11 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыдағы атыс: қаржы реттеушісі оқиғаға қатысты пікір білдірді

01 октябрь 2021, 9:39
Алматыдағы атыс: қаржы реттеушісі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматыдағы атысқа қатысты алғаш рет пікір білдірді. Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік оларға атқыштың әйелі Анаида Демирчяннан биыл мамыр және шілдеде екі өтініш түскенін мәлім етті. Агенттік тексеру жүргізген.

"Биыл маусымда агенттік тиісті ақпарат пен құжаттарды талап ете отырып, банкке құжаттық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші 2012 жылғы тамыздан бастап қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтатқан заңды тұлғаға банк берген қарыз бойынша ортақ кепіл беруші екені анықталды. Осыған байланысты банк борышкерден берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы шешім шығарған. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде банктің заңды тұлға мен Демирчянға (кепіл беруші) Алматы қаласының аудандық соттарының шешімімен берешекті өндіріп алу туралы талап арыздары қанағаттандырылды", - делінегн агенттіктің редакцияға берген ресми жауабында.

Сондай-ақ, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы заңға сәйкес мемлекеттік органдардың сот талқылауы шеңберінде қаралған немесе қаралатын мәселелер бойынша араласуға және шаралар қабылдауға құқығы жоқ екенін түсіндірді.

"Демирчянның өтініштерінде көрсетілген мәселелер бойынша сот шешімдері бар, сондықтан агенттіктің сот шешімдерін қайта қарауға немесе сот жүйесіне басқаша араласуға, іс-әрекеттерге баға беруге немесе сот процесіне қатысушылардың іс-әрекеттеріне түсініктеме беруге құқығы жоқ. Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу саласындағы уәкілетті орган Әділет министрлігі саналады. Осыған байланысты агенттік өтініштерде баяндалған мәселелерді шешу үшін Демирчянға Әділет министрлігіне жүгінуді ұсынды", - деді агенттік өкілдері.

Агенттік олар өтініш берушінің атынан банкке проблемалық қарызды қайта құрылымдау туралы өтініш бергенін айтты.

"Агенттіктің ұсынымын орындау үшін банк Демирчянға міндеттемелерді ерікті түрде орындау және борыштың қалдығын тең үлестермен төлей отырып, берешектің кемінде 10 пайызын енгізу туралы келісім жасасуды ұсынды. Банктің ақпараты бойынша, Демирчян қарызды реттеудің осы нұсқасын қолданбаған", - делінген қаржы реттеушісі жауабында.

Сондай-ақ, агенттік банк мүлікті екі есе төмен бағалады деген жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Аудандық соттың шешімінде аукционда кепілге берілген жылжымайтын мүлікті сатудың бастапқы бағасы 184,6 миллион теңге деңгейінде белгіленді. Сауда-саттықты жеке сот орындаушысы 2017 жылғы наурыз және сәуірде өткізді, бірақ әлеуетті сатып алушылар болмауына байланысты сату болмады. Сауда-саттық өткізілмегендіктен, тұрғын емес үй-жай тыйым салынған мүлікті өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен кепілге берілген жылжымайтын мүліктің бастапқы сату құнының 48 пайызына сату бағасын төмендете отырып, "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың меншігіне өтті. Осыған байланысты Бағаналы шағын ауданындағы тұрғын емес үй-жайды "Банк ЦентрКредит" АҚ 96 миллион теңге бағамен сатып алды", - деді агенттік өкілдері.

Агенттік жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін оқиғаның себептерін зерттеуді жоспарлап отыр ма деген сұраққа ұйым бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті сатуға, сондай-ақ азаматтарды тұрғын үйден шығаруға байланысты қатынастар әртүрлі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен, оның ішінде Азаматтық кодекспен, Азаматтық іс жүргізу кодексімен, атқарушылық іс жүргізу, тұрғын үй қатынастары, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңдармен, сондай-ақ нормативтік Әділет актілерімен реттеледі.

Еске салайық, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20-да Ақбұлақ шағынауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.

Осы оқиғадан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), Алматы әкімдігі, банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында ипотекалық қарыздар бойынша жалғыз тұрғын үйді сатуды және одан халықтың әлеуметтік осал топтарын шығаруды тоқтата тұратын өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Просмотров материала: 668

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 196 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 016 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 654 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 693 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 160 985 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 618 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 819 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 643 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 824 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 624 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 472 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 125 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 992 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 815 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 977 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 099 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 762 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 139 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 865 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 876 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 717 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 557 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 814 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 762 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 270 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 713 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 591 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 854 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 185 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 589 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 569 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 607 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 555 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 792 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 933 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031