25 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Білім беру саласында 18 мыңнан аса маман жетіспейді - Еңбек министрлігі

11 октябрь 2021, 10:27
Білім беру саласында 18 мыңнан аса маман жетіспейді - Еңбек министрлігі
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) қыркүйек айында кәсіпорындар тарапынан кадрларға, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдарға сұраныстың өсімі байқалды: 137,9 мың бос жұмыс орны (+22%) және 62,2 мың түйіндеме (+8%) орналастырылды. Оқу жылының басталуына байланысты бос орындардың ең көп санын білім беру саласындағы ұйымдар орналастырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен айда ЭЕБ-дағы белсенділіктің өсу индикаторларының бірі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша бос орындарға қолжетімділікті кеңейту болуы мүмкін екенін айта кету керек, делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.

Осылайша, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс іздеушілер "Ұрпақтар келісімшарты" және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарында бос орындарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік алды.

Бұл, өз кезегінде, ЭЕБ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтті, онда азаматтар жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары сияқты қолдау шараларына қатысады, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адам ретінде немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтінім бере алады.

ЕРДО-да алдыңғы айдағыдай қыркүйек айында да білім беру саласындағы мамандарға деген сұраныс артып отыр – 18 мыңнан астам бос жұмыс орны, бұл мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда дәстүрлі оқыту форматына қайта оралуға байланысты болып отыр.

Білім беру жүйесі үшін кадрларға маусымдық қажеттілікпен қатар нарықта от жағушыларға, қазандық операторлары мен қазандық машинистеріне (от жағушылар) сұраныстың өсуі байқалады, олар үшін өткен айға қарағанда өсім 2,9 мыңға жуық бос орынды құрады. Ал қыркүйек айында оларға деген жалпы қажеттілік 3 мыңнан астам бос орынды құрады.

Осы айда сұраныс серпініне әсер еткен тағы бір фактор Қазақстан халқының жалпыұлттық санағы болды. Мәселен, ЭЕБ-да 7,8 мың интервьюер бос орны жарияланды, тамыз айымен салыстырғанда өсім 5,3 мыңды құрады, өңірлер бөлінісінде интервьюерлер үшін бос орындардың ең көп саны Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында орналастырылды.

Қыркүйекте барлық өңірлер бөлінісінде бос орындар санының жалпы өсімі аясында Алматы қаласында (-10%) және Маңғыстау облысында (-7%) бос жұмыс орындарының қысқаруы байқалады. Сонымен қатар, өткен айда жарияланған бос орындар саны бойынша 12,6 мың (өсім 6,6 мың бос орын немесе 109%) Алматы облысы көшбасшы болды.

Екінші жағынан, бос жұмыс орындары сияқты, жұмыс іздеушілер белсенділігінің ең көп төмендеуі Алматы қаласында (-24%) және Маңғыстау облысында (-21%) байқалады. Сонымен қатар түйіндеменің ең көп өсімі Ақмола (+40%) және Солтүстік Қазақстан (+39%) облыстарында болды, оларда басқа өңірлермен салыстырғанда жалпы түйіндемелердің ең аз саны байқалады – тиісінше 1,6 мың және 2 мың.

Сонымен қатар, білікті мамандар арасында түйіндеме мен бос жұмыс орындарын салыстыру кезінде интервьюерлермен қатар күзетшілер (504 түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны), автокөлік жүргізушілері (948 түйіндеме және 2 мың бос жұмыс орны), сондай-ақ тәрбиешілер (1,3 мың түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны) жетіспейді. Біліктілікті талап етпейтін кәсіптер арасында көмекші жұмыскерлер, жүк тиеушілер, әртүрлі жұмыстарды орындайтын жұмысшылар, ас үй қызметкерлері және мектептердегі тазалаушылар тапшы.

Қыркүйек айында біліктілікті талап ететін кәсіптер арасында заңгерлер (331 бос орынға қарсы 790 түйіндеме), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (1,3 мың түйіндеме және 965 бос орын), сондай-ақ қаржыгерлер (238 түйіндеме және 24 бос орын) артық болды. Біліктілікті талап етпейтін арасында вахтерлер мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар арасында жұмыс орындары үшін жоғары бәсекелестік байқалады.

Жұмыс берушілерді қарастыратын болсақ, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да қызметтер саласындағы, сондай-ақ статистика және әлеуметтану саласындағы кәсіпорындар ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының ең көп санын жариялады.

Өңірлер бөлінісінде білім беру саласындағы кәсіпорындар Алматы (3,6 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (2,7 мың), Қарағанды (2,3 мың) облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында (2,3 мың) жоғары сұранысқа ие болды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан (3,5 мың), Алматы (2,3 мың) және Жамбыл (1,6 мың) облыстарында бос орындардың көбірек санын орналастырды.
Просмотров материала: 1 245

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 748 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 268 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 839 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 892 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 209 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 738 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 854 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 100 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 360 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 503 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 045 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 172 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 472 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 299 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 127 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 355 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 380 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 197 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 180 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 010 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 852 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 128 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 063 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 569 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 122 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 160 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 522 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 859 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 921 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 881 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 102 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 249 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031