26 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда жылына 50 мыңнан астам жыртқыш құс өледі

15 октябрь 2021, 12:43
Қазақстанда жылына 50 мыңнан астам жыртқыш құс өледі
"Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының" төрағасы Айгүл Соловьева онлайн-кеңесте Қазақстанда жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, 50 мыңнан астам жыртқыш құс жыл сайын жоғары вольтты электр сымдарына түсіп өледі, бұл популяцияның азаюына әкеледі. Сонымен қатар, Қазақстанда жыртқыш құстарды заңсыз әкету фактілері жиілеп кетті. Жыл сайын табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары контрабанда фактілерін тіркейді. Заңсыз әкетудің салдарынан Қазақстанның жабайы табиғатындағы Қызыл кітаптағы құстар популяциясы азайып келеді, - деп мәлімдеді ол.

Оны биоалуандықты зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев қолдайды.

Жыртқыш құстар айнала ашық көрінетін орын іздейді, оған әсіресе, биік төбелер ыңғайлы. Сол жерден құстар жемтігін оңай аулайды, маңайды бақылай алады. Сондықтан шөл және дала аймақтарында жоғары вольтты электр желілеріне шығып, электр тоғына түсіп өледі, - деді ол.

Сонымен қатар, ол қауіпті желілерде әр 10 км сайын орта есеппен үш құс өлетінін айтты. Олардың жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген құстар.

Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қауіпті жоғары вольтты электр желілерінде орта есеппен 2 мыңға жуық Қызыл кітапқа енген құс өледі, - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешудің ең оңай жолы – желілерді диэлектрлік қақпақтар деп аталатын құс қорғайтын құрылғылармен жабдықтау. Олар құстың электр тогына түсуіне жол бермейді. Бірақ электр желілерін жер астымен жүргізу құс өлімінің алдын алуға толық мүмкіндік береді. Мұндай шешім Қазақстанда "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылысында қолданылған.
Бұл арзан әрі экологиялық тұрғыдан да тиімді, - деп түйіндеді спикер.

Заңнамаға "Құсқа қауіпті конструкция" терминін енгізу ұсынылды. Бұл келешекте жаңадан салынып жатқан ғимараттарда осындай конструкцияларды жобалауға және салуға заңнамалық түрде тыйым салуға, сондай-ақ құс қорғау құрылғылары болмай, қолда бар конструкцияларды пайдалануға заңнамалық түрде тыйым салуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, жел электр станцияларын қара түске бояу құстардың өлімін 50% төмендетеді. Бірақ құстарды қорғау тұрғысынан ең тиімдісі – вертикалды турбиналар орнату.
Просмотров материала: 1 042

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 985 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 653 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 153 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 194 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 565 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 437 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 471 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 794 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 450 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 511 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 704 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 778 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 421 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 660 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 401 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 799 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 358 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 841 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 137 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 181 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 420 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 808 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 106 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 181 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 556 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31