18 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ол тірі, басынан контузия алған»: Тараздағы жарылыста жоғалып кеткен жігіттің туыстары көріпкелдерді аралап жүр

«Ол тірі, басынан контузия алған»: Тараздағы жарылыста жоғалып кеткен жігіттің туыстары көріпкелдерді аралап жүр
Байзақтағы жарылыстан соң іс-түзсіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевтың отбасына әскери шенділер 300 мың теңге ұстатып кеткен. Жоғалған қызметкердің әйелі болса лауазымды тұлғалардан ақша емес, күйеуін тауып беруді тағы талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бесінші баласына аяғы ауыр Дильназ Данаеваның көңілі іздеу жұмыстарына толмайды. Тарыққан туыстары амалсыз бақсы-балгер, көріпкелдердің көмегіне жүгініп, ел аралап кеткен. Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларындағы балгерлердің болжамына көңілі толмаса керек, Бауыржанның туыстары Түркияның танымал көріпкелімен жұмыс істесіп жатыр.

«Бізге өте ауыр. Амалымыз таусылған соң жан-жақтағы туыстарымыз болып, көріпкелдерге барып, кейбіріне телефон арқылы хабарласып жатырмыз. Туыстар құмалақ аштырып, әр облыстағы аты шыққан көріпкелдерге жүгініп жатыр. Олардың болжауынша Бауыржан тірі. Бақсылардың бірі «күйеуің тірі, басынан контузия алған, қайтып оралады» деп айтты. Ондай жарылыстан әрине контузия алады. Жараланбақ түгіл қаншама адам өліп те кетті. Табылса екен, тіпті қос көзі көрмей, соқыр болып қалса да өмір бақи қасыма алып бағуға дайынмын. Тек табылып, үйге келсе екен. Әке-шешесіне де, балаларына да қиын болып жатыр. Не өлі, не тірі екені белгісіз», - деді іздеудегі әскери қызметкердің әйелі Дильназ Данаева.

«Ол тірі, басынан контузия алған»: Тараздағы жарылыста жоғалып кеткен жігіттің туыстары көріпкелдерді аралап жүр

Бауыржан Дәуітбаев


Дильназ Данаева

Оның сөзінше күйеуін іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігі тарапынан белсенді түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Аяғы ауыр болса да тыныш отыра алмаған Дильназ ата-енесімен бірге жарылыс болған жерге де барған. Қамыққан отбасын жұбатпақ болған әскери шенділер болса Дильназдың қолына 300 мың теңге ұстатыпты.

«Әскери бастықтар маған балаларыңа мектепке қажетті заттарыңды ал деп 300 мың теңге тастап кетті. Маған ақша керек жоқ, өзімізге жететін дүниеміз бар. Берген ақшалары әлі тұр, тиіспедім. Әкелері балаларына қажетті заттарды алып қойған ертерек. Бізге жолдасымның табылғаны маңызды. Олар Бауыржанды аса қатты іздеп жатқан жоқ, 400 адам дейді, күзетші, кезекшілерді де қосып айтады. Күйеуіммен бірге жұмыс істеген 15 шақты жігіт қана қалайда табамыз деп іздеуді тоқтатпапты. Машинасының артқы терезесі сынған еді, оны үйге әкеліп, терезесін салып, жөндеп қойдық. Өзімен бірге қалатасында үнемі паспорты мен әскери билеті жүретін. Жеке куәлігі үйде, қалған құжаттары жоқ», - деді Бауыржан Дәуітбаевтың әйелі.





Дәуітбаев жарылыс ошағынан 30 метр жерде тұрған

Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Дина Мұхаринованың сөзінше, іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. 34 жастағы жігітті табуға жеке құрамның 400-ден астам әскери қызметшісі, 50-ден астам техника тартылған. Одан бөлек, минаны табу және залалсыздандыру бойынша 10 топ құрылған. Ұлттық ұланның сарбаздары да ауылдарды аралауға көшкен.

«Туыстарымен үнемі байланыстамыз және олардың уайымын түсінеміз. Әрбір қарыс жерді аршып, қазып, тексеріп жатырмыз. Кинологиялық орталықтың 4 иті де іздеу тобына қосылған. Оның ішінде белгиялық «Моно» атты ит те бар. Ол осыған дейін жарылыс болған жерде топырақтың астына терең көміліп қалған екі әскери қызметкердің денесін тапқан. Өте иіссезгіш. Өрт, жарылыс болған сәтте қызметкерлердің, олардың қай маңда тұрғанына дейін анықтайтын арнайы схема дайындалды. Жараланған, тірі қалған әскерилердің де пікірі ескерілді. Физика, математика, геометрия заңдылықтары арқылы оқиғаны зерттеу жүргізіліп жатыр. Дәуітбаевтың әке-шешесін іздеу жұмыстарының тоқтамағанына көз жеткізу үшін бронжилет кигізіп әскери қоймаға, жарылыс болған аумаққа да кіргіздік. Әскерилер шаршаса да жұмысты тоқтатқан жоқ. Анықтауларға сүйенсек, Дәуітбаев сол кезде жарылыс ошағынан шамамен 30 метр жерде тұрған», - деді подполковник Дина Мұхаринова.





Жарылыстан тереңдігі – 20, диаметрі 100 метрлік алып шұңқыр пайда болған

Байзақтағы әскери оқ-дәрі қоймасының жалпы аумағы 170 гектарға жуықтайды. Базада ашық және жабық жағдайдағы 30-дан астам қойма болған. Олардың қаншасы жанғаны, жарылғаны белгісіз. Жарылыс №14 қоймада басталған. Жарылыстан тереңдігі 20 метрлік, диаметрі 100 метрге жетететін алып шұңқыр пайда болған. Одан бөлек, тереңдігі 4-5 метрлік шағын шұңқырлардың саны көп. Төтенше жағдайдан соң қойманың ішін 3-4 метрге дейін жететін топырақ пен қалдық жабындысы басып қалған. Кіші сержант Дәуітбаевты әріптестері соңғы рет қойманың жанынан көргендіктен, қазір оны іздеу жұмыстары жарылыс болған жерде жалғасуда. Әскерилер әлгі жабындыларды аршып, базадағы жер қыртысының әрбір сантиметр топырағына дейін екшеп, зерттеп жатыр.





Алматылық балгер қызметіне 180 мың теңге алған

«Ауылдағы көрші қыз түс көріпті, «жарылыстың маңындағы плитаны ашу керек, ол тірі, аш, тамақ сұрап жатыр» деген. Тараған тағы бір ақпараттарда адамдар оны өзге ауылдан көрген. Туыстарының көңілі қалмасын деп түс, болжамдар бойынша ауыр цемент бетондарды да қопардық. Жігіттер ауылдарды да аралады. Біз бақсы-балгерлерге емес, әскери заңдылықтарға, ғылымға жүгінеміз. Туыстарының көріпкелдерге жүгінгенін білем. Кеше ғана Дәуітбаевтың апайы Фатимамен сөйлестім. Ол Алматыдағы бір көріпкелдің 100 мың теңге алғанын, кейін «Бауыржанға төніп тұрған қауіптен, өлімнен құқарам» деп тағы 80 мың теңге сұраған. Туыстары солай 180 мың теңгені көріпкелге аудара салған. Ал біз іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз», - деді Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Дина Мұхаринова.

Әскери оқ-дәрі қоймасындағы оқиғадан 100-ден астам адам зардап шегіп, 16 өрт сөндіруші мен әскери адам қайтыс болды. Оқиға орнында 18 техника толықтай жойылып кетті.
Просмотров материала: 17 053

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 388 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 003 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 500 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 554 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 920 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 658 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 726 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 029 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 620 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 702 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 903 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 601 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 641 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 277 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 796 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 518 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 212 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 610 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 415 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 305 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 137 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 987 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 300 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 706 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 568 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 056 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 289 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 667 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 043 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 985 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 099 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 051 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 246 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 399 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031