28 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан жігіттің туысы: «Бірінші жарылыстан кейін есін біліп жатыпты»

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан жігіттің туысы: «Бірінші жарылыстан кейін есін біліп жатыпты»
«Жарылыс кезінде снарядтар өрт сөндірушілерді бір жарым метр биіктікке ұшырып әкеткен». Жақындарына осылай деп Жамбылдағы жарылыс жайын баяндап берген Жәнібек Тұрманов командирі екеуі басқаларына көмектесуге тырысқанын айтқан. Алайда, бірінші жарылыстан кейін есін жиған азамат араға бір апта салып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Айзада Биназарова – Байзақ ауданында болған жарылыстан қаза болған Жәнібек Тұрмановтың анасы. Бала кезден батыр болғысы келген баласы өскен соң өрт сөндіруші болған. Өкініштісі, қоймадан шыққан өртті өшіруге барған ұлы жансақтау бөлімінде жан тапсырған.

«Талап күшті. Жұмыс қой енді. Әскери болғаннан кейін олардың жұмысы ауыр ғой. Мына жақта үйді жалдап тұрады. Өзінің үйі жоқ еді», - дейді Жәнібек Тұрмановтың анасы Айзада Биназарова.

Марқұм Жәнібек Тұрмановтың денесінің 55% пайызын күйік шалған. Дәрігерлер сержантты бір айдан соң үйіне шығаратынын айтқанымен, кейін оны Нұр-Сұлтан қаласына әкеткен. Алғашында оңалып келе жатыр деген жақсы хабарды естіген жақындарына Жәнбекпен қайта жүздесу бұйырмады. Төтенше жағдай қызметкерімен соңғы рет туған ағасы кездесіп, апат жайын оның өзінен естіген.

«Інім маған соғыс көргендей болдым деді. Бірінші жарылыстан кейін есін біліп жатыпты. Сосын адамдардың астынан снарядтар атылып, одан бір жарым метрге дейін үшып кеткенін көрген. Қасындағы командирі екеуі есін жиып басқаларына көмектесуге тырысыпты. Сол кезде екінші жарылыс болып, есінен танған», - дейді Жәнібек Тұрмановтың ағасы Нұрсұлтан Исмаилов.



Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушіге үшінші дәрежелі «Айбын ордені табысталды. Төтенше жағдай министрі Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып, сержанттың отбасына 20 млн теңгеге жуық қаржы беру қарастырылғанын жеткізді.

«Біздің айтқан жұбату сөзіміз сіздердің балаңыздың, бауырыңыз бен жарыңыздың орнын баса алмасы анық. Дегенмен, ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Қазір мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетілуде. Артында қалған отбасына да алдағы 5 жыл бойы көмектесеміз», - деді Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин.

11 қыркүйек күні қаза болған сержант Жәнібек Тұрмановтың артында жары, екі жасар ұлы мен 3 айлық қызы қалды.

Айта кетейік, жарылыс кезінде бақилық болған әскерилер құрметіне Тараз қаласынан арнайы гүлзар ашылып, олардың есімі тақталарға жазылады.
Просмотров материала: 7 903

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 228 455 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 228 152 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 227 641 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 227 688 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 228 057 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 181 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 184 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 548 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 256 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 469 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 997 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 139 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 741 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 617 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 725 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 864 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 618 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 029 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 801 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 616 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 480 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 309 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 683 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 539 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 043 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 525 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 361 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 590 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 999 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 343 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 273 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 423 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 358 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 617 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 734 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30