1 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Комитет Токио Олимпиадасы жайлы: шешімдердің бәрі бірдей сәтті шықпады

29 сентябрь 2021, 17:45
Комитет Токио Олимпиадасы жайлы: шешімдердің бәрі бірдей сәтті шықпады
Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті Токиодағы сәтсіздікті зерделеп, оған себеп болған негізгі мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комитеттің бас хатшысы Андрей Крюковтың айтуынша, Токио Олимпиадасының алдында жарыстардың уақыты үнемі өзгеріп тұрған. Соның салдарынан нақты жоспар құру қиынға соқты. Ал бапкерлер тұрақты жаттығу кестесін белгілей алмады.

"Мысалы, кейбір командалар жарысқа барған кезде оны өткізбеуге шешім қабылданады. Бапкерлер спортшыны дайындайды, ал жарыс өтпей қалады. Оған қоса, 2020 жылдың наурыз айынан бері жастар мен жасөспірімдер командаларын қаржыландыру тоқтатылды. Осылайша, жастар командалары өз жұмысын толығымен тоқтатты деуге болады", - деді Крюков отырыста.
Оның сөзіне қарағанда, ұлттық құрамадағы спортшылар жарақат та алған. Бірақ пандемия салдарынан сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік болмады. Команда дәрігерлері ғана емдеу шараларын өткізіп отырды.

Крюковтың айтуынша, 2020 жылғы пандемия спортшыларымыздың сәтсіз өнер көрсетуіне себеп болған негізгі мәселе. Дайындық жоспары төрт жылға есептеледі. Алайда пандемия салдарынан жоспарлар бұзылды.

"160-қа жуық халықаралық жарысты кейінге шегерді немесе мүлдем өткізбей қойды. Спорт түрлерінің көбінде дайындық 6-8 айға толығымен тоқтады. Ал Олимпиаданың алдында жарыстарға қатысқан маңызды. Соған қарай жаттығу жоспарына қажетті өзгерістер енгізіледі. Бапкерлер болса, локдаун жағдайында шұғыл өзгерістер жасап, үнемі тиімді шешімдер іздеуге мәжбүр болды. Өкінішке қарай, сол шешімдердің бәрі бірдей сәтті шыққан жоқ", - деп атап көрсетті Крюков.

Осы орайда бас хатшы бірнеше спорт түрі бойынша жоспардың қалай өзгергенін айтып берді. Мәселен, Баландин және басқа да жүзушілер АҚШ-та жаттығып жүрген. Спорттық көрсеткіштері де көтеріле бастады. Бірақ пандемия салдарынан барлығы елге қайтарылды. Сол сияқты боксшылар да арнайы бағдарлама бойынша дайындалады.

Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктің тағы бір себебі – сапалы резервтің болмауы. Жапонияның астанасына барған командамыз Рио Олимпиадасымен салыстырғанда екі жылға қартайып қалған.

"Бұл дегеніміз, ұлттық құрамалар сапалы резервпен жаңармай отыр. Осылайша, жасы үлкен спортшылар ұлттық деңгейдегі чемпионаттарда жеңіп, Олимпиада ойындарына қатысуды жалғастырып жатыр. Қазір резервті дайындау жұмысы ақсап тұр", - дейді Крюков.

Оның сөзіне қарағанда, олимпиадалық резерв мәселесі келесі ойындарда да жағымсыз нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Просмотров материала: 1 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 437 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 062 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 557 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 614 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 977 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 772 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 135 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 754 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 829 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 017 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 659 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 890 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 533 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 148 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 717 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 655 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 056 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 416 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930