22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы

06 октябрь 2021, 15:39
Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы
Соңғы кездері Түркиямен сауда-саттық жасаудың тәсілін үйрететін байерлік компанияларға «алданып қалдық» деп заңгерлердің көмегіне жүгінетін қыз-келіншектердің қатары күрт көбейіп кетті. Отандық заңгерлер осылай дабыл қағуда. Аталған курстардың кесірінен біреулер кредитке белшесінен батса, енді бір келіншектер шаңырағының шайқалғанын айтып арызданып жүр.


Бүгінде осындай қыз-келіншектерге тегін құқықтық кеңес берумен айналысуды қолға алған заңгер Айнұр Махметова Azattyq Ruhy тілшісіне Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдердің хикаяларын айтып, халықты жұлдыздардың жарнамасына алданбауға шақырды.

«ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ТАУАР МЕН КУРС САПАСЫНА КӨҢІЛІ ТОЛМАҒАН»

Жаз айынан бері байерлік компаниялардың түрлі курстарына қатысып, алданғанын айтып хабарласқан әйелдер саны өте көп. Байерлік компания ашып, сонымен айналысып жүрген кілең Түркияда уақытша тұратын қазақстандық азаматтар. Байерлік компаниялар көтерме тауарларды Қазақстанға жіберумен айналысады. Жаңағы қыз-келіншектер қалаған тауарын интернет арқылы таңдайды, ақшасын аударады, олар тапсырысты алып кері салып жібереді. Одан бөлек, SMM курсын үйретеді. Сондай компаниялардың біріне 12 адам бірігіп, «ұжымдық арыз жазамыз» деді. Одан жаңағы адамдар менің халыққа арыз жазу туралы, елшілікке кіру туралы ұсыныс-кеңестерімді естігеннен кейін 9 адамның ақшасын қайтарыпты.

Ол келіншектердің курсқа қатысу хикаясы әртүрлі. Тіпті онкологиямен ауыратын бір апай бір сәттік эмоцияға беріліп 300 мың теңгеге несие алып, курс және тауар сатып алмақшы болған. Кейіннен барып курстың сапасына көңілі толмай, заңгерге жүгінемін деп жарты ақшасын әзер қайтарған.

Байерлік компаниялардың курс бағалары да екі-үш мың теңге емес, 250-700 мың теңгенің аралығы. Ал курсты сатып алушылардың шағымы – жіберген тауар сапасының және жалпы курс сапасының төмендігі. «Барлығы келісілгендей болмады» дейді. Курсты қойып, тауар сапасының нашарлығын көргеннен кейін ақшаларын қайтаруды сұраған.

Мінекей, осындай шағымдар көбейіп кеткеннен кейін, ақшасын қайтара алмай жүргендерге тегін құқықтық көмек берумен айналысып жатырмын. Жоғарыдағы қыз-келіншектердің аты-жөнін, байерлік курс сатып жүргендердің, олардың жарнамасын жасап жүрген жұлдыздардың аты-жөнін қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталмайынша айта алмаймыз. Кейбірінің желіде жарты миллионнан астам оқырмандары бар.

«АҚШАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН, ОТБАСЫНЫҢ ШЫРҚЫН БҰЗҒАН»

Өткен апта басқа өңірден Нұр-Сұлтанға бір келіншек келіп, Ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Тергеушілерге қажетті ақпараттар, скриндер, sms хабарламалар мен чекті өткіздік. Одан кейін мен Қазақстандағы Түркия елшілігіне барып, мән-жайдың бәрін баяндадым. Ол кісілер барлығын түсініп, полицияға арыз жазуымызды сұрады. Стамбұл қаласындағы консулға жәбірленуші де, мен де хабарластық. Бұл келіншектің хикаясы мүлдем бөлек. Ол алғаш курс жарнамасын Қазақстанға танымал бір әйелдің парақшасынан көрген. Бастапқыда келісім бойынша 300 мың теңгенің тауарына тапсырыс берген, бірақ кейіннен менеджерлер «тауар 600 мың теңгеге шықты, үстіне тағы 300 мың теңге салу керексіз» деген. Жаңағы келіншек «ондай ақшам жоқ» деп тауарды алудан бас тартады. Бірақ тауардың бәрі алынып қойғаннан кейін ғана олар жүкқұжатын жіберген де, «үстіне ақша қосып тауарды аласыз болмаса ақшаңызды қайтармаймыз» деген. Бұл ақшасын сұраған соң екіжақты дау болған, әрі қарай балағат сөздер кеткен. Содан байерлік компания өкілдері жаңағы келіншектің WhatsApp мессенджеріндегі суретін алып, жарты миллиондай оқырманы бар парақшаларына қорғауымдағы келіншекті қарыз сияқты етіп салып қойған. Қандай әдіс қолданғандарын көрдіңіз ба, содан жаңағы келіншектің отбасының берекесі кеткен, күйеуі ренжіген. Біраз таныстары «сендер неге тауарға тапсырыс беріп, алмай отырсыңдар» деп жекелеріне жазған, хабарласқан. Салдарынан отбасылық қарым-қатынасына сызат түсіп, күйеуі «бүкіл Қазақстанда суретің не істеп жүр, масқара болдық» деп ренжіген. Олар басқа елде отырғандықтан кінәсін дәлелдеу қиын. Егер біздің елдің құқық саласы қызметкерлері әділ тергеу жүргізбесе, Түркияға барып сол жақта арыз-шағым жазамыз. Мен түрік тілін жетік меңгергенмін, бір апта ішінде біраз жұмыс атқара аламыз деп ойлаймын.

ЖАРНАМА ЖАСАҒАН ЖҰЛДЫЗДАР ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРДІ БҰҒАТТАП ТАСТАҒАН

Байерлік компанияларға жарнаманы Instagram желісінде оқырманы көп, елге танымал азаматтар жасайды. Халық соларға сеніп отыр. Ішкі істер министрлігінде арызды қабылдаған қыз «оларға қандай негіздерге сүйене отырып сендіңіз» десе, «оқырманы көп қой, пікірлер жақсы ғой» дейді. Шын мәнінде халық соған сенген. Оларға сенгендердің көпшілігі декреттік демалыста, үйде жұмыссыз отырған, түрлі ауру балаларды бағып отырған келіншектер. Олар курс өтіп, бизнес бастағысы келіп талпынған. Жарнама жасайтын танымал тұлғаларға да жәбірленушілер ақшасын қайтарып беруге көмек қолын созуды сұрап хат жазған. Бірақ олардың бәрі бұғаттап тастаған.

Халық осындай елдің алдында жүрген адамдарға сенеді. Жарнама жәй ғана олардың күнкөріс көзі екенін ойламайды. Шындығында олар ештеңені зерделеп тексерместен жасап отыр. Олардың әлеуметтік желісін қарап шықсаңыз, олардан күшті адам жоқ. Шынайы өмірдегі әңгімелері бөлек.

Әлеуметтік желінің бір зиянды тұсы – халықтың медиа тұлғалардың жарнамасына алданып қалуы болып тұр. «Ханның сөзін қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» дейді ғой. Елдің алдында жылтырап жүргендер айтқаннан соң қарапайым жұрт құдайдай сенеді. Несие алғандары оны қалай жабатынын білмей отыр, ақшасын қашан қайтаратыны белгісіз.

Байерлік компанияға қалай жарнама жасайды? Түркия азаматтары байерлік компания ашу өте қиын деп отыр. Демек, біздің жұлдыздардың жұмысы заңсыз болуы мүмкін. Ұйқыдан тұрғаннан қайта жатқанға дейінгі іс-әрекетін әлеуметтік желіге салады. Менеджерлерінің тілі өте майда, мәдениетті. Олардың қандай психологиялық әдіс пайдаланатыны белгісіз. Сөзін тыңдасаң байер болғың келіп кетеді. Бірақ екінің бірінен саудагер шыға бермейді ғой, адамның қабілет-қарымы, білімі, қаржылай, құқықтық сауаттылығы болуы тиіс.

БАЙЕРЛІК КОМПАНИЯҒА АЛДАНБАС ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Түркияда байерлік компания ашу үшін қарамағыңда кемі 5 түрік жұмыс істеу керек. «Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бе, салық төлей ме?» деген мәселелерді мүлдем ескермегенін айтпағанда, қарапайым ғана сату және сатып алу шарты жоқ. Кез келген ірі сауда дүкендерінен алған тауарды екі апта ішінде өлшемі келмесе ауыстыруға немесе өткізуге болады. Ал мұнда тауар әлі жіберілмеген, жәбірленуші өзі берген ақшасын ғана сұрап отыр. «Тауар ұанамаған жағдайда не болады, сатып алушы тауардан бас тартқанда не істейді?» осының бәрі келісімшарт аясында жасалу керек. Курс оқу бөлек әңгіме, олардың базалық білімі бар ма, олар кәсіпкер ма? Кәсіпкерлікті оқытуға байланысты рұқсат қағаздарының бар-жоғы белгісіз. Мұның барлығын екі елдің елшілігі мен Ішкі істер министрлігі тексеруі керек.

Байерлік компаниялардың құжатын ешқай қатысушы сұрамаған. Бар айтатыны «менеджерлер жазды ғой, бәленшенің командасы» деді ғой. Бірақ ол кімнің командасы, кімнің менеджері, WhatsApp-та отырған кімдер, оның бәрін қойғанда «Каспий» қосымшасы арқылы ақша аударған адамдарының аты-жөні «С пәленбаев, түгенбаев» деп қана тұр. Айтатындары «Инстаграмнан Бурсада бірге жүргендерін көрдік, Стамбұлда жүрген фотолары тұр ғой». Яғни ешқандай заңды құжат, ақша аударған адамға қатысты мәлімет сұрамастан, желідегі парақшаларына қарап қана сеніп отыр.

Мұның бәрі адамдардың қаржылай емес, құқықтық сауатсыздығынан. Ол байерлік компаниялардың өкілдері Түркияда қандай визамен жүргенін құқық қорғау ұйымдары тексере жатар. Әзірше мен де, қорғауымдағы келіншекте олардың атын атап, түсін түстей алмаймыз. Қылмыстық іс жүріп, іс ортасына жетіп, кінәлі тарап танылуы тиіс. Маман ретінде құқықтық баға берер болсам, байерлік компания өкілдерінікі дұрыс емес. Аталған жағдайды дау-дамайсыз шешудің орнына, көпбалалы ананы «моральдық құқығымды бұзды» деп сотқа бермекші. Жәбірленуші өз ақшасына сатып алған тауарын кері қайтарып, өзіне тиісті қаржысын алайын деп отырса қайдағы мораль?!

Біреудің 300 мың теңгесін алып тырп етпей отыр, ешқандай мәмілеге келетін ойы да жоқ. Мұндай курстарды Kaspi Red-пен бөліп сататындар да бар. Аталған 700 мың теңгенің үстіне 300 мың теңге қосса бір миллионға жетеді, сол ақшаға жоғары оқу орындарында академик, профессорлардан заңгерлік білім алуға болады емес пе?!

ЖАРНАМА ЖӘНЕ ЗАҢ

Байерлік компаниялардың бәрі заңсыз дей алмаймын, ішінде заңды жұмыс істеп жатқаны да бар. Халық ақшасын оларға аудармас бұрын келісімшарт құжаттарын, ол адамдардың құжаттарын сұрап, егжей-тегжейлі біліп алуы керек. Қазақстанда да түрлі курс өткізетіндердің үстінен шағым жасап жатқандар жетерлік, бірақ ол компаниялардың келісімшарты бар екен. Жарнама жасаушы жұлдыздарды қара халықтың жағдайы алаңдатып отырған жоқ, олар жауапкершілікті сезіне алмай жатыр. Сол түріктің Бурак, Неслихан сынды актерлерінің курс, марафон жарнамалап жатқанын көрдіңіз бе?!

Бір данасы 45 мың теңге тұратын корей кремін жарнамалап жатқан жұлдыздарға қарап, 850 мыңға несиеге кіріп кеткен келіншек бар. Ауылды жерде кім ондай бағаға крем алып жағады, қыз-келіншектер желілік маркетинг үшін несиеге кірер алдында логикасын қосса болады ғой. Жарнама жасайтын әнші-әртіс «біз де алдандық» деп әкімшілік жауапкершілікпен құтылып кетеді, сорлайтын халық.

Қаржы пирамидасын, бадты, витаминді жарнамалап жүргендерге заңмен тыйым салу керек. Желілік маркетинг, тұрғын үй коперативін жарнамалайтындар ары қарай мойнына жауапкершілік алмайды. Бізде жарнама туралы заң бар, бірақ біздің әртістердің оған бағынып жатқаны шамалы. Ерінбеген өнер адамының бәрі ешкімге керегі жоқ қазан-ошақтың басындағы әңгімесін кітап етіп жазып, халыққа сатып жүр. Психологиялық кітаптардың ешқандай ғылыми негізі жоқ. Біздің халықтың деңгейі әлі құлдық, тобырлық санада тұр. Анау әншінің әйелі, мынау пәленше деген жұлдыздың өмірі деп отырады. Жапондар ұшатын үй салып жатыр, дамыған елдер робототехниканы меңгеріп жатыр. Қазір халыққа «технократтық елге айналу керекпіз» деп жүрген Асқар Жұмаділдаевтан гөрі «Қалаулым» қызық. Зейнеп Ахметованың кітабын жата-жастана оқып, тапсырыспен іздеп жүріп алмайды. Қонаев, Тәшенов сынды зиялылардың өмірін зерттегеннен гөрі, біреудің екінші-үшінші әйелі болып жүргендердің өмірін қызықтайды. Салдарынан осындай проблемаларға тап болып жүр.

Azattyq Ruhy тілшісі ағымдағы жыл байерлік компаниялардың үстінен қанша арыз түсті, арыз бойынша қылмыстық іс қозғалғаны қанша, қанша компания жауапқа тартылды, Айнұр Махметованың қорғауындағы келіншектің ісі бойынша тергеу амалдары қалай жүріп жатқанына қатысты Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады. Әзірше сұрауымызға жауап келмеді.
Просмотров материала: 823

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 237 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 052 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 707 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 727 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 034 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 663 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 150 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 294 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 662 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 500 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031