26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Назарбаевтың отставкаға кету туралы шешіміне қандай дерті себеп болған

22 октябрь 2021, 10:42
Назарбаевтың отставкаға кету туралы шешіміне қандай дерті себеп болған
Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Портреттің штрихтары. Ашылу" атты деректі фильмінде екі жыл бұрын өзінің отставкаға кетуге қандай ауру әсер еткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл туралы қанша рет айтуға болады (күлді). Мұндайды ашып айтуға болмайды. Ешкімге бұл жаййынан тіс жарып, айтпадым. Тек сол күні таңертең, қалай дегенмен де үлкен көршіміз ғой, Путинге қоңырау шалдым, ол есеңгіреп қалды, айтып жатырмын, бүгін кешке жариялаймыз деймін, солай шештім, өз аузымнан естісін деп айтып жатырмын, сонымен бітті! Мемлекет басшылары ішінен одан басқасының ешқайсысы білген жоқ. Оның үстіне бұл шешім алдында - 2015 жылы пісіріліп қойған болатын. 75 жылдық мерейтойым өтті, сол кезде осы мен үшін жеткілікті шек деп шештім. Қазақстан халықтары Ассамблеясы менің қызметімді сайлаусыз өмір бойына ұзарту үшін бүкіл Қазақстан бойынша қол жинады, - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, сол кезде өзінің қарсылығына қарамастан бүкіл ел бойынша 5 миллион қол жиналды, бұл сайлаушылардың 65% құрайды.

Бір сөзбен айтқанда, мен қазірдің өзінде сайланып қойғанмын деп айтуға болады. Содан тұрдым да айттым: "Жарайды, біз кезектен тыс сайлау өткізетінімізді жариялаймыз, адамдар өз пікірін білдірсін" дедім. Алғашқы жалпыхалықтық сайлау 1991 жылы өтті - 98,8%. Соңғысы - 2015 жылы: 97,8%. Сенім осындай болды, 80% -дан төмендеген емес. Егер кім де кім ойдан алынған сан деп айтса, солай-ақ ойлай берсін, бірақ бұл 60% емес, 51% емес, қалай 80 немесе 90%-ды жазып алуға болады. 2015 жылы адамдар дауыс беру үшін кезекке тұрды. Өмір бойына адамдардың осындай сеніміне ие болғаным, әрине жанымды тебірентті. Міне, өзіме деген сенімнің осындай шыңында кетуіме тура келді. Сондықтан, осылай істеу керек деп санадым. Менің көз алдымда КСРО басшыларының бірқатары өтті. Брежневтің, Андроповтың және Черненконың жерлеу рәсіміне қатыстым, бұл бір жағынан. Екінші жағынан, адами мүмкіндіктердің де шегі бар ғой, - деп түсіндірді Елбасы.

Ол отставкаға кетуіне қосымша тағы бір себеп болғанын, яғни омыртқасын емдету қажет болғанын айтты.

Бұл туралы ешқашан айтқан емеспін, енді ғана айтып отырмын, менің омыртқама ота жасалды. Өте ауыр ота еді. 8 наурызда концертке бардық. Бір уақытта концерт аяқталды. Мен орнымнан тұрдым, сонымен бітті, аяғым қозғалмайды. Қатып қалған. Содан күзетшіні шақырдым. "Қасыма тұр!" дедім. Балдақ сияқты оның қолынан ұстап алдым. "Енді ақырындап жылжиық, адамдар байқап қоймасын" дедім, зал толы болатын. Сөйтіп шығып кеттік. Сөйтсем омыртқамда бір кілтипан бары белгілі болды. Ота жасады. Солай емделіп алдым. Қазір бәрі жақсы. Бала кезімде қызылдардың командирі туралы фильм көргенмін, сонда ол жараланады, ал отряд шабуылға шығуы тиіс, бірақ оған қимылдауға мүлде болмайды, сол кезде ол жарасын өзін тартып таңып, аяғынан тұрып, "командир кез келген жағдайда ақ аттың үстінде, қолдың басында болуы керек" деп айтады, - деп еске алды ҚР Тұңғыш президенті.

Оның пікірінше, президент үшін солай болуы керек.

Президент науқастанса, ол мемлекет басшысы емес. Бұл сіздің жағдайыңыз, ал мемлекеттің бұған не қатысы бар, ол зардап шекпеуі керек қой, осылай сапарлап жүре бересіз бе, қаншама кездесу бар, 350 кездесу, көз алдыңызға елестете аласыз ба?! Ал мұндай денсаулықпен қайда барасыз? Бұл 2011 жыл болатын. Содан кейін тағы жөнделуге тура келді, ол да қиын ота еді. Жақсы хирург кезікті. Тәжірибелі. Міне, осы жайттар да менің шешіміме әсер етті. Бұл туралы мен ешқашан айтқан емеспін, ол үшін кешірерсіздер. Енді оны қалай айтасыз, жұмыс істеу керек, әлі де кетуге дайын емес едім, өйткені мұрагер мәселесі шешілмеген болатын. Ақыры бір шешімге келдім, оным дұрыс болды деп ойлаймын. Содан бері екі жылдан астам уақыт өтті, оған еш өкінбеймін. Осы жағдайдан басқа дертім болған емес, қазір де ауырып жүргенім жоқ, - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.
Просмотров материала: 1 509

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 288 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 101 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 745 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 778 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 073 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 101 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 246 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 425 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 121 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 312 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 198 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 234 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 019 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 889 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 715 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 863 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 001 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 668 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 038 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 766 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 771 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 615 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 456 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 712 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 660 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 167 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 596 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 493 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 743 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 085 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 494 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 472 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 512 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 454 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 691 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 833 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30