мының өзгеруіне не себеп болды деп ойлай­сыз?

– Біріншіден, адам құқығының басты шарттарының бірі – тұратын жерін өздерінің таңдап алуы. Сондықтан қазақ жеріне келгендерді «мына жерде тұрасың, ал мына аймаққа бармайсың» деу – ақылға сыймайтын талап. Екіншіден, солтүстік өңірлерде тұрғындардың азайып бара жатқаны – бүгінгі күні ғана белгілі болған мәселе емес. Билік бұл мәселені 90-жыл­дардан бері көріп те, біліп те келеді, бірақ бізде мемлекеттік деңгейде алдын ала жоспарлау мүлдем жоқ, бір күннің мә­селесінен аса алмаймыз. Үшіншіден, оралмандарды немесе оңтүстіктің тұр­ғындарын солтүстікке қоныстандыру арқылы бұл мәселені – халықтың азаюын шешу – мүмкін емес деп ойлаймын.

Олар ол жерді қазақтандыра ма, әлде өздері бес жылдан кейін орыс болып кете ме, білмеймін. Меніңше, адамдарды солтүс­тікке қоныстандырудың басты әдісі – материалдық ынталандыру болуы керек. Мысалы, Кеңес өкімет кезінде Сібірде тұрып жұмыс істейтін адамдарға үш-төрт есе артық жалақы төлейтін. Әңгіме көшіп барғандардың жолақысын төлеу, төменгі пайызбен қарыз беру, т.б. жеңілдіктер ұсыну емес, нақты ақшамен тұрақтандыру.

Тағы бір мәселені айта кеткен дұрыс сияқты: егер ол жерге қазақтілділер келіп қоныстана бастаса, халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің барлығын мемлекеттік тілді білуге міндеттеу керек. Осыдан төрт жыл бұрын Курчатов қа­ласындағы «Нұрлы көш» бағдарла­масымен келген оралмандармен кездесу өткіздім. Олардың айтуынша, нан сұрап алудың өзі үлкен қиыншылық сияқты, дүкенші – орыс тілді, әкім – орыс тілді, ал бұлар мемлекеттік тілді ғана біледі... Сондықтан қазақтіл­ділерді қоныстандыру кешенді жоспар­лауды қажет етеді.

– Қазақтың Әлиханы «Біздің кемшілігіміз – әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі» дейді. Әлихан айтып кеткен уақыттан қанша­лықты өзгердік, қаншалықты алға жылжы­дық?


– Біздің кемшілігіміз – тәуелсіздігімізді орнатып, бірақ сол тәуелсіздікті не үшін алғанымызды білмей отырғанымыз! Бірде мен «Алаш» партиясының бағдарламаларын сараптап, қазір тәуелсіздік алғаннан кейін солардың қаншасы жүзеге асқанына сараптама жүргіздім де, жағамды ұстадым. Тек біреуі – жеке мүфтият болу туралы мәселе ғана жүзеге асыпты. Осы жылдардың ішінде не билік жүйесін, не ұлттық мәсе­лелерді өзгерте алмадық.

– Ұлтты біріктіретін не? Немесе бізге қандай ұлтшылдық керек?

– Ұлтты біріктіретін – ұлттық идея. Ал бүгінгі ұлттық идеяны, өз басым – қазақ мемлекетін құру идеясы деп түсінемін. Бұл мемлекеттің азаматтарының ұлтына, дініне, т.б. қарамай саяси-азаматтық құ­қықтар бірдей болады, бірақ жердің – қазақтікі екені, мемлекеттік тілдің – қазақтікі екендігі, мемлекетті құрушы ұлттың қазақ халқы екендігі мойындалады. Бұл – бүкіл әлемдік тәжірибеден өткен, қарапайым тарихи шындыққа негізделген, талассыз ақиқат.

– Қазақстанның мемлекеттігіне күмәнмен қарайтындар көбейген кез. Оларға өре тұрып, қарсылық білдірген жөн бе, әлде «ит үреді, керуен көшеді» деген лепеспен үндемей жүре берген дұрыс па?

– Әрине, оларға мемлекеттік тұрғыдан, ресми деңгейде жауап берген дұрыс болар еді. Бірақ олар – үнсіз... Оларды дәлел айтып, түсіндіріп, жөнге келтіру де мүмкін емес. Демек, біздің жұмысымыз – өзіміздің азаматтарға бағытталуы шарт. Кейде мен солардың сандырақтары біздің ұйқыда жатқан азаматтарымыздың намысын оятуға да таптырмас құрал ма деп ойлаймын.

– Болып жатқан аса күрделі үдерістер мен үрдістерді қазақ мүддесі, қазақ мем­лекетінің мүддесі тұрғысынан дұрыс талдап, осыдан дұрыс сабақ алу, нәтиже шығару, әрекет ету керек сияқты бізге...


– Құдайға шүкір, біздің ішкі мәселеміз – қанағаттанарлық деңгейде. Егер Ресей мен Украинадағы жағдай бізде де қай­талануы мүмкін десек, біздер тез арада осы мәселеден сабақ алып, алдын алу ісіне кірісуіміз керек. Меніңше, мемлекеттік деңгейде алдын алу жұмыстары бас­талған да сияқты. Сепаратизмге қарсы бірнеше заңдарға қосымшалар енгізілді. Бірақ бұл шаралардың жеткіліксіз екені де белгілі. Өз басым орыс тілді аймақтардағы әскер, ұлттық қауіпсіздік, полиция, атқару органдарының басшылықтарын қайта қарауымыз қажет деп тапқан жағдайда ауыстыруымыз қажет деп ойлаймын.
Просмотров материала: 1 888

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 442 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 274 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 914 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 938 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 247 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 661 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 730 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 920 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 063 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 444 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 172 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930