7 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жеке сот орындаушылары абыройсыз тірліктен бас тартты

08 октябрь 2021, 12:34
Жеке сот орындаушылары абыройсыз тірліктен бас тартты
Үйдің заңды иесі бола тұра оған кіре алмай жүрмін. Онда тұрып жатқандар босатудан бас тартуда. Осылай деп жеке үй сатып алған азамат шағымданды. Қолында заңды соттың шешімі бар. Соттың ұйғарымын орындаудан жеке сот орындаушылар бас тартуда, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Аян Жұмағалиұлы жарнама арқылы осы шағын үйі бар жер телімін наурыз айының басында сатып алыпты. Қолында Алатау аудандық және Қалалық соттың үйде тұрып жатқандарды шығару туралы шешімі бар. Құжат бойынша учаскеде шағын үй мен бақша деп көрсетілген. "Алайда баспананың бұрынғы иелері жапсарластырып үйлер салып, жалға беріп, мені қарызға белшеден батыруда" деп зар илеуде. Коммуналдық ақының бәрі өз атына келе бергендіктен газ бен электр энергиясын қидырып тастапты. Алайда ебін тапқан бұрынғы иесі жарықты қайта қостырып алған. Бірақ, үйді босатуға асығар емес.

Аян Жұмағалиұлы, үйдің иесі:

Заңсыз салынған үйлерге кіргізген. Осы жерде менің мүлкімнен заңсыз пайда тауып жатыр. Светті заңсыз қосқан. Мына мусордың бәріне қарыз 200 мың асып тұр. Менің құқымды кім қорғайды? Менің бала-шағам бар. Мысалы, олар 70 шақырымнан келіп оқып жүр. Біреуі бір ай болды сабаққа бармай жүргеніне. Неге десеңіз қай жерде түрамын. Жалғы үйдегі асыраушы менмін.
Ал Алтынай Омашева мұнда 2009 жылдан бері тұрып жатыр екен. Жер телімінің бұрынғы иесі "егер банк алдындағы қарызымды өтеп берсең оны аттарыңа аударып беремін" деп уәде берген екен. Оған имандай сенгендіктен 10 жыл бойы берешегін төлеп келген. Одан бөлек газ, электр қуаты, ауыз судың ақшасын жауып отырдық дейді. Енді өз аттарына рәсімдемек болғанда жаңа қожайыны пайда болғанына қапалы.

Алтынай Омашева, қала тұрғыны:

Он жылдан кейін келіп тұр адамдар біз бұл үйді сатып алдық деп. Қалай сатып алады? Біз банкті төлеп біткен жоқпыз. Қалған 2,5 миллилоны қалған. Біз 10 миллионын, 10,5 миллионын төледік. Чектің бәрі қолымызда бар. Осы жердің светіне қарыз болған, миллион сегіз жүз мың, чегімен бар олардың барлығы да.
Ал жеке сот орындаушылары "Ақбұлақтағы" қырғыннан кейін сот шешімі шыққан ғимараттарды сүру, берешек отбасыны мәжбүрлеп үйінен шығару сынды істерден бас тартып отырғандарын жеткізді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 215 атқару өндірісі бар екен. Яғни, екі жүзден астам отбасын үйінен мәжбүрлеп шығарулары тиіс. Бірақ, жылу беру маусымының басталуына орай мұндай санаттағы істер уақытша тоқтатылыпты.

Руслан Исаев, Алматы қаласы бойынша жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары:

Соңғы уақыттарда жеке сот орындаушыларға дөрекі сөйлеп, соғу, жаңағы жұмыстарын атқаруға кедергілер көп болып жатыр. Сондықтан біз жеке сот орындаушылардан осы үйден шығару мәселелері бойынша атқару өндірістерін, соттың шешімдерін осы мемлекеттік сот орындаушылар айналыссын деген ұсынысымызды бердік.

Ал Алғабастағы үйде тұрып жатқан отбасы мен пәтер жалдаушылар қыстың көзі қырауда болғандықтан ешқайда кетпейміз деп отыр. Ал үйдің заңды иесі сот шешімі бар болғанымен, оны жүзеге асыратын сот орындаушылар бас тартқандықтан енді кімнен көмек сұрайтынын білмей дал болып жүр.

Просмотров материала: 607

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 592 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 207 247 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 733 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 788 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 156 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 046 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 093 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 393 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 037 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 119 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 301 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 692 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 733 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 470 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 336 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 095 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 279 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 684 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 496 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 353 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 191 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 380 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 271 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 885 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 107 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 342 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 723 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 087 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 030 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 160 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 309 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 470 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031