20 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Құмар Ақсақалов қызметінен кетсін»: СҚО-да тау-кен комбинатының жұмысшылары облыс әкімінің отставкасын талап етті

«Құмар Ақсақалов қызметінен кетсін»: СҚО-да тау-кен комбинатының жұмысшылары облыс әкімінің отставкасын талап етті
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Обухов тау-кен байыту комбинатының 4 қызметкері 30 тамыз күні аштық жариялаған болатын. Олар облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қызметінен кетуін талап етіп отыр. Ашығушылар шенеунік орнын босатпайынша судан басқа ештеңе татып алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Абзал Ибрагимов, Болаш Душкаев, Виктор Гусак, Екатерина Иванова – төртеуінің бар азығы қара су. Үш аптадан бері үйіне бармаған. Жұмысшылардың уақытша түнеуіне арналған 8 шаршы метрден тұратын екі бөлме – 4 адамның баспанасы. Аштық әсіресе Екатеринаға ауыр соғып тұр. Үйінде екі баласы бар. Әзірге оларға анасы бас-көз болып жатыр. Әйел кенжесінің алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, мұғаліміне гүл сыйлаған сәтін көре алмағанына өкінеді. Бауыр еті балалары жайында айтса солқылдап жылай береді.



«Туа бітті жүрек ақауым бар. Қазір мазалай бастады. Үйге барғым келеді. Мұнда таңертең дәрігер қарайды. Камера бақылауындамыз. Балалар күнде хабарасады. Бізді ешкім елеп жатқан жоқ. Жедел жәрдеммен ауруханаға әкетсе ғана, билік басындағылар назар аударатын шығар. Жүйкем жұқарды. Күні бойы жатамыз. Бас айналады. Аштық жарияламасқа амал жоқ. Комбинат жабылып, жұсыссыз қалсам балаларды қалай асыраймын? Бәрі солардың қамы. Екі жоғары оқу орнын тәмамдадым. Қазір магистратурада білім алып жүрмін. Кәсіпорын жабылса, әкімдік бізді басқа жұмысқа орналастыратынын айтты. Шошқа фермасынан қызмет ұсынды. Жалақысы 70 мың болар. Қазіргі табысым әлдеқайда көп. Үш дипломмен шошқа бағамыз ба? Кадр бөлімінде 14 жыл еңбек өтілім бар», - дейді Екатерина Иванова.

ӘРҚАЙСЫСЫ 10 КЕЛІДЕН САЛМАҚ ТАСТАҒАН

Ашығушылардың айтуынша, үш аптада билік өкілдерінен ешкім комбинатқа келіп төбе көрсетпеген. Қал-жағдайын білу үшін дәрігерлер де келмепті. 4 адамның әрқайсысы орта есеппен 10 келіден салмақ тастапты. Денсаулығына зиян келсе де, алған бетінен қайтқысы жоқ.

«Тау-кен байыту комбинатының 400 тоннадан астам титан-цирконий концентраты Келлеровка ауылындағы полиция бөлімінің жанында шашылып жатыр. Ол заттай айғақ ретінде тәркіленген болатын. Қаптар жыртылып қалған. Оның құны 85 млн теңге. Біріншіден, компания мүлкі қайтарылсын. Кәсіпорында бір айдан астам уақыт бойы жарық болған жоқ. Тоқтап тұрып, шығынға баттық. Көкшетаудан генератор сатып әкеліп жұмыс істедік. Өйткені түрлі желеумен комбинат СҚО-дан келіп тұрған электр желісінен ажыратылды. Біз аштық жариялағаннан кейін ғана жарық берілді. Екінші айтарымыз - бізге билік жұмыс істеуге мұрша берсін. Ешкмімнен ештеңе сұрамаймыз, бізге тиіспесе болғаны. Соңғы талабымыз – Құмар Ақсақалов бастаған жемқор шенеуніктер қызметінен босатылсын. Олардың түпкілікті мақсаты – өзін байыту. Еліне, жеріне жеген жанашырлық жоқ. Бізге жұмыс істеуге мұрша бермей жатыр. Ойда-жоқта қылмыстық іс қозғалады», - дейді қауіпсіздік бөлімінің маманы Абзал Ибрагимов.


«Құмар Ақсақалов қызметінен кетсін»: СҚО-да тау-кен комбинатының жұмысшылары облыс әкімінің отставкасын талап етті

Болат Душкеев – заңгер. Аштық жариялағаннан бері 10 келі салмақ жоғалтыпты. Ол өзінен гөрі комбинаттың жағдайына көбірек алаңдайтынын айтады.

«Аудандық полиция бөлімі қозғап жатқан қылмыстық істердің санынан жаңылып қалдым. Ешқандай факті жоқ. Олар концентратты заңсыз тәркіледі. 400-ден астам адам жұмыссыз қаулы мүмкін. Осындай жағдайға араша түсе алмай отырған Құмар Ақсақалов қызметінен кетсін. Бәріміздің талабымыз бір», - дейді ол.

ДӘРІГЕР АШТЫҚҚЫ ТОҚТАТУҒА НҰСҚАУ БЕРДІ

Ашығушыларды күнде комбинаттың медицина қызметкерлері қарайды. Мамандардың айтуынша, ағзаға қажетті дәрумендер түспегендіктен, олардың жағдайы күн санап нашарлап барады.

«Дәрігер ретінде аштықты доғаруды ұсындым. Пікіріме ешкім құлақ асып жатқан жоқ. Осылай жалғаса берсе, адам өліп кетуі мүмкін. Бұл қалжың емес. Күн сайын сараптама жасап жатырмын. Қан талдауы күн сайын өзгеріп жатыр. Бірінің қан қысымы көтерілсе, екіншісінікі түсіп кетеді. Жүрегі айнып, құсады», - дейді Мария Минкина.



Уақытша баспанада бейнебақылау камералары орнатылған. Тәуліктің кез келген уақытында сілтеме арқылы ашығушыларды көруге болады.



«Алғашқы үш күнде қарным қатты ашты. Бір апта болғанда қан қысымым түсіп кеткен. 12 күннен кейін бел ауыра бастаған. 14-15 күн ашыққаннан кейін белім шанитынды шығарды. Әлеуметтік желілерде аудан әкімнің «мен аштық жариялаушылармен үнемі байланыстамын» деп жазғанын оқыдым. Өтірік. Біздің жағдайымыз ешкімге қызық емес. Ол түгіл аудандық дәрігерлер де келген емес», - дейді Абзал Ибрагимов.



Обухов титан-цирконий кен орны 1958 жылы табылған. Қазба байлықтарының мұндай мол қоры әзірге Аустралияда ғана анықталған екен. Оның бірегейлігі өндірілген шикізаттың ұсақтығында, яғни өңдеу жеңіл. Электроника, атом энергетикасы, зымыран жасау саласында пайдаланылатын шикізатқа сұраныс жоғары. Алайда кен орнының төңірегінде туындаған түйіткілді мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Оған акционерлердің өзара тіл табыса алмауы себеп.
Просмотров материала: 2 502

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 600 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 187 134 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 698 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 747 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 187 077 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 932 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 049 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 308 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 601 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 734 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 248 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 255 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 512 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 332 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 489 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 412 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 100 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 507 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 246 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 209 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 046 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 883 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 167 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 103 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 602 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 266 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 925 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 555 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 950 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 893 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 961 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 925 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 285 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728