1 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Мектеп дәлізін кабинетке айналдырған»: Алматы облысында ата-аналар балаларын апатты мектепке жіберуден бас тартты

30 сентябрь 2021, 11:43
«Мектеп дәлізін кабинетке айналдырған»: Алматы облысында ата-аналар балаларын апатты мектепке жіберуден бас тартты
Алматы облысында оқушылар апатты жағдайдағы мектепте оқып жатыр. Сталин заманынан бері тұрған оқу орнының төбесі құлап кете бергендіктен, мұғалімдер әр сыныпқа бірнеше тіреуіш діңгек орнатып қойған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қарасай ауданына қарасты Долан ауылындағы ата-аналар мектепті жабуды талап етті. Елдің есін шығарған ескі мектепке 73 жыл болған. Небәрі 70 балаға арналған ғимаратта қазір 250-ден астам оқушы білім алып жатыр. Асхана, кітапхана мен спортзалдан жұрдай білім ордасының қабырғалары қақырап, төбелері майысып кеткен.

«Жаңа мектеп салынсын» деп ұрандатқан ата-аналар балаларының сабақтан аман қайтуын тілеп отыратын жағдайға жеткен. Ауылдағы жалғыз әрі апатты жағдайдағы мектептің мәселесі биыл да шешілмеген. Алғашқыда небәрі оншақты кабинет қылып салынған ғимарат балалар үшін нағыз қауіпті нысанға айналыпты.

«Үстінің бәрін, шпалды сыммен байлаған. Ішінде дәретханасы да жоқ. Асхана мүлде болмаған. Асхана болмаған соң оқушылар мына жерден кирешки, чипсы жейді. Біз балаларымыздың өмірін қатерге тігіп тұрмыз», - деді Долан ауылының тұрғыны Жазира Жомарт.

Іргетасы 1948 жылы қаланған мектепте қазір 250 астам бастауыш оқушылары білім алады. Оқушыларға сабақ үш ауысыммен қуықтай бөлмелерде өтеді. Ал дәлізде тұрған үстелдер мұғалімдердің бөлмесі саналады. Яғни, ұстаздар осы кіреберісте отырып сынып журналын толтырады, сабаққа дайындалады. Дәретхана аулада, ол да ескірген. Жарық жиі өшетіндіктен, үшінші ауысымдағы балалар қараңғы дәретханаға барады.

«Соңғы екі жылдан бері апатты болып танылды. Кешеден бастап баламды мектепке жіберген жоқпын. Бізге жаңа мектеп салып берсін. Әкімге қанша рет барып шаршадық. Бізге бос уәденің керегі жоқ», - дейді доландық Амангүл Егеубекова.

«Әй, жоғарыдағы бастықтар мына халықтың балаларын неге елемейсіңдер? Немерелерің, шөберелерің ғой. Келешек қанатымыз, қуатымыз ғой. Уәде қайда? Балалар қиналып кетті», деп ашуланды Долан ауылының тұғыны Аманбек Үсенбаев.

Нақты талап қойып, оқу ғимараты алдына жиналған ата-аналарды көрген мектеп директоры тәртіп сақшыларын шақырды. Ол «мектеп бүгін-ертең құлайды» деген пікірмен келіспейді.

«Соңғы рет жөндеу 2008 жылы жасалды. Мектептің төбесі құлайды деген - өтірік әңгіме. Құламайды. Күнделікті сабақ өз уақытында басталып, өз уақытында аяқталады. Асхана жоқ, буфет жоқ, кітапхана жоқ», - деді Долан ауылдық бастауыш мектебінің директоры Гүлнәр Раисова.

Бастауыш сыныптарға арналған мектепте 27 мұғалім жұмыс істейді. 4-сыныпты бітірген соң балалар көрші ауылдарға қатынап оқиды. Билік өкілдерінің айтуынша, жаңа мектеп тек екі жылдан соң салынады. Ол үшін 2,5 гектар жер сатып алынған. Бірақ құрылысты бастауға әлі қаражат жоқ.

«Қаражат қазір бөлінген жағдайда - ашық конкурс жүргізілсе де, ол жылдың аяғына дейін бітпейді. 2022 жылы құрылысы басталады, 2023 жылы аяқталады. Құрылысшы ретінде айтар болсам, бұл ғимарат желтоқсан айына дейін құламайды», - деді Қарасай аудандық Құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Қатубаев сенімді түрде.

Тұрғындар жаңа мектеп салынбайынша, тынышталмайтынын айтып отыр. Ауылдағы бала саны да тез өсіп келеді келеді. Жергілікті шенділердің уәдесіне «тойған» ауыл жұрты енді Мемлекет басшысына ашық хат жазбақ.
Просмотров материала: 1 598

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 444 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 069 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 564 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 621 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 772 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 135 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 754 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 829 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 017 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 659 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 891 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 533 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 148 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 717 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 655 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 056 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 416 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930