22 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?

27 октябрь 2021, 15:14
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бірегей оператор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жылдар бойы жиналған қарызы 10 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл сома бүгінгі курспен есептегенде – 4 трлн 254 млрд 800 млн теңге.

Оның ішінде корпоративтік орталық деңгейінде қарыз сомасы – шамамен 6 млрд доллар. Бұл қарыз негізінен еурооблигациялар бойынша берешек түрінде көрсетілген. Банктер емес еурооблигациялар арқылы қарыз алудың артықшылығын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы былай түсіндіреді:

«Қарызды еурооблигациялар түрінде алу банкпен салыстырғанда анағұрлым тиімді қаржы талаптары бойынша 30 жылға дейінгі уақытқа ұзақ мерзімді қаржы тартуға мүмкіндік береді. Қарыз мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, инфрақұрылымды сақтау және газ саласын дамыту үшін алынды. Жоғарыда көрсетілген соманың шамамен 1,6 млрд доллары «ҚазТрансГаз» қарызы», ˗ делінген Azattyq Rýhy-на жолдаған жауапта.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?


Компанияның қорытынды есебінен 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» жиналған қарыздарынан құтылуға ниет танытқанын көруге болады. Жыл басында берешек көлемі – 4 млрд 153 млн теңге болса, жыл соңында оның межесі – 3 млрд 838 млн теңгеге төмендеген. Сол жылы «Жемчужина» жобасының серіктестері 111 млрд теңге, Атырау мұнай өңдеу зауыты 62 млрд теңгелік борышын төлеген. Одан бөлек, Қазақстанның Даму банкіне облигация ретіндегі 40,5 млрд теңге, KMG Int. 32 млрд теңгеге қарыз қайтарылған. Бірақ 2020 жылы компания қайта қарыз алуға көшті. Сөйтіп, былтырғы қарызы 6,3%‐ға артты. Берешектің өсуін компания басшылығы теңгеге қатысты доллар бағамының өсуімен тікелей байланыстырып отыр. Сол жылы Эксимбанк пен «Қазақстан Халық банкі» және «Қазақстанның Даму Банкі-нің» қарызының бір бөлігін қайтару үшін жалпы сомасы 677 млрд теңге мөлшерінде Ұлттық банктен және ресейлік ВТБ банкінен қарыз алған. Биыл да қарыз көлемі артпаса, кеміген жоқ. Көктемге дейінгі қарыз – 4 млрд 102 млн теңге болса, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстарғанда қарыз 0,6%-ға өскен.

Компанияның ірі көлемдегі қарыздарының ішінде 2016-2017 жылдарды ерекше атауға болады. Бұл кезеңде қайта қаржыландыруға, жалпы корпоративтік мақсатқа мұнай жеткізілімдеріне аванс беру үшін 3 млрд доллар қарыз алынған. 2016-2018 жылдары компания Қашағанның үлесін сатып алуға Солтүстік Каспий жобасы бойынша серіктестер алдындағы берешекті өтеуге 2,2 млрд доллар қарыз алған. Бұл борышын компания әлі өтеп біткен жоқ. 2017 жылы еурооблигациялар түрінде 2,7 млрд доллар, 2018 жылы еурооблигациялар түрінде 3,2 млрд доллар, 2020 жылы еурооблигациялар түрінде 0,75 млрд доллар қарыз алды.



Бұдан бөлек, ҚМГ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның қарызын өтеуге Қазақстан Халық банкі, Қазақстан Даму Банкінен 0,8 млрд доллар сомасына қаражат алады.

Жыл сайынғы алынған қарыз көлемінің өсуіне қарамастан соңғы 5 жылда компания 4 млрд доллар қарызынан құтылыпты.

Компания қазіргі 10 млрд доллар берешегінен қалай құтылуды жоспарлап отырғанын сұрағанымызда «ҚазМұнайГаз» берешекті өтеуді кестеге сай жүргізеді деп түсіндірді.

«Қарыз ҚМГ-ның келіп түсетін операциялық ақша ағындары (таза пайдасы) есебінен өтеледі. Бұған дейін де ҚМГ қарызын мерзімінен бұрын өтеп келді. Алдағы уақытта да мұндай практиканың қолданылуын жоққа шығармаймыз. Бұл шаралар компанияның макроэкономикалық ахуалына, оны дамыту жоспарына және акционердің пайымына байланысты болады», - делінген ресми жауапта.

Бірегей ұлттық компания еурооблигацияларды сатып алуды үздіксіз жүргізіп отырғанымен «ҚазМұнайГаз» компаниясын IPO-ға шығару алдағы жоспарда жоқ. Бұған дейін, компания басшылығы IPO-ға шығамыз деп талай мәрте мәлімдеме жасаған болатын.

«2020 жылы COVID-19 коронавирус індетінің белең алуына байланысты қор нарығы құлдырап, мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 маусымдағы шешімімен «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-ға шығу мәселесін 2022 жылға ауыстырылды. Осы жылдың соңына дейін ҚМГ биржаға шығуды жоспарламайды. IPO-ға шығу мерзімі көптеген факторға, соның ішінде әлемдік экономиканың қалпына келуі мен өсуі динамикасы, мұнайға бағаның тұрақтылығы, COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны, жаңа штамдардың анықталуы және басқа да факторларға байланысты. Сондай-ақ IPO-ға шығу мерзіміне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бөлінуі де әсер етеді. Себебі бұл жайт инвесторлар мен қаржы нарығының ҚМГ-ны қабылдауына елеулі ықпал етеді», ˗ делінген компанияның берген жауабында.



«ҚазМұнайГаз» алған қарыз расымен мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жұмыстарына жұмсалды ма? 2018 жылы Қазақстан аумағында орналасқан Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына 6,3 млрд доллар жұмсалды. Аса күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін зауыттардың жағдайы жақсарып, өңдеу көлемі артуы тиіс еді. Жыл сайынғы жөндеу мерзімі 45-тен 20 күнге дейін қысқарады деп жоспарланған. Ал зауыттарды толық тексеру үш жылда бір рет жүзеге асуы тиіс болатын. Бірақ зауыттардағы жөндеу саны, өткізу мерзімі және апаттық жағдайлар азайған жоқ. Салдарынан жыл басынан бері отын бағасы 13%-ға өсті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының қарызы жыл сайын артқанына қарамастан компания басшылығы өздеріне сыйақы тағайындауды кейінге қалдырмапты. Бірегей мұнай-газ операторының 2020 жылғы жылдық есебінде «СамұрықҚазына» АҚ басқармасының шешімімен ҚМГ басқарма мүшелері 317 млн 527 мың сыйақы алған. Жылдық есепте сыйақыға лайық қызметкерлердің саны жазылмаған.
Просмотров материала: 789

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 841 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 144 643 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 144 304 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 144 324 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 144 629 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 576 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 729 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 871 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 397 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 595 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 648 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 898 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 866 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 747 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 567 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 704 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 859 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 526 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 889 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 623 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 628 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 471 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 314 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 562 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 503 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 015 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 426 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 348 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 584 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 937 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 345 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 329 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 371 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 316 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 539 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 689 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930