28 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Арон Атабектің отбасы мәлімдеме жасады

04 октябрь 2021, 10:58
Арон Атабектің отбасы мәлімдеме жасады
Денсаулық жағдайына байланысты түрмеден босатылған диссидент ақын Арон Атабектің (Едігеев) туыстары 2 қазанда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.


Онда өзін толық ақтауды талап еткен 68 жастағы тұтқынды ауруханадан әуежайға "алдап жеткізіп, Алматыға аттандыруға асық болған" билікті сынаған. Азаматтық қоғамнан ақынның бостандығын шектейтін үкімнің күшін жойып, көп жыл бойы түрмеде азап көріп, денсаулығы мүшкіл халге жеткен ақынды емдету үшін еш кедергісіз тезірек шетелге жіберуге жәрдем сұраған.

1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабек денсаулық жағдайына байланысты жазасының қалған бөлігін шартты түрде өтесін деген қаулы шығарған. Сол күні түнде оны жолаушы ұшағымен Алматыға жеткізіп, Арон Атабекті қарсы алуға әуежайға жиналған жұртқа көрсетпей, ұшақтан бірден үйіне апарған.

Арон Атабекке ең әуелі шұғыл түрде қымбат ем-дом қажет және "Шаңырақ ісі" бойынша толық ақталуы тиіс. Оған ойдан құрастырылған айыптар тақты, онымен бірге Ерғанат Тараншиев, Рүстем Тұяқов және Құрманғазы Өтегенов көп жылға заңсыз сотталды. Арон шартты түрде босатуды да, "рақымшылық та", "реабилитация да" сұраған жоқ. Ол өздерін ("Шаңырақ ісі" бойынша сотталғандарды – ред.) толық ақтауды талап етеді. Аронды іс жүзінде үйіне өлуге жіберді деп санайтындар көп, бірақ жаратушы дұғамызды қабыл етіп, Аронға бұрынғы қауқарын аздап болса да қайтарып берер деп үміттенеміз. Азаматтық қоғамнан ең алдымен, бостандығын шектейтін шешімнің күшін жойып, аса зәру ем қабылдауы үшін еш кедергісіз тезірек шетелге аттануына жағдай жасауға жәрдем сұраймыз, делінген мәлімдемеде.
Оны 2 қазанда диссиденттің қызы Айдана Айдархан Facebook парақшасында жариялады.

Мәлімдеме авторлары Арон Атабекті Алматы әуежайында жұртпен кездестірместен ұшақ баспалдағынан бірден көлікке салып әкетіп, пробация орны ретінде белгіленген жерге жеткізгенін жазған.

1 қазанда күндіз Павлодарда апыл-ғұпыл өткізілген сотқа Арон аурухана палатасынан онлайн қатысты. Биліктің оны "сырқатына байланысты" босатуына қарсы екенін айтып, толық ақтауды талап етті. Оны ауруханадан ұшаққа алдап апарып, асығыс түрде Алматыға аттандырды. Кинода жиі көрсететін "Заттарыңды ал да, бері шық!" деп ешкім айтқан жоқ. Мысалы, Аронға "заттарын" бірге алып шығуға неліктен рұқсат бермегенін білмейміз. Оның түрме жазбалары бар үлкен сөмкесінің қайда екені де белгісіз. Алматы әуежайындағы жұртпен кездесу де өтпей қалды, делінген мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторлары көпшіліктен Тәуелсіздік кезеңдегі 30 жылының 15-ін бостандығы мен денсаулығынан айырылып, абақтыда толық түнекте деуге болатын жағдайда өткізген Арон Атабекке біраз уақыт ес жинауына мүмкіндік беруін сұрап, мазаламауын да өтінген.

Хабарламада Арон Атабек қамаудан шыққанша бір кезде төңірегінде болған жақын адамдары мен күрескер достары, жақтастары мен әріптестерінің қатары сиреп, өмірден озғаны айтылады. Онда 2020 жылы пандемия кезінде қайтыс болған інісі, 1990 жылдардағы диссиденттік қозғалысқа атсалысқан Рашид Хабибулла (Нұтышев), Арон жайлы мақалалар жазған Ербол Құрманбаев, биыл дүниеден өткен, "Шаңырақ ісі" бойынша жүйелі түрде хабар таратып, мақалалар жазған журналистер Қазис Тоғызбаев, Бақытгүл Мәкімбай, оппозициялық саясаткер, режиссер Болат Атабаев, композитор Бақтияр Аманжол, ақын Дүйсенбек Нақыповтың аты-жөні аталған.

Арон Атабек 2006 жылғы "Шаңырақ оқиғасынан" кейін 18 жылға сотталып, 15 жылдан астам уақытын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны "саяси тұтқын" деп таныған. Түрмеде отырғанда ол биліктен өзін толық ақтауын талап етіп, шартты түрде бостандыққа шығу туралы өтініш жазу туралы ұсыныстан бірнеше рет бас тартқан.

Биыл ақпанда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқығы ахуалы жайлы қабылдаған қарарында Нұр-Сұлтанды елде түрмеде отырған саяси тұтқындарды босатуға үндеген. Еуропарламент депутаттары олардың арасында Арон Атабекті де атаған.

"Елде саяси тұтқын жоқ" дейтін Қазақстан билігі бұған дейін еуропалық құқық қорғаушылар мен депутаттарға түрмеде отырған Арон Атабекпен кездесуге рұқсат етпеген.

Просмотров материала: 993

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 783 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 462 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 380 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 678 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 712 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 044 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 719 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 753 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 958 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 825 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 941 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 595 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 471 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 425 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 703 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 449 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 859 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 653 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 470 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 309 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 162 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 519 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 404 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 893 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 254 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 215 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 851 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 203 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 148 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 287 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 218 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 456 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 599 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930