26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өтірік вакцина алып, кейін шын ауырғандардың әңгімесі

29 октябрь 2021, 15:33
Өтірік вакцина алып, кейін шын ауырғандардың әңгімесі
Пандемия басталғалы вакцина алушылармен қатар, одан қашқандар болды. "Құрамы белгісіз", "өтірік нәрсе" деп, вакцина алмай, жұмысы үшін вакцина қағазын сатып алғандар аз емес. Zakon.kz тілшілеріне "жасыл" статусты ақшаға алып, коронавируспен шын ауырғандар өз оқиғаларын айтып берді.

Сұқбат берген азаматтар өз есімдерін атамауды өтінді.

Бірінші кейіпкеріміз Әсет телекоммуникация саласында жұмыс істейді. Жұмыс орны шілде айында вакцина алу керектігін айтса да, ол әзірге екпе алмаймын деген ойда жүрген.

Отбасылық чатта коронавирус тақырыбы талқыланған кезде туыстарым оның адамға зиян екенін көрсететін видео, аудио жіберген. Онда сарапшылар вакцинаның адам ағзасына кері әсер ететіні жайлы айтады. Біздің отбасымызда антиваксер - менің анам. Ол коронавирусты "үкіметтің халық санын азайту үшін жасалған жасырын жоспары" дейтін, дейді Әсет.


Әсет жұмысқа вакцина алмаған жағдайда, апта сайын ПТР-тест тапсыруға міндеттелді. Алайда апта сайын тест тапсыру қалтаны жұқартады. Сондықтан ол бір рет вакцинация паспортын сатып алуды жөн санайды.

Сатып алғанда жеке құжат суретін жібереміз, ешқайда бармадық та. Кейін 1414-тен екпенің екінші дозасын алу керек деген SMS келді. Үш аптадан соң, "жасыл" статусқа ие болдым. Бір паспортты сатып алу құны – 10 мың теңге.

Қыркүйектің басында Әсет коронавируспен ауырып, өкпесінің 60%-ы қабынып, ауруханаға түседі. Ал әйелінің өкпесі 30%-ға қабынып, артық салмақтың кесірінен бауыры ауыра бастайды. Үш жасар баласы да коронавирус болып ауырады, бірақ ата-анасына қарағанда жеңіл өтеді.

"Төрт апта ауруханада болдым. Қазрі тезірек денсаулықты ретке келтіріп, жұмысқа шығу керек. Бірақ әлсіздік бар, әрі кейде дем жетпей қалады. Кезінде вакцина паспортын бекер сатып алдым. Ол 10 мың теңге, ал емге жалпы 200 мың теңге кетті. Ал қазір вакцина салдырайын десем, маған жасап берген адамдарды ұстап бергім келмейді", - дейді Әсет.

Ал Мақсат есімді келесі жігіт апта сайын ПТР-тест тапсырғанша, 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатып ала салыпты. Өзі құрылыс компаниясында жұмыс істейді.

"Мен бастапқыда вакцина алуды қаламадым. Себебі екпе жайлы түрлі әңгімелерге сендім: иммунитетті түсіреді, денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Сөйтіп танысым арқылы мен СОО-ның бірінде вакцинация пунктіне бардым. Медбике вакцина салғандай боп, инъекция орнын жауып қойды. Маған "30 минут отыру керек" деді. Кейін екінші компонентке шақырып, SMS келді", – дейді Мақсат.

Мақсат компанияда жұмыс істейтін адамдардың жартысы (үш жүз мың адам) дәл осылай өтірік вакцина алғанын айтты.

Екпе салмаған тағы бір себебім - иммунитетім күшті деп ойладым. Бірақ бір жарым айдан кейін ауырып қалдым. Температурам 40 градус көрсетті. Дем жетпей, сүйектерім қақсай бастады. Өлетін шығармын деп ойладым. Үшінші күні иіс сезбедім. Бірнеше қадам жасағаннан кейін әлсіреп, құлап қалдым. Төртінші күні температураны басып, ПТР-тест тапсырдым. Ол оң нәтиже көрсетті.

Мақсат жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға келесі күні ғана барған. Компьютерлік томография науқастың өкпенің 70%-ына әсер еткенін көрсеткен.

"Реанимацияға түстім. Менімен бірге ауруханада өтірік вакцина алған бірнеше адам жатты, олар да қатты ауырды. Мен ауруханада төрт апта болдым. Бұл вирус бұрын байқалмаған ауруларымды шығарды: бауыр қабынған, қысым проблемалары пайда болды. Бірақ ең жаманы, 36 жастағы досымнан айырылып қалдым. Вакцинация паспортын сатып алуға көмектескен мен болғандықтан, о дүниеге жолдама алып бергендей болдым", - деді Мақсат.

Тамыз айында Үкімет жалған вакцинация паспортын жасағандарға тағы бір мүмкіндік берді. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин паспорт сатып алғандар қателіктерін мойындайтын болса, қудаланбайтынын және тегін вакцина алатындығын хабарлаған.

Алматы Бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов Zakon.kz тілшісіне жалған паспортты қалай жоюға болатынын түсіндірді:

Базадан жалған ақпаратты жою үшін вакцина сатып алған адам құқық қорғау органдарына түсініктеме беруі керек. Қызметкерлер өздерінің құқықтық бағасын беріп, соның негізінде шешім қабылдайды.

ГКИБ аға дәрігері Абзал Малбасканов бұл өтіріктің өте ауыр зардаптары болатынын ескертеді.

"Вакцинаны өтірік алғандар тек өздерінің ғана емес, жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Әр адамда созылмалы ауруы бар туысы, кішкентай баласы немесе қарт ата-анасы бар. Олар бұл вирусты көтере алмауы мүмкін. Одан бөлек, вирустың жаңа штаммдарын зерттеуде бұл ғалымдар мен дәрігерлерге кедергі келтіріп жатыр. Сонымен қатар, жұмыс орнында да әріптестеріне қауіп төндіріп отыр", - деді дәрігер.
Просмотров материала: 690

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 258 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 071 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 715 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 749 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 043 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 097 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 118 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 307 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 194 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 232 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 016 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 886 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 712 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 860 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 997 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 665 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 035 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 763 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 768 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 613 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 453 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 708 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 657 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 163 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 594 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 489 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 741 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 082 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 490 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 470 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 510 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 452 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 689 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 831 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30