8 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр

Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр
Қызылжарда қазақ зиялыларына арналған ескерткіштер қоқыс арасында жатыр. Қараусыз қалған мүсіндердің қатарында Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев, Қожаберген жырау сынды ұлы тұлғалардың бейнесі бар. Бір кездері 38 млн теңгеге бағаланған композицияны Петропавл қалалық әкімдігі орталық саябақтан алып тастауды жөн санаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


ҰЛЫЛАРДЫҢ ЕСІМІ АЯҚҚА БАСЫЛДЫ


2010 жылы Петропавлда қала күні мерекесіне орай орталық саябақта ақын-жазушы, ғалымдарға арналған 34 ескерткіш орнатылған болатын. Тарихи тұлғалардың шынайы бейнесіне ұқсамайтын 22 мүсін көпшілік сынына ұшырағаннан кейін авторы, алматылық мүсінші Қазыбек Сатыбалдинге қайтарылды. Тіпті, ескерткіштердің кейбірінің дене пропорциясы сай келмейтіні жөнінде де пікірлер көп айтылды. Қалған 12-нің де ғұмыры ұзаққа бармады. Биыл олар да тұрған орнынан ғайып болды.

«Күнде саябақта немерем екеуміз қыдырамыз. Келе жатқанда ескерткіштердің атын атап, таныстырып қоятынмын. Балалар осындай ұлы тұлғаларды біліп, оларға еліктеп өсуі тиіс. Олардың жоқ болып кеткеніне өзіміз де аң-таң болып қалдық. Қайда екенін білмеймін. Көктем таяғанда жоғалып кетті. Әйтпесе жыл сайын жазда әктелетін. Мүмкін оның қазіргі жастар үшін маңызы жоқ шығар. Бірақ маған ол ескерткіштер ұнайтын. Ел үшін зор еңбек сіңірген адамдар ғой», - дейді зейнеткер Майда Ғабдуллина.

Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр


6 ескерткіш жарты жылдан бері мәдениет үйінің алдында қаңтарылып тұр. Қалған алтауының қайда кеткені беймәлім. Олардың қатарында Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллин сынды жазушылардың бейнесі бар. Мүсіндердің тағдыры не болғанын қалалық әкімдік өкілдері де айта алмады. Тіпті зиялылардың «жоғалып» кеткенін өздері де білмеген. Ақпарат алу үшін бірнеше күн күтуге тура келді. Алайда, көп сауал жауапсыз қалды.

«Ескерткіштердің астында тұрған тұғыры бүліне бастаған. Сондықтан мүсіндерді уақытша мәдениет үйінің алдына әкелдік. Оларды жөндеуге қажетті сома көлемі есептеліп, бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ әзір олардың қайда орналастырылатыны белгісіз. Қалған 6 ескерткіштің қайда кеткенін де білмеймін», - дейді Петропавл қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Азат Ыбыраев.

Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев, Қожаберген жырау, Федор Достоевский, Иван Шухов. Осындай ұлылардың есімі жазылған тақтайшалар аяқ астында жатыр. Қаланың кейбір тұрғындары бұл жерді ит қыдыртатын орынға айналдырған. Қоқыс та әкеліп тастайтыны көрініп тұр. Ескерткіштер мәдениет үйінің қызметкерлеріне қажеті жоқ сыңайлы. Әйтпегенде нысанда аула сыпырушының бары анық.


«ЗИЯЛЫЛАРДЫ ҚОР ҚЫЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ ТИІС...»

Жазира Көкбас ескерткіштердің осындай күйге түсуін тарихи тұлғаларға жасалған қиянат деп есептейді. Айтуынша, оған жол берген Петропавл қалалық әкімдігінің өкілдері жауапқа тартылуы тиіс.

«Кеше елдің алдында тұрған қазақ зиялыларының ескерткіштері бүгін қоқыста жатқаны өкінішті. Олар ел болашағы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Кезінде Мағжан сенген жастар осылай жасағаны өкінішті. Оның ісін жалғастырар ұрпақтың жоғы байқалып қалды. Бұл – облыс басшылығында ұлтқа жаны ашитын басшының жоқ екенінің белгісі. Бұл әрекет – қала әкімдігінің бассыздығы. Ескерткіштерді алып тастады екен, оны біздің көзімізше осылай қорламауы керек еді. Таса жерге қойғаны дұрыс болар еді. Осы үшін біз ұлт зиялыларының аруағының алдында айыптымыз. Кешірім сұрап, Құдайы ас беру керек. Кезінде ескерткіштерді жасау үшін қыруар ақша жұмсалғаны белгілі. Енді олардың керексіз болып қалғаны ма? Осындай әрекетке барған тұлғалар өз істері үшін жауап беруі тиіс», - дейді Жазира Көкбас.



11 жыл бұрын композицияны орнату үшін қала қазынасынан 38 млн теңге жұмсалған болатын. Осы күнде күтім көрмеген ескерткіштер бүлініп, жарыла бастаған. Өз заманында елі үшін еңіреп өткен арыстардың мүсіні мүсәпір күйде қоқыс арасында жатқаны өкінішті. Оны керек қылып жатқан әкімдік жоқ. Көше сәнін келтіріп тұрған мүсіндерді алып тастап, қоқыс арасына тастау қай шендінің шешімі? Петропавл қалалық әкімдігінен жауап күтеміз...
Просмотров материала: 682

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 185 733 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 185 264 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 830 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 881 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 198 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 837 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 957 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 208 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 474 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 617 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 146 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 205 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 493 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 318 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 150 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 466 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 397 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 086 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 488 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 222 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 199 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 033 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 871 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 085 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 583 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 232 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 902 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 181 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 543 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 929 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 881 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 942 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 126 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 268 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728