24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев кәсіпкерлерге вакцинацияға байланысты үндеу жасады

28 сентябрь 2021, 17:36
Тоқаев кәсіпкерлерге вакцинацияға байланысты үндеу жасады
Мемлекет басшысы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді серіктесіне айналғанын және еліміздің орнықты дамуына зор үлес қосып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, "Атамекен" ұлттық бизнестің мүддесін тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде де үнемі қорғайды.

Бес жыл бұрын шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 24 пайыз болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 пайызға жетті және салада 3,5 миллион отандасымыз жұмыспен қамтылған.

"Бүкіл әлемге тараған эпидемия былтырдан бері еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірді. Қиын сәтте мемлекет бизнес саласына жан-жақты қолдау көрсетті. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Жұмыссыздықтың бірден белең алуына және кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3 пайызға өсті. Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы 2022 жылы "Қарапайым заттар экономикасы" және Бизнестің жол картасы бағдарламаларының аясында 1 триллионнан кем емес қаржы бөлінгенін жеткізді. Осы күрделі кезеңдегі басты міндет – адамдардың денсаулығын сақтау және толыққанды кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру шараларын тең ұстай білу. Президент бұл жаппай вакциналау есебінен ғана мүмкін болатынын еске салды.

"Бүгін, мүмкіндікті пайдалана отырып, өз сөзімді кәсіпкерлік қоғамдастығына, оның ішінде бизнес иелеріне, басшылық пен қызметкерлерге арнамақпын. Бұл ретте, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, экономиканың толық іске қосылуы, тұрғындар табысының қалпына келтірілуі, сондай-ақ, ең бастысы, жақындарымыздың денсаулығы туралы сөз болып отыр. Қазақстанда тиімді, қауіпсіз және тегін вакциналар бар. Сіздердің түсіністік танытып, белсенді жұмыс істегендеріңіз маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкімет пен бизнестің жуырда атқаруға тиісті міндеттеріне арнайы тоқталды. Оның айтуынша, елімізге жаңа реттеуші саясат қажет. Қатаң реттеуден бизнестің іскерлік белсенділігін ынтыландыруға, "smart regulation" деп аталатын өзін-өзі реттеуге көшу керек.

"Менің тапсырмам бойынша Парламент Мәжілісі "басынан бастап" реттеу жүйесіне негізделген заң жобасын енгізді. Оның басты қағидаттары: "Оne in two out" қағидасы, яғни қазіргі екі талаптың орнына бір жаңасын енгізу, шектен тыс реттеуге жол бермеу үшін Түпкілікті міндетті талаптар реестрін жасау, реттеуші апелляция институтын енгізу, яғни кәсіпкерлердің шағымдары бойынша тиімсіз талаптарды сотсыз қайта қарау механизмдері болуы керек, жаңа реттеуші механизмді тәжірибеден өткізу үшін экспериментальді құқықтық режим тетіктерін енгізу. Заң жыл соңына дейін қабылдануға тиіс. Құжатқа қатысты барлық базаны 2023 жылы осы қағидаттың енгізілуіне дейін дайындау қажет. Үкіметке оны Ұлттық палатамен тығыз ынтымақтаса отырып, дайындауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи кәсіпкерлік экожүйенің қалыптасуын Үкімет пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының пандемиядан кейінгі кезеңдегі негізгі ортақ басымдығы ретінде атап өтті. Оның пікірінше, бизнесті тікелей қолдаудан бәсекеге қабілеттілік бағытындағы сапалы өзгерістерді ынталандыруға, тиімділікке және кәсіпорындардың өнімділігіне көшу керек.

"Үкімет пен "Атамекен" бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі қажет. Құжатта бизнесті тікелей, адрессіз қолдау мен субсидиялаудан мейлінше нарықтық құралдар мен әдістерге көшу мәселесі қарастырылады. Жалпы шағын және орта бизнес санының өсуіне қарамастан, орташа компаниялар үлесінің төмен болуы – бұрынғы және әлі күнге дейін шешілмеген проблема. Дәл осы компаниялар мейлінше орнықты әрі бәсекеге қабілетті. Осыған байланысты шағын бизнестен орта санатқа көшу үшін реттеуші және ынталандырушы жаңа шаралар қажет. Үкіметке "Атамекенмен" бірлесіп, жыл аяғына дейін Шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауды тапсырамын", – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақстандық өнімді дамыту еліміздің экономикалық саясаттағы басымдықтарының бірі екенін айтты. Елімізді одан әрі индустрияландырудың маңызды міндеттерінің бірі – отандық өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету.

Осыған байланысты жылдың соңына дейін Президенттің тапсырмасына сәйкес қордаланған мәселені шешуге бағытталған "Өнеркәсіп саясаты туралы" Заң қабылданады.

"Өздеріңізге мәлім, бизнестің маған жасаған өтініштері негізінде 2023 жылдан бастап еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем жасау жүйесін енгізу туралы шешім қабылдадым. Шағын және орта бизнеске түсетін жүктеме 34 пайыздан 25 пайызға дейін азаяды. Мұндай тәсілді өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жеке кәсіпкерлерге қатысты да қолдану мүмкіндігін пысықтау қажет. Біз салық процесін басқаруды жеңілдетіп, кәсіпкерлік қызметтен барлық салықтар мен бюджеттен тыс төлемдерді қамтитын бірыңғай төлем жасау мүмкіндігін қарастырғанымыз жөн. Бұл бизнесті "көлеңкелі аймақтан" шығуға ынталандырады. Үкімет пен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, қолданыстағы арнайы салық тәртіптерін жетілдіру жұмыстарын пысықтауы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты цифрландыруды белсенді жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. 1 шілдеден бастап салық төлеушінің контрагенттерді дербес тексеруі үшін интеграцияланған ашық деректер базасы – Atameken Business Information Services іске қосылды.

"Цифрлық дамудың маңызды бағыттарының бірі – жер учаскелері, құрылыстың негізгі жоспарлары, қолжетімді қуаттар, коммуникациялар және басқа да ақпаратты цифрландыру. Бұл – өндірістің негізгі факторлары. Онсыз бизнесті жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл ақпарат – аса құпия. Аймақтық деңгейдегі жұмыс белгілі себептерге байланысты шегерілуде. Басты себеп – танымал компанияларға болысу, оларға жер мен басымдық беру, ал шағын және орта бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмейді. Үкіметке бұл мәселені Цифрландыру комиссиясының алдағы отырысында қарастыруды тапсырамын. Әрбір әкім есеп беруі тиіс. Үкімет қатаң бақылап, жұмысты үйлестіруге міндетті", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бизнесті цифрландыруды белсенді жүргізу қажет. Қазақстанда қазірдің өзінде автоматтандыру себебінен жұмыс орындарының 52 пайызына қауіп төніп тұр.

"2030 жылға қарай жұмыс күшінің үштен бір бөлігіне жуығы цифрлық дағдыларды меңгерген және ерекше қабілеттері бар жастар болады. Оларды тиімді пайдаланған жөн. Үкімет "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кадрларды әзірлеу үшін ұзақмерзімді бағыттарды айқындауға тиіс. Яғни алдағы 10-12 жылға арналған құзыреттер болжамын жасау қажет", – деді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Еуропа одағындағы көптеген мемлекет ұмтылып отырған көміртегіне бейтарап ел болу бағытына баса мән берді.

"Қазақстан – әлемдегі энергияны көп тұтынатын елдердің бірі. Энергия теңгерімінің 70 пайызын көмір генерациясы құрайды. Мұнай-газ секторының маңызын түсіндірудің өзі артық. Дегенмен, әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуға ниетті екенін мәлімдеді. Осы мәселе бізден технологиялық және экономикалық түбегейлі құрылымдық өзгерістерді талап етеді. Бұл әрбір азаматқа қатысты. Осыған байланысты Үкімет халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, 2060 жылға қарай көміртегін аз пайдаланушы ел болу тұжырымдамасын пысықтауда. Аталған жұмыс барысында отандық бизнестің көзқарасы мен пікірі аса маңызды. Сондықтан Палата мен барша бизнес қауымдастықты осы Тұжырымдаманың жобасын әзірлеуге белсенді араласуға шақырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, съез барысында қабылданған нақты шешімдерді Үкімет іс жүзінде пайдалануы тиіс екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті дамыту және нығайту мемлекет үшін басты басымдық екенін атап өтті.

Просмотров материала: 949

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 558 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 389 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 030 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 054 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 362 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 666 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 735 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 927 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 071 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 452 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 328 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930