19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді

22 сентябрь 2021, 12:44
"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді
Алматыда 20 қыркүйекте кісі қолынан қаза болған полицей Дархан Сүлеевті туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Марқұмның жаназасы полиция майоры бала-шағасымен тұрған үйде шығарылды.

Полиция қызметкерлері жолдың екі жағына сапқа тұрып, марқұм әріптесіне құрмет көрсетті.

"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді

Полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптесіне құрмет көрсетті
Ал марқұмның артында бес баласы мен бір қауым ел жылап қалды. Дархан Сүлеевтің Аманкүл есімді бөлесі марқұмның бауырмал болғанын айтады.

"Ақжүрек, ақкөңіл, бауырмал еді. Ішектің қатерлі ісігі шығып, үш жыл бойы ауырды. Содан емделіп, биыл жақсы болып кеттім деп қуанған еді. Әлі де дәрі ішіп, химиялық ем алып жүр еді", - дейді бөлесі.
Дархан Сүлеев отбасында жалғыз ұл болған, төрт қарындасы бар. Қазір артында үш қыз, екі ұлы қалды.

"Кішкентайы екі жаста. Кімге қалды бес бала? Үлкені енді 16 жасқа толған. Колледждің 2-курсында ақылы бөлімде оқиды. Бұл баланың бәрін енді кім бағады? (...) Бәріміз интернет арқылы оқып-білдік. Төбемізден жай түскендей болды. Неге алдымен үйіне келіп естіртпеді? Бәріміз көшеден естідік. Содан кейін де оқиғаның қалай болғанын ешкім келіп айтқан жоқ. Министрдің орынбасары (ІІМ министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев – Sputnik) да, әкім де (Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев – Sputnik) келді. Келгеннен не пайда?", - дейді әйел.

Оның сөзінше, туыстары әкімдік тарапынан марқұм полицейлердің отбасына баспана берілетіні туралы ақпаратты интернеттен білген.

"Үймен қамтамасыз еткелі жатқанын да интернеттен оқыдық. Берсе, екі бөлмелі үй берер. Бес балаға ол екі бөлмелі үй не болады? Өздері жалдамалы үйде тұрды, басында баспана да жоқ", - деп күйінішін жеткізді туысы.

Марқұмның өзге туыстары да қызмет барысында полицейлерді оқ өтпейтін кеудешемен қамтамасыз етпегенін айтты.

"Тек жұмыстың орындалғанын талап етеді, бірақ ешқандай жағдай жасамаған", - дейді олар.



Дархан Сүлеевті туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды
39 жастағы майор Дархан Сүлеев құқық қорғау органдарында 18 жыл қызмет еткен.

1982 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Полиция қызметінде 2003 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Алматы қаласы ІІД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, ІІМ Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистранты болған.

Алматы полиция департаменті Алатау ауданының учаскелік полиция инспекторы болып осы жылдың тамызынан бастап жұмыс істеді.

Ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдар ішінде алты рет көтермеленген, оның ішінде ІІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" медалімен, сондай-ақ "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен марапатталған.

Қайтыс болғаннан кейін ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй беретін болды. Тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.

Алматыдағы қанды оқиға
20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы трагедияның хронологиясы

1967 жылы туған ер адам полиция қызметкерлеріне, сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына және олармен бірге барған адамдарға оқ жаудырды. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды.

Просмотров материала: 6 505

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 075 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 674 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 185 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 233 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 590 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 414 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 507 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 800 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 287 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 384 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 687 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 356 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 514 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 640 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 016 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 052 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 212 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 370 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930