3 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан Талибанды* мойындамай, Ауғанстанмен қарым-қатынас орната ала ма

09 сентябрь 2021, 16:33
Қазақстан Талибанды* мойындамай, Ауғанстанмен қарым-қатынас орната ала ма
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет Ауғанстанның жаңа билігімен іскерлік байланыс орнатуға дайын екенін айтты. Ең алдымен гуманитарлық мәселелерді шешу тақырыбы өзекті болып отыр. Алайда Ауғанстанды Қазақстанда тыйым салынған Талибан* қозғалысы бақылауға алды.

Қазір қазақстандықтар арасында республикада Талибанды мойындауы мүмкін деген қорқыныш пайда болды. Мұның қаншалықты мүмкін екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне саяси шолушы Ғазиз Әбішев айтты.

Екіжақты қарым-қатынас орнату үшін Талибанды мойындаудың қажеті жоқ
Әбішев өзара қарым-қатынас Талибанмен емес, ресми үкімет және мемлекет арасында орнатылатынын айтты. Осылайша, Қазақстан Ауғанстанмен өз елінің аумағында рұқсат етілмеген Талибан қозғалысын мойындамай-ақ қарым-қатынас орната алады.

"Біз мемлекетпен қарым-қатынас жасаймыз. Ауғанстан Талибанның бақылауында болса да, біз прагматикалық тұрғыдан Ауғанстан мемлекетімен өз мүддеміз аясында қарым-қатынас орнатамыз", - деп түсіндірді саясаттанушы.

Қазақстан неліктен Ауғанстанмен байланыс орнатқысы келеді
"Қазақстан – қазір қауіпті болып отырған Ауғанстанға жақын орналасқан шағын және өте мықты емес мемлекет. Біз "Реалполитик" қағидатын, яғни прагматизм мен халықаралық оқиғаларға шынайы көзқарасты мойындауымыз керек. Біз өте бірбеткей бола алмаймыз. Егер жағдай Талибандармен диалог құруды талап етсе және олардың біздің аймаққа келуіне жол бермеу үшін, дипломатиялық аргумент арқылы оларға қандай да бір бақылау жасап, әсер ету керек болса, әрине, біз олармен байланыс орнатамыз", - деп атап өтті Ғазиз Әбішев.

Ол Талибан режимінің қаншалықты бейбіт екенін түсіну үшін бірнеше ай немесе жылдар қажет деп санайды.

"Егер олар демократиялық емес және қатал режимде жұмыс істесе, Солтүстік Корея, Иран немесе Венесуэла сияқты өз ішіндегі істермен айналысатын болса, онда ішкі бақылауды сақтауға баса назар аударылады. Әрине, Қазақстан дипломатиялық жұмыс жүргізуге мүдделі. Бұл қалыпты жағдай", - дейді Әбішев.

Қазақстанда Талибан қозғалысына рұқсат етіле ме
Саясаттанушы "Талибан Қазақстан аумағында қозғалыс ретінде де, партия ретінде де мақұлданбайды" деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне жол берілмейтіні жазылған.
Осы баптың 3-тармағы қызметі діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған.

"Егер Талибан өзін қозғалыс деп атайтын болса, бірақ іс жүзінде халықаралық стандарттарға сүйеніп, Ауғанстан бір партиялы мемлекетіндегі билікті басқаратын саяси партия болса, онда Талибан шетелдік саяси партия саналады. Біздің Конституцияға сәйкес, бұл саяси партияның біздің аумақта жұмыс істеуіне тыйым салынады. Егер Талибан өз аумағында шариғатты жариялайтын және оның діни фундаментализмін көпшілік алдында насихаттайтын болса, яғни басқа барлық діннен бас тартуға үндейтін болса, іс жүзінде діни алауыздықты насихаттайтын қоғамдық бірлестік болып табылады. Оған біздің Конституция тыйым салады. Сондықтан бұл тұрғыда Талибан Қазақстан аумағында мақұлданбайды", - деп қорытындылады Ғазиз Әбішев.

Ауғанстанның жаңа министрлерін ұлықтау рәсімі 11 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

Қазір рәсімге Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан және Иран шақырылғаны белгілі.

*Талибан – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік ұйым


Просмотров материала: 1 398

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 185 060 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 184 583 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 184 159 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 184 209 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 184 522 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 803 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 922 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 171 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 432 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 576 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 110 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 191 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 142 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 450 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 391 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 078 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 480 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 214 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 194 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 023 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 864 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 145 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 077 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 576 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 897 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 172 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 537 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 871 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 935 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 897 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 118 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 262 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728