26 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



+997 телефон коды, экс-министрдің өкпесі және Мусин басқаратын министрліктің жауабы

29 сентябрь 2021, 16:44
+997 телефон коды, экс-министрдің өкпесі және Мусин басқаратын министрліктің жауабы
Жуырда ғана Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға дербес +997 телефон кодын белгілегенін мәлімдеді.

«Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады» деді Мусин.

Министр сүйіншілеген жаңалықты қазақстандықтардың басым бөлігі қуана қабылдаған жоқ. Себебі, телефонда бұған дейін сақталған байланыс нөмірлерін қайта қолмен жазып шығуға тура келеді. Жаңа кодты пайдалану 2023 жылғы қаңтар айынан басталады және 2025 жылғы қаңтарға дейін екі код: +7 және +997 коды бірге қолданылады.

ҮШ ТАҢБАЛЫ КОД АБОНЕНТТІК БАЗАНЫ АЗАЙТАДЫ

Айта кететіні, КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды Ресей Федерациясы мен Қазақстанға бірдей бекітілген. 2000 жылдардың бас кезінде Көлік және коммуникация министрі болған Серік Бүркітбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында +7 кодын алып қалу үшін біраз күш жұмсалғанын айтып, жас министр Бағдат Мусинге деген өкпесін білдірді.

«Телефон нөмірлері санын көбейтуге болмайтын бағалы ресурс. Мәселен, Қытайда қазір телефон базасын ауыстыру мәселесі өзекті болып тұр. Әлем бойынша әрбір телефон абонентінің жеке сәйкестендіру коды бар және бұл ресурс жаңартылмайды. Радиожиілік пен спутниктік байланыс бірдей шектеуге ие. Кез-келген елдің телефон нөмірінің ұзақтығы максимум 15 сан және кодтағы бірінші цифр мемлекеттің атын емес, абоненттің географиялық орнын білдіреді. Мысалы, Солтүстік Америкаға +1 нөмірі берілді, Канада мен АҚШ тұрғындары осылай қолданып жүр. Еуропаға +3 және +4 коды тиесілі. Әлемнің көптеген елдері Еуропада орналасқандықтан, екі цифр берілген. Халықаралық телефон операторлары болсын, спутник операторлары болсын екі цифрға жету мүмкіндігін іздеп жатыр. Ал, біздің өзімізді мұндай мүмкіндіктен айыруымыздың артында не тұрғанын түсінбедім. Үш таңбалы DEF кодын алу арқылы республика абонент базасын өздігінен қысқартып отыр. 1999 жылы мен бұл мәселемен жеке айналыстым және біз Қазақстанды +7 аймағында ұстау үшін күресіп, бізге +77 екі таңбалы телефон кодын белгіледік. Түркілер үшін киелі 7 санында сақтап қалуға мен өзім көп күш салдым. Көрші мемлекетпен келіссөз жүргізіп, ресейлік серіктестер бізге жеңілдіктер жасауға келісті, ал біз Ресеймен бірге +7 санын сақтап қалдық», – деді ол.

Экс-министрдің айтуынша, Қазақстаннан шетелге қоңырау шалғанда «Ресей» деген белгі пайда болса, бұл аталған мәселені келіссөз арқылы шеше алмаған биліктің кінәсі.

«Ел кодын ауыстыру туралы шешімді қабылдамас бұрын, кәсіби талқыға салып, бір кездері +7 кодын ұстап қалған менен кеңес сұраса болар еді. Естеріңізде болса, бізде бастапқыда екіншісі 3 саны болды, яғни, +73 коды. Бұл аймаққа Қазақстанмен бірге Орталық Азия, сонымен қатар Сібірдің бір бөлігі кірді. Азия республикалары өз бетінше кетті. Біз ресейліктерге қаржылық тұрғыда шығын келтірсе де, 3 санын 7-ге ауыстыруға дайын екенімізді айттық. Бірақ жұмыс біз ойлағаннан қиын болды. Себебі қазіргі заманғы цифрлық мүмкіндіктер әлдеқайда аз және белді ұйымдармен елшіліктерге хат жолдап, бұдан былай Қазақстанның телефон коды +77 ден басталатынын бәріне хабарладық. +77 коды әдейі таңдалды, себебі, түркілер мен Қазақтар үшін «7» саны үлкен мәнге ие. Наным-сенімнен бөлек, 7 санына қатысты үлкен жоспарларымыз болды. Мәселен мен Астана үшін үш жетіден тұратын телефон кодын жасауды жүзеге асырғым келді. Осылайша, еліміздің астанасына қоңырау шалу үшін +77 777, содан кейін абоненттің нақты телефон нөмірін теру қажет болатын еді. Қызметімді ауыстырғаннан кейін ол жоспарды жеке операторлар бизнес мақсатында пайдаланып кетті», - деді экс-министр.

ТЕЛЕФОН КОДЫН АУЫСТЫРУҒА БЮДЖЕТТЕН АҚША ЖҰМСАЛМАЙДЫ

Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақстан деген жазудың өзге мемлекетке хабарласқанда шығу мәселесі осы уақытқа дейін «не себепті қолға алынбады?», «дэф код ауыстыруға ел бюджетінен қанша қаражат жұмсалады және жаңа кодтың пайдасы қандай?» деген сауалды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолдаған болатын.

Министрліктің берген мәлімдемесі бойынша, жаңа кодқа бюджеттен ешқандай қаражат жұмсалмайды. Қаржылай шығынның бәрін операторлар өздері көтереді.

«Қазақстан Халықаралық электр байланыс одағында қазіргі кодқа байланысты қажетті құжаттардың барлығын рәсімдеп, реттеген. Егер қандай да бір өзге елге қоңырау соққанда, Қазақстан деген жазу шықпаса, мәселе сол сыртқы елдің өзінде болып тұр, яғни, олар ішкі жүйесінде мемлекет атауларын өзгертпеген.

Қазіргі кодты Қазақстан және Ресей 2006 жылдың 17 маусымында жасалған «Әлемдік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірлеуін пайдалану туралы» келісім негізінде қолданып келеді. Осы Келісімге сәйкес +7 аймағында Қазақстанға 600-699, 700-799 кодтары бөлінген. Сондай-ақ халықаралық кодқа байланысты кез-келген мәселемізді әуелі Ресеймен талқылап, ортақ шешімге келгенде ғана жүзеге асыра аламыз. Айта кету керек, бүгінгі таңда +7 аймағында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясымен қатар, Оңтүстік Осетия және Абхазия да бар. Кезінде КСРО тарағанда, +7 аймағы одақтың мұрагері ретінде Ресей Федерациясына бекіді, бірақ Қазақстан осы аймақта қалғандықтан, ортақ кодты тең дәрежеде қолдану мүмкіндігіне ие болды. Бірақ қазіргі технологиялық дамыған заманда жаңа дербес кодқа көшу үрдісі бірталай жеңілдегендіктен, жеке кодқа өту мәселесі қозғалып, +997 коды резервке қойылды. Жаңа кодқа көшу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді. Толықтай дербес телефон кодына өту арқылы Қазақстан бұл бағыттағы мәселелерді өз бетінше шешіп қана қоймай, цифрландыру саласындағы өзгерістерге орай нөмірлеудің ұлттық ресурсын өзі үлестіріп, сондай-ақ абоненттер мен қызметтер бойынша ұлттық жүйені кеңейту мүмкіндігіне ие болады», - деген жауап алдық.
Просмотров материала: 1 008

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 236 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 049 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 693 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 727 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 021 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 096 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 241 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 420 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 117 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 306 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 193 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 232 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 016 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 886 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 712 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 860 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 997 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 665 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 035 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 763 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 768 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 613 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 453 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 708 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 656 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 163 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 594 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 489 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 741 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 082 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 490 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 470 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 510 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 452 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 689 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 831 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30