27 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда 20 жылда кедейлік 9 есеге төмендеді – Еңбек министрлігі

20 октябрь 2021, 12:00
Қазақстанда 20 жылда кедейлік 9 есеге төмендеді – Еңбек министрлігі
Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында 2001-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,3%-ға дейін төмендеді, деген мәлімет таратып отыр ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті және оның тиімділігінің басты өлшемі Қазақстан халқының әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады. Елдегі кедейлік деңгейінің серпінді төмендеу үрдісі 2000-2005 жылдар кезеңінде қолданыста болған республикалық бағдарламаларды іске асырудың нәтижесі болды. Бұл үдерісте 2002 жылы күшіне енген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңның қабылдануы ерекше рөл атқарды. Бұл құжатта қандай да бір объективті себептерге (жасына, уақытша еңбекке жарамсыздығына, денсаулық жағдайына, жұмыстың болмауына және т.б.) байланысты өз тыныс – тіршілігі үшін жағдайларды қамтамасыз етуде қиындық көріп отырған табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету көзделеді.

Елдің индустриялық дамудың жаңа кезеңіне өтуі жағдайында қолданыстағы ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қайта қарау, АӘК күшейту, енжар көмектен өмірлік қиын жағдайды еңсеру үшін отбасылардың еңбек белсенділігі мен күш-жігерін ынталандыратын белсенді саясатқа көшу қажеттілігі қалыптасты.

Осыған байланысты "5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылғандарға арналған төлемдердің 3 түрін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің бір төлеміне трансформациялау жүргізілді. Бұл ретте осы төлем 2 түрге жіктелген: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектердің немесе зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетіледі. Сондықтан мұндай отбасылар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік мшарты жасалған және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда ұсынылады, – деді ҚР Еңбекмині Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 2020 жылдан бастап қолданыстағы АӘК беру жүйесі түзетілді. Басты бағдар еңбекке ынталандыру, аз қамтылған азаматтардың табыстарын есепке алуға және мемлекеттік қолдау мөлшеріне қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болды.

Енгізілген шараларды іске асыру кешенде жүзеге асырылады, мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

- көп балалы аналарды қолдау;

- жаңғыртылған АӘК;

- кепілдік берілген әлеуметтік топтама.

АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері:

1. 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға табысына қарамастан 46 760 теңгеден (4 бала) 186 688 теңгеге (16 бала) дейін сараланған мөлшерде төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл ретте АӘК шеңберінде балаларға белгіленген төлемдер алынып тасталды.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 443,5 мың отбасы жалпы сомасы 210,2 млрд теңгеге алды.

2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесі жаңғыртылды:

- тоқсан сайынғы АӘК тағайындау қайтарылды;

- АӘК еңбекке қабілетті алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді, яғни олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда, АӘК алу құқығын отбасының барлық мүшелері жоғалтады;

- учаскелік комиссиялар институты күшейтілді. Олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұзартылды.

"Ағымдағы жылдың 1 қазанына АӘК 189 мың отбасына немесе 903,9 мың адамға тағайындалды, оның ішінде шартсыз ақшалай көмек – 129,2 мың адам немесе барлық АӘК алушылардың 14,3% - ы (35,7 мың отбасы), шартты ақшалай көмек – 774,7 адам немесе 85,7% (153,3 мың отбасы). Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті АӘК алушылар санынан (252,5 мың адам) жұмыспен қамтылғандар мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны 176,6 мың адамды немесе 69,9% – ды құрады", – деп хабарлайды Асқар Ниязов.
3. Оқу орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп формасымен және керек – жарақтармен қамтамасыз етуді, мектеп жасына дейінгі балалар үшін азық – түлік жиынтықтарымен және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді көздейтін 1 жастан 18 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылар қатарындағы балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) енгізілді.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша әлеуметтік топтама алушылардың саны 450,3 мың баланы құрады, оның ішінде 1 – ден 6 жасқа дейінгі балалар – 230,5 мың, мектеп жасындағы балалар – 219,8 мың.

Жалпы, республика бойынша 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 55,4 млрд теңге төленді, оның ішінде АӘК – 47,2 млрд теңге, әлеуметтік топтама – 8,2 млрд теңге.

Еңбекке ынталандыруға және табысы аз отбасылардың өмірлік қиын жағдайды еңсеруіне бағытталған енгізілген шаралар АӘК алушылар санын 2,3 есеге – 2019 жылғы 2 млн 177,2 мың адамнан 2020 жылы 936,2 мың адамға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа тәсілдер табысы аз азаматтарға көмек көрсетудің атаулылығын, ашықтығын және әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және оларға еңбекке жаңа ынталандыру береді, – деп түйіндеді Асқар Ниязов.
Просмотров материала: 469

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 861 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 470 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 074 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 176 124 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 176 421 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 357 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 494 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 722 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 839 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 998 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 644 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 005 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 424 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 254 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 071 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 282 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 343 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 022 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 411 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 133 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 973 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 810 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 071 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 013 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 526 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 016 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 842 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 117 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 465 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 859 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 813 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 860 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 821 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 053 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 197 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930