12 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бір сағат ойнап келеміз": үш бала көз жұмған Атырау облысындағы өрттің мән-жайы

"Бір сағат ойнап келеміз": үш бала көз жұмған Атырау облысындағы өрттің мән-жайы
Атырау облысында үш бала тілсіз жаудың құрбанына айналды. Қайғылы жағдай Ортақшыл ауылында болған, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Ауыл тұрғынының айтуынша, күшікті қуалап ойнап жүрген үш бала шөптің ортасына кірген. Ал қараңғы болған соң сіріңке жаққан көрінеді.


Балалар түн ортасында өртенген шөп арасынан әзер табылды. Қазір өртенген шөп қора қоршауға алынды.

Қайғылы оқиғадан ауыл халқы ес жия алар емес. Тұрғындар балаларды іздеп қуыс-қуысты, жыра мен тоғай арасын түгел тінтіген. Бірақ 7 және 9 жастағы балаларды таппады.

Олардың денесі өртенген шөптің арасынан шыққанда жұрт есеңгіреп қалды.

"Күшік шөптің арасына кіріп кеткен. Соның артынан жорғалап үшеуі кірген болар. Екінші, үшінші сынып оқитын балалар. Оларда ес жоқ қой, қараңғы болған соң сіріңке жаққан. Сіріңке жаққанда шөп лап ете түскен де, балалар шыға алмай қалған. Денелері табылды, бірақ 22 орам шөп жанған соң танымайсың, қап қара болып күйіп кеткен", - дейді ауыл тұрғыны Әділбек Ізғалиев.
Ал балалардың бірінің нағашы әжесі олардың қолында сіріңке болған айтады.

Сондай-ақ туыстары балалардың денесі табылса да, уақытылы хабар бермей, сабылтып қойған полицейлерге өкпелі.

"Жиналмаған шөп қой, балалар сол жерге барған. Үй иесі өрт біреу темекі лақтырып кеткеннен шықты деп отыр. Көрдіңіз бе? Енді оның неден болғанын білмей отырмыз. Сағат 5-ке дейін жиенім үйде болды. Қасындағы екі бала келіп, ойнауға шақырды. Жібермеймін дедім. Сол күні ентелеп тұрып алып кетті. Тек бір сағат ойнаймыз да қайтып келеміз деп қоймады", - дейді балалардың бірінің нағашы әжесі Алтын Әбенова.

Мамандар тергеу жұмыстарын бастаған. "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабымен іс қозғалды.

"Қас қарайғандықтан уақытында хабарлау қиындық тудырды. Себебі ол жерге арнайы мамандар, сондай-ақ тергеу тобының қызметкерлері жұмылдырылды. Сот медицина сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өрттің себебі сараптама нәтижелерінен соң ғана белгілі болады",- дейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Атырау облысы Махамбет ауданында жиналған шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды.

Просмотров материала: 1 827

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 313 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 185 846 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 412 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 460 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 781 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 870 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 988 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 243 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 518 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 657 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 183 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 219 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 499 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 324 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 477 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 403 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 495 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 230 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 204 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 038 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 591 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 246 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 911 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 546 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 937 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 886 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 948 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 133 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 275 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728