3 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді

01 октябрь 2021, 10:23
Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді
Бүгін, бірінші қазаннан бастап Қазақстанда бірқатар жаңашылдық күшіне енеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз.

Енді дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді
Бірінші тамыздан бастап коронавируспен күреске тартылған дәрігерлердің үстемеақысы екі есеге қысқарған болатын.

Бұған дейін оларға "ковидтік" үстемеақы 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін төленсе, 1 тамыздан 1 қазанға дейін тек жартысы ғана берілді.

Ал енді 1 қазаннан бастап үстемеақы мүлде тоқтатылады. Бірақ дәрігерлерді ынталандыру жаңа ереже бойынша жүргізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері төленіп келген үстемеақы уақытша норма екенін атап өтті. Мемлекет басшысы вакциналау көрсеткіші артқан сайын дәрігерлерге берілетін үстемеақыны ынталандырудың басқа шараларымен алмастыру қажет деп санайды.

Денсаулық сақтау министрлігі кейбір медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасауды ұсынды.

Ипотекалық қарыз тоқтатылады
1 қазаннан бастап "Орда" ипотекалық бағдарламасы қарыз беруді тоқтатады. Оған қаржыландыру лимитінің асып кетуі себеп.

Жыл сайын бағдарлама жоспарлы түрде 13,8 миллиард теңгеге қаржыландырылады. Оны "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

"Орда" бағдарламасы үш жыл бұрын іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша жылдық 12% (табысты толық растау) және 14% (табысты ішінара растау) мөлшерлемемен жаңа және қолданыстағы үйлерді сатып алуға ипотекалық қарыз беріліп келді. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30%-і немесе оны қосымша кепілмен алмастыру мүмкіндігі бар еді. Кредит мерзімі – 20 жылға дейін.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 1 миллионнан 65 миллион теңгеге дейін, ал басқа өңірлер үшін 1-ден 45 миллион теңгеге дейін қарыз берілді.

Санақшылар үй-үйді аралайды
Ұлттық халық санағы биыл 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. 15 қазанға дейінгі қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өте алады. Сайт 24 сағат бойы жұмыс істейді.

Бүгінде 6 миллионнан астам азамат онлайн санақтан өтіп қойған. Өңірлер арасында Түркістан мен Алматы облыстары көш бастап келеді.

Бүгін, 1 қазаннан бастап айдың соңына дейін санақшылар үй-үйді аралайды. Онлайн санақтан өтпеген азаматтар осы аралықта интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Бұл жағдайда барлық санитарлық талап сақталады. Сондай-ақ интервьюерлер санақ кезінде электронды планшет пайдаланады.


Биылғы халық санағында 91 сұрақ бар. Алайда бұл азаматтар сауалдың барлығына жауап береді дегенді білдірмейді. Себебі санақ парақтарында шетелге кеткен немесе елге келген адамдарға, тек қана әйелдерге қойылатын сұрақтар бар. Сондай-ақ үйдің жағдайына қатысты сауалдарға тек үйдің иесі жауап береді.

Бұдан бөлек, "Шетелге көшу жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қосылды. Ол халықаралық ұйымдардың талабы бойынша әлемдегі көші-қон процестерін білу үшін енгізілген. Бұдан бөлек жұмыспен қамту, неке, тілдерді меңгеру, табыс көздері, мүгедектік, діни қөзқарасы туралы сұрақтар бар. Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет.

Барлық сұрақ бойынша 1446 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласуға болады. Ол тәулік бойы істейді. Қоңырау шалу тегін.

Павлодар мұнай-өңдеу зауыты тоқтатылады
Бірінші қазанда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Сол кезеңде зауыт жұмысын тоқтатады.

Жөндеу жұмыстары барлық технологиялық құрылғыларда жүргізіледі. Жөндеу қазанның соңына дейін аяқталып, зауыт толыққанды жұмыс істеуге көшеді деп жоспарланған.

Зауыт жұмысы тоқтаған уақытта өзге қазақстандық мұнай өңдеу кәсіпорындары (Атырау мен Шымкенттегі зауыт) күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Павлодар зауытының уақытша тоқтатылуы республика бойынша дизель отыны балансына әсер ететінін мәлімдеді.

Қазірдің өзінде елде дизель отыны тапшылығы байқалып отыр.

"Біз зауыттардың өндірісін ұлғайтып, Павлодар зауытының күрделі жөндеуіне дейін жеткілікті қор жинап аламыз деп ойладық. Өкінішке қарай, дизель отынына сұраныс өскен соң, 210 мың тонна ғана қор қалды – бұл шамамен 11-12 күнге жетеді", - деген болатын Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған байланысты Қазақстан 100 мың тоннаға жуық дизель отынын Ресейден импорттауды жоспарлап отыр. Ресеймен бұл мәселе бойынша келіссөз жүргізіліп, тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дизель отынының тапшылығына баға айырмашылығы әсер еткен. Қазақстан мен Ресейдегі дизель отынының бағасы бірдей емес, айырмашылығы – 90 теңге. Қырғызстан мен Өзбекстанда 70-80 теңгеге қымбат. Сол себепті жүк көліктері оны Қазақстаннан құйып алуға тырысады.

Еске салсақ, 2018 жылдан бері мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді. Олардың қатарында түрлі маркалы автокөлік бензині, дизельдік отын, реактивті отын, техникалық күкірт, битумның бірнеше түрі, мұнай коксі, техникалық көміртек өндіруге арналған шикізат бар.

Өскемен әуежайы іске қосылады
Жергілікті билік әуе айлағы бірінші қазанда ашылатынын мәлімдеді. Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейін әуежайда жаңа ұшу-қону жолағы пайда болады.

Әуежай мамыр айынан бастап реконструкцияға жабылған болатын. Жолаушыларға жақын маңдағы Семей қаласына ұшақпен жетіп, кейін такси немесе басқа көлікпен Өскеменге баруға тура келді.

Соңғы рет Өскемен әуежайы 1996 жылы жаңғыртылған.


Бұған дейін қала әуежайының реконструкциясы республикалық бюджеттен бөлінген ақшаға жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан аумағынан автокөліктерді шығару
Қазақстанда көлік иелеріне шетелдік есепте тұрған темір тұлпарын ел аумағынан шығаруға берілген мерзім аяқталды.

Заңнамаға сәйкес, шетелдіктер жеке мақсаты үшін Қазақстанға уақытша өз көлігін кіргізіп, бір жыл бойы ешқандай кеден бажын төлемей жүре алады.

Пандемияға байланысты автокөлік жүргізушілеріне жеңілдік жасалып, ел аумағынан шығару мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Өйткені карантиннен шекара жабылғандықтан, азаматтар өз көлігін уақытында әкетіп үлгермеген еді.

Ел аумағынан шығып үлгермеген автокөлік айыппұл тұрағына қойылады. Заңға сәйкес, мұндай жағдайда көлік иесі салықшылар есептеп берген барлық кеден төлемін төлеуге міндеттеледі. 30 қыркүйектен кейін салықшылар жол сақшыларымен бірігіп, мерзімі өткен көліктерді анықтауға кіріседі.

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады
15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Катардан Қазақстанға тұрақты рейстер орындалады. А-320 үлгісіндегі ұшақ дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жасайды деп жоспарланған.

Ұшу барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшақ кестесі әуе компания сайтында жарияланады.

Айта кетері, 2020 жылдың басында Қазақстан мен Катар елге кіріп-шығу үшін визасыз режим орнатты.

Жаңа мереке
Жуырда елдің мерекелік күндер тізбесі тағы бір айтулы датамен толықты. 1 қазан – Радио күні болып бекітілді. Енді қазақстандықтар жыл сайын қазан айының бірінші күні осы мейрамды атап өтеді.

Биыл жазда президент Қасым-Жомарт Тоқаев радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударған болатын. Мемлекет басшысы Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекітуді ұсынды.

Алматы әуежайында тексеріс күшейеді
Бүгіннен бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейеді.

Қазақстан авиация әкімшілігінің нұсқауымен жедел-профилактикалық шаралардың өткізілуіне байланысты Алматы әуежайында қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілмек. Атап айтқанда, терминалға кіреберісте қосымша тексеріс линиясы қойылады.

Кезек күтіп, рейске кешігіп қалмас үшін жолаушыларға ертерек келуге кеңес берді.
Просмотров материала: 724

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 146 442 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 146 248 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 145 907 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 145 928 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 146 233 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 656 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 808 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 955 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 515 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 720 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 731 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 955 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 880 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 762 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 581 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 719 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 874 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 905 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 638 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 641 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 485 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 329 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 577 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 520 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 030 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 444 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 365 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 600 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 951 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 360 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 343 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 387 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 330 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 554 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 704 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031