22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өзбекәлі Жәнібековке Алматы мен Түркістанда ескерткіш орнатылмақ

23 октябрь 2021, 12:39
Өзбекәлі Жәнібековке Алматы мен Түркістанда ескерткіш орнатылмақ
Мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог ғалым Өзбекәлі Жәнібековке Алматы мен Түркістан қаласында ескерткіш орнатылатын болады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнолог ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың 90 жылдығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атап өтілетін атаулы даталар мен жылдар тізбесіне енгізілген. Осыған байланысты Үкімет қоғам қайраткерінің есімін құрметтеуге арналған кешенді жұмыстар жүргізуде. Осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаушы – Ө. Жәнібеков», «Отырардың тағылымды тұлғасы» атты көрмелер, «Ө.Жәнібеков – ұлт мәдениетінің жанашыры» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Ұлт рухын ұлықтаған – Ө.Жәнібеков» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды», - делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында.

Вице-премьердің атап өтуінше, 19 қарашада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты халықаралық-тәжірибелік конференция және 8 желтоқсанда «Бабалар аманаты - Тәуелсіздік» атты республикалық жастар айтысы өтеді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қараша айында «Ұлт рухын ұлықтаған Ө. Жәнібеков» атты дөңгелек үстел, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылады. «Мирас» университетінде «Көрнекті этнограф және қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің шығармашылық мұрасы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция жоспарланған.

«Ө.Жәнібековтің қызметі мен еңбегін насихаттауға арналған іс-шаралар басқа өңірлерде де өз жалғасын табады. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы кітапханаларында қайраткердің 90 жылдығына орай дөңгелек үстелдер, көрмелер ұйымдастырады. Бүгінде қоғам қайраткерінің есімі Түркістан қаласындағы № 27 ІТ-мектеплицейіне, Түркістан облысының Отырар ауданындағы № 4 мектеп лицей интернатына берілген. Аталған лицей-интернатта Ө.Жәнібековтың музейі жұмыс атқаруда. Түркістан қаласындағы көшеге Ө.Жәнібековтің есімі 2004 жылы берілген. Көшенің ұзындығы 1 300 метр, 80-85 үй орналасқан, сумен, жарықпен қамтамасыз етілген, абаттандырылған, асфальттанған. Қазіргі күні қала әкімдігі Түркістан қаласындағы жаңадан түскен көшелердің біріне қоғам қайраткерінің есімін беру мүмкіндіктерін қарастыруда. Сонымен қатар Шымкент қаласында Ө. Жәнібековтің есімі берілген 1 мектеп және қала аумағында 1 үлкен көше бар. Ө. Жәнібековтің бюсті Түркістан қаласында қайраткердің есімімен аталатын мектеп алдында, ал ескерткіші Отырар ауданы Шәуілдір ауылында орнатылған. Қазіргі уақытта Түркістан облысы әкімдігі мемлекет қайраткеріне арналған еңселі ескерткішті Түркістан қаласында орнату мәселесін келесі жылы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның қарауына ұсынуды жоспарлауда», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні Алматы қаласындағы Гоголь көшесінің 37 мекен-жайына Ө. Жәнібековке мемориалдық тақта орнату жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі мемлекет қайраткеріне арналған ескерткіш орнату мәселесін қалалық Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізетін болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2022 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ө.Жәнібеков және К.Смайылов туралы, «Хабар» агенттігі» АҚ Ш.Мұртаза, Ш.Уәлиханов туралы портреттік деректі фильмдер дайындау үшін тақырыптық тізімге қосуды жоспарлап отыр.

«Сондай-ақ, қазіргі кезде Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне қарасты Арыстанбаб кесенесінің аумағында орналасқан Ө.Жәнібеков кесенесін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу мәселесін қарастыруда. Қостанай облысының әкімдігі Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихи облыстық музейіне» Ө.Жәнібектің есімін беру бойынша қоғам пікіріне зерделеу жүргізіп, тиісті құжаттарды әзірлейтін болады. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген көрнекті тұлға Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығын ұйымдастыру одан әрі тиісті деңгейде жалғастырылатын болады», - деді вице-премьер.
Просмотров материала: 723

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 199 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 015 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 670 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 690 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 997 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 662 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 832 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 909 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 149 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 293 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 660 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 393 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031