25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Жеңімді қайырғаным үшін тыр жалаңаш далаға сүйреді»: Түркістан облысындағы шенеуніктің әйелі күйеуінен көрген қорлығын айтты

«Жеңімді қайырғаным үшін тыр жалаңаш далаға сүйреді»: Түркістан облысындағы шенеуніктің әйелі күйеуінен көрген қорлығын айтты
Түркістан облысының шенеунігі хиджаб киетін әйелі түн ортасында жеңін қайырып, су төккені үшін жалаңаш күйінде далаға сүйреп шығарған. Бұл туралы келіншек КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бағдарламаға отбасындағы жанжалы туралы айтуға келген Түркістан облысының тұрғыны Іңкәр Сүлейменова студияда күйеуінен көрген қорлығын баяндады.

«Күйеуім дін жағынан өте қатал адам. Ол жұмыстан келіп, ұйықтап қалғаннан кейін таңға дейін біраз тірлігімді бітіріп алайын деп далаға тазиктегі суды төгуге шықтым. Бірақ үстімде хиджабым бар, тек жеңімді түріп алдым. Суды төгіп, үйге енді кіре бергенде есіктің аузында күйеуім тұр екен. Ол маған «Сен неге далаға білегіңді көрсетіп шығасың?» деп ұрысты. Мен оған мені ешкім қараңғыда көрмегенін және ұзын жеңмен еден жуу ыңғайсыз екенін айттым. Бірақ ол маған ұрысып, бүкіл киімімді жыртып тастап, мені тыр жалаңаш далаға сүйреді», - дейді Іңкәр Сүлейменова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардабына әдбен тойған Іңкәр Сүлейменова осыдан екі ай бұрын жолдасымен ажырасу туралы шешім қабылдап, туған әке-шешесінің үйіне кетіп қалған.

Белгілі болғандай, Іңкәр Сүлейменованың күйеуі Жансерік Мұсаханұлы Сүлейменов 8 жыл бойы Түркістан облысы Сайрам ауданының мәслихат хатшысы қызметін атқарған. Қазір облыстық мәслихатқа ауысқан деседі.



Күйеуінен жәбір көрген келіншектің айтуынша, арасында тіпті енесі де қол көтерген кездері болған екен.

«Енем ұрғанда кәдімгідей еркек ұқсап, екі жұдырығымен ұратын. Онымен қоса қайын сіңілім де ұрған кездері болды. Қазір бір құлағым естімейді, шамамен 12 жыл болып қалды»,- дейді келіншек.

Іңкәр Сүлейменова халық қалаулысы атанған жолдасымен отасқанына 18 жыл болғанын айтты. Бүгінде екеуінің некесінен ортақ 6 баласы бар екен.

Бұдан бөлек, кейіпкердің сөзіне сенсек, күйеуінің одан басқа тағы екі әйелі бар көрінеді.

«Бірініші әйелін 2013 жылы көрдім. Ол әйел аяғы ауыр екенін айтты. Күйеуім кейін мойындады, баласы бар екенін де айтты. Одан кейін сол келіншектен 4 баласы бар деп естідім. Үшінші әйелі туралы мен өз қыздарымнан естідім», - дейді келіншек.

Шенеунік әйеліне төркініне телефон шалуға да рұқсат бермеген сыңайлы. Сол себепті Іңкәр туған әпкесімен тығылып сөйлесуге мәжбүр болған екен.

Бүгінде шаңырағы шайқалған отбасының балалары әкесімен бірге тұрады. Бағдарлама барысында көрсетілген сюжетте балалар аналарын сағынбайтынын айтып, алдағы уақытта әкелерімен қалғылары келетінін жеткізген. Алайда Іңкәр Сүлейменованың айтуынша, күйеуі балаларын оған әдейі қарсы қойып қойған. Бүгінде келіншек кіші қызымен телефон арқылы жасырын түрде сөйлесіп тұратынын айтты.
Просмотров материала: 17 697

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 857 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 526 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 025 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 065 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 438 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 431 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 466 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 788 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 442 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 505 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 697 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 776 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 871 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 420 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 659 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 400 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 798 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 597 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 427 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 357 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 839 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 134 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 180 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 418 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 806 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 105 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 238 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 180 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 554 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31