23 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Судья Астанадағы LRT ісі бойынша үкім күші неге жойылғанын түсіндірді

07 октябрь 2021, 11:16
Судья Астанадағы LRT ісі бойынша үкім күші неге жойылғанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Абай Көкжалов елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) салу кезіндегі ұрлық туралы іс бойынша үкімнің неге күші жойылғанын түсіндіріп, істі прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот алқасы апелляциялық шағымдардың дәлелдерін, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде жол берілген көптеген құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді қарап, бұл құқық бұзушылықтардың негізі бар деп пайымдайды.

Бірінші сатыдағы сот сот тергеуінің біржақтылығы мен толық болмауына жол берді, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде адвокаттардың барлық дәлелдерін, шағымдары мен өтініштерін тексеруді қамтамасыз етпеді", - деп мәлімдеді Көкжалов сотта.

"Бірінші құқық бұзушылық: аталған қылмысты ұйымдастырушылар Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске дұрыс бөлінбеген. Бұл адамдарға қатысты олардың осы қылмыстың ұйымдастырушылары екені туралы тұжырым жасауға жол берілген, қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезде оларға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу туралы процестік шешім болмаған.

Сонымен қатар, іс материалдарында шетелдік компаниялардың өкілдеріне қатысты айыптау актілері бойынша қылмыстық әрекеттер, атап айтқанда, олардың ақша ұрлауға көмектескені туралы мәліметтер болды. Бірақ оларға қатысты қандай да бір іс жүргізуге шешім қабылданбады", - деді судья.

Оның айтуынша, осы іс бойынша келтірілген залал сомасы бөлігінде адвокаттардың өтініштері бойынша қайшылықтар жойылған жоқ. Алғашқы және кейінгі аудиторлық қорытындылар бір-біріне қайшы келеді.



Судья адвокаттар бұл дәлелдерді бірінші сатыдағы сотқа бергенін айтты. Олар аудиторлардың қорытындысын дәлел ретінде жарамсыз деп тануды сұраған. Бірақ сот олардың өтінішіне рұқсат бермеген. Сондықтан осы құқық бұзушылық бойынша істі прокурорға қайтаруға негіз бар.

"Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот бұл іс бойынша зерттемеген заттай дәлелдемелер мәселесі осы іс бойынша түсініксіз болып қалды. Бұл заттай дәлелдемелер тек апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түсті. Бірінші сатыдағы сот бұл дәлелдерге де тиісті баға берген жоқ", - деп атап өтті Абай Көкжалов.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) салу кезінде ұрлық туралы іс бойынша үкімнің күшін жойып, құқық бұзушылықты жою үшін істі прокурорға қайтарды.
Просмотров материала: 547

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 883 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 713 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 340 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 383 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 669 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 584 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 725 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 937 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 788 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 972 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 752 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 542 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 180 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 036 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 859 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 029 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 139 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 807 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 188 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 913 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 928 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 757 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 602 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 855 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 807 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 312 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 759 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 636 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 897 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 230 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 638 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 612 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 652 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 604 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 835 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 976 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031