27 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зағиптарға арналған смарт-білезік жасап жатырмыз

27 октябрь 2021, 12:34
Зағиптарға арналған смарт-білезік жасап жатырмыз
Мұндай жасты, әдетте, "Болашағы бар жігіт!" дейді. 23 жастағы Дамир Нұркежанов - дегеніне өзі жететін жаңа жас буынның жарқын өкілі. Неге десеңіз, ерекше қажеттіліктері бар Дамир студент кезінде Талдықорғанда бағдарламалау және роботтехника мектебін ашқан. Бәрі бірден бола қоймаса да, бұл жас кәсіпкерге жаңа серпін беріпті. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында жігіттің қиындықтарды қалай еңсеріп, жаңа белестерге қалай ұмтылғаны туралы әңгімелейді.

Дамир Нұркежанов бала кезінен құрастыруды жақсы көреді. "Құрастыру" асыра айтылған сөз, деп әзілдейді кейіпкеріміз. Дамир әртүрлі механизмді бөлшектегенді ұнатады. Әсіресе сағатты.

"Бірнеше сағат сындырдым, ата-анам кейде ұрысатын, бірақ жалпы ісіме көзқарасы жақсы еді", - дейді Дамир.


Зағиптарға арналған смарт-білезік жасап жатырмыз

Ол мектепте информатика сабағын аса ұнатпаған. Дамир үшін мектеп бағдарламасы өте қарапайым, ішпыстырарлық еді. Ол осы салада көбірек білім алғысы келді. Содан университетке "Ақпараттық жүйелер" мамандығына түседі. Бағдарламалауды үйрене бастайды. Бұл сала жігітті қызықтырғаны сонша, барлық уақытын осыған арнай бастайды.

"Мен бағдарламалауды өте жақсы білетінмін, достарым "Мені де үйретші" дейтін. Сөйтіп оларға көрсете бастадым, ал сыйақы ретінде шелпек, самса алып беретін. Бұл бірінші курста еді. Мен ол кезде 18 жастамын. Кейін бағдарламалауды үйрететінімді Интернетте жариялауды ұйғардым. Алғашқы клиенттерімді таптым. Бірақ ол кезде менде оқытатын орын да, жеке ноутбук те болмады. Студенттер өз ноутбугымен келетін, мен оларды жеке-жеке үйрететінмін", - дейді Дамир.



Үшінші курста Дамир роботтехникамен танысып, алғаш рет өз роботын құрастырып шықты.

"Осыдан "Неге роботтехника мектебін ашпасқа?" деген ой келді. Талдықорғанда мұндай мектептер болған жоқ, екі үйірме ғана бар еді. Түрлі конкурстарға, стартаптарға қатыса бастадым, бірақ үш жылдай еш жерде жеңбедім. 4-курста мектеп ашу туралы идеямды тағы да ұсындым, сөйтіп бір миллион теңге грант жеңіп алдым. Бұл сомаға біз тек үш ноутбук пен роботтехникаға қажет үш жиынтық, бір проектор сатып алдық және 20 шаршы метрден кіші бөлме жалдадық. 5 оқушым болды. Жарты жыл пайда түскен жоқ, мен сол кезде университетте жарты айлыққа жұмыс істейтінмін, барлық жалақым мен шәкіртақыма мектеп шығындарын жабатынмын", - дейді жігіт.

Сол кезде Дамир Future-IT-ді жаппақ болады, алайда оқушылары роботтехникадан облыстық олимпиадада нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болғанда шешімін өзгерткен.

"Оқушыларымның жеңісі ынта берді. Бұл істі тастаудың қажеті жоқ деген ойға келдім. Қаншалық қиын болса да, әрі қарай дамытатын болдым. Бизнесте тәлімгер таптым, ол маған "Сен өз жобаңа сенбейсің, осыдан қиындықтар туындап жатыр, жетістікке жетеріңе сен, сонда барлығы жақсы болады" деді. Мен сендім. Табандылық қажет. Маған тағы қандай сөздер көмектескенін білесіз бе? Алқашғы кезде нәтиже болмайды, тағы 10 рет тырысып көру қажет. Томас Эдисон 10 мың рет лампа жасауға тырысқан, сондықтан кем дегенде 10 рет сынап көру керек, содан кейін ғана бағытыңды өзгертуге болады", - дейді Дамир.

Бүгінде Дамирдің мектеп ашқанына 2,5 жылдан асты, онда 90 бала оқиды. Оның оқушылары 11 рет республикалық олимпиадада жеңіске жеткен, халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ал Дамирдің өзі әріптестерімен бірге қазір маңызды жобамен - зағип жандарға арналған смарт-білезік әзірлеумен айналысып жатыр.

"Бір зағип жанның өтініші бойынша таяқшаны алмастыра алатын ақылды білезік жасап жатырмыз. Білезік кедергілерді анықтап, оларды вибрация түрінде хабарлайды. Прототипін жасап қойдық. Қазір оны жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қажет бөлшектерді іздеп жатырмыз. Менің арманым - Қазақстанда адамдарға көмектесетін роботтар шығару. Дүниежүзілік экономикалық форумда 2022 жылға қарай 75 миллион адам жұмысынан айрылады деген болжам айтылды. Оларды робот алмастырады. Робот өз міндетін нақты, тез, уақытында орындайды, жалақы сұрамайды, ауырмайды, шаршамайды. Бұл бизнесмен үшін өте ыңғайлы. Бірақ жақсы жаңалық та бар, осы роботтарды жөндейтін және бағдарламалайтын мамандар қажет болады. Сондықтан IT мамандықтар 4 есе көбейеді. Болашақ осында", - деді Дамир.

Жігіт 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қорының "Ел үміті" марапатына ие болған, ол әлеуетті дарынды жастарға беріледі. Ал 2021 жылы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы атанды.

"Арамыздағы батырлар" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар.
Просмотров материала: 3 300

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 097 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 608 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 191 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 242 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 553 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 533 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 663 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 089 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 244 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 840 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 092 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 453 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 278 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 047 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 166 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 167 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 996 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 103 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 043 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 549 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 076 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 868 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 135 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 503 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 887 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 835 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 848 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 082 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 218 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031