13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит табылды

16 сентябрь 2021, 9:08
Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит табылды
Астаналық медицина қызметкерлері жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит алып шықты. Бүгінде баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 2020 жылдың өзінде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген.

"Негізінен түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы - магнит. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады", - дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар шығарылды, асқазан мен асқазан-ішек жолдарында мұндай заттар 80 баладан табылды, бөтен заттар бронхтар мен тыныс жолына түсуінен 30 бала зардап шекті.

"Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер мұрын септумының перфорациясымен бөтен заттар мұрынын (магниттермен) бітеп қалғанын анықтады.

Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден аса кішкентай магнитті шығардық. Бүгінде тексеру және емдеу толық көлемде жүргізіліп жатыр", - деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Хирург дәрігер Серікжан Нұржановтың сөзінше, егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады, ал басқа жағдайлар да асқазанға түседі.

"Одан әрі бөгде заттардың асқазан-ішек жолдарына түсіп кетуіне айналмалы бұлшық ет кедергі келтіреді. Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабығының әртүрлі тереңдікке, тіпті оның толық сызықтық үзілуіне дейін зақымдануы мүмкін. Әсіресе ауыр зардаптар бөтен затты бірден емес, бірнеше күннен кейін шығарған жағдайларда болады. Кең көлемді қабыну инфильтрациясын ғана емес, сонымен қатар тіндердің некрозын да тудыратын жаралар пайда болады", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, бала үшін соғұрлым қауіпті болады дейді.

"Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазды, сол жерде перфорацияға, медиастинитке дейін іріңдеуді тудырады, ал егер АІЖ-ға түссе, онда ол перфорация мен перитонитті тудырады", - дейді дәрігер Нұржанов.
Просмотров материала: 1 134

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 077 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 767 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 265 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 299 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 674 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 819 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 852 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 185 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031