9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мүрдені қорада жеті ай тығып ұстаған. Атырау облысында мектептен шу шықты

Мүрдені қорада жеті ай тығып ұстаған. Атырау облысында мектептен шу шықты
Атырау облысында бір ауылда биология мұғалімі 82 жастағы ағасының қайтыс болғанын ешкімге айтпай, мүрдені жарты жыл қорада тығып ұстаған. Енді ауылдықтар балаларына алаңдап, біртүрлі мұғалімді мектепке жібермеуді талап етіп, шу шығаруда, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Атырау облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары үрейленіп отыр. Тіпті кейбір ата-аналар баласын мектепке жіберуге жүрексініп қалған. "Оқушылардың зәре-құтын қашырған – биология пәнінің мұғалімі" - дейді тұрғындар.Олардың айтуынша, 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өз ағасын өлтіріп, мүрдесін үйінде жеті айға жуық сақтап келген. Алайда тергеуде ұстаздың кінәсі дәлелденбепті. Соған қарамастан тұрғындар оны білім ошағынан біржола аластатуды талап етуде. Таңдай ауылының тұрғындары қаңтар айында болған сұмдық оқиғаны әлі ұмыта алар емес. Сол кезде жер үйдің қорасынан 82 жастағы қарияның мүрдесі табылып, түрлі алып-қашпа әңгімеге арқау болған. Содан бері ауылдағылар ағасының мүрдесін қорада сақтаған ұстаздан сырт айналып қашады. Ал оқушылар мектеп табалдырығын аттауға қорқып қалған дейді жиналғандар.

Жеміс Мұхаметова, Таңдай ауылының тұрғыны:

- Сондай адам біздің баламызға қалай сабақ береді?! Менің тоғыз оқитын немерем бар. "Апай келгенде қорқамыз", - дейді. Қасымызға жақындап келсе, ығысып отырамыз дейді. Үреймен отырған бала не білім алады?!
Жолдас Бейсекенұлы, Таңдай ауылының тұрғыны:

- Жұмыстан шығармау керек болса, облыс, қала, аудан білім бөлміне әдіскер етіп отырғызып қойсын. Ауылдан басқа жаққа алып кетіңіздерші! Балаларымыз тыныш өмір сүрсін. Одан тек бала емес, көршілер, үлкен кісілер де қорқады. Ана кісіні көргенде үлкен ксілер де қорқады.
Күдікке ілінген әйел қазір ағайындарымен де арласпайды. Көршілерін де көргісі жоқ. Одан тіпті алыс-жақын туыстары да теріс айналған дейді тұрғындар.

Нұргүл Абдолова, Таңдай ауылының тұрғыны:

- Маусым айында барғанда үйінен иіс шығып тұрды. Күйеуім айтты: "Бұл деген нағашымды өлтірді де, ана бөлмеге тығып қойды". Айтқаны тура келді.

Ал ауыл халқы қорқып қалған ұстаз сұхбат беруден бас тартты. Барлық сұраққа адвокатым жауап береді деп ысыра салды. Алақандай ауылдың адамдары қазір үреймен өмір сүріп жатыр. Ал балалар мектепке баруға қорқып қалған.

Тұрғындар: "Туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған ұстазды ауылдан аластату керек" деп талап қойып отыр. Ал “туғанымды жер қойнына тапсыруға қимадым” деп сылтау айтқан мұғалім қазір адам баласымен арласпайтын көрінеді. Алайда өзі дәл осы білім ордасында шәкірт тәрбиелеп ұстаздық етуде. Оған мектеп директорының өзі заң аясында рұқсат берген.

Серік Қойбақов, Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры:

- ІІБ хабарласқан кезімізде ол куәгер ретінде іс қаралып жатыр деді. Тергеу ісі бойынша ақтап шықты. Ешқандай жазығы жоқ. Жұмысқа орналасу керек деген тапсырмалармен біздер жұмысқа орналастырып шеттетілген уақыттарына еңбекақы төлеп шықтық.
Қаңтар айында 82 жастағы қарияның денесі қорадан табылған. Тергеу кезінде марқұмның өз ажалымен өлгені анықталыпты. Сондықтан оның 53 жастағы қарындасы жауапкершіліктен босатылған. Алайда жиналған жұрт мұғалім мүрдені үйінде сақтағаны үшін де жазалансын дейді.
Просмотров материала: 12 399

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 038 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 711 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 213 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 258 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 627 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 582 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 623 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930