3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



10 жылға сотталған ақтөбелік әншінің адвокатына деп жиналған қаражат талан-таражға түскен бе?

19 октябрь 2021, 12:18
10 жылға сотталған ақтөбелік әншінің адвокатына деп жиналған қаражат талан-таражға түскен бе?
Жанжал өткен жазда басталды. Содан кейін тәлімгерге балалары лагерьде демалған ата-аналардың отбасынан өтініш түсті. Олардың айтуынша, ер адам 10-12 жастағы балаларды қорлаған. Кейінірек ата-аналардың бір бөлігі студенттің қысым көрсеткені туралы айыптауларынан бас тартты.

«Балаларға азғындық көрсетті» деген айыппен 10 жылға бас бостандығына айырылған ақтөбелік лагерьдің тәлімгерінің ісі қайта қаралуы мүмкін.

Оқиға 2019 жылы Ақтөбедегі жазғы лагерьдің бірінде болған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әнші жігіт аталған мекемеде жұмыс істеп жүріп, 10-12 жастағы балаларға сексуалды сипаттағы әрекет жасаған. Арызды бір топ ата-ана түсіргенімен, тергеу барысында олардың жартысы арыздан бас тартты. Соған қарамастан 2020 жылдың наурыз айында сот 23 жастағы Әліби Өтепбергенді айыпты деп таныды және 10 жылға жаза тағайындады. Алайда, Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталғанның қорғаушыларының өтініші бойынша сот тергеуін қайта бастағанымен, сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Десе де, Әлібидің жақындары әділдік үшін әлі де күресіп келеді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап бұл істі өз қолына белгілі адвокат Абзал Құспан алғаны белгілі болды. Жақында ғана ол әлеуметтік желіге Әлібимен кездескені туралы жазды.

«Әліби Өтепбергенге 15 қазан күні бардым. Қазір ол Қызылорда қаласындағы қатаң режимдегі колонияда отыр. Сағат түскі 2-де бардым, кездесу сағат 5-тен кейін болды. Өйткені оның ол жаққа ауыстырылғанына көп болған жоқ, сондықтан да екі апта міндетті түрде карантинде болуы тиіс. Ал оның карантинде жатқанына әлі бір апта болған жоқ. Дәл қазір оның Қызылордадағы жағдайына баға беру қиындау. Мекемеге қатысты пікір айту да ерте. Өйткені Әліби ол жаққа енді ғана түсті. Десе де, Әлібидің айтуынша медициналық көмек енді көрсетілмек. Оған ол көмек өте қажет», - деді Абзал Құспан.

«Колония қызметкерлері сотталушыларды соққымен күтіп алған»

Адвокаттың бұлай деуіне себеп те жоқ емес. Бұған дейін БАҚ-да Әліби Өтепбергеннің жазасын өтеу мекемесінде «соққыға жығылды» деген ақпарат тараған.

«Оқиға 2020 жылдың 20 қазан күні Әлібиді Ақтөбеден Ақтауға апарған кезде болған. Бұл Кеңес үкіметінен қалған сондай тәжірибе. Алғаш колонияға келген кезде мекеме басшылы бұлардың «рухын сындырып алу қажет» деген оймен ұрып-соғады. Міне сол кезде Әліби және оның қасындағылардың барлығын өз тілдерімен айтқанда «күтіп алды». Өте көп қызметкер болады, бәрі бетіне маска киіп, сотталғандардың дымын қалдырмай сабаған. Содан қазір Әлібидің денсаулығында кінәрат бар және Ақтауда оны емдеуге ешқандай шара қолданбаған. Сондай-ақ, осы Ақтауда болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы тиісті органдарға шағым дайындап жатырмын», - дейді адвокат.

Абзал Құспан іске ресми түрде енді ғана кіріскендіктен, әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтың жоғын жеткізді.

«Әлібидің ісі бойынша әзірге қандай да бір жаңалық бар деп айта алмаймын. Өйткені бұл іске ресми түрде енді кірісіп жатырмын. Айтарым, Бас прокуратура тарапына бір біраз мәрте арыз жаздық, олар да да біраз үміттендірім, бірнеше айымызды текке жеп қойды. Осылайша қылмыстық іс Бас прокуратурада ұзақ уақыт жатып қалды. Алайда олардан еш нәтиже болмады. Ендігі үмітіміз Жоғарғы сотта. Ол жаққа Алдиярдың (авт. Әліби Өтепбергеннің туған ағасы) атынан өтініш беруімізге мүмкіндігіміз бар. Қазір сол өтінішті дайындау үстіндеміз», - деді қорғаушы.

Балалар өз жауаптарынан бас тартты

Абзал Құспанның сөзіне сенсек, бұған дейін болған сот отырыстарында ұсақ-түйек қателіктер кеткен көрінеді. Өйткені қорғаушы тарап Өтепбергеннің толықтай кінәсіз екеніне сенімді.

«Әліби Өтепбергеннің кінәлі екендігін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ. Істегі азын-аулақ айғақтар кәмелет жасына толмаған балалардың бастапқы кезде берген жауаптары. Бірақ ол балалардың ішінде тек біреуі ғана өз жауабында қалып отыр. Ал қалғандарының бәрі өз жауаптарынан бас тартты. Ол балалықпен болған жағдай. Тергеу кезінде тергеу соты олардың жауаптарын алып алады. Сондай кезде қорғау тарапынан да кеткен бірен-саран кемшіліктер бар, әрекеттер жасалған жоқ. Айыптаулар тек соған ғана сүйеніп отырды», - дейді Құспанов.

Бұған дейін тараған ақпараттар бойынша, Әліби Өтепберген лагерь территориясындағы душта және турникке тартылатын жерде балаларға азғындық көрсеткен. Осылайша оның үстінен екі жәбірленуші арыз түсірген. Алайда, адвокаттың айтуынша, оның мұндай қылмыстық әрекетін көрген бірде-бір куәгер жоқ. Оның үстіне, жәбірленушінің бірі берген жауабынан толықтай бас тартқан екен.

«Ол кезде процесс басталып кеткендіктен, біздің құқық қорғау органдары кері кету дегенді білмейді. Сондықтан, Әлібиге қатысты осындай сот үкімі шығып кеткен. Қазір оның кінәсіз екенін дәлелдейтін жаңа деректер іздеп қажет емес. Ал, оны айыптау тарапы ұсынған дәлелдер жоққа шығарылды», - дейді Абзал Құспан.

Халықтан адвокат жалдауға жинаған ақшасы қайда?

Әліби Өтепберген сотталғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті болған. Оның басына қиындық түскен сәтте бірқатар өнер иесі қолдау көрсетіп, тіпті Әлібиге жақсы адвокат жалдау мақсатында арнайы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған. Алайда, игі істің аяғы дауға ұласқан көрінеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Ілиясова күні кеше ғана Instagram-парақшасында жиналған қаражатқа қатысты туындаған түсініспеушіліктің шет жағасын жазды. Ілиясованың айтуынша, оның әріптесі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева оның абыройына күйе жаққан.

«Меруерт Түсіпбаева Әлібиге байланысты мәселеге орай менің тарапыма жағымсыз әңгіме көтеріп отыр екен. Кешелі бері дос, таныс, туыс, өнер жанашырлары хабарласып, "Сіз жайлы жайсыз әңгіме таратып жатыр", - деп алаңдаушылық танытуда. Сонда да сабыр сақтауға, айқайға қамшы басып даурықпауға тырыстым. Ал, енді халық алдында жауап берейін. «Алдында жинаған ақшаның есебі Майра Ильясовада. Халықтан жиналған 4 млн теңгені сол кісіге тапсырдық» депсің. Ол ақша неге маған берілу керек? Халық жинаған қаражат карточкасының номері жазылып көрсетілген Әлібидің әпкесі Табышова Нұрбақыт Қаныбековна ханымға бірден аударылып отырды. Маған ешқандай ақша берілген жоқ», - деп жазды Майра Ілиясова.

Түсінгеніміз бойынша, Әлібиге бір емес, екі бірдей адвокат жалданған. Алайда, қорғаушыларға халық жинаған қаражаттың қанша теңгесі жұмсалғаны белгісіз. Даудың басы дәл осы жерден басталған сыңайлы. Өз кезегінде Майра Ілиясова қаржылық есепті сол екі адвокаттан сұрау керектігін жазған.

Azattyq Rýhy тілшісі Әліби Өтепбергеннің адвокаты Әлия Ахметжановаға хабарласып көргенімен, ол кісі қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Өз кезегінде әнші Меруерт Түсіпбаева болған түсініспеушілікке қатысты Facebook-парақшасында жаба қалдырған екен.

«Алтыннан ардақты Майра апкем, сіз Пайғамбар жасынан асқан адамсыз… Сізді айыптайтын мен емес. Карта сізде болды (Каспи голдтың видеолары бар, сол мерзімде картадан ақшаны кім шешкені #21ғасыр) Каспи голдке түскен ақша, оны кім шешіп отырғаны зафиксированно) Нұрбақыт апкесі, интервью берді телефоннан, карточканы бір түсірілімге барғанда, Майра апкеге бердім деп …. Қан жұтып отырып, ол неге өтірік айтады…. Нұрбақыт Ақтөбенің бір ауылында тұрады, ал ақша Астанада шешілген…. Әпке, халыққа есеп беріңіз…. Осы ғана талап…. Ол менің ақшам емес, біз сауатты адамдармыз. (Такие правила!) Адвокатты жалдағанда келісім - шарт бар ғой?? Соны желіге салыңыз… Болды», - деп жазды әнші (грамматикасы мен орфографикасы толықтай сақталды).

Ақшаның шын мәнінде қайда және кімнің қолына түскенін білу үшін редакция тілішісі Әліби Өтепбергеннің Нұрбақыт есімді әпкесі хабарласты. Алайда, ол да бұл мәселеге қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Просмотров материала: 1 109

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 121 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 792 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 291 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 337 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 705 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 854 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 814 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 421 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930