7 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балабақша бизнес болды, баланы көп ойламайды

07 октябрь 2021, 17:50
Балабақша бизнес болды, баланы көп ойламайды
Балабақшаға аманаттаған балалар қақаған суықта дала кезіп жүр. Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшалардың бірінде болған оқыс оқиға әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл – Елордадағы жекеменшік балабақшада болған жағдай. Меңгерушінің сөзіне сенсек, техникалық ақауларға байланысты мекеменің қауіпсіздік жүйелері бұзылып қалыпты. Сол сәтте тәрбиешілердің көзін ала бере екі бала ашық қалған қызметтік есіктен сыртқа шығып кеткен көрінеді. Қақаған суықта сыртта жүрген бүлдіршіндерді жолай көріп қалғандар жетектеп ішке кіргізіп, тәрбиешілердің қолына тапсырған. Ал балабақша басшылығы болған жайт үшін кешірім сұрап, балалардың ата-аналары түсіністік танытқанын жеткізді.

Балабақшадағы оқыс оқиғалардың басы бұл емес. Осыдан жеті жыл бұрын 3 жасар бала жоғалып кеткен еді. Сәтін салғанда аман-есен табылды. Сөйтсе, теміржол асып, балабақша аумағынан алыстап кеткен екен. Ал Түркістанда шөлдеген бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойып, талай уақыт ауыр жағдайда жатқан болатын. Біз осы бір олқылықтардан кейін көптің көкейінде балабақшаға деген сенімсіздік бар ма екен, сұрап білдік.

Ешқандай сенім жоқ менде, ешқандай. Менің ойымша квалификацияларын көтеру керек. Психологиялық тұрғыдан дамытып, тексеру керек деп ойлаймын тәрбиешілерді.
Қазір бала көбейіп жатыр жылдан жылға. Бәрі балабақша ашатын кезде бизнес ретінде қарайды да, баланы көп ойламайды.

Біраз жыл бұрын кезек мәселесін шешу мақсатында "Балапан" бағдарламасы қолға алынды. Мемлекеттік балабақшалардың жүгін жеңілдету үшін жекеменшік негіздегі балабақшалар ашыла бастады. Десе де, кез келген балабақша, мейлі ол мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын атына заты сай болуы тиіс дейді Қазақстан жеке балабақшалар қауымдастығының мүшесі Баян Ахатай.

Баян Ахатай, Қазақстан жеке балабақшалар қауымдастығының мүшесі:

Балаға қызмет жасау арқылы ақша табуға келген адам, міндетті түрде бірінші сапаны қолға алуы керек. Оның ішінде бірінші кезекте баланың бас қауіпсіздігі. Денсаулығына ешқандай қауіп болмау керек. Одан ары қарай дамып, жетілуі баланың. Бала деген аманат қой. Аманатқа ешқандай қиянат жасамау керек.

Баян Ахатай күнкөріс қамы үшін келген, тәрбиеші мамандығына сай емес қызметкерлердің аз емес екенін жасырмады. Тіпті еденді де жуып, асты да дайындап, баланы да қарайтын бесаспаптар да кездеседі дейді. Бұл орайда ең әуелі жауапкершілікті күшейту керек.

Баян Ахатай, Қазақстан жеке балабақшалар қауымдастығының мүшесі:

Көбіне ешқандай дайындықсыз адамдар болуы мүмкін тәрбиеші көмекшілері. Соларға қандай да бір курстар ұйымдастыру керек бола ма. Сол жағын қолға алу керек сияқты.
"Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын" деген Ахмет, әу баста балаға деген қоғам қарым-қатынасының қаншалықты маңызды екенін жете түсіндіріп кеткен. Әр ата-ананың айтары, бүгінгі балабақшалардың жай-күйі осы бір аталы сөзге лайық болса деген талап-тілек.

Просмотров материала: 1 624

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 216 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 716 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 309 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 359 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 656 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 555 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 785 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 929 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 085 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 715 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 041 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 434 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 264 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 087 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 349 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 030 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 425 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 145 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 150 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 980 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 820 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 082 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 021 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 537 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 045 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 855 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 123 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 485 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 868 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 820 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 868 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 836 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 064 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 207 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031