3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Депутат ретінде сынасын, бірақ намысымызға тимесін – Мақпал Мыса

13 октябрь 2021, 10:23
Депутат ретінде сынасын, бірақ намысымызға тимесін – Мақпал Мыса
Танымал болдым мінекей, желіде жазба қалдырып. Түрлі мәселеге үн қатып, күнделікті оқиғаларға пікіріңді білдіру қазір түк емес. Әлеуметтік желіден аккаунт ашып, "ақылды" болсаң жеткілікті. Ойды ашық жеткізу деп опық жеп, олақ жазатындар да бар. Сөз бостандығын балағат сөздермен шатастырып, жұрттың жеке басына өтетіндер өмірде қандай? Әлде олар виртуал әлемде ғана "батыр" ма? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Бүгінде әлеуметтік желі әжептәуір күшке айналды. Ел-жұрт кез-келген тақырыпта, тіпті елдің саяси өміріне қатысты көзқарастарын білдіріп, пікірін еркін жеткізе алатын болды. Алайда бұл тұста желі әдебіне бағынбайтын бейәдеп сөздер қоса жүреді. Бұл туралы медиа және кино зерттеушісі Молдияр Ергебеков өз парақшасында былай деп пікір білдірді.

Әрбір медиа әлеуметтік медиа парақшасында оқырмандары үшін коммент жазудың этикалық ережелерін қалыптастырып, парақшаларының профиліне іліп қоюы керек. Оқырмандарының ғадауатқа толы комменттерін еш ойланбастан өшіріп отырулары керек. Осылайша кибербулингтің де алдын алуға болады.

Бейәдеп сөздер қолданылған комменттерге назар аудармау әлеуметтік жауапкершілікке мән бермеу деп қоса кетті. Ал әлеуметтанушы Рамазан Сәттарұлы "Қоғам біртұтас, оны шынайы және виртуалды деп бөлуге болмайды, сақталатын әдеп те бір" дейді.

Рамазан Сәттарұлы, әлеуметтанушы:

Сіз қалай әлеуметтік шындықты, шынайы өмірде бір нормамен өмір сүресіз де, ана жаққа басқа норманы алып барасыз? Екеуі бейнеленуі, ақпараттың жүктелуі немесе ақпаратты тұтынудың белгілі бір форматтары бар. Бірақ ол жерде бәрібір мораль нормалары мен әдеп принциптері адамдарың арасындай болуы керек, болғаны жөн.
Мақпал Мыса деген атпен ақын боп танылып, кейін депутат болған Мақпал Тәжмағамбетова әлеуметтік желідегі әдепсіздік қоғамның үлкен дертіне айналды деп есептейді. Өзіне айтылатын, жазылатын елдің кейбір пікірі де мәжілісменнің көңіліне тиеді екен.

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Депутаттық мінберге көтерілгеннен кейін саған тұлға ретінде қарайды, депутат ретінде не бітіреді, нені қояды, нені шешеді деген сыни көзқараспен қарайды. Бұл орынды деп ойлаймын. Бірақ сол мәселеге қатысты турасын емес, жеке басыңа өтіп, ар-намысыңа, отбасыңа, жақын адамдарыңа тіл тигізіп жатады. Бұл енді артық әрине.

Депутат заң тұрғысында әлеуметтік желідегі әдеп нормаларына нақты реттеулерді енгізу керектігіне баса мән беріп отыр. Өйткені..

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Әлеуметтік желіге қатысты әдепті сақтау үшін, адам мен адам арасындағы мәдениетті бұзбау үшін, еркінсу деген есіру емес екенін түсіну үшін.
Біз әлеуметтік желідегі ғадауат тілді жандардың психологиялық портретінің қандай болатынын психолог маманмен бірге талқылап көрдік.

Ақгүл Төлеуханқызы, психолог:

Қандай адам мұны жасап тұр? Көбінесе ұялған, жан деңгейінде өзін әлсіз сезінетін, өзіне сенімділігі төмен адамдар, осы бір өзін әлсіз сезіну деген сезімінен алыстату үшін, оны өзгеге беруді көздейді.
Адамның жеке басына, нәсіліне, ұлтына тиісуге болмайды. Қазақстанда заңмен тыйым салынған. Алайда әлеуметтік желінің тәртібіне қатысты нақты норма жоқ. Дегенмен, интернет әлеміндегі айқас, ауыр сөздер кибербулингге ұласуы мүмкін.
Просмотров материала: 969

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 120 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 791 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 290 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 336 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 704 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 530 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 854 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 514 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 891 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 814 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 438 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 136 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 855 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 421 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930