22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



500 млрд теңге жинаған МӘМС: Қордың жұмысына халықтың көңілі тола ма?

27 сентябрь 2021, 11:31
500 млрд теңге жинаған МӘМС: Қордың жұмысына халықтың көңілі тола ма?
«МӘМС-ке жарнаны босқа төлеп отырмын. Медициналық қызметі нашар. Таңертең келсем, дәрігерге түсте бір-ақ кіремін», «Медицина МӘМС енгізілгенге дейін қандай болса, қазір де сол қалпы, өзгеріс жоқ». Facebook әлеуметтік желісінде МӘМС қызметі жайлы сұрақ қойғанымызда, осыған ұқсас жауаптың астында қалдық. Тиісінше, бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми сауал жолдауымызға негіз болды. Сонымен МӘМС енгізілгелі бері қандай шаруалар атқарылды? Отаның қай түрі тегін жасалды? Медициналық сақтандыру қорына жыл басынан бері қанша қаражат жиналды? Azattyq Rýhy тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

БИЫЛ 472 МЫҢ ТЕГІН ОТА ЖАСАЛДЫ

Сонымен Azattyq Rýhy сұратқан ресми сауалға орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жауап берді.

«2021 жылдың 8 айы бойынша МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналардың түсімдерінің сомасы 494,7 млрд теңгені құрады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотта сақталады. Сол жерден олар сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы ретінде жіберіледі», – делінген ресми хабарламада.

Осы жылдың 8 айы ішінде Қор жоспарлы түрде жасалған 472 мың отаны 31 млрд теңге сомасына қаржыландырыпты. Оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы 11 мың ота жасалып, 31 млрд теңге қаржыландырылған екен. Жасалған оталардың басым бөлігі – кардиохирургиялық, онкологиялық, нейрохирургиялық бағыттағы операциялар.

«БІР ӨЛІМНЕН АМАН ҚАЛДЫМ...»

Біз осы орайда МӘМС арқылы тегін ота жасатқан жандарға хабарласып, операциядан кейінгі жай-күйін біліп едік, олар медициналық сақтандыру жүйесінің игілігін көргенін айтты.

Қостанай қаласының тұрғыны Атымтай Төлегеновке мультифокалды атеросклероз диагнозы қойылып, эндартериоэктомия операциясы жасалыпты.

«Биыл шілде айында күре тамырыма ота жасалды. Қан дұрыс жүрмей қиналып жүрген едім. Дәрігерге қаралғанымда уақыт оздырмай порталға тіркеп, Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алып берді. Сонымен айналасы бір аптаның ішінде жолдама алып, МӘМС арқылы тегін ота жасаттым. Хирургтар аздап кешіккенімде жағдайым қиын болатынын айтты. Операция сәтті өтті. Осылайша бір өлімнен қалдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Енді жылдың соңында тағы бір ота жасалады. Бәрі ойдағыдай өтсе, ауруымнан құлан-таза айығамын», - деді Қостанай қаласының тұрғыны Атымтай Төлегенов.

Оның айтуынша, алғашқыда отаның тегін жасалатынына сенбеген.

«МӘМС қорына жалақымыздың бір бөлігі аударылып тұрады дегенде ренжіген едім. Ал пайдасын қазір көріп отырмын. Зейнет жасына шыққаныма бір жыл болды. Соңғы бір-екі жыл медициналық сақтандыру қорына жарна төлеп тұрдым. Дәрігерім ота тегін жасалады дегенде де ескі көзқарасқа салынып, астанаға аттанарда артық ақша алып шыққанмын. Бірақ мен ойлағандай емес екен. МӘМС-тің артықшылығын көріп отырмын. Отадан кейін оңалу кезеңі бар. Ішетін дәрі-дәрмектің бәрі тегін беріліп жатыр. Учаскелік дәрігеріме барсам системамды салып береді. Егер мұның бәрі ақылы болғанда зейнетақым жетпес еді», – дейді зейнеткер.

Ал Түркістан облысының тұрғыны қазір зейнет жасында болғанымен, соңғы екі жылда МӘМС қорына жарна төлеп тұрыпты. Айтуынша, екі рет инфаркт алғаннан кейін ота жасатуына тура келген екен. Дәрігерлер жүрек жеткіліксіздігінің созылмалы кардиомиопатиясы, ІІ дәрежелі артериялық гипертония диагноздарын қойған.

«Соңғы жылдары жүрегім сыр беріп, ауырып жүрдім. Екі рет инфаркт алғаным бар. Қартайғаннан болар жүрегім әлсіреп, дем жетпей қиналып жүрдім. Өрге көтерілсем жүрек тұсым ашып, қарға адым жерге жету мұң болды. Дәрігерге қаралғанымда, жүрек жеткіліксіздігі деген диагноз қойылды. Содан жолдама алып беріп, небәрі үш-төрт күннің ішінде Шымкент қаласында операция жасады. Жүрегіме аппарат қойып берді. Қазір жағдайым жақсы, демікпеймін, қиналмайтын болдым», – деді Түркістан облысының тұрғыны Сердалы Төлтаев.

БҮГІНГЕ ДЕЙІН 46 НАУҚАС ШЕТЕЛДЕ ЕМ АЛДЫ

МӘМС арқылы Қазақстанда ғана емес, қажет болса шетелде де ем алуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының хабарлауынша, шетелде ем алу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында қаржыландырылады. 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу бойынша сараптамалық комиссияның 18 отырысы өткізілген. Олардың қортындысы бойынша шетелде емделуге үміткер пациенттердің құжаттар пакеті қаралып, 46 пациент мақұлданыпты.

«Олардың ішінде 10 технология бойынша 30 пациент 5 шетелдік клиникада емделуге мақұлданды. Технологиялардың ішінде ең көбі туыс емес донордан гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантациялауға, протон терапиясына, радиойодтерапияға және селективті интраартериялық химиотерапияға бағытталған.

16 пациент отандық медициналық ұйымдарға шетелдік мамандарды тарта отырып емделуге жіберілді. Оның ішінде селективті интраартериялық химиотерапия, көмейге оталар жасау, аллогенді гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау, самай сүйек пирамидасының ісігін жою бойынша медициналық көмектер бар», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

МӘМС-ке ЖАРНА ТӨЛЕЙ АЛМАЙТЫН АДАМ СЫРҚАТТАНЫП ҚАЛСА НЕ БОЛМАҚ?

Қазақстанда жалпы саны 15,6 млн азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылған, оның ішінде 11 млн-ға жуық адам жеңілдік санатына кіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

Осы орайда «Сақтандыру қорына жарна төлеуге жағдайы жетпейтін қазақстандық сырқаттанып қалып, шұғыл ота жасату қажет болса, жағдайы не болмақ?» деген заңды сауал туындайды.

Қордың хабарлауынша, шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді (ТМККК). ТМККК ҚР азаматтарына, қандастарға, босқындарға, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және сақтандырылған тұлға статусы болуын талап етпейді.

Ақылы түрде ТМККК аясына және МӘМС пакетінің тізімдеріне кірмейтін қызметтер көрсетіледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 202 және 206 тармақтарына сәйкес).

САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨҢІЛІ ТОЛМАЙТЫНДАР АЗ ЕМЕС

Дегенмен, халық арасында МӘМС жүйесіне көңілі толмайтындар да аз емес. Facebook әлеуметтік желісінде «МӘМС жүйесіне көңіліңіз тола ма?» деп сұрағанымызда жұрт бұл жаңашылдықтың проблемалы тұстарын қозғап өтті.

«Бұл жүйе ақша жинауға бағытталған. Биыл қаңтар айында учаскелік дәрігерім маған еш қатысы жоқ ауруды жазып қойған. Қолыма тимеген тегін дәрі-дәрмектерді жазып, пациент алды деп көрсеткен. Мұны EGOV арқылы келген хабарламалардан байқап қалдым. Мән-жайды анықтағанымда қызық жайтқа тап болдым. Емхананың басшылығы бұл жағдайдан мүлдем хабарсыз болып шықты. Ал оларға өз аяғымен келіп, дәрі-дәрмектерді алғанын растап қол қойып кетті делінген екен. Ең қызығы, бұл проблема шешілгендей болған, бірақ EGOV-қа кірсем уақытын өзгертіп, дәрінің біреуін ғана алды деп көрсеткен. Осылайша алмаған дәріме МӘМС жарнасынан орынсыз қаражат жұмсалды», - дейді желі қолданушыларының бірі.

Аты-жөнін атамауды сұраған тұрғын дәлел ретінде EGOV-қа келген хабарлама қағазын ұсынды.



«Медициналық сақтандыру қорына үш ай жарна төлемеген едім. Аяқ астынан күрт ауырып қалғанымда көмек көрсетуден бас тартты. Амалсыздан жекеменшік ауруханалардың біріне жүгіндім. Бұл шамамен екі жылға жуық уақыт бұрын болатын», - дейді Татьяна Бояркина есімді желі қолданушысы.
Просмотров материала: 698

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 206 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 022 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 677 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 697 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 004 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 662 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 832 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 909 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 149 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 293 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 660 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031